Ауыспалы егістік


ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРІ



бет5/8
Дата07.03.2023
өлшемі6.62 Mb.
#470495
1   2   3   4   5   6   7   8
топрак

ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРІ

Сұрақтар:

1.Топырақ қорғау ауыспалы егістерін жобалаумен өндірудің негізгі принциптері

2. Ауыспалы егістерде көпжылдық екпе шөптердің ролі мен алатын үлесі, отамалы дақылдар мен таза пардың орны.

3. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қолданылатын топырақ қорғау ауыспалы егістері.

Топырақ қорғау а/е- дақылдардың түрлері, олардың егістікте орналасу ерекшеліктері және өзара алмасуы топырақты эрозиядан сақтауға арналған а/е

1.Топырақ қорғау ауыспалы егістерді құрудың принциптері:

- эрозияға шалдыққан жерлердің агрономиялық ерекшелікте-рін мұқият есепке алу қажет;

- аймақта немесе нақтылы шаруашылықта ең тиімді топырақ қорғай алатын және экономикалық нәтижеге жеткізетін дақылдарды таңдап ала білу керек. Бұл жерде дақыладрдың эрозияға шалдығу коэффициентін пайдаланған жөн. Егер таза пардың аталған көрсеткішін бірге тең деп алсақ, отамалы дақылдардың коэффициенті 0,75-0,85 арасында, жаппай себілетін жаздық дәнді дақылдарда 0,50, күздік дақылдардікі-0,30, көпжылдық екпе шөптердікі 0,08-0,01 арасында болып келеді;

- эрозияға шалдыққан жерде сүрлемді және басқа отамалы дақылды кең пайдалана беруге болмайтындықтан мал шаруашылығының мамандандыру бағыты да ерекше болады;

  • шаң жинайтын алқаптарды азайту үшін және топырақ түйіршіктерінің қозғалуын кеміту үшін ауыл шаруашылығы дақылдары мен парларды жолақтап егу тәсілін пайдалану керек. Жолақтың ені көбіне топырақтың механикалық құрамына байланысты болып келеді. Шамамен алғанда ауыр балшықты (сазды) топырақта жолақтың ені 120-150 м, ауыр саздақты топырақта –75-100 м, орта саздақтыда-50-75, жеңіл саздақтыда 50 м артпау керек.
  • Ауыспалы егістің танаптары эрозия тудыратын желге ұзын жағымен көлденең орналасуы керек, ал су эрозиясы туындайтын жерге ұзын жағымен баурайға көлденең түсуі қажет;

- су эрозиясы орын алған аудандарда топырақ қорғау ауыспалы егістері негізінен тіктігі 50 асқан баурайларда қолданылып, көпжылдық шөптер бірнеше танапқа орналаса, 100 асқан баурайларда ауыспалы егістегі көпжылдық шөптің көлемі 50% болуы қажет;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет