Қаулысымен бекітілген Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға


Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға



бет3/6
Дата02.01.2022
өлшемі56.96 Kb.
#452332
1   2   3   4   5   6
Документ Microsoft Word

3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға,

сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

38. Елді мекендер аумағында тұтыну қалдықтарын жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады.

39. Инфекциялық стационарларын қоспағанда (оның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық) қоғамдық тамақтану, сауда, жалпы білім беру, санаторийлік-курорт ұйымдарының және басқа объектілердің тағам қалдықтары қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады, салқындатылатын үй-жайларда немесе тоңазытқыш камераларда сақталады. Инфекциялық стациоонарларды қоспағанда (оның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық және басқалары) тағам қалдықтарын малға тамақ ретінде пайдалануға жол беріледі.

40. Иеліктегі үйлердің, ұйымдардың, мәдени-көпшілік мекемелері, демалыс аймақтары аумақтарында көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға су өткізбейтін жабын және біртұтас қоршау орнатылады.

41. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді қақпақпен жабдықтайды. Контейнерлерден алаңның шетіне дейінгі қашықтық кемінде 1 м көзделеді. Алаңды тұрғын және қоғамдық құрылыстардан, барлық бейіндегі ұйымдардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан кем дегенде 25 м және 100 м артық емес қашықтықта орналастырады.

42. Контейнерлердің есепті мөлшері қалдықтардың іс жүзіндегі жиналуына сәйкес келуі тиіс.

Орнатылатын контейнерлердің санын есептеуді қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халықтың санын, қалдықтардың жиналу нормасын, олардың сақталу мерзімін есепке ала отырып жүргізеді.

Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімін 0 0С температурада және одан төмен болғанда 3 тәуліктен асыруға, температура плюс болғанда 1 тәуліктен асыруға жол берілмейді.

43. ҚТҚ жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлер, жекеменшік үй иелігінде (ағаш, металл және басқа) қақпағы бар еркін конструкциялы сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.

44. Орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәріз жүйелеріне қосылған тұрғын объектілері, ұйымдар мен кәсіпорындар аумағында қоқыс жинауға арналған аулалық қондырғылар, қазылған қоқыс төгетін орлар мен алаңдар салуға немесе қайтадан жабдықтауға жол берілмейді.

45. Сұйық қалдықтарды жинау үшін су өткізбейтін оры бар және нәжісті бөлуге арналған қақпағы мен торымен жер беті бөлігі бар қоқыс төгетін орларда жүзеге асырылады. Аулалық дәретхана бар жерлерде қоқыс төгетін орлар жалпы болуы мүмкін.

46. Кәрізденбеген аулалық және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңнан және дем алатын орындардан кем дегенде 25 м қашықтыққа, құдықтан, бұлақ көзінен кем дегенде 50 м қашықтыққа алшақтатады.

47. Көп қабатты тұрғын үй құрылысы аудандарында алаңның шетінен 1,5 м радиустағы контейнер алаңына іргелес аумақта қажеттілігіне қарай ҚТҚ-дан жоспарлы-тұрақты тазарту жүргізеді.

48. Қалдықтарды тасымалдауға арналған көліктердің санын салынып жатқан учаскенің іс жүзінде дамуын және нақты елді мекеннің жергілікті жағдайларын есепке ала отырып анықтайды.

49. Көлік құралдарын жууға арналған алаңды шаруашылық аймағынан тыс жерде орналастырады. Алаңда салқын су келтірілген жуу бөлімшесі қарастырылады. Таза және лас контейнерлердің және полигонға келетін қоқыс тасығыштардың көлік ағындары қиылыспауы тиіс.

50. Су құбыры суы жоқ болғанда контейнерлерді жуу сыртқы ауаның температурасы плюс 50С-ден жоғары болғанда су себетін машиналармен жүзеге асырылады.

51. Контейнерлер мен автокөлікті жуған шайынды сулар булану үшін карталарға жіберіледі немесе ҚТҚ-нды ылғалдандыру үшін пайдаланылады.

52. Полигоннан шығатын жерде қоқыс тасымалдағыштардың дөңгелектерін залалсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы бетон ванна орнатады. Ваннаның ұзындығы кемінде 8 м, ені 3 м, тереңдігі 0,3 м болып қарастырылады.

53. Полигонның барлық аумағының периметрі бойынша жеңіл қоршау немесе тереңдігі 2 м астам кептіретін траншея немесе биіктігі 2 м аспайтын топырақ үйінділерін орнатады.



4. Денсаулық сақтау объектілерінде жиналатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

54. Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 5 қауіптілік сыныбына бөлінеді:

А сыныбы - ҚТҚ ұқсас қауіпті емес медициналық қалдықтар;

Б сыныбы - қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар;

В сыныбы - төтенше қауіпті медициналық қалдықтар;

Г сыныбы - құрамы бойынша өнеркәсіп қалдықтарына ұқсас медициналық қалдықтар;

Д сыныбы - радиоактивті медициналық қалдықтар;

55. Медициналық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар көлік құралына тиеген сәттен бастап белгіленген орында оларды қабылдағанға дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын сақтауы тиіс.

56. Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бір рет қолданылатын пакеттерде, сыйымдылықтарда, қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында (бұдан әрі - ҚКЖҚ), контейнерлерде жүзеге асырылады. Медициналық қалдықтардың әр сыныбы үшін контейнерлердің, сыйымдылықтар мен пакеттердің бояуы таңбалануы әртүрлі болуы тиіс. Контейнерлердің конструкциясы су өткізбейтін болуы, бөтен адамдардың олардың ішіндегімен жанасу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

57. Медициналық қалдықтарды қолмен нығыздауға және медициналық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды жеке қорғаныш құралынсыз жүзеге асыруға жол берілмейді.

58. Б сыныбының медициналық қалдықтары арнайы қондырғыларда залалсыздандырылады.

59. Пайдаланылған шанышқылы және басқа да өткір заттар (инелер, қауырсын тәрізді құралдар, ұстаралар, ампулалар) алдын ала сұрыпталмастан кәдеге жаратылатын ҚКЖҚ-на қабылданады.

60. Инфекциялық емес науқастардың операциялық бөлімшелерінің органикалық қалдықтары (ағзалар, тіндер) бейіттердің арнайы бөлінген орындарында көмуге жатады.

61. Пайдаланылған люминесцентті шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдықтар сақтау және тасымалдау кезінде сынуын болдырмайтын тығыз жабылатын сыйымдылықтарда тасымалданады және сақталады.

62. Медициналық қалдықтарын жағу өнімдері немесе күл А сыныбының қалдықтары сияқты жойылады.

63. Г сыныбының медициналық қалдықтарын көму уытты заттарға арналған полигондарда жүзеге асырылады.

64. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталған, дезинфекциялық оңай өңделетін көлік құралында көлікке Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда жол беріледі.

65. Медициналық қалдықтарды түсіргеннен кейін көлік құралы жуылады және дезинфекцияланады, таза күйінде ұсталады.

66. Медициналық қалдықтарды объектілер мен елді мекендердің аумағында арнаулы қондырғылардан тыс жағуға тыйым салынады.

67. Медициналық қалдықтарды термиялық тәсілмен залалсыздандыру (жағу) медициналық қалдықтарға термиялық әсер ету жолымен 800-10000С температурада жүргізіледі.

68. Медициналық қалдықтар залалсыздандыруға қалдықтардың сыныбы мен көлемі көрсетілген, объектінің басшысы (жауапты тұлғасы) қол қойған ілеспе актісі бар болғанда қабылданады.

69. Медициналық қалдықтарды қабылдау қаптамаланған күйде, арнайы журналда сапалық және сандық есепке ала отырып жүзеге асырылады.

70. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы қондырғыны дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орналастыру және пайдалану қажет.

71. Медициналық қалдықтарды сұрыптауға және уақытша сақтауға арналған бөлменің алаңы кемінде 12 м2 болуы тиіс және ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтар бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, таразымен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен, бактерицидті шаммен жабдықталады. Әр үй-жайда сыйымдылықтарды жууға, сақтауға және залалсыздандыруға арналған жағдайлар жасалады. Қызмет көрсететін персонал үшін жеке арнайы киім бөлінеді.

72. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайдың едені, қабырғасы, төбесі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалады.

73. Негізгі үй-жайлардан басқа персонал үшін алаңы кемінде 6 м2 үй-жайлар, жинау мүкаммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына, жуатын айналым ыдысына (бар болғанда) арналған қойма кемінде 4 м2 бөлінеді.

74. Жуу бөлмесі ағынды салқын және ыстық су келтірілген ваннамен немесе еденге түсетін кранмен жабдықталады. Персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшін қолды жууға және кептіруге арналған құралдармен жарақталған, салқын және ыстық су келтірілген раковина бөлінеді.

75. Объектінің басшысы алдын ала (жұмысқа тұру алдында) және мерзімдік медициналық тексерулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Жұмыскерлердің жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталады.

76. Медициналық қалдықтарды көму орындарында мынадай жеке гигиена талаптары сақталады:

1) жұмыс қорғаныш бетпердесімен, экрандармен, бір рет пайдаланылатын резеңке, латекс қолғаптармен жүзеге асырылады;

2) жұмыс орнында темекі шегуге және тамақ ішуге жол берілмейді;

3) жұмыс арнайы киімде жүзеге асырылады;

4) жеке және арнайы киімдер шкафтарда сақталады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет