Қаулысымен бекітілген Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға



бет2/6
Дата02.01.2022
өлшемі56.96 Kb.
#452332
1   2   3   4   5   6
Документ Microsoft Word

2. Өндірістік объектілердегі қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

3. Өндірістік объектілерде өндіріс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау (орналастыру) қалдықтардың қауіптілік деңгейіне сәйкес келетін арнайы өнеркәсіптік алаңдарда өткізіледі. Қалдықтарды жиналуына қарай олардың қауіптілік сыныбына сәйкес әрбір қалдықтар топтарына арналған ыдысқа жинайды.

4. Қалдықтарды сақтау орындарынан (өнеркәсіптік алаң) тұрғын үй құрылысы, коммуналдық және өндірістік мақсаттағы объектілердің аумағына дейінгі СҚА көлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес айқындалады.

5. Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 4 қауіптілік сыныбына бөлінеді:

І қауіптілік сыныбы - төтенше қауіпті қалдықтар;

ІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі жоғары қалдықтар;

ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар;

ІV қауіптілік сыныбы - қауіптілігі аз қалдықтар.

6. I қауіптілік сыныбының қалдықтары тұмшаланған ыдыста сақталады (болат бөшкелер, контейнерлер). Толуына қарай қалдықтар салынған ыдысты болат қақпақпен жабады, қажеті болған кезде электрлі газбен дәнекерлейді.

7. II қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары агрегаттық күйіне сәйкес полиэтилен қаптарда, пакеттерде, бөшкелерде және зиянды заттардың (ингридиенттердің) таралуына кедергі болатын ыдыстардың басқа да түрлерінде сақталады.

8. III қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары жайылтпай сақтауды қамтамасыз ететін, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін және зиянды заттардың таралуын болдырмайтын ыдыста сақталады.

9. IV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары өнеркәсіптік алаңдарда конус тәрізді үйінді түрінде ашық сақталады, сол жақтан олар автотиегішпен автокөлікке тиеледі және кәдеге жарату және көму орындарына жеткізіледі. Бұл қалдықтарды тұтыну қалдықтарын көму орындарында олармен біріктіруге немесе оқшаулағыш материал немесе аумақтағы жоспарлау жұмыстары түрінде пайдалануға жол беріледі.

10. Сұйық және газ түріндегі қалдықтар тұмшаланған ыдыста сақталады және кәсіпорын аумағынан бір тәулік ішінде шығарылады немесе оны залалсыздандыруды өнеркәсіптік объектіде жүргізеді.

11. Қатты, оның ішінде сусымалы қалдықтар контейнерлерде, пластик, қағаз пакеттерде немесе қаптарда сақталады және олардың жиналуы бойынша шығарылады.

12. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған өнеркәсіптік алаңды кәсіпорын аумағында желдің ық жағына орналастырады. Алаңды қатты және уытты заттарды өткізбейтін материалмен жабады, тазарту құрылыстары жағына қарай құйылыс құрылғысы және еңісі бар төсеніш төсейді. Алаңдардың бетіндегі жиналған суларды жалпы жауын-шашын бұрғышына бағыттауға жол берілмейді. Алаңдардың бетіндегі жиналған сулар үшін уытты заттармен жұмыс істеуді, тазалауды және оларды залалсыздандыруды қамтамасыз ететін арнайы тазарту құрылыстары көзделеді. Алаңда қалдықтарды атмосфералық жауын-шашынның және желдің әсерінен қорғау көзделеді.

13. Өндіріс қалдықтарын сақтайтын орындарда стационарлық немесе жылжымалы тиеу-түсіру механизмдері қарастырылады.

14. Өнеркәсіптік алаң аумағындағы қалдықтардың рұқсат етілетін мөлшерін кәсіпорын қауіптілік деңгейі бойынша қалдықтарды сыныптау негізінде анықтайды.

15. Қалдықтарды сақтайтын алаңдардың орналасқан ауданындағы (орнындағы) қоршаған ортаның жағдайын бақылау өндірістік объектінің өндірістік зертханасында не аккредиттелген зертхананы тарта отырып жүзеге асырылады.

16. Кәсіпорындардың өндірістік объектілерде мынадай жағдайларда:



1) қалдықтарды пайдалану кезінде оларды кәдеге жарату мақсатында;

2) көмуге арналған полигондардың немесе қалдықтарды шығаратын көлік құралдары уақытша жоқ болғанда қалдықтарды жинақтауға және сақтауға жол беріледі.

17. Өнеркәсіптік алаңдарда қалдықтарды арнайы салынған шлам, шлак, күл жинағыштар және үйінді болған жағдайда қалдықтарды жинауға және сақтауға жол беріледі.

18. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының көлікке санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда, осы үшін арнайы жабдықталған көлік құралдарында өндіріс қалдықтарын тасымалдауға жол беріледі.

19. Тасымалданатын қалдықтардың мөлшері көліктің жүк көлеміне сәйкес келеді. Өндіріс қалдықтарын тасымалдау кезінде оларды толтыру, тасымалдау және түсіру орындарында қоршаған ортаны ластауға жол берілмейді.

20. I-III қауіптілік сыныбының қалдықтарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге байланысты барлық үдерістерді механикаландырылады. Жартылай сұйық (паста тәрізді) қалдықтарды тасымалдауға арналған көлік ағызуға арналған шлангы құрылғысымен жабдықталады.

21. Қатты және шаң тәрізді қалдықтарды тасымалдаған кезде көлік қорғаныш қабықшамен немесе түсіруге арналған дербес автокранмен жабдықталады.

22. Шаң тәрізді қалдықтарды барлық кезеңде: тиеу, тасымалдау, түсіру кезеңдерінде ылғалдайды.

23. Өндіріс қалдықтарын тасымалдау кезінде кәсіпорынның көлікті басқарушы адамынан және персоналынан басқа бөтен адамдардың болуына жол берілмейді.

24. Қалдықтарды шикізат ретінде қолданатын кәсіпорындарда технологиялық үдерістерді автоматтандыруды және механикаландыруды қамтамасыз етеді.

Кәдеге жарату алдында қауіпті қалдықтар қалдықтардың қауіптілік деңгейіне байланысты залалсыздандыруға жатады.

25. Кәдеге жарату орындарында жинақталған өндіріс қалдықтарының мөлшері қалдықтарды өңдейтін өндірістік жабдықтың екі апталық қуатынан аспауы тиіс.

26. Өндіріс қалдықтарын (ІІІ-ІV қауіптілік сыныбы) залалсыздандыру үшін өндіріс қалдықтарының бір бөлігін тиісті кәсіпорындарда тұтыну қалдықтарымен бірге өңдеу және өндіріс қалдықтарының бір бөлігін ҚТҚ полигонында жинақтау тәсілдері қолданылады. Уытты өндіріс қалдықтарын (I-II қауіптілік сыныбы) залалсыздандыруды уытты өндіріс қалдықтарын көму полигондарында жүзеге асырады.

27. Суда ерімейтін уытты ингредиенттері бар II-III қауіпсіздік сыныбының қатты және шаң тәрізді қалдықтарын көмуді өндіріс қалдықтары полигондарында қазаншұңқырларда жүзеге асырады. Қазаншұңқырларда қалдықтарды төгуді қабаттап тығыздау арқылы жүргізеді. Қазаншұңқырлардағы қалдықтардың ең жоғары деңгейі жоспарланған белгіден төмен, қазаншұңқырлар аумағына іргелес кемінде 2 метр (бұдан әрі - м) қарастырылады.

Қазаншұңқырларды жабдықтау кезінде қазаншұңқырларға іргелес аумақтың енін кемінде 8 м қарастырады. Топырақтың сүзгілеу коэффициенті тәулігіне 6-10 метрден (бұдан әрі - м/тәу) аспағанда көмуге жол беріледі.

28. Шаң тәрізді қалдықтарды көмуді осы қалдықтардың желмен таралуын болдырмауға кепілдік беретін іс-шараларды есепке ала отырып қазаншұңқырларда жүргізеді. Көмудің тәуліктік жұмыс алаңы ең аз болуы тиіс. Қазаншұңқырларға шаң тәрізді қалдықтарды әрбір тиегеннен кейін оларды қалыңдығы кемінде 20 сантиметр (бұдан әрі - см) топырақпен оқшаулайды.

29. Суда еритін уытты заттары бар II-III қауіптілік сыныбының қатты және паста тәрізді қалдықтары түбі мен бүйір қабырғаларын қалыңдығы 1 м тығыздалған балшық қабатымен және полиэтилен қабықшадан жасалған қорғаныш қалқамен оқшаулау арқылы қазаншұңқырларда көмуді жүзеге асырылады.

30. Қазаншұңқырдың көмілген учаскесін топырақтың тығыздалған қабатымен жабады, оның үстінен қазаншұңқырдың қалған бөлігін толтыру үшін қалдықтарды тасымалдау жүзеге асырылады. Қалдықтарды топырақтың тығыздалған қабаты бойынша тасымалдау оны бұзбауы тиіс.

31. Нашар еритін уытты заттары бар бірінші қауіптілік сыныбының қалдықтарын көмген кезде олардың топыраққа және жер асты суларына көшуін болдырмау бойынша мынадай шаралар қабылдайды:

1) қазаншұңқырлардың түбі мен бүйір қабырғаларын сүзгілеу коэффициенті 10 м/тәу аспайтын кемінде бір метр балшық қабатымен қымтау;

2) қосылған жерлерді битум, гудрон немесе басқа да су өткізбейтін материалдар құю арқылы қазаншұңқырлардың түбіне бетон плиталар салу және қабырғаларын бекіту.

32. Бірінші қауіптілік сыныбына жататын, суда еритін қалдықтарды көму қазаншұнқырларда болат контейнерлерде немесе бетон қораптарға салынатын, оларды толтырғанға дейін және одан кейін тұмшалануын екі рет бақылай отырып, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 10 миллиметр (бұдан әрі - мм) баллондарда жүргізеді.

33. Қалдықтармен толтырылған қазаншұңқырларды қалындығы 2 м тығыздалған топырақ қабатымен оқшаулайды, содан кейін гудроннан, тез қатаятын шайырдан, цементті гудроннан жасалған су өткізбейтін жабынмен жабады.

34. Су өткізбейтін жабындар және тығыздалған қабаттар қазаншұңқырларға іргелес аумақтардан шығып тұрады. Су өткізбейтін жабындар қазаншұңқырлардың көлемінің әр жағынан 2-2,5 м шығып тұрады және көрші қазаншұңқырлар жабындарымен түйіседі. Түйіскен жерлер қазаншұңқырлар бетіндегі жауын-шашын және еріген суларды арнайы буландыратын алаңға жинауға және шығаруға мүмкіндік беретіндей етіп жасалады.

35. Қазаншұңқырлардың оқшаулайтын жабындарын, су бұратын арналарын жабдықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, оларды толтыру тәсілін әр нақты жағдайда учаскенің бедерін, гидрогеологиялық жағдайларды, тиісті механизмдердің болуын есепке ала отырып шешеді.

36. Жағуға жататын өндіріс қалдықтарын жою кезінде жұмыс режимі 1000-1200 градус Цельсий температурамен (бұдан әрі - 0С) жұмыс істейтін пештерді пайдаланады. Полигонға ауыр металдар мен басқа да заттарды алудың тиімді әдістері әзірленген өндіріс қалдықтарын, өңдеуге жататын радиоактивті қалдықтарды, мұнай өнімдерін қабылдауға жол берілмейді.

37. І-ІІІ қауіптілік сыныбының сұйық қалдықтарын полигонға шығару алдында паста тәрізді консистенцияға айналдырады. Қалдықтарды сұйық күйінде көмуге жол берілмейді.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет