дырып беру
тұқымдарды
гранозанмен
өңдеу
зақымдалған
азықты
бордақылана
тын малға
шектеп беру
Қастауыш бидай,
қара бидай, сұлы, қылтанақсыз арпабас,
түлкіқұйырық, қоңырбас сияқты өсімдіктерді зақымдайды. Тұқымның
орнында мұндай өсімдіктердің масағында сырты күңгірт сиякөк, ал
іші ақ үлкен мүйізшелер өсіп шығады. Қастауышта эрготоксин,
эрготамин, эргометрин алкалиодтары бар.
Зертханада шөптің сынамасы немесе үлгісін ақ қағаз бетіне
қағады, түскен ұсақ бөлшектерді скальпелмен жинайды. Олардың
арасында күңгірт қаракөк түсті
қастауыш склеродияларын
кездестіруге болады. Ұнды азықтарда, сонымен қатар шөп ұнында
қастауыш барлығын келесі әдіспен анықтауға болады: сыйымдылығы
100 мл болатын 10 г зерттелетін азыққа 70 %-дық спирт және 5 %-дық
тұз қышқылының қоспасын құяды, су моншасында жарты сағат
қыздырып, азықты суытады.
Қастауыш болса, сұйық әлсіз қызғылт
түске боялады. Бұл сынаманың көмегімен 0,03-0,04 % мөлшердегі
қастауышты табуға болады. Қастауышпен уланудың алдын алу үшін
0,2 % мөлшерден жоғары қастауышы бар ұн қауіпті болып
саналатындығын және азыққа шекті мөлшерде жіберілетіндігін (тек
буаз малдарға емес) ескеру қажет. Құрамында көп мөлшерде жас
аналық мүйізшелері бар дән қалдықтары мен ұнды малдарға беруге
болмайды. Құрама жемдегі қастауыштың
рұқсат етілетін мөлшері
0,05 % дейін.
Достарыңызбен бөлісу: