Ұлытау ауданының әлеуметтік экономикалық дамуының 2013 жылдың қаңтар қыркүйек айларына орындалысы туралы хабарлам а Экономиканың нақты секторы



Дата21.06.2016
өлшемі207.05 Kb.
#151354
Ұлытау ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуының 2013 жылдың қаңтар - қыркүйек айларына орындалысы туралы

х а б а р л а м а
Экономиканың нақты секторы

Ауданбойыншаөндірісөнімкөлемішағынкәсіпорындардыңкөрсеткіштері 2013 жылдың9айына күтілу нәтижесі268,1млнтеңгеніқұрады.Өнімдердің нақты көлемінің индексі есептегі кезеңі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 107,6 %.

2013 жылдың қыркүйек айына жоспар 20,0 млн теңге, күтілу нәтижесі 22 млн теңге.

Тау-кен өнеркәсібі бойынша өнімдердің нақты көлемінің индексі есептегі кезеңі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,1 %.

Ұлытау ауданы бойынша салушылардың меншік нысаны бойынша негізгі капиталға 2013 жылдың қантар-қыркүйек айларына56 млрд 872 млн 528 мың теңгеге инвестиция салынды. 2012 жылдың қантар-қыркүйек айында негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі 1млрд 124 млн 600 мың теңгені құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 56 млрд 747 млн 928 мың теңгеге артығымен салынып отыр.

Ұлытау ауданы бойынша негізгі капиталға салынатын инвестициялардың

2013 жылдың қаңтар – қыркүйек айларының нәтижесі.

Атауы

2012 жылдың қантар – қыркүйек айларында

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айына

Өткен жылдың сәйкес кезеңіне %- бен.

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі

1124,6

56872,5

505,7


Шағынбизнессаласы.

Шағынбизнессаласында 2013 жылдыңқаңтар-қыркүйекайларындабөлшектауарайналымыныңнақтыкөлемініңиндексі 103,8% құрапотыр. Өндірілгенөнімкөлемі 2013 жылдыңқаңтар-қыркүйек айында2812,0млнтеңгеніқұрады. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 109 пайызды құрайды.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындары санының өсу қарқыны 100,0 % құрап отыр. 2013 жылдың 9 айында 957 жеке тұлға және 23 заңды тұлғалар қызмет көрсетіп отыр. Тікелей талдай келсек, барлығы – 980 шаруашылық жүргізуші нысандар қызмет жасайды. Сол сияқты, осы салада 3276 адам жұмыспен қамтылды.

Ауылшаруашылығы

Ауыл шаруашылығы бойыншаэкономикалық көрсеткіштердің9 айға күтілу нәтижесі:

Өндірілген өнім көлемі: 4311,8 мың теңге, айғақты көлем индексі пайызбен 101,6%, оның ішінде: мал шаруашылығы өнімі 3687,6 мың теңге, пайызбен 102%,Өсімдік шаруашылығы өнімі 624,2 мың теңге, пайызбен 101%,

Өндірілген өнім: ет -4602,9 тонна, пайызбен 101,5%, сүт- 18995,3 тонна, пайызбен 108%, жұмыртқа -585 мың дана, пайызбен 103%, алынған ірі терілер- 9615дана, пайызбен 100,1.

Мал басы:

Ірі қара 42312 бас, пайызбен 108%, оның ішінде сиыр 21328 бас, 123,4%,

Қой 161715 бас, пайызбен 100%

Ешкі 31705 бас, пайызбен 106%

Жылқы 23416 бас, 113%

Түйе 344 бас,93%

Құс 10507 бас, 103%

Қаржылық көрсеткіштері.

Аудан бюджетінің 2013 жылғы 9 айындағы шығындарының жоспары 1 млрд 849 млн 254 мың теңгені құрады. Кассалық шығын 1 млрд 842 млн 840,4 мың теңге болып қалыптасты, немесе 99,7%.

Қыркүйек айында нақты игерілмей қалған қаржылар сомасы 6 млн 414,4 мың теңге, оның ішінде: республикалық трансферт есебінен 5 млн 377,1 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млн 273,9 мың теңге.

Кент, селолық әкім аппаратынан 2 млн 140,5 мың теңге, оның ішінде: республикалық трансферттен берілген қосымша штат бірліктерінен 1 млн 559 мың теңге, Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру бағдарламасынан Ақтас кентінен 119 мың теңге, Амангелді селолық округінен 40,6 мың теңге. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасынан Шеңбер селолық округінен 50 мың теңге. Алғабас селолық округінен көмір сатып алудан 104 мың теңге, қалған 267,9 мың теңге әр селолық округтерден дөңгелектеу есебінен үнемделген қаржы.

Білім бөлімінен республикалық трансферттен бөлінген физика, биология, химия кабинетін жабдықтауға 2 млн 048 мың теңге,

Мұғалімдердің біліктілік санатын арттыруға 1 млн 488,4 мың теңге,

Ауыл шаруашылық бөлімінен 300 мың теңге күрделі шығындарынан,

Қалған 437,5 мың теңге әр мекемелерден дөңгелектеу есебінен үнемделген қалған қаржы.

Аудан бюджетінің түсімдер бөдігіндегі 9 айдағы 3 категория бойынша кірістер (салықтық, салықтық емес, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) жоспардағы 1 млрд 999 млн 860 мың теңге орнына, 2 млрд 072 млн 190,1 мың теңге болып түсті, немесе 103,6%.

Білім саласы.

Аудандағы білім ұйымдарының желісі:

Аудан көлемінде жалпы 24 білім және тәрбие беру ұйымы бар, оның ішінде 15 орта, 2 негізгі мектеп, 5 бала-бақша, 2 мектептен тыс білім беру ұйымы (музыка мектебі, оқушылар үйі).

Мектепке дейінгі тәрбие

Бүгінгі таңда аудан бойынша 5 балабақша және мектептер жанынан 15 шағын орталық жұмыс істейді. Аталған мектепке дейінгі мекемелерде 975 бала тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда “Балапан ” бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 96,1 пайызды көрсетіп отыр. 2012 жылмен салыстырғанда өзгерістер болған жоқ. Жаңадан мектепке дейінгі білім ұйымдарын ашу 2012 жылға жоспарланған жоқ.



Орта білім

2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 62,78% (3 тоқсан 62,94%), 0,1%-ға төмендеген, үлгерім 100%-ды көрсетіп отыр. Аттестатталған оқушы саны 1996, озаттар 512 (25,7%), екпінділер-741 (37,1%). Оқушы саны 2000 (қазақ сыныбы 1931, орыс сыныбы 69).

Ең төменгі пәндік білім сапасы: геометрия 62,7%, (Жезді мект.инт. 50,8% 9,10 сынып, №18 Мибұлақ ом. 53,7% 9,11 сынып, №11 Қоскөл ом 55,2% 7,8,10 сынып) пәнінен байқалады.

2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша төмеңгі білім сапасын көрсеткен мектептер: 53,73% №15 Қарсақбай ом.5-9 сыныптар, 58,38% Жезді мект.инт. 8,9 сыныптар, 60,71% №12 Ақтас нм. 5,8,9 сыныптарда сапа 40% төмен.



Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесі

Ұлытауауданыныңбілімбөлімінеқарастымектептерді 2012-2013 оқужылындажалпы 144 түлекбітіріп (138-қазақ,6–орысбөлімі), оның 121 ҰБТ-ғақатысып,16-імектепсынағынанөтті. 3-і денсаулығына байланысты Білім министрлігінің бұйрығымен емтиханнан босатылды.

2013 жылғы Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесі бойынша төмендегідей көрсеткіштер анықталды:

Жалпы аудан бойынша

• 2013 жылы ҰБТ орташа балл көрсеткіші 55 (қазақ сыныбы 54,7 орыс сыныбы 59,7%), жалпы балл саны 6650

• 2012 жылы ҰБТ орташа балл көрсеткіші 56,5% (қазақ сыныбы 56,4, орыс сыныбы 59%), жалпы балл саны 14522

• 2011 жыл-81,7% (қазақ сыныбы 81%.орыс сыныбы 90,1%), жалпы балл - 21405

• 2010 жыл 73,6% (қазақ-73,3,орыс -85), жалпы балл - 11779

• 2009 жыл 74,1% (қазақ сыныбы -74,2,орыс сыныбы.73,1), жалпы балл- 8521)

ҰлытауауданыбойыншаАлтынбелгігеүміткер 9 оқушының 2-іАлтынбелгіиегеріатанды.

«Алтынбелгі» белгісінеүміткерқалған 10 оқушыжекелегенпәндербойыншақажеттібаллдардыжинайалмады.

7.06.2013 жылыҰлытауауданыныңбілімбөлімінеқарастымектептердің 119 оқушысысынақтестілеугеқатысып, 23-імектепсынағынанөтугеөтінішбілдірді.Жалпы аудан бойынша:

2013 жылысәуірайындағысынақтестілеуорташабаллкөрсеткіші 79,2 (қазақсыныбы 79,8, орыссыныбы 68,2), жалпыбаллсаны 9346. Орташа балл қараша айындағы сынақ тесттен 30,1 балға жоғарылаған.

Жоғары, кәсіптік оқу орындарына түсу мәліметі:

Ұлытау ауданының білім бөліміне қарасты мектептерді 2012-2013 оқу жылында жалпы 142 түлек бітірді.

Оның ішінде ЖОО-на түскені 71 (50%),оның ішінде грант иегері атанғандар 8 (5,6%),ақылы ЖОО-на түскен 63 (44,3%).

Колледжге түскені 64 (45%) оның ішінде грант иегері атанғандары 10 (7%),ақылы негізде 54 (38%). Кәсіптік мектепке түскені 2 (1,4%) оқушы.

Жалпы ЖОО, Колледжге түскен оқушы саны 137 (96,4%-ды құрап отыр).

Ыстық тамақпен қамту

2012 жылыазқамтылғанотбасысанатынаншыққаноқушылардыәлеуметтікқолдаумақсатындажалпыортабілімқорынан 18 млн. 229 мыңтеңгебөлінді. Игерілу пайызы 96,8%.

Жалпыыстықтамақпенқамтылғаноқушыларсаны 907 (55 пайыз), оныңішіндетегіныстықтамақпенқамтылғаноқушысаны 1106.

2013 жылыыстықтамақтыұйымдастыруға 9 млн.278 мыңтеңгебөлініпотыр.1-4 сынып оқушылары толық ыстық тамақпен қамтылған.



Ақпараттандыру

Мектептердің барлығы компьютермен –100 пайызға қамтылған. Аудан бойынша барлық мектептерге толығымен кең жолақты интернет желісіне қосылған мектеп саны 14.

Бігінгі таңда 14 мектепке «Астел» байланыс қондырғылары орнатылып, интернетке қосылу 100% көрсетіп отыр. «Астел» байланысын қосуға аудандық бюджеттен 13 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда аудан мектептерінде ескірген компьютер саны 115 дана, қазіргі таңда қолданыстағы жаңа үлгідегі компьютерлер саны 573 дана.

2013 жылы №1 Ұлытау орта мектебіне 15 дана компьютер 1 млн 986 мың теңге қаражатқа орнатылды.

Аудан бойынша 1 компьютерге шаққанда 3,5 оқушыдан келеді. (Облыс бойынша 1 компьютерге 10, республика бойынша 18 баладан).

Мектептерде 14 интерактивтік тақта, 3 лингафонды, 9 мультимедиялық, 7 биология, 4 химия, 6 физика кабинеттері бар. Әрине бұл жеткіліксіз, алдағы уақытта мектептерде оқу техникалық құралдарымен қамтамасыз ету одан әрі жалғастырылады.

2013 жылы 7 дана жоғары технологиялық құралды (интерактивтік тақта) алу үшін жергілікті бюджет есебінен 24 млн 500 мың теңге, сондай-ақ жаңа модификациялық 3 дана физика кабинетін алуға 12 млн 300 мың, 4 химия кабинетін алуға 16 млн 400 мың, 4 биология кабинетін алуға 16 млн 400 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда аталған кабинеттер мен қондырғылар толығымен орнатылды.

Республикалық бюджет есебінен 1 химия кабинетін алуға 4 млн 097 мың теңге қаражат бөлінді.

«Bilim al» білім порталын мектептерге орнатуға бюджеттен 6 млн 664 мың теңге бөлінді.



Кадр мәліметі.

2012 жылыжалпыауданбойынша 479 мұғалімбар, оныңжоғарыбілімдісі -357, аяқталмағанжоғары-4, ортаарнаулы- 118. Жоғары санатты мұғалім -65, 1-ші санатты-192, 2-ші санатты 102, санатсыз-120 мұғалім.

2012-2013 оқу жылында білім ұйымдарында 27 маманға сұраныс тіркелген.

«Назарбаев зияткерлік мектебі» 3 деңгейлі 3 айлық курстан өткен мұғалім саны 32. Жаңа оқу жылында ауданымызға 2 жас маман келді. (№2 Қорғасын, №15 Қарсақбай орта мектептеріне)



Олимпиада, конкурс нәтижелері.

7-10 қаңтар аралығында аудан мектептерінің 10, 11 сыныптың 19 оқушысы Қарағанды қаласында өткен Республикалық жалпы білім беру пәндері олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша №1 Ұлытау орта мектебінің 10 сынып оқушысы М.Тен ағылшын тілі пәні бойынша жүлделі 2-ші орынды, 11 сынып оқушысы С.Ибрагим география пәні бойынша жүлделі 3-ші орынды иемденді. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

04-05 Сәуірде Астана қаласында «Kamev» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ» Y Республикалық қазақ тілі олимпиадасына №4 Қаракеңгір орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мұсылманбек Назерке қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болып қайтты.

4-6 сәуір аралығында Алматы қаласында ХІІІ Республикалық «Рауан» фестиваль- конкурсына Балалар музыкалық мектебіне қарасты Жезді кентіндегі филиалының оқушысы Төлеубай Айсұлу қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді. Оқушылардың жетекшісі Қ.Бектібаева.

6 сәуір күні Қарағанды қаласында «Ассоль» балаларды сауықтыру орталығының ұйымдастырумен өткізілген іс-шараға Ұлытау ауданынан 2 бала бақша қатысып, «Айгөлек» бала бақшасы I-орынға, « Өркен» бала бақшасы II- орынға ие болды.

30 сәуір – 3 мамыр аралығында Астана қаласында өткен ІІ Республикалық «Салем Астана!» атты конкурста ауданның музыка мектебінің вокал сыныбының оқушылары М.Қайырбек жүлделі І-ші орынды, Ж.Тілектес ІІ-ші орынды иемденіп мақтау қағаздарымен және арнайы кубокпен марапатталды.

16 мамыр күні Қарағанды қаласында өткен «ХІV республикалық Абай оқулары» сайысының облыстық кезеңінде ауданның №11 Қоскөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ж.Сыздықов және №2 Қорғасын орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ж.Нүриден алғыс хатпен марапатталды.

22 мамыр күні Қарағанды қаласында өткен «ІV республикалық Махамбет оқулары» сайысының облыстық кезеңінде ауданның №17 Байқоңыр орта мектебінің 10 сынып оқушысы М.Әбжан 3-ші орын, №8 Егінді орта мектебінің 5 сынып оқушысы П.Далкен мәнерлеп оқудан көрермендер көзайымы болып мақтау қағазбен марапатталды.



Орта білім айлығы

2013 жылы 28 -31 қаңтар аралығында 3 қаңтар – 3 ақпан аралығында елді мекендерде жүргізілген орта білім айлығының қорытынды есептері қабылданды. Есеп бойынша ауданда 0-18 жасқа дейінгі бала саны 3547. Ауданда оқуға тартылмай отырған оқушы анықталған жоқ.

Мектепте білім алатын оқушы саны- 1926, оның ішінде мүгедек бала- 21 (1 оқушы арнайы мектепте, 5 бала оқытуға жатпайды, 15 бала үйден оқытылады); мектеп жасына дейінгі бала саны – 1225.

• Кәсіптік мектепте- 50;

• Колледжде – 203;

Жоғарғы оқу орнында – 24;



Ресурстық орталық

Аудан бойынша 3 ресурстық орталық ұйымдастырылған. Атап айтқанда №1 Ұлытау, №6 Жезді орта мектебі, №15 Қарсақбай орта мектебі ресурстық орталықтары. Аталған ресурстық орталықтар бекітілген жоспарға сәйкес күз, көктем айларында магниттік мектептермен әдіс алмасу мақсатында сессиялар өткізіп тұрады.



Музыка саз мектебі

Балалар музыка саз мектебінде 10 оқытушы еңбек етуде 3 оқытушы жоғары білімді, 7 оқытушы арнайы орта білімді мамандар қызмет атқарады. 260 бала фортепиано, қобыз, домбыра, комьютерлік саз, хореграфия, баян пәндерінен дәріс алуда.



Мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

2013-2014 оқу жылына жылының қыс маусымына дайындығы бойынша айтатын болсақ, жалпы бөлінген көмір 5490 (бес мың төрт жүз тоқсан) тонна.

Көмірді сатып алуға қаралған қаржының 30 пайызы 5 млн 275 мың теңгесі 2013 жылдың 2- тамызында аударылып, тасу жұмыстары басталды.Бүгінгі таңда аудан мектептеріне 4700 тонна тасымалданды.

№3 Аманкелді орта мектебінің спорт залына «2020 бағдарламасы» бойынша ИП «Ажибаев М.П» жеңіп алып, 2013 жылдың мамыр айында 17 333,0 мың теңгеге күрделі жөндеу басталған болатын, қаралған қаражаттың 13 200,0 мың теңгесі аударылып, қазіргітаңда спорт зал толығымен пайдалануға берілді.

№1 Ұлытау орта мектебінің жылу қазандығына, апаттық жағдайда тұрған дәретханасына 2 600,0 мың теңгеге жобалық-сметасы жасалынып, жөндеу жұмыстары аяқталуда.

№4 Қаракеңгір орта мектебінің жылу қазандығының жөндеу жұмыстарының конкурстық нәтижесі 14 тамыз күні анықталды. Женімпаз ЖК «Құрылыс» Молдашев Есбол. Жөндеу жұмыстарына 10 млн 292 мың теңге қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы білім ұйымдары ғимаратының шатырларын өртке қарсы залалсыздандыру мақсатында және өртке қарсы дабыл қақыш жүйелерін тексерістен өткізуге аудандық бюджеттен 7 млн 177 теңге бөлінді. Аталған жұмысты «Алания –NORD» ЖШС толығымен аяқтады.

Спорт

Ауданда барлығы 55 спорт кешені бар. Оның ішінде 26 спорт алаңдары, 19 спорт залдары, 6 нысана көздеу тирлері, Дене тәрбиесі мен спортпен 2710 адам шұғылданады.

Аудандағы 18 білім беру мекемесінде 17 спорт залдарында 394 оқушы 42 спорттық секция мен үйірмелеріне қатысады.

Ауданда жалпы 22 облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар, олардың ішінде 6 спортшы республикалық деңгейде жүлдегер атанған.

Аудан аймағында 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеп онда Аудан орталығында спорт мектебінде спорттың 8 түрімен 390 бала қамтылған. Аудан бойынша бұқаралық спортпен айналысатын адам саны 2011 жылы 2410 (17,8%), 2012 жылы 2710 (13%). Облыстық реитингте төмеңгі орында болу себебі, аудан бойынша жаңадан салынған спорт кешендері жоқ болуына байланысты тікелей реитингтің төмен болуына әсер етеді.

Әлеуметтік сала

Жыл басынан жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтінген азаматтардың саны 222 адам, оның жұмысқа орналасқаны 101 адам, яғни 45,5 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта қоғамдық жұмыста жүрген 131 адамға еңбекақының ең төменгі мөлшері 18660 теңгеден орташа ұзақтығы 9 айға 9355,0 мың теңге қаржы аударылып отыр. Жұмыссыздық деңгейі 1,09 пайызды құрайды.Әлеуметтік жұмыс орындарына 560,0 мың теңге қаралып, қазіргі уақытта 3 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды.

1 шілдеден бастап Жастар тәжірибиесін өтуге 9 айға 10 жас маманға 26,0 мың теңгеден 1560,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда 10 түлек тіркеліп, әр түрлі салада жұмыс атқарып жүр.

«Жезқазған-Бейнеу»,«Шұбаркөл-Арқалық» теміржол құрылыстарында аудан бойынша қазіргі таңда 98 адам тіркеуде тұр, оның жұмысқа орналасқандары 33 адам.

18-жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 127 отбасы өтініш білдіріп 402 балаға 4850,7 теңге тағайындалып, 4917,1 теңге төленді.

Атаулы әлеуметтік көмекке 11 отбасының 48 мүшесі өтініш білдіріп, оларға 740,6 теңге тағайындалып, 741,9 теңге төленді.

Тұрғын үй жәрдемақысына бойынша 52 отбасына 1142,0 мың теңге аударылды.

Село, кент округтарының ұйымдастыруымен аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге және көмекті қажет ететін 164 адамға 8 түрлі мемлекеттік емес ұйымдардан 3 996,1 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Орташа 1 адамға 22339,6 теңге көмек көрсетілді.



Мәдениет

Ауданға қарасты 15 селолық округтің 14-де мәдениет және клуб үйлері толыққанды жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетуде. Олардың басым көпшілігі өздеріңіз слайдтан көріп отырғандай талапқа сай деп есептейміз. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 2013 жылы аудандық бюджеттен 254704,0 мың тенге қаржы бөлініп отыр. Бөлінген қаржының 168891, 0 мың теңгесі аудандық мәдениет үйі және оған қарайтын клубтарды ұстауға, Жезді МСО-ын ұстауға 47972,0 мың теңге, аудандық орталық кітапхананы ұстауға 21627,0 мың тенге, аппаратты ұстауға 16214,0 мың тенге жұмсалады. Аудандық мәдениет үйін және клуб үйлерін ұстауға бөлінген 168891,0 мың теңгенің 105151,0 мың енбеқ ақы төлеуге, 5521,0 материалдық базаны нығайтуға, 14964,0 мың көмір, ток, жылуға, 5947,0 мыңы іс шара өткізуге, 1060,0 мыңы жанар жағар майға , 4241,0 мыңы іссапар шығынына бөлініп отыр. Жезді кентіндегі мәдени сауықтыру орталығына бөлінген қаржынын жұмсалу жоспары төмендегідей; 18192,0 мыңы енбек ақы төлеуге, 2729,0 мыңы тоқ , көмір сатып алуға, 7892,0 мыңы мат. базаны нығайтуға, 3841,0 мыңы іс сапар шығындарына, 720 мың тенге жанар жағар май алуға, 588 мың мәдени іс шаралар өткізуге.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана және селолық кітапханаларды ұстауға бөлінген қаржы жұмсалысы төмендегідей болады ; қызыметкерлердін енбек ақысына 16637,0 мың, 2446,0 мыңы кітап қорын толықтыруға, 640 мыңы 17 кітапханаға мерзімдік басылымға жазылуға , 190 мыны іссапар шығынына, 118 мыңы байланысқа, 374 мыңы ком. төлемақыға. Жыл басынан бері ауданда бекітілген ісшараларға сәйкес тұрақты түрде мәдени ісшаралар өтіп тұрды . Барлық өткізілген мәдени іс – шаралардың саны кітапханалар бойынша 460, мәдениет және селолық клуб үйлері бойынша 800, өткізілген ісшараларға 40740 көрермен қатысты.

2013 – 2014 жылғы қысқы жылу беру науқанына дайындық барысы

Қысқы жылу беру маусымына Жезді кентіндегі мәдениет үйіне 235 тонна қажет , бүгінгі күнге тасылғаны 150 тонна яғни қажетті көмірдін 63 пайызы тасылды.

Ұлытау мәдениет үйі және оған қарасты клуб үйлеріне қысқы маусымға 940 тонна көмір қажет онын бүгінгі күнге тасылғаны 200 тонна орындалысы 22 пайызды құрайды

Денсаулық саласы

Ұлытау аудандық орталық ауруханасының халыққа медициналық қызымет көрсету туралы жарғысы (устав) бекітілген. Осы жарғыда әрбір маманның міндеті мен жауапкершілігі айқындалып көрсетілген. Әрбір медициналық мекеменің қызметі лицензияға сәйкес жүргізіледі. Ұлытау аудандық медицина бірлестігінде 18 дәрігер, 81 орта буын мед бибілерқызмет атқарады.

Аудандық орталық ауруханасына қарасты 1 орталық аурухана, 1 селолық бөлімшелік аурухана (Жезді), 5 дәрігерлік амбулатория (Қаракенгір, Қарсақпай, Жетіқоңыр, Амангелді, Егінді,) 7 медициналық пункт (Қарақұм, Шеңбер, Алғабас, Аралтөбе, Сарысу, Терсаққан, Байкоңыр) Арнаулы мекемесі жоқ медицина қызметкерлері - 3.

Аудан көлемінде барлық елді мекендер дәрігер, фельдшерлермен қамтамасыз етілген, адамдар аз қоныстанған жерлерде медицина қызметкерлері (арнайы бөлмелері жоқ) тартылған, яғни аудан халқы медицина қызметімен толық қамтылған, оның ішінде балалар жергілікті жерлерде медициналық бақылаудан тұрақты түрде кестеге сәйкес егумен қамтылып отырады.

Ақпарат құралдары жеткіліксіз. Аудандық ауруханада компьютер -9, электрондық почта, интернетке шығу жүйесі – бар. Жезді селолық ауруханасында 2 компьютер бар. Қалған елді мекендерде компьютер, электрондық почта жоқ. Барлық дәрігерлік амбулаториялық компьютерге тапсырыс берілді. Аудандық орталық ауруханасында компьюторленген бағдарламалар бар олар бух, есепте, ТЭП, АСУ, проф, бақылау, рецептер, мемлекеттік сатып алу бағдарламалары.

Аудан көлемінде 9ай ішінде аналар мен балалар өлімі туралы мәліметтер;

2013 жылы – аналар өлімі жоқ, 1 жасқа дейінгі балалар өлімі – жоқ.

Аудан бойынша туберкулез, ВИЧ СПИД аурулары тіркелге11адам,

Амбулаториялық емханалық медициналық көмектің жағдайы.

1. Ауруханалар Жезді кентінде 5 койкалық және Ұлытау селосында 35 койкалық толық жұмыс істеп тұр. 2013 жылы 9 айда ауруханада 415 ауру аталған жерлердің жедел жәрдемі арқылы аурулар ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға ауруларды негізсіз жатқызу фактілері тіркелген жоқ.

2. 2013 жылы 9 айда күндізгі емхана Ұлытауда 54, Жездіде 20, Егінді 10, Аманкелді 10, Қаракеңгір 10, Қарсақпай 30, Жетіқоңыр 10 , ай сайын 144 адам базалық көрсеткіші 234,0 ай сайын ем қабылдады.

Ұлытау ауданының елді-мекендерінде тұрғын-үй коммуналдық саласы бойынша 2013 жылдың 9-айында атқарылған жұмыстары:



Электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 20211,0 мың теңгеге және жергілікті бюджеттен 7889,0 мың теңге қаражат бөлініп, ол қаражатқа Қоскөл елді мекенінің ішкі тоқ желілері және подстанциясы жөнделеді, ТМ-1000 КВ 35/10 трансформаторы жаңадан қойылды. Бүгінгі күнге қаралған қаражат толықтай игерілді, оған 3 КТП жаңадан орнатылды, 109 ағаш бағандар жаңа бағандарға ауыстырылды. 10,2 шақырым электр желілері айырбасталды. Жобалау сметалық құжаттарындағы қаралған жұмыстар толығымен жасалды. 4 адам «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы жұмысқа тартылды.

Көпсалалы коммуналдық кәсіпорын арқылы Қызыл үй елді мекеніндегі ТМ 35/4-150 трасформаторын жөндеді.

Мибұлақ селолық округіне қарасты Ақкеңсе подстанциясына ТМ-1000 КВ 35/10 трансформаторын айырбастады.

Ұлытау селосында 120 көше жарығы, 4 автомат, 4 фотореле айырбасталды, сомасы 250,0 мың теңге. Алғабас елді мекенінде 70,0 мың теңгеге, Амангелді елді мекенінде 98 мың теңгеге, Ақтас, Байқоңыр елді мекендерінде 70,0 мың теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жасалды.

Мекеме күшімен барлығы 8 шақырым электр желілері тартылды.

Жезқазған электр таратушы торабы компаниясы Сарыкеңгір- Алғабас бағытындағы 63,2 км, Байқоңыр-Қарақұм бағытындағы 37,3 км. электр желіллеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ұлытау селосындағы подстанция жөндеуден өткізілді.

Автокөлік жолдарын жөндеу.

2013 жылы автокөлік жолдарын ұстап тұру жұмыстарына жылдың басында 14000,0 мың теңге қаражат қаралған, аудандық маслихаттың сесиясында қосымша 13434 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыдан конкурс барысында 7500 мың теңге қаржы үнемделіп бюджетке қайтарылды.

Қысқы маусымда барлық жолдар уақытылы аршылып отырды, көктемгі су тасқыны салдарынан Амангелді елді мекеніне барар жолдың су шайып кеткен тұсына 3 жерге суағар тұрба салынды, 66 рейс қиыршық тас төселді, жолы биіктетілді. Шеңбер елді мекеніне барар жолдың су шайып кеткен жерлеріне 48 рейс қиыршық тас төгіліп, жол қалпына келтіріледі. Бұрынғы дұрыс салынбаған суағарлар алынып қайтадан жасалды, барлығы 8 сауағар қалпына келтірілді.

Облыстық дәрежедегі Қарақұм бағыты, Алғабас бағытына көктемгі қыру тегістеу жұмыстары уақытылы жасалды. Қарсақпайдың жолына ойылған жерлеріне асфальт салынды.

Дегенмен, аталған жол арқылы теміржол салушылардың ауыр жүк тасымалдауынанан жол нашарлап, бұрынғы деңгейінен төмендеді. Осы жағдайларды айтып Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына, облыс әкімінің бірінші орынбасарына және жол жөндеуші үш компанияға тиісті хаттар жолданды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары осы компаниялардың басшыларының есебін селекторлық мәжілісте тыңдап, 2014 жылдың жұмыс жоспарына осы жолдарды жөндеу жұмыстарын қосуды тапсырды.

Бозтұмсық бағытындағы 2012 жылы жасалған жөндеу жұмыстарының кепілдігіне сай бір мәрте қайтадан 19 шақырым жол қырылып тегістелді.

Арқалық бағытындағы жолдың 20 шақырымына материал қосу арқылы жөндеу жұмыстары жасалды. Жолдың жағдайы сын көтермейді, алдыңғы жылдардағы әртүрлі деңгейдегі жиындарда, облыстық басқармадан келген құжаттарда осы жолға 2014 жылы жобалау сметалық құжаттары жасалатыны айылып жүрген, биыл өңірлерді дамыту министірінің орынбасары өткізген жиында осы мәселенің 2017 жылға шегерілгендігі айтылды.

Автокөлік жолдарында жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 700,0 мың теңгеге Ұлытау селосының көшелеріне жол бедерлері жасалды, Жезді кентінің №6 мектеп алдына және «Айгөлек» балабақшасының алдына жылдамдықты бәсеңдеткіш жасанды жол төмпешіктері орнатылды, 18 жол белгілері жаңартылды, ескілері қалпына келтірілді.

Жергілікті жолдарды күзгі қыру-тегістеу жұмыстары басталды, Егінді, Терсаққан, Қорғасын, Амангелды бағытындағы жол жасалды, Сарысу бағытындағы 20 шақырым жолға 60 тонна асфальт төселіп 500 шаршы метр жердің шұңқырлары қалпына келтірілді. Облыстық маңызы бар жолдан Пионер елді мекеніне дейінгі аралық жасалды.

Ұлытау селосындағы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы көшесіндегі 20 үйдің екі жақ шетінен асфальт жол бардьюрымен салынды.

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары.

18.03.2013 жылы Ұлытау ауданының кенттік, селолық елді мекендерін сәулеттендіру, санитарлық тазалық және көгалдандыру бойынша 18.03.2013 жылы мен 18.06.2013 жыл аралығында көктемгі үш айлықты өткізу туралы аудан әкімінің №18ө санды өкімі жарияланды. Осы үш айлық барысында 14 рет таза бейсенбі күндері және 5 рет сенбілік өткізілді. Осы тазалық бейсенбісімен сенбіліктерге 91 ұжымнан өспелі қорытындымен 7440 адам қатысты, оның ішінде 248 адам қоғамдық жұмыстан қатыстырылды.

59 көлік шығарылды, оның ішінде 17 жүк тиегіш.

8420 тонна күл-қоқыс сыртқа шығарылды.

2 адамға барлығы 10386 теңге айыппұл салынды.

Тазалық бейсенбісі жыл көлемінде жалғасын табады.

Ұлытау селосының « Хандар алаңы», «Алаш арыстары», «Кетбұғы» ескерткіштерінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанына гүл отырғызылды. Тұрғындардың күшімен 300 түп ағаш егілді. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен студенттерден жинақталған отряд екі ай тазалық жұмыстарымен айналысты.

2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 10 млн 940 мың теңгеге ауданның барлық 15 елді мекеніне балалар ойын алаңы орнатылды.

Сарысу ауылының иесіз қалған 3730 тонна қатты тұрмыстық қалдықтары аранайы орынға төгілді.

Аудан әкімінің 6 қыркүйек 2013 жылғы №74 өкіміне сай күзгі екі айлық жарияланды. Екі айлық барысында екі облыстық, бір аудандық сенбілік, әр жетінің бейсенбісі «тазалық бейсенбісі» болып жарияланды. Өкім «Ұлытау өңірі» газетінің 14 қыркүйек 2013 жылығы №34 санында жарияланды.

Осы өкімге сай екі рет облыстық сенбілік, бір рет аудандық сенбілік өткізілді.



2013-2014 жылдарғы жылу маусымына дайындық.

Ұлытау ауданы бойынша 24 автономдық жылу жүйесі жұмыс атқарады. Осы24 автономдық жылу жүйесінде 53 қазандық бар, оның 7 резервтік.

24 автономдық жүйесі ағымдағы жөнеуден өтті, жуу-тазалау, қазақы пештердің күлін тазалау жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы жылу жүйелері бойынша Амангелді орта мектебінің спорт залының бес жерінен үлкен регистор, аудан әкімдігінде 80 дана, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мекемесінде 27 дана батареялар тұрбаларымен қосып айырбасталды. Бүгінгі күнге жылу жүйесінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Осы мекемелердегі жылу жүйесінің өткен жылу маусымдарында жылу толыққанды берілмей аздаған қиыншылықтар туындаған.

Аудандық орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің жылу жүйесі, Қаракеңгір ауылдық округі әкімдігінің жылу жүйесі толық айырбасталды. Аудандық аурухана мекемесіне қарасты ауылдық елді мекендердегі бөлімдерінің жылу жүйелерін жөндеуден жұмыстары жасалды.

«Тасбұлақ» ЖШС қарасты былтыр істен шыққан қазандықтың сужинақтаушы разширителі жаңартылды.

Жылуды берумен, оны сақтап тұрудың маңыздылығы бірдей. Осы мақсатта жоғарыда аталған Амангелді орта мектебінің спорт залы, аудандық орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Аудан әкімдігінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Қаракеңгір ауылдық округі әкімдігінің ғимараттарына жөндеу жұмыстары жасалуда. Аудандық аурухана мекемесіне қарасты 5 ауылдық елді мекендерегі бөлімдерінде 13,2 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жасалды.

Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мекемелерге 9654 тонна көмір қажет, аздаған кемшіліктерді айтпағанда көмір уақытылы тасылды. Көмірді кешеуілдеп тасыған мекемелер аудандық білім және денешынықтыру бөлімі, Жезді мектеп-интернаты, Тасбұлақ ЖШС, Қорғасын, Терсаққан әкімдіктері.



Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету барысында атқарылған жұмыстар.

Жаз айларында Жезді кентінде су жетіспеушілігін жою мақсатында су жүйесіне ұзындығы 800 метр, диаметрі 159 мм темір тұрба тартылды. Жаңадан екі қуатты насос орнатылды. Осы мақсаттарға 3795,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Қоскөл селосының ауызсу мұнарасындағы 4 жеріндегі кемшіліктер қалпына келтірілді.

Жангелді селосында ЭЦВ-6 скважина насосы жаңадан айырбасталды. Мектепке су құбыры тартылды.

Сарысу селосында жаңадан 4 колонка койылды, 4 құдыққа жаңа қақпақтар орнатылды.

Борсеңгір селосында скважинаға жаңадан қосу механизмі орнатылды.8 колонканы жөндеуден өткізді.

Пионер елді мекенінде скважина насосына жөндеу жүргізілді.

Селолық жерлердегі ауыз су жүйесін ұстап тұруға және ағымдағы жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінген 7695,0мың теңге игерілді.


Жолаушылар тасымалына байланысты жұмыстар.

2013 жылы Сарысу, Борсеңгір бағытына жолаушылыр тасымалына конкурстар өтіп жеңімпаздар анықталды, Ұлытау, Мибұлақ бағытына конкурстар өтпей қалды.

Жезді-Жезқазған бағытындағы жолаушылар тасымалы мен КМ Logistik ЖШС келісім-шарт ұзартылды.



Ұлытау селосына автостанция ( автобекет) салуға жобалық сметалық құжаттары жасалды.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы.

Ұлытау ауданы бойынша 2013 жылдың қаңтар-қыркүйекайларына тұрғын үй құрылысы орындалысының күтілу нәтижесі3271 м². Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103 пайызға орындалып отыр. 2013 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемінің күтілу нәтижесі8 млрд 357 мың 412 теңге, яғни, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда1014 пайыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет