5. Полигондардың құрылысына, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
77. Өндіріс қалдықтарын көмуге арналған полигон үшін учаскенің көлемі қалдықтардың 20-25 жыл бойы жиналу мерзіміне қарай белгіленеді.
78. Полигонға арналған орындарды бөлек, құрылыстан бос, желденетін, жауын-шашын, еріген және тасыған сулар баспайтын, инженерлік шешімдердің орындалуына жол беретін, елді мекендердің және жаппай демалу, шаруашылық сумен жабдықтау, минералды көздер, ашық су қоймалары және жер асты сулары орналасқан аймақтардың ықтимал ластануын болдырмайтын аумақтарда қарастырады.
79. Полигонды: басым бағыттағы желді ескере отырып, елді мекендердің ық жағында; өзен ағысы бойынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың су алу орындарынан төмен; ашық су қоймаларының су алу аймақтарынан, қыстау орларынан, балықтардың жаппай уылдырық шашу және семірту орындарынан төмен және шекарасынан тыс орналастырады.
80. Полигонды жер асты сулары 20 м артық тереңдікте жатқан және сүзгілеу коэффициенті 10 м/тәул жоғары емес өткізгіштігі аз жыныстармен жабылған учаскелерде орналастырады. Полигон түбінің негізін жер асты суларының ең жоғары негізгі тұрағынан кемінде 4 м орналастырады. Қабырғалары мен түбі сумен оқшаулау арқылы орнатылады.
81. ҚТҚ полигондарын көлемі полигонның шекарасынан тұрғын үйлердің шекарасына дейін кемінде 3000 м болатын СҚА бар елді мекеннің шекарасынан тыс орналастырады. СҚА көлемдері атмосфераға түсетін газ тәрізді заттар рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі - СҚА) асқан кезде түзетіледі. СҚА-ның ең аз көгалдандыру алаңы 50 %-ды құрайды. Қоныстану аумағы жағынан ені 50 м кем болмайтын ағаш-бұталы өсімдіктер алабы көзделеді.
82. Полигонды тұрғын үй құрылысының резервті, өндірістік объектілерді кеңейту аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, өзендер алқабында, жыраларда, топырағы бурыл учаскелерде, карс процестері дамитын жерлерде, пайдалы қазбалар орналасқан аумақтарда, жер асты ауыз су көздерінің қоректену аймағында орналастыруға жол берілмейді.
83. Полигон аумағының елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен су ағысы бағытына қарай еңісі 1,5% (бұдан әрі - %) аспайды.
84. Полигонның СҚА көлемі елді мекендерге және ашық су қоймаларына дейін, сондай-ақ рекреациялық мақсатта қолданылатын объектілерге дейін кемінде 3000 м, ауыл шаруашылығы алқаптарынан және транзитті жолдардан кемінде 200 м және рекреациялық мақсатқа арналмаған орман алқаптарынан, орман алаңдарынан кемінде 50 м құрайды.
85. ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары шектеусіз қабылданады және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылады. Бұл қалдықтар сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгі деңгейінде уытты заттардың (1 килограмм қалдыққа 1 литр су) болуымен, оттегіге биохимиялық қажеттілік (бұдан әрі - ОБҚтолық) көрсеткішімен және 1 литрге 300 миллиграмнан (бұдан әрі - мг/л) артық емес оттегіге химиялық қажеттілік (бұдан әрі - ОХҚ) көрсеткішімен сипатталуы тиіс, фракцияларының көлемі 250 мм аспайтын біркелкі құрылымы болады.
ҚТҚ полигонына шектеусіз қабылданатын және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылатын ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі осы Санитариялық қағидалар 1-қосымшада келтірілген.
Полигонға шектеулі қабылданатын және бірге сақталатын ІІІ-ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі (ҚТҚ 1000 м3 арналған норматив) осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
Шектеулі мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларды сақтай отырып жиналатын ІІІ-ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
86. Полигон аумағы екі аймаққа бөлінеді: ҚТҚ жинау аймағы және шаруашылық-тұрмыстық объектілерді орналастыру аймағы.
Жинау аймағын полигон әкімшілігі жасаған пайдалану картасының кестесіне сай, кезекпен қалдықтармен толтырылатын бөлек учаскелерге (карталарға) бөледі.
87. Полигон персоналы үшін тұрмыстық үй-жайлар қарастырылады. Тұрмыстық үй-жайлар құрамына тамақтануға арналған бөлме және арнайы киімдерді сақтауға арналған бөлме, ыстық және салқын су келтірілген санитариялық торап және себезгі бөлмесі көзделеді.
88. Полигондар персоналы арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен (жыл мезгіліне байланысты), жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі. Қалдықтарды көму полигонында жұмыс істейтін персоналдың арнайы киімі жеке үй-жайда күн сайын арнайы өңделуге (детоксикация) жатады.
89. Қатты және сұйық қалдықтарды жинаумен, кәдеге жаратумен, тиісті құрылыстарды пайдаланумен айналысатын персонал жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтеді.
90. Жинау аймағының барлық алаңы (учаскесі) бойына тығыздалған ҚТҚ-ның аралық және түпкілікті көму үшін топырақ алуға арналған қазаншұңқыр қарастырылады. Қазаншұңқырлардың топырағын полигонның периметрі бойынша үйіндімен жинайды.
91. Полигонда түсетін қалдықтардың құрамына бақылау және есепке алу, қалдықтарды полигонның жұмыс істеп тұрған бөлігіне бөлу, қалдықтарды оқшаулау бойынша технологиялық цикл қамтамасыз етіледі.
92. ҚТҚ полигонына тұтыну қалдықтары және өндіріс қалдықтарының кейбір түрлері (ІІІ-ІV қауіптілік сыныбы), сондай-ақ сыныбы тәжірибелік әдістерімен анықталатын қауіпсіз қалдықтар қабылданады.
93. ҚТҚ бірге жинау үшін ылғалдылығы 85% аспайтын жарылысқа қауіпті емес және өздігінен тұтанбайтын өндіріс қалдықтары қабылданады. Сұйық және паста тәрізді қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды.
94. Полигонда қалдықтар мен олардың мөлшері көрсетілген, қызмет көрсетілетін ұйымдардың тізімі (тізбесі) болады.
95. ІІІ және ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары (осы Санитариялық қағидаларға 2, 3-қосымшалар) шектеулі мөлшерде қабылданады (қатты тұрмыстық қалдықтар массасының 30 %-нан асырмай) және сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгі деңгейінде уытты заттардың болуымен және оттегінің ОБҚ20 және ОХҚ 400-5000 мг/л мәндерімен сипатталатын тұрмыстық қалдықтармен бірге жиналады.
96. Полигонға шығарылатын қалдықтардың әрбір партиясына өндірістік объектінің басшылығы осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес анықтама ресімдейді.
97. ҚТҚ полигондарына химиялық қалдықтар мен эпидемиялық қауіп тудыратын, арнайы құрылыстарда залалсыздандырылмаған қалдықтарды қабылдауға жол берілмейді. Радиоактивтілігі бар қатты, сұйық және паста тәрізді қалдықтарды залалсыздандыруды арнайы полигондарда жүзеге асырады.
98. Өлген малдың, конфискаттардың, ет комбинаттарының өлекселерін ҚТҚ полигондарына қабылдауға жол берілмейді. Оларды залалсыздандыру мал өлекселерін көмуге арналған орындарда, кәдеге жарату зауыттарында жүргізіледі.
99. Полигонда қалдықтарды залалсыздандыру үшін бурттарда далалық компостау әдісі пайдаланылады, жылына 120000 м3 ҚТҚ қабылдайтын полигондар үшін ҚТҚ-ды жинаудың траншея схемасын қолданады. Траншеялардың тереңдігі 3-6 м және ал жоғарғы жағының ені 6-12 м болады. Траншеялар желдің жиі соғатын бағытына перпендикуляр орналастырылады.
100. Траншеяларды қазу барысында алынған топырақ ҚТҚ толтырылғаннан кейін оларды жабуға пайдаланылады. Ылғалдылығы 55% ҚТҚ жинауға арналған траншеялардың табаны (түбі) және орташа жылдық жауын-шашын көп болатын климаттық аймақтарда сазды топыраққа ену арқылы кем дегенде 0,5 м көзделеді.
101. Бір траншеяның ұзындығын оны толтырудың мынадай уақытын есепке ала отырып:
1) температура 00С жоғары болған кезеңде 1-2 ай бойы;
2) температура 00С-ден төмен болған кезеңде топырақтың барлық тоңазу кезеңіне орнатады.
102. ҚТҚ-ны батпақты жердегі суларға және тасыған су басып кететін учаскелерге тікелей жинауға жол берілмейді. Мұндай учаскелерді ҚТҚ полигонына пайдаланғанға дейін оны жер беті немесе тасыған судың ең үлкен деңгейінен 1 м асатын биіктікке инертті материалдармен үйіп қояды. Үйген кезде су өткізбейтін экран жасайды. 1 м төмен тереңдікте жер асты суы болған жағдайда, жердің бетіне топырақты алдын ала кептіре отырып, оқшаулағыш қабат жасайды.
103. Полигонның жасыл аймағында (периметрі бойынша) ҚТҚ-ның жер асты суларына әсерін есептеу үшін бақылау ұңғымалары орнатылады, олардың бірі жер асты суларының ағысы бойынша полигоннан жоғары, 1-2 ұңғыма полигоннан төмен жерде орналастырылады.
104. Полигонға жеткізілетін ҚТҚ мөлшерін есепке алуды осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес арнайы журналда жүргізеді.
105. ҚТҚ-ны жинау кезінде жұмыс картасында қалдықтардың тығыздалған қабатын қалыңдығы 2,0 м топырақпен немесе басқа инертті материалмен аралық немесе түпкілікті оқшаулауды жүзеге асырады. Жазық полигондарда қалдықтарды оқшаулауды жаз мезгілінде күн сайын, температура плюс 50С-тан төмен болғанда жинаған сәттен бастап 3 тәуліктен кешіктірмей жүргізеді.
106. Оқшаулағыш материал ретінде мынадай шлактар мен/немесе өндіріс қалдықтарын: әк, бор, сода, гипс, графит, асбоцемент, шифер қолданады.
107. ҚТҚ-ны қоқыс тасымалдағыштардан түсіргенде және жинағанда қалдықтардың жеңіл фракцияларын жұмыс істеу үшін желдің басым бағытына перпендикуляр жылжымалы торлы қоршау орнатады. Ауысымына бір реттен сиретпей жылжымалы қалқаншалармен ұсталатын қалдықтар жұмыс картасының беті бойына жиналады және орналастырылады, үстіңгі жағынан топырақпен оқшаулайтын қабатпен тығыздалады.
108. Ашық су қоймаларына жер асты және бетіндегі жиналған ағындарды бұратын айналма арналар жүйелі түрде қоқыстан тазартылып отырады.
109. Полигонның аумағында ҚТҚ-ны жағуға жол берілмейді, ал олар өздігінен жанған жағдайда полигон персоналы өздігінен сөндіреді.
110. Полигонды жабуды оны жобада көзделген биіктікте топырақпен жапқаннан кейін жүзеге асырады. Пайдалану мерзімі 5 жылдан кем полигондарда кейінгі отыруды есепке ала отырып, көзделген тік белгіден 10 %-ға асатын үдерісте жабуға жол беріледі.
111. Полигонды жабу алдында қалдықтардың соңғы қабатын топырақтың сыртқы оқшаулағыш қабатымен түпкілікті жабады.
112. Сыртқы оқшаулағыш қабатты түпкілікті жоспарлаған кезде полигонның шеттеріне қарай су ағатын еңістіктер орнатады.
113. Полигонның сыртқы еңістерін бекітуді полигонды пайдаланудың басынан бастап оның биіктігінің көтерілу шамасына дейін жүргізеді. Полигонның сыртқы еңістеріне арналған материал ретінде топырақ пайдаланылады.
114. Полигонның жоғарғы оқшаулағыш қабатын құру полигон жабылғаннан соң оны пайдаланудың көзделген жағдайларымен анықталады. Жабық полигонды орман-саябақ кешенін, шаңғы спортына арналған төбе немесе төңіректі көзбен шолуға арналған қарау алаңын салу үшін пайдаланған кезде сыртқы оқшаулағыш қабаттың қалыңдығын кемінде 0,6 м көздейді.
115. Полигон еңістерінің үгіліп-мүжілуінен немесе топырағының шайылуынан қорғау үшін сыртқы оқшаулағыш қабатты салғаннан кейін оларды терраса түрінде көгалдандырады.
116. Қайта құнарланатын полигон аумағын күрделі құрылысқа пайдалануға жол берілмейді.
117. Істен шыққан карьерлер, жасанды жасалған қуыстар ластанған жауын-шашын және ағынды сулар жиналатын орын болып табылады. Осы аумақты шаруашылықта пайдалануға жарамды күйге қайтару үшін оған қайта құнарландыру жүргізеді.
118. Карьерлерді және басқа да жасанды жасалған қуыстарды инертті қалдықтарды, ҚТҚ-ны және 3-4 қауіптілік сыныбы қалдықтарын пайдалана отырып жабуға жол беріледі. Қалдықтардың кез келген түрлерін пайдалану кезінде олардың морфологиялық және физикалық-химиялық құрамын анықтайды. Тамақ қалдықтарының жалпы мөлшері 15 %-дан аспауы тиіс. Қалдықтарды орналастыруға арналған негіз қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонды жобалау, пайдалану және қайта құнарландыру бойынша белгіленген тәртіп талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
119. Қайта құнарландырылатын карьерге арналған СҚА-ның мөлшерін ҚТҚ-ның қоқыс тиеу станцияларына арналған СҚА-ның мөлшеріне тең қабылдайды және жақын орналасқан тұрғын үй құрылысынан кемінде 100 м құрауы тиіс. Қайта құнарландырылатын карьердің қоршауы және жұмысты орындауды қамтамасыз етуге арналған уақытша шаруашылық-тұрмыстық объектілері болады.
120. ҚТҚ полигоны мен өндіріс қалдықтарын көму полигонында технологиялық бақылауды полигон зертханасы немесе аккредиттелген зертханаларды тарта отырып жүзеге асырады. Зертхана қалдықтардың фракциялық, морфологиялық және химиялық құрамын; контейнерлерді жуу режимдерін сақтауды; атмосфералық ауаның, ашық су қоймалары суының, полигонның жұмыс аймағындағы және СҚА шекарасындағы жер асты суларының ластану жағдайын бақылайды.
121. Өндірістік (зертханалық) бақылауды жер асты сулары ағысы бойынша полигоннан жоғары және төмен, сондай-ақ полигоннан жоғары жер асты су көздерінде және полигоннан төмен су бұрғыш арналарда жүзеге асырады.
122. Полигонның істен шыққан учаскелері мен СҚА шекарасы үстіндегі атмосфералық ауа сынамаларын қоспалардың болуына талдауларды тоқсан сайын жүргізеді. Анықталатын көрсеткіштердің мөлшерін және сынамалар мөлшерінің кезеңділігін полигонды өндірістік бақылау жобасында негіздейді. Атмосфералық ауа сынамаларын талдау кезінде метан, күкіртті сутек, аммиак, көміртегі тотығы, бензол, үш хлорметан, төрт хлорлы көміртек, хлорбензол анықталады.
123. Өндіріс қалдықтарын көму полигонында қалдықтардағы бақыланатын зиянды заттар тізбесі қалдықтар құрамына тәуелді болады.
124. СҚА шекарасында атмосфераның РЕШШ-дан артық ластануы және жұмыс аймағында РЕШШ-дан артық екені анықталғанда ластану деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.
125. Өндірістік бақылау жүйесі полигонның ықтимал әсер ету аймағындағы топырақтың жағдайына бақылауды қамтиды. Топырақтың сапасын химиялық (ауыр металдар, нитриттер, нитраттар, гидрокарбонаттар, органикалық көміртегі, рН, цианидтер, қорғасын, сынап, күшәланың болуы), микробиологиялық (жалпы бактериологиялық сан, коли-титр, протей титрі), паразитологиялық (гельминт жұмыртқалары) және радиологиялық көрсеткіштер бойынша бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |