Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет5/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Зоогигиена каз китап

R = e / E · 100
Қанығу тапшылығы (Д) - берілген температурадағы
максимальды және абсолютты ылғалдылықтың арасындағы
айырмашылық:
7


Д = Е – е
Шық нүктесі (Т) - ауадағы су булары қанығып, сұйық күйге
ауысатын температура (суық беттерде ылғалдың шық түрінде
шоғырлануы).
Құралдар: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін
гигрометрді – жұмысы эфирде майсыздандырылған адам шашының
салыстырмалы ылғалдылық артқанда ұзарып, төмендегенде қысқару
қабілетіне негізделген құралдар. Салыстырмалы ылғалдылықты
өлшегенде гигрометрді тігінен орналастырып, есепті тілшенің
көрсеткіштері бойынша (%) орнатқаннан 3-4 сағат кейін немесе үнемі
қолданғанда 20-30 минуттан кейін жүргізеді.
Ауаның абсолюттік ылғалдылығын психрометрлермен
анықтайды. Әртүрлі температураларда ауаны қанықтыратын су
буының серпімділік кестесінің көмегімен, арнайы формула бойынша
салыстырмалы ылғалдылықты, қанығу тапшылығын және шық
нүктесін анықтайды.
Августтың статикалық психрометрі бір штативке бекітілген
бір-бірінен 4-5 см қашықтықта орналасқан бірдей екі термометрден
тұрады. 
Термометрлердің бірінің резервуары (ылғалды) кішкентай
матаның кесегімен оралған, орауыш соңы ширақ жіппен байланып,
иілген шыны түтік - пробирканың кеңейген ұшына салынған. Түтікті
тазартылған (дистильденген) сумен толтырады. Капиллярлылығына
байланысты, материал үнемі суланады да, термометр түйіршігінен су
тұрақты буланып отырады. Бұл булану жылдамдығына
пропорционалды жылу жоғалтуды туғызады. Ауа неғұрылым құрғақ
болса, булану соғұрылым қарқынды жүреді. Осыған орай, дымқыл
термометрде құрғақ термометрмен салыстырғанда температура
көрсеткіші төмен болады. Екі термометрдің көрсеткіштерінің
айырымашылығы есептеу негізіне алынады.
Өндірістік жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығын
арнайы психрометрлік кестелер бойынша бағдарлап анықтауға
болады.
Ауаның абсолютті ылғалдылығын Август психрометрінің
(статикалық) құрғақ және дымқыл термометрлерінің көрсеткіштері
бойынша келесі формуламен есептейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет