6) ашық су айдындары жағасына жануарларға арналған жазғы лагерьлер орнатуға жол бермеу; 7) мал шаруашылығы үй-жайларында, фермалар аумағында, азық сақтау орындарында кеміргіштерді жүйелі түрде жоюды бақылау шараларын сақтау болып табылады. 145-65. Лептоспирозға күдіктенудің барлық жағдайларында зертханалық зерттеуге жануарлардан қанның сарысуы және басқа да патологиялық материал (тіндер, органдардағы сұйықтықтар, ұрық айналасының суы, ұрық қанының сарысуы, іш тастау 145-65. Лептоспирозға күдіктенудің барлық жағдайларында зертханалық зерттеуге жануарлардан қанның сарысуы және басқа да патологиялық материал (тіндер, органдардағы сұйықтықтар, ұрық айналасының суы, ұрық қанының сарысуы, іш тастау материалы) алынады. 145-66. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша шаруашылық (ферма, табын): лептоспироз бойынша: 1) патологиялық материалды микроскопиялық зерттеу кезінде лептоспирлер анықталғанда; 2) 20%-дан астам тексерілген жануарлар қанының сарысуында (зәрінде) антидене анықталғанда; 3) патологиялық материалдан лептоспир өсіндісі бөлінгенде қолайсыз деп саналады. 145-67. Жануарлар қанының сарысуында спецификалық антидене немесе зәрімен бөлінетін лептоспир анықталған кезде лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтар үшін көзделген іс-шаралар жүргізіледі. 145-68. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, эпизоотиялық ошаққа эпидемиялық-эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізеді. 2-параграф. Лептоспироз бойынша қолайсыз пункте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі 2-параграф. Лептоспироз бойынша қолайсыз пункте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі 145-69. Жануарлардың лептоспироз диагнозы расталған кезде шаруашылық субъектісінің аумағына шектеу қойылады. 145-70. Шектеу шарттары бойынша: 1) өсімін молайту мақсатында жануарларды әкетуге (әкелуге), сатуға;
Достарыңызбен бөлісу: |