Ауыспалы егістік


Дақылдардың кезектесу қажеттілігі



бет2/8
Дата07.03.2023
өлшемі6.62 Mb.
#470495
1   2   3   4   5   6   7   8
топрак

Дақылдардың кезектесу қажеттілігі
химиялық
биологиялық
экономикалық
Ауыспалы егістіктегі алғы дақылдар
Дақылдар өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл үлкен әсер етеді. Қазақстанның қүрғаңшылық жағдайында, ең жақсы алғы дақылға сүрі жер (танабы) жатады. Ол топырақта ылғалдың, өсімдікке сіңімді түрдегі қоректік заттардың жиналуын, танаптың фитосанитарлық күйінің жақсаруын және арамшөптен тазалануын қамтамасыз етеді.
Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, т.б.) алғы дақыл ретінде танаптарда арамшөптермен күресті жақсы жүргізуге мүмкіндік береді: жаз бойы арамшөптермен қатарлықта күрес жүргізіледі, топыраққа тыңайтқыштар енгізіледі.

1.Ауыспалы егісті енгізу

Ауыспалы егісті енгізу- жасалған жобаны жүйелі түрде шаруашылықтың пайдаланатын жер аумағына орналастыру жұмыстары.

Ауыспалы егісті енгізу төмендегідей ұйымдастыру-шаруашылық және жерге орналастыру шараларынан тұрады:

а) Шаруашылықтың мамандандырылуын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату жөніндегі мемлекеттік тапсырманы ескере отырып, егіс алқабының құрылымын жасау.

б)Территорияны ұйымдастыру, жерді біркелкі құнарлы алқаптарға біріктіру.

в)Ауыспалы егістердін, санын, көлемін және шекарасын анықтап, олардың учаскелерінде жерді, техниканы және еңбекті мейлінше өнімді пайдалануды ескере отырып орналастыру. Әрбір топыракты алқапқа — олардың құнарлылығын, механикалық құрамын, эрозияға бейімділігін, рельефіне қарай өзіндік ауыспалы егіс беру.

Шаруашылықтағы ауыспалы егістердін. барлық жиынтығы, кабылданған егіс құрылымының көлемін орындауды қамтамасыз етулері қажет.

г)Танаптарды кесіп бөлу және бағаналар қою жолымен ауыспалы егісті қалыпты жүргізу. Шаруашылық ішінде жерге орна- ластырудың жобасын және жерді пайдалану картасын жасауды шаруашылық басшыл арына тапсыру. Осы сәттен бастап екінші кезең — ауыспалы егісті игеру басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет