4-тарау. Жарылыстарды шектеу
94. Жарлыстарды шектеу тәсілдерінің бірі тез жұлынатын аспапбеттерді, арнайы терезе жақтаулары мен жарылыс кезінде еркін ашылатын басқа да құрылғыларды пайдалану болып табылады. Аталған құрылғылардың ауданы қорғалатын бөлме, қойма, машина көлемінің бір текше метріне кемінде 0,03 шаршы метр болады.
95. Кәсіпорынның өндірістік және қойма бөлмелерінің терезе ойықтарында бөлме бойынша тең бөлінген арнайы сақтандырғыш жақтаулары болады.
96. Сақтандырғыш терезе жақтауларымен және жармалармен қатар өндірістік және қойма бөлмелерінің қақпалары жарылыс кезінде кедергісіз ашылып, жарылыс толқынының атмосфераға еркін шығуына мүмкіндік беріледі.
97. Өндірістік және қойма бөлмелерінің ішкі есіктері өздігінен жабылатын құрылғылармен жабдықталады.
98. Өндірістік және қойма бөлмелерінің терезе түптерін қалыңдығы 3 мм аспайтын шынымен толтырылады. Б санатты жарылу қаупі бар бөлмелердің терезе түптерін толтыру үшін әбзелденген шыны мен шыны блоктарды пайдалануға жол берілмейді.
99. Жарылу қаупі бар бөлмелерде сүрлемдердің үстінен өртті бумен шектеу үшін бу өткізгіштерді орнату ұсынылады.
100. Сүрлемдердің ішінен төселетін нориялық құбырлардың болат табақтан жарылыстың қалдық қысымдарына есептеліп жасалған дәнекерлеу қабырғалары болады.
101. Жабдық атмосфераға қосылған арнайы жарылысты разрядтағыштарды (сақтандырғыш ажыратқыш клапаны бар құбыр өткізгіштерді) қосу арқылы қорғалады.
102. Ауасорғыма қондырғыларына қызмет көрсететін тұлғалар жарылысты разрядтағыштардың жай-күйін бақылайды.
103. Мембраналық қақпақшалардың бүтіндігі жүйелі түрде тексеріледі және олардың жай-күйі туралы төлқұжаттарға белгі қояды.
104. Мембрана үзілген жағдайда жабдықты қосу үзілу себебін мұқият анықтап жойғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үзілген мембрана ауыстырылады.
5-тарау. Жарылысты разрядтағыштарды жобалау, орнату және пайдалану
1-параграф. Жалпы талаптар
105. Жарылысты разрядтағыштар жабдықтың бұзылмауынан қорғау және жану өнімдерінің өндірістік бөлмелерге таралу мүмкіндігін болдырмау мақсатында қорғалатын жоғары шекті жабдықтың көлемінде жарылыс қысымының артуын болдырмауға арналған.
Жалын мен жарылыс өнімінің жапсарлас жабдыққа таралуын У2-БЗБ түріндегі тез әсер ететін ысырмаларды пайдалану арқылы алдын алуға болады.
106. Жоғары шекті деңгейдегі жарылыс қысымының артуын болдырмау қорғалатын жабдықтың көлемінен жану өнімдері мен жанбаған қоспаларды өндірістік ғимараттан тыс қауіпсіз аймаққа бөліп шығару арқылы жүзеге асырылады.
107. Қорғалатын жабдықта арнайы ойық, ал қажет болған жағдайда жарылысты разрядтағыштарды қосу үшін ауыспалы келтеқұбырлар қарастырылады. Ауыспалы келтеқұбырдың пішіні мен орналасуы жабдық жақтан мембрананың алдында өнім тозаңының жиналуына әсер етпейді.
108. Жарылысты разрядтағыш сақтандырғыш мембранасы бар жарылысты разядтағыш құрылғысы мен айналып өткізілген құбырдан тұрады.
109. Жарылысты разрядтағыштың өту қимасын жауып тұратын сақтандырғыш мембрана қорғалатын жабдықтың корпусынан ең төменгі қашықтықта орнатылады.
110. Жарылысты разрядтағыштар мынадай жабдықтарды:
1) балғалы уатқыштарды;
2) норияларды (қолданыстағы ұн тартатын және жарма зауыттарындағы I-10, I-20 түріндегі норияларда жарылысты разрядтағыштарды орнатуға жол берілмейді);
3) ауасорғылама қондырғысының сүзгілері мен циклондарын (қолданыстағы кәсіпорындар үшін осы талаптарды пайдаланған жөн);
4) қыздыру камералары бар айналмалы астық кептіргіштерді;
5) жылытқыштары бар шахталық астық кептіргіштерді;
6) каскадты жылытқыштарды қорғайды.
111. Жарылысты разрядтағыштарды орнату жобалау құжаттамасында қарастырылады.
112. Нориялар, сүзгілер мен циклондар үшін жарылысты разрядтағыштардың өту қималарының ауданы (диаметрі) осы Әдістемелік ұсынымның 135-138 тармақтарына сәйкес белгіленеді, ал жабдықтың басқа түрлеріне қорғалатын көлемнің, жарылыстың шекті қысымының, статистикалық мембрананы ашу қысымының, айналып өткізілген құбырөткізгіштердің ұзындығының, саны мен бұрыштарының шамасын ескергендегі есеппен анықталады.
113. Жарылысты разрядтағыштар құрылғысының негізгі түрі ретінде айналып өткізілген құбырөткізгіштердің тез разрядталатын қосқышы бар сақтандырғыш мембраналарды құрсаулап бекіту құрылғысы ұсынылады.
114. Жарылысты разрядтағыштар үшін сақтандырғыш мембраналардың негізгі түрі ретінде полиэтилен қабыршағынан жасалған ажыратушы мембраналар ұсынылады.
Басқа түрдегі немесе басқа материалдан жасалған сақтандырғыш мембраналарды пайдаланған кезде жарылысты разрядтағыштардың есебі ұсынылатын мәні 10-15 кПа (0,1-0,15 кгс/см2) болатын статистикалық мембрананы ашу қысымын анықтаған жағдайда аталған әдіс бойынша жүргізіледі.
Шибер түріндегі жарылысты разрядтағыштарда оларды жаңасымен ауыстырғанға дейін осы әдістемелік ұсынымның 116-117 тармақтарына сәйкес полиэтилен қабыршағынан жасалған мембраналарды орнату ұсынылады. Жарылысты разрядтағыштың тік бұрышты өту қимасында D диаметрдің баламалы мәнін мына формула анықтауға болады:
мұндағы F және П-өту қимасының ауданы мен периметрі.
115. Ойықтармен немесе құбырөткізгіштермен сыртқы орта тікелей байланысты жабдықтарға арналған жарылысты разрядтағыштарды есептеу кезінде олардың өту қималарының аудандары ескеріледі. Ойықтар немесе құбырөткізгіштер осы Әдістемелік ұсынымның талаптарын қанағаттандырса, жарылысты разрядтағыш құрылғылар орнатылмайды.
2-параграф. Жарылысты разрядтағыштарға қойылатын талаптар
116. Уатқыштарда, норияларда, сүзгілер мен циклондарда орнатылатын жарылысты разрядтағыштарда ажырату мембранасы ретінде Т, СТ, СИК, СК, В немесе Н МСТ 10354-82 маркалы полиэтилен қабыршағын пайдалануға болады.
117. Ажырату мембранасы үшін пайдаланылатын полиэтилен қабыршағының δ қалыңдығын 1-кестеге сәйкес жарылысты разрядтағыштың өту қимасының D диаметріне байланысты алынады.
1-кесте
D, м
|
0,20-
0,30
|
0,30-
0,40
|
0,40-
0,50
|
0,50-
0,65
|
0,65-
0,85
|
0,85-
1,05
|
1,05-
1,25
|
δ, мм
|
0,05
|
0,07
|
0,10
|
0,12
|
0,15
|
0,20
|
0,25
|
Қалдық қысым жарылысты разрядтағыштардың өту қимасының есебі кезінде басқа қалыңдықтағы полиэтилен қабыршағын қолдануға болады.
118. Айналып өткізілген құбырөткізгіштер, әдеттегідей, тік және ең қысқа ұзындықта болады.
Қажет болған жағдайда осы Әдістемелік ұсынымның 5-тараудың 6-параграфтағы 4-кестенің 6-8 тармақтарында келтірілген бұрылыстардың кедергі коэффициентінің соммасы 1,3 аспаған жағдайда бұрылыстары бар айналып өткізілген құбырөткізгіштерді орнатуға болады.
Құбырөткізгіштің қорғалатын жабдықтың корпусынан бастап сыртқы кесіндіге дейінгі жалпы ұзындығы 2 м аспайды.
119. Жарылысты разрядтағыштардың айналып өткізілген құбырөткізгіштері (немесе жарылысты ыдырату үшін пайдаланылатын ауа өткізу телімдері) ретінде қабырғасының қалыңдығы кемінде 1,0 мм болат дәнекерлеу құбырларын немесе шамасы осы Әдістемелік ұсынымның талаптарына сәйкес анықталатын жарылыстың қалдық қысымына шыдамды әр түрлі түрдегі құбырлар пайдаланылады.
Айналып өткізілетін құбырөткізгіштің ішкі диаметрі жарылысты разрядтағыштың өту қимасының диаметрінен кем болмауы тиіс және Сантехжобаның қалыпты қатарының диаметріне сәйкес болады: DТ=0,225; 0,25; 0,28; 0,315; 0,355; 0,4; 0,45; 0,5; 0,56; 0,63; 0,71; 0,8; 0,9; 1,0 м.
120. Ғимараттан шығарылған көлденең айналып өткізілетін құбырөткізгіштің сыртында бұрышы 30° кесінді (атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін) мен ұяшықтардың көлемі 10 х 10-нан 15 х 15 мм дейін болатын қалыңдығы 1-2 мм сымнан жасалған металл қорғаныс торы болады.
121. Айналып өткізілген құбырөткізгішті ғимараттан тігінен шығарған жағдайда оның кесіндісінде атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін қалқаншасы бар диффузор орнатылады (осы Әдістемелік ұсынымның 5-тарауының 6-параграфындағы 4-кестенің 11-тармағы).
Қысқа 2,5 м дейінгі тік құбырөткізгішке құбырөткізгіштің кесіндісінде мембрана орнатуға жол беріледі, бұл ретте қорғаныс қалқаншасы алмалы-салмалы және тез алынатын болады (8-параграфтың 2-суреті).
122. Ғимараттан тыс орнатылған жабдықта егер өнімдердің лақтырындысы қауіпсіз аймаққа шығарылса, онда жарылысты разрядтағыштарды айналып өткізілетін құбырөткізгішсіз қолдануға жол беріледі.
123. Бірнеше жабдық бірлігінен айналып өткізілетін құбырөткізгіштерді диаметрі қосылатын коллекторлардың ішінен құбырөткізгіштердің ең үлкен диаметрінен кем болмайтын бірыңғай коллекторға қосуға жол беріледі. Бұл ретте жабдыққа құрамалы жарылысты разрядтағыштар орнатылады (8-параграфтағы 3, 4, 5-суреттері).
Қайырмалы жармалардың шүлдігі тік жазықтықтағы құрамалы жарылысты разрядтағыштың жарылатын қимасы орналасқан кезде тігінен бекітіледі.
124. Жарылысты разрядтағыштарды орнату кезінде ықтимал жану лақтырындысы мен жану өнімдерінің қауіптілік аймағы жарылысты разрядтағыш пен оның шүлдігінен 20 диаметр шамасында екендігі ескеріледі. Қызмет көрсетуші тұлғаның аталған аймақта болуына жол берілмейді.
Айналып өткізілетін құбырөткізгіштердің кесілген жерінің бірінші қабатында жоспарлы белгіден 3 м төмен болмайтындай етіп орнатылады.
125. Жарылысты разрядтағыштарды дайындау кезінде У2-УКМ түріндегі бұйым жинағының техникалық құжаттамасын дайындау ұсынылады (осы Әдістемелік ұсынымның 3-қосымшасы).
6-тарау. Жарылысты разрядтағыштарды жабдыққа орнату
1-параграф. Балғалы уатқыштар
126. Балғалы уатқыштар шығару бункерінің жоғары бөлігіндегі қабырғаның жоғары және бүйір жақтарына орналастырылған жарылыс разрядтағыштармен қорғалады.
127. Балғалы уатқыштың шығарушы бункеріндегі жарылысты разрядтағыштың өту қимасының диаметрі осы Әдістемелік ұсынымның 135-138 тармақтарына сәйкес есеппен анықталады. Қорғалатын көлем уатқыштың бос көлемінен және шығару бункерінің көлемінен салынады.
128. Уатқыштарға арналған жарылысты разрядтағыштарды есептеу кезінде бункерлердің беріктігі туралы мәліметтер болмаған жағдайда бункердің көлемі 2,0 м3 және 50 кПа (0,5 кгс/см2) дейін, бункердің көлемі 2,0 м3 астам болған кезде 100 кПа (1,0 кгс/см2) тең жарылыстың шекті қысымының мәнін қабылдауға болады.
129. Мембраналарды пневматикалық түсетін өніммен уатқыш ішіндегі ағытылу әсерінен болатын жарылыстан қорғау үшін шығарылатын бункер жағынан мембрана алдына қалыңдығы 1-2 мм ұяшықтарының үлкендігі 30 х 30 мм сымды тор орнатылады.
2-параграф. Нориялар
130. Нориялар жарылыстан қорғау тиімділігінің дәрежесі бойынша орналасқан және техникалық мүмкіндік бойынша іріктеліп алынған мынадай нұсқалардың бірі бойынша:
1) нориялардың басында және нориялық құбырлардың жұмыс істейтін және дербес тармақтарының жоғары және төменгі бөліктерінде;
2) нориялық құбырлардың жұмыс істейтін және дербес тармақтарының жоғары және төменгі бөліктерінде;
3) нориялардың басында және нориялық құбырлардың жұмыс істейтін және дербес тармақтарының төменгі бөліктерінде;
4) нориялардың басында және нориялық құбырлардың жұмыс істейтін және дербес тармақтарының жоғары бөліктерінде;
5) нориялық құбырлардың жұмыс істейтін және дербес тармақтарының жоғары бөліктерінде;
6) нориялардың басында жарылысты разрядтағыштардың қондырғысымен қорғалады.
131. Жарылысты разрядтағыштарды осы Әдістемелік ұсынымның 130-138 тармақтарға сәйкес II-350, II-500 (түбі жоқ шөмішті нория) норияларында дөңгелек қималы нориялық құбырлармен орнатуға жол берілмейді.
Жарылысты разрядтағыштарды осы Әдістемелік ұсынымның 130-тармағына (тік бұрышты қималы нориялық құбырларда) және 138-тармағына сәйкес (дөңгелек қималы нориялық құбырларда) II-500 норияларында орнатуға жол беріледі.
132. Жарылысты разрядтағыштың орталықтан тебетін және орталықтан тебу-гравитациялық түсіру норияларының бастары шығарылатын келтеқұбыр жағынан бүршік қақпақтың үстіңгі бөлігінде немесе бүршіктің бүйір қабырғаларында, ал гравитациялық түсіру норияларының бүршіктерінде қақпақтың кез келген жерінде немесе бүршіктің бүйір қабырғаларында орнатылады (9-параграфтағы 2-сурет). Жарылысты разрядтағышты норияның басында орнату өнімнің сақтандырғыш мембранаға қайта төгілуін және түсуін болдырмайды.
Ескерту: Гравитациялық түсіру шарты D/2≤895/п2 теңсіздікті орындау болып табылады, мұндағы-D және п-метрмен берілген диаметр және келтіру барабанының айн/минутындағы айналу жылдамдығы.
133. Жарылысты разрядтағыштарды нориялық құбырлардың жұмыс істейтін және дербес бұтақтарының жоғары бөліктеріне құбырға өту жолынан үш метрден аспайтын қашықтықта және төменгі жағында-башмактың жоғарғы қақпағынан жарылысты разрядтағыштың бес диаметрінен аспайтын қашықтықта орнатылады.
134. Нориялық құбырлардағы жарылысты разрядтағыштар нориялық құбырлардың арнайы секцияларының ернемектерінде нориялық таспа жану өнімдер мен жанбаған қоспалардың лақтырындысына кедергі келтірмейтіндей етіп орнатылады.
135. Норияның басындағы жарылысты разрядтағыштың өту қимасының диаметрі норияның түрі бойынша анықталады және 2-кестеде келтірілген мәннен кем болмауы, ал II-500 түріндегі нория үшін 3-кестеде келтірілген мәннен кем болмайды.
2-кесте
Норияның түрі
|
I-10
|
II-20
|
II-50
|
II-100
II-175- түбі жоқ шөміштері бар нориялар
|
II-250 (түбі жоқ шөміштері бар нориялар)
|
II-175
II-350- түбі жоқ шөміштері бар нориялар
II-500-
түбі жоқ шөміштері бар нориялар
|
II-350
|
НТЦ-175х2
|
D, м
|
0,32
|
0,37
|
0,47
|
0,53
|
0,60
|
0,77
|
0,97
|
0,97 (немесе әрбір өту қимасының диаметрі кемінде 0,77 м болатын екі жарылысты разрядтағыш)
|
3-кесте
Норияның түрі
|
I-10
|
II-20
|
II-50
|
II-100
II-175-түбі жоқ шөміш
тері бар нория
лар
|
II-250- түбі жоқ шөміш
тері бар нория
лар
|
II-175
|
II-350- түбі жоқ шөміштері бар нориялар
|
II-500- түбі жоқ шөміштері бар нория
лар
|
II-350
|
II-500
|
НТЦ-175х2
|
D, м
|
0,25
|
0,25
|
0,32
|
0,37
|
0,42
|
0,60
|
0,53
|
0,53
|
0,77
|
0,97
|
0,60
|
136. Нориялық құбырлардағы әрбір жарылысты разрядтағыштың өту қимасының диаметрі 3-кестеде келтірілген норияның белгілі түрі үшін тиісті мәнінен кем болмайды.
137. Қосарлаған норияның басына норияның екі бөлігіне ортақ жарылысты разрядтағышты орнатуға жол беріледі.
138. 2, 3-кестеде көрсетілмеген (дөңгелек қималы нориялық құбырлармен) және жаңадан әзірленген нориялар үшін жарылысты разрядтағыштардың өту қимасының ауданы:
1) жарылысты разрядтағыштар үшін бастарында ең жоғары мүмкіндігі (нория құбырларының қөлденең қимасынан жиынтық алаңынан кем емес);
2) нориялық құбырлардағы әрбір жарылысты разрядтағыштар үшін нориялық құбырдың көлденең қимасының ауданынан кем емес.
3-параграф. Ауасорғыма қондырғыларының сүзгілері мен циклондары
139. Циклондар мен жеңдік сүзгілер (9-параграфтағы 5-сурет) тазартылған және тозаңданған ауаөткізгіштердің циклондар мен сүзгілерге жақын бұрылыстарында жарылысты разрядтағыштардың қондырғыларымен қорғалады, бұл ретте жарылысты разрядтағыштың өту қимасының диаметрі ауаөткізгіштің диаметрінен кем болмайды. Жарылысты разрядтағыштарды жеңдік сүзгілерде сондай-ақ тазартылған ауаның коллекторында орнатуға жол беріледі.
Ескерту: Ауасорғылама қондырғыларын есептеу кезінде жарылысты разрядтағыштардың қондырғысы бар ауаөткізгіштердің бұрылыстарының гидравликалық кедергісі мына формула бойынша анықталады:
ξаВ=1,2ξа
Бұл ретте циклондардың тозаңданған ауасының ауаөткізгіштеріндегі бұрылыстар кіреберіс келтеқұбырдан бастап ауаөткізгішке дейін кемінде алты диаметр қашықтықта орналасады.
140. Жақын маңдағы бұрылыстарда орналасқан сүзгілер мен циклондардан бастап жарылысты разрядтағыштарға дейінгі учаскелердегі тозаңданған және тазартылған ауаның ауаөткізгіштері осы Әдістемелік ұсынымның 119-тармағының талаптарына сәйкес болады.
141. Сыртқы ортамен тікелей байланысты немесе бөлмеден тыс қауіпсіз аймақта орнатылған циклондарды, 4БЦШ, ЦОЛ-1, ЦОЛ-1,5 және ЦОЛ-3 түріндегі еркін көлемі 1,0 м3 төмен циклондарды, сондай-ақ ауасорғылама жабдығы жағынан жалын өткізетін құрылғылар орнатылған реттеуші ауаағарлардағы сүзгілер мен циклондардыжарылысты разрядтағыштармен қорғамауға болады. Ауасорғылама жабдығының жарылыс шығу қаупі болмаса, сүзгілер мен циклондарды жарылысты разрядтағыштармен қорғамауға болады.
4-параграф. Жылыту камерасы бар рециркуляциялық астық кептіргіштер, жылытқыштары бар шахталық астық кептіргіштер, каскадтық жылытқыштар
142. Астық кептіргіштер жылыту камераларындағы, жылытқыштардағы, каскадтық жылытқыштардғы, жауын-шашын камераларындағы, оттықтардағы, сондай-ақ үстіңгі кептіргіш бункерлердегі (қоректендіргіште шлюздік бекітпе болмаған жағдайда), нориялардағы, циклондардағы жарылысты разрядтағыштардың қондырғыларымен қорғалады.
143. Жарылысты разрядтағыштар норияларда, циклондарда 6-тараудың 2,3-параграфтары талаптарына сәйкес орнатылады.
144. Үстіңгі кептіргіш бункерлердегі жарылысты разрядтағыштар бункердің үстінгі қақпағында немесе үстінгі бөлігінің бүйір қабырғасында орнатылады.
145. Жылыту камераларындағы жарылысты разрядтағыштар камералардың бүйір қабырғаларында (оларды тежеуіш элементтер ретінде пайдаланған жағдайда металл өзектің сыртқы жағынан) орнатылады. Бірнеше жарылысты разрядтағыштарды орнатқан жағдайда оларды камераның биіктігі бойынша теңдей етіп бөледі.
146. Жылытқыштардағы жарылысты разрядтағыштар өртке қарсы кептіргіш агентінің кіреберісіндегі бүйір қабырғасында орнатылады.
147. Каскадтық жылытқыштардағы жарылысты разрядтағыштар торлы сөрелердің көлбеген қабырғалары жағынан қарсы ағатын шахталары секцияларының бүйір қабырғасында орнатылады.
148. Жауын-шашын камераларындағы жарылысты разрядтағыштар камералардың бүйір қабырғалары мен үстінгі бөліктерінде орнатылады. Өңделген кептіргіш агентінің ағысын 180° бұратын тік қалқаншалар болған кезде жарылысты разрядтағыштар қалқаншаның екі жағынан орнатылады.
149. Оттықтарды жарылыстан қорғау бойынша қойылатын талаптарға сәйкес оттықтар жарылысты разрядтағыш клапандармен қорғалады.
150. Жылыту камераларында, жылытқыштарда, каскадтық жылытқыштарда, жауын-шашын камераларында орнатылатын сақтандырғыш мембраналар ретінде қалыңдығы 0,5-1,0 мм болат табақтан немесе жоғары температураның ұзақ әсеріне шыдамды басқа материалдан жасалған шыртылданатын мембраналар ұсынылады (8-параграфтың 5-суретінде).
151. Жылыту камерасының көлемі жылу-ылғал алмастырғыш еркін көлемді қосу арқылы есептеледі.
152. Каскадтық жылытқыштарда, сондай-ақ жылыту камераларында, жылытқыштарда, жауын-шашын камераларында және қолданыстағы кәсіпорындардың астық кептіретін бункерлерінде орнатылған жарылысты разрядтағыштарды есептеу кезінде қорғалатын ыдыстардың беріктігі туралы мәлімет болмаған жағдайда 50 кПа (0,2 кгс/см2) жарылыстың шекті қысымының мәнін қабылдау ұсынылады.
5-параграф. Жарылысты разрядтағыштарды пайдалану
153. Жарылысты разрядтағышты жасау кезінде оған жарылысты разрядтағышты орнату барысында қоса беріліп отырған форма (осы Әдістемелік ұсынымның 4-қосымшасы) бойынша толтырылатын паспорт ресімделеді. Орнатылғаннан кейін жарылысты разрядтағыштар нөмірленеді және пломбыланады.
154. Бөлініп берілген құбырлар, жарылғыш мембраналар мен оларды бекіту түйіндері үнемі ақаусыз болады.
155. Жарылысты разрядтағыштар ай сайын мембраналардың бүтіндігін тексеріп бақылайды, мембраналар мен бөлініп берілген құбырларға шаңдардың және өнімдердің жиналуына жол бермейді. Тексеру қорытындылары, жүргізілген жөндеулер немесе мембраналарды ауыстыру туралы мәліметтер қоса беріліп отырған форма бойынша (осы Әдістемелік ұсынымның 5-қосымшасы) ресімделетін журналға тіркеледі.
156. Мембраналардың бүтіндігі жабдықтың іштей разрядталуы немесе қысымның қарқынды көтерілуінің нәтижесінде жүйелі түрде бұзылған кезде осы Әдістемелік ұсынымының 116 тармағына сәйкес полиэтиленді жұқа қабықты екі қабаттап орнату ұсынылады.
157. Пайдаланудың бір жылдық мерзімі өткеннен кейін мембраналар ауыстырылады. Жабдық қалыпты жұмыс істеуден ауытқыған (өнім үйілген, қарқынды шаңғыған және тағы сондай) жағдайда жабдықты тоқтатқаннан кейін жарылысты разрядтағышты дереу тексереді және қажет болған жағдайда мембрананы бәсеңдетеді.
6-параграф. Жарылысты разрядтағыштардың
кіріс қимасы алаңын есептеу әдісі
158. Жарылысты разрядтағыштардың кіріс қималарының алаңы (F, м2) жарылыстың қалдықты қысымы (∆р, кгс/см2) қорғалатын жабдықтың құрылымдық төзімділігімен ∆р≤∆рД анықталатын ∆рД рұқсат мәнінен аспауы қажеттік шарты есебінен алынады
∆р≤∆рД (1)
Ішкі артық қысымы 1,0 кгс/см2 көпке төзетін жабдықтар үшін ∆рД=1,0 кгс/см2 қолданылады.
159. Қорғалатын жабдықтың бос көлемінің шамасы (V, м3) жабдық ішінде орналасқан түйіндер, агрегаттар мен өнімдер көлемін шегеру есебінен анықталады.
160. Көлемді қорғау кезінде жалпы ұзындығы L, м түзу бөлініп берілген құбыры бар жарылысты разрядтағышпен және артық статистикалық қысымы ∆рСТ ≤0,1 кгс/см2 кезінде ашылатын сақтағыш мембранасымен (мысалы, осы Әдістемелік ұсынымның 119, 120-тармақтарына сәйкес полиэтиленді жұқа қабықты жарылғыш мембраналармен) жарылысты разрядтағыш кіріс қималарының алаңы (диаметрі D, м) номограмма бойынша анықталады.
Қолдану тәсілі. ∆р, V и L берілген мәні бойынша F (немесе D) анықтау қажет болсын. ∆р и V тік шкалаларындағы тиісті нүктелерді түзу сызықпен қосамыз. Осы түзу сызықтың берліген L сызығымен тоғысқан жерін табамыз. Нүкте F сызығына сол жақтан жақын түскен кезде осы нүкте арқылы өтетін F сызығын белгілеу жауап болып табылады.
161. Жалпы ұзындығы L және ∆рСТ ашылатын сақтандырғыш мембраналы бөлініп берілген құбыры бар жарылысты разрядтағышпен көлемді қорғау кезінде жарылысты разрядтағыш кіріс қималарының алаңы мына формуланың көмегімен (1) шартты тексеру арқылы анықталады:
–1. (2)
Мұнда ξ∑ коэффициенті L/D≤3 кезінде ξН (5-тармақтың 4-кестесі) тең болады, ал L/D>3 жарылғышты разрядтағыш (түзу сызықтар телімінің кіріс, бұрылыс, шығыс) элементтерінің кедергі коэффициенттері кестесінде келтірілген сомма ретінде анықталады:
Жарылысты разрядтағыштың ұзындығымен байланысты К коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
(3)
1-сурет. Жарылысты разрядтағыш кіріс қималарының
алаңын анықтауға арналған номограмма
Сақтандырғыш мембрананы ашудың артық статистикалық қысымына байланысты а коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
(4)
мұнда D диаметрлі жарылғыш мембраналары үшін қалыңдығы δ полиэтиленді жұқа қабықтан жасалынған ∆рСТ мәні мынадай қатынаста болады:
(5)
ал басқа түрлі және басқа материалдардан жасалынған мембраналар үшін тәжірибе немесе есеп түрінде анықталады.
Ескерту. (2) формула бойынша есепті ∆р, V и L арналған номогармма бойынша анықталған F мәнінен бастау қажет.
162. Бірнеше жарылысты разрядтағыш F1, F2, F3 кіріс қималарының әртүрлі алаңдарымен және ∆рСТ кезінде бірдей ашылатын сақтандырғыш мембраналары бар әртүрлі ұзындықтағы бөлініп берілген құбырлармен көлемді қорғау кезінде қажетті алаң мына формула бойынша (1) шартты тексеру арқылы анықталады:
–1 (6)
4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |