Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Тірі өсімдіктерде тоғышарлық ететін



Pdf көрінісі
бет63/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.6.1 Тірі өсімдіктерде тоғышарлық ететін
саңыпауқұлақтарды анықтау 
Тат саңырауқұлақтары көпшілік астықтұқымдастарды және
басқа бірқатар өсімдіктерді зақымдайды. Тат саңырауқұлақтарымен
өсімдіктің жер үсті бөлігі зақымданады: оларда қызыл, қара және сары
дақтар мен жолақтар пайда болады, мұнда тат саңырауқұлағымен
зақымдалған жерлердегі жолақтар кетірілген тәрізді және бүтін емес
болып көрінеді. Қарпайым көзбен немесе ұлғайтқыш әйнектің
көмегімен тат саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтық
өсімдіктерді қарағанда нүктелер мен жолақтар көрінеді. Тат
саңырауқұлақтары жануарларда ауыр аурулар туғызатын патогенді
саңырауқұлақтарға жатады. Тат саңырауқұлақтарымен зақымдалған
өсімдіктермен улану жасыл массамен де, сабан және шөппен де
қоректендіргенде байқалады.
Қаракүйе әртүрлі өсімдіктерді зақымдайды, оларда қарайып
кеткен масақтар мен сыпыртқылар түзіледі. Бұл өсімдіктердің тұқымы
жағымсыз тұздалған балық иісті қара массаға айналады.
Қаракүйенің болуын төмендегідей анықтайды. Аздаған
мөлшерде шөп алып, оны алақанда ысқылайды. Қолда қара шаңның
пайда болуы шөптің қастауышпен зақымдалғандығының белгісі. Шөп
үлгісінде қара күйенің болуын микроскоп көмегімен анықтауға
болады. Шөп сынамасын жылтыр бетті қағазға сілкиді. Түскен шаңды
жинайды да, оның аздаған мөлшерін заттық шыныға су немесе
глицерин тамшысына салып, жабын шынысымен жауып, кіші
ұлғайтқышпен қарайды. Препаратта қаракүйеге тән спораларды табуға
болады. Қаракүйенің рұқсат етілетін мөлшері 0,06 %. 
96


46-кесте
 
– 
Азықтардың
 
өсуі
 
барысында
саңырауқұлақтармен зақымдалуы
Көрсеткіштер
Тат
саңырауқұла
қтары
Қаракүйе
Қастауыш
Клавицепспа
ли-токсикоз
1
2
3
4
5
Табылуы
Тат түсті
дақтар мен
жолақтар
(бүкіл
өсімдік
бойында
қоңыр)
Жағымсыз
балық иісті
қарайған
масақтар мен
сыпыртқылар 
Тұқым
орынына іші
ақ, күңгірт
сиякөк түсті
мүйізшелер
өсіп шығады
Масақтарын
да тамыздың
басында
мүйізшелер
түзіледі
Зақымдалуы
Барлық
ауылшаруаш
ылық
малдары
түрлері
Барлық
ауылшаруашы
лық малдары
түрлері
Барлық
ауылшаруаш
ылық
малдары
түрлері
Көбірек
жылқылар,
ірі қара мал,
басқалары
аздаған
Белгілері
Сілекей ағу,
бас жақ
қабынады,
іш өту,
көбінесе қан
аралас,
жүрісі
қиралаңдаға
н, артық
аяқтарының
салдануы 
Сілекейі, жас
ағу, іш өту,
жөтел,
қарашық
ұлғаюы,
түсіктер
Түсіктер,
шеткі
мүшелердің
ганренасы
Қиралаңдаға
н жүріс
46 кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
Алдын алу
Зақымданға
н азықтарды
сілтілермен
зарарсыздан
Буаз малдарға
бермеу, қатты
зақымдалған
азықты жою,
Буаз
малдарға
бермеу, аз
мөлшерде
Зақымдалған
азықты
рационнан
алып тастау
97


дырып беру 
тұқымдарды
гранозанмен
өңдеу
зақымдалған
азықты
бордақылана
тын малға
шектеп беру 
Қастауыш бидай, қара бидай, сұлы, қылтанақсыз арпабас,
түлкіқұйырық, қоңырбас сияқты өсімдіктерді зақымдайды. Тұқымның
орнында мұндай өсімдіктердің масағында сырты күңгірт сиякөк, ал
іші ақ үлкен мүйізшелер өсіп шығады. Қастауышта эрготоксин,
эрготамин, эргометрин алкалиодтары бар.
Зертханада шөптің сынамасы немесе үлгісін ақ қағаз бетіне
қағады, түскен ұсақ бөлшектерді скальпелмен жинайды. Олардың
арасында күңгірт қаракөк түсті қастауыш склеродияларын
кездестіруге болады. Ұнды азықтарда, сонымен қатар шөп ұнында
қастауыш барлығын келесі әдіспен анықтауға болады: сыйымдылығы
100 мл болатын 10 г зерттелетін азыққа 70 %-дық спирт және 5 %-дық
тұз қышқылының қоспасын құяды, су моншасында жарты сағат
қыздырып, азықты суытады. Қастауыш болса, сұйық әлсіз қызғылт
түске боялады. Бұл сынаманың көмегімен 0,03-0,04 % мөлшердегі
қастауышты табуға болады. Қастауышпен уланудың алдын алу үшін
0,2 % мөлшерден жоғары қастауышы бар ұн қауіпті болып
саналатындығын және азыққа шекті мөлшерде жіберілетіндігін (тек
буаз малдарға емес) ескеру қажет. Құрамында көп мөлшерде жас
аналық мүйізшелері бар дән қалдықтары мен ұнды малдарға беруге
болмайды. Құрама жемдегі қастауыштың рұқсат етілетін мөлшері
0,05 % дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет