Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет6/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
#9494
1   2   3   4   5   6

3. Сыртқы әсерді талдау


Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері

Қабылданған шаралар

1

2

Ауыл шаруашылығындағы табиғаттық жағдайлар


Аудан аумағында екі жыл бойы көктем-далалық жұмыстар және астық жинау науқаны кезеңінде мол атмосфералық жауын-шашын байқалады, сондықтан әртараптандыру шеңберінде 2014 жылы егістік алаңдарының құрылымында майлы дақылдардың егістері 13 мың гектарға көбейді



4. Қаржы қаражатын игеру


Қаржыландыру көзі

Жоспар,

мың теңге



Факт,

мың теңге



Пайдаланбаудың себептері

1

2

3

4

Республикалық бюджет

1062271,2

1054209,9

8033,9 – Федоров АОА – скринигтік тексерулер бойынша бюджеттік қаражаттардың пайдаланылмау:

1. пациенттердің тексеруден бас тарту,

2. Қазақстаннан тысқары жерлерге шығып кету,

3. қайтыс болғандар.

27,4 – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – бір тыңдаушының курстан шығарылу, мем. сатып алу бойынша үнемдеу себептен


Аудандық бюджет

114287,1

114286,5

0,6 – мем. сатып алу бойынша үнемдеу есебінен

Жергілікті бюджет

175889,9

175887,1

2,8 – мем. сатып алу бойынша үнемдеу

ОБ

184565,4

184565,4




Басқа да көздер

1722520,9

1722520,9




Барлығы

3259534,5

3251469,8

8064,7



5. Талдамалық жазба.

«Қостанай облысы Федоров ауданының аумағын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 5 бақыт қарастырылған, олардың негзгі мақсаттар 26 мақсат, 28 міндет арқылы 28 міндет пен нысаналы индикаторлар, сонымен қатар 45 көрсеткіш және 70 іс-шара арқасында жүзеге асырылады.

2014 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардан алынған есептемелер негізінде ауданды дамыту бағдарламасының мониторингі жүргізілді
1-бағыт. Экономика. Өнеркәсіп бөлімі.

Аудан экономикасын дамыту бағдарламасының бірінші бағыттың негізгі міндеттер 7 нысаналы индикатор және 9 көрсеткіш іске асыру арқылы орындалды. Қойылған 6 мақсатқа қол жеткізу үшін 12 іс-шара өткізілді. Үш нысыналы индикатор бойынша нәтижеге қол жеткізілген жоқ.

2014 жылғы қорытындысы бойынша қайта өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындар өнімін 3 млрд. 604,7 млн. теңге сомасына шығарды (қолданыстағы бағалармен), бұл өткен жылдан 209,0 млн. теңгеге көп. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 103,7 % құрады, бірақ бағдарламаның жоспарлы көрсеткіші – 105,7 %-ға қол жеткізілмеді.

2014 жыл ішінде бөлшектеп тауар алмасуы өсіп 1 млрд. 477,6 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдан 188,5 млн. теңгеге көп. Нақты көлемінің индексі 108,6 % құрады, бірақ бағдарламаның жоспарлы көрсеткіші – 110,6 %-ға қол жеткізілмеді.

2014 жылғы аудан экономикасының негізгі капиталға инвестициялар 5 млрд. 297 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылдан 560 млн. теңгеге көп, өткен жылға өсу қарқыны 111,8 %-ды қүрады. Нақты көлемінің индексі 106,7 % құрады, бірақ бағдарламаның жоспарлы көрсеткіші – 139,1 %-ға қол жеткізілмеді.

Бағдарламаның осы көрсеткіштерге қол жеткізілмеуге бағдарлама құрастырған кезінде НКИ дұрыс есептелмегені ықпал етті, себебі бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштердің көлемдері орындалды, өткен кезеңіне өсу қарқыны байқалып жатыр.
2-Бағыт. Әлеуметтік сала.

Екінші бағыттың 13 мақсатқа қол жеткізу үшін 16 міндет қойылып, 24 нәтиже көрсеткіштер бойынша 13 нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін 50 іс-шара орындалды.

Білім, денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға бағытталған шаралар қолдануауданның әлеуметтік дамуы жөніндегі бағытындағы негізгі жұмыс болып табылды.

Денсаулық сақтау бөлімі.

Денсаулық сақтау саласында қойылған міндеттердің арасында шешілгені барлығы емес: екі нысаналы индикатор және төрт нәтиже көрсеткіші бойынша нәтижелерге қол жеткізілген жоқ.

Халықтың медициналық қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейі нысаналы индикаторы бойынша нәтижеге қол жеткізілмеді, себебі дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 87 %-ды, орта медициналық қызметкерлермен – 100 %-ды құрады. Қоса 4 дәрігер қажет етіледі: лор, окулист, онколог және невропотолог.

Біліктілік санаты бар медициналық қызметкерлердің үлес салмағы: дәрігерлер бойынша нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ. 2014 жылы екі дәрігер оқытылып маммология, тарматология және балалар неврологиясы маманының сертификат алды.

1000 тұрғынға шаққанда жалпы қайтыс болуды төмендету нысаналы индикаторына қол жеткізілмеді, өсімі 5,5%-ды құрады.

1000 тірі туылған балаға шаққанда сәбилердің қайтыс болуын төмендету нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.Көрсеткіш 2013 жылғы 11,5-тен 2014 жылғы 17,3-ке дейін өсті. 2014 жылы ауданда 1 жасқа дейін 6 бала қайтыс болды

Балалардың қайтыс болуын тұрақтандыру және төмендету (0 жастан 5 жасқа дейін 1000 тірі туылған балаға шаққанда) нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеді. Өсімі +26,3%-дықұрады.

Туберкулезден қайтыс болуды төмендету нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеді. Туберкулезбен ауруының 2013 жылғы 40,1-ден 2014 жылғы 47,4-ке дейін өсімі байқалуда. Осы аурудан қайтыс болу көрсеткіші 4,2 құрады, (облыстық көрсеткіш 5,3).

Бағдарламаның осы көрсеткіштерге қол жеткізілмеуге дәрігерлік кадрлардың негізгі мамандар бойынша тапшылығы: лор, окулист, онколог және невропотолог, біліктілік санаты бар дәрігерлердің жеткіліксіз саны, туа біткен созылмалы аурулар ықпал ететін болды.


Халықты әлеуметтік қорғау бөлімі.

Құрылған жұмыс орындарының саны нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеді. Жылдық жоспар 250 жұмыс орны болғанда, 215 жаңа, оның ішінде 148 тұрақты жұмыс орны құрылды.


Ішкі саясат бөлімі

Азаматтық қоғам және мемлекет институттарының өзара әрекеттесуін оң бағалайтын тұрғындардың үлесі нысаналы индикаторына қол жеткізілген жоқ.

14 жастан 29 жасқа дейінгі халықтың жастарға қатысты мемлекеттік саясатпен қанағаттану деңгейі нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеді

Бағдарламаның осы көрсеткіштерге қол жеткізілмеуге тұрғындардың азаматтық белсенділігі төмен болғаны ықпал ететін болды, сонымен қатар жастар ұйымдармен өзара әрекеттесу жөніндегі жұмысын белсендіруі қажет етіледі.


Қоғамдық қауiпсiздiк және құқықтық тәртібі бөлімі.

Төтенше жағдайлардан адам шығындарды төмендету нысаналы индикаторына қол жеткізілген жоқ. 2014 жылы қайтыс болудың 3 оқиғасы тіркелді. Барлық оқиғалар басқарылмайтын себептерден пайда болды.


4-бағыт. Ауылдық аумақтарды дамыту.

Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің санын ұлғайту нысаналы индикаторына қол жеткізілген жоқ. 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 235-НҚ және № 3234/НҚ бұйрыққа сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтаудың жаңа критерийлер бекітілді, оларға сәйкес 2013 жылдың 4-тоқсанында АЕМ мониторингі жүргізілді, оның нәтижесінде әлеуеті жоғары 11 ауылы, әлеуеті орта 40 ауылы, әлеуеті төмен 1 ауылы анықталды.

Жалпы алғанда Федоров ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасының белгіленген іс-шаралар орындалды. Осыған қарамастан, бәсекелес ортаның дамуын қамтамасыз ету және бизнесті инновациялық үдеріске қатыстыру, Индустрияландыру картасына енгізілген барлық инвестициялық жобаларды іске асыру жергілікті атқарушы органдардың міндеттер болйып табылады.

Денсаулық саласындағы кадрлық мәселе проблемалық болып қалуда. Мамандарды ауылдық елді мекендеріне тарту үшін қажетті жаңдайлар жасалуда.

Федоров ауданының аумақтарды дамытудың бағдарламасы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарды анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Ішкі және нарығында бәсекеге қабілетті, тұрақты өткізу нарықтары бар индустриалды және агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыруы осы бағдарламаның негізгі мақсаттар болып табылады. Халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет, спорт, көлік инфрақұрылымы, жайлы тұрғын үй саласындағы өмір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін қарқынды дамитын, теңдестірілген және бәсекеге қабілетті экономикасын құру басты нәтиже болып табылады.




Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

_________________________В. Гринак

(қол, қолдың толық жазылуы)









Федоров ауданының әкімі

________________________Қ. Ахметов



(қол, қолдың толық жазылуы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет