Трансляцияның инициациясы. бір кезеңі, әрі осы кезеңде инициаторлы кешен түзіледі. 1 – рибосоманың кіші суббірлігі (эукариоттарда - 40S, прокариоттарда – 30S) трансляцияның инициациясын катализдеуші ферменттермен байланысады; прокариоттардағы инициация факторлары – ІF-1, ІF-2, ІF-3 және эукариоттардағы инициация факторлары – eІF-1, eІF-2, eІF-3; 2 – рибосоманың кіші суббірлігі инициаторлық факторлармен бірге прокариоттардағы 16S –рРНҚ-ның 3′-ұшындағы пиримидинге бай бөлігімен және эукариоттарда 18S-рРНҚ а-РНҚ бөлігімен байланысады. аРНҚ-ның бұл бөлігі прокариоттарда Шайна-Дельгарио бірізділігі (5′-АГГАГГ) және эукариоттарда Козак бірізділігі (5′–трансляция-ланбайтын бөлім, 5′-АССАУГГ-) деп аталады. 3 – а-РНҚ-кіші суббірлік кешені және а-РНҚ-ның инициаторлы кодонына (АУГ) аминқышқылы бар т-РНҚ байланысады. Барлық ағзаларда АУГ кодоны инициатор кодон болып саналады. АУГ кодоны прокариоттарда формилметионинді, эукариоттарда метионинді коделейді. Ендеше, аминоацил-тРНҚ прокариоттардың барлық ақуыздары үшін фМет-тРНҚфМет болса, эукариоттарда – бұл Мет-тРНҚмет. - 3 – а-РНҚ-кіші суббірлік кешені және а-РНҚ-ның инициаторлы кодонына (АУГ) аминқышқылы бар т-РНҚ байланысады. Барлық ағзаларда АУГ кодоны инициатор кодон болып саналады. АУГ кодоны прокариоттарда формилметионинді, эукариоттарда метионинді коделейді. Ендеше, аминоацил-тРНҚ прокариоттардың барлық ақуыздары үшін фМет-тРНҚфМет болса, эукариоттарда – бұл Мет-тРНҚмет.
- Түзілген кешен - кіші суббірлік–аРНҚ-фМет-тРНҚ, инициация факторлары (ІF1,2,3) - трансляцияның инициаторлық кешенін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |