Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Атмосфера мен мал қорасындағы ауа қозғалысының



Pdf көрінісі
бет9/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79
Зоогигиена каз китап

2.4 Атмосфера мен мал қорасындағы ауа қозғалысының
жылдамдығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: 
1) ауаның қозғалыс жылдамдығының жануар ағзасына әсерін
зерттеу
2) ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшеуге арналған
құралдардың жұмыс істеу принциптерімен және құрылысымен
танысу. 
3) мал қораларындағы ауаның қозғалыс жылдамдығын бақылау
әдістемесін меңгеру.
Мал қораларындағы ауаның қозғалыс жылдамдығын тігінен
температура мен ауа ылғалдылығын өлшеу аймақтарында анықтайды.
Ауаның қозғалыс жылдамдығы секундтағы метрмен (м/с) белгіленеді
және АСО-3 типті табақшалы және қанатты динамикалық және
статикалық анемометрлермен, сондай ақ цилиндрлі және шартәрізді
резервуарлы кататермометрлермен өлшенеді.
Анемометрлер динамикалық және статикалық болады. Бірінші
ауаның қозғалыс жылдамдығын айналым саны бойынша, ал екінші –
тақта немесе шардың ауытқуы бойынша анықтайды.
Ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшер алдында құрал тілінің
көрсеткішін жазып алады да, тілшесі тежелген құралды зерттеу
орынына орналастырып, анемометрді 1-2 минут құрғақ жүріске
салады, содан кейін есептеуішті қосып, уақытты белгілейді. 100
секунд өте салысымен есептегішті өшіріп, тілше көрсеткішін жазып
алады. Айырманы 100 ге бөледі де ауа қозғалысы жылдамдығын
табады (м/с).
Анемометрлермен ауаның үлкен қозғалыс жылдамдығын
өлшейді, ал 0,5 м/с төмен жылдамдықтарды кататермометрмен
өлшейді. Кататермометрмен сондай ақ 1см
2.
милликалориямен
белгіленетін ауаның салқындатқыш күшін анықтайды. 
Кататермометр – градуировкасы 35 тен 38
0
болатын ерекше
құрылысты спирттік термометрден тұратын құрал. Әрбір
кататермометрдің 38 ден 35
0
салқындағанда құрал резервуарының
1см

бетінен жоғалатын жылу мөлшерін (милликалорияда) көрсететін
жеке факторы (F) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет