- 1. Осы «Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың өмірлік циклі үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы Техникалық регламенттің реттеу объектілері осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасына әкелінетін, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ БТН кодтары) кіретін медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар болып табылады. 3. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сәйкестендіру: 1) көзбен шолып қарау; 2) атаудың ұқсастығын белгілеу; 3) КО СЭҚ БТН кодтарын белгілеу; 4) медициналық техниканың қаптамасында, ыдысында, затбелгісінде, жазба белгісінде, маңдайшасында, пайдалану құжатында берілген ақпараттар және тұтынушыға арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |