Бауыр жасушаларының арасында лептоспиралар анықталады. Бүйрек көлемі ұлғайған, қан кету капсуласының астында кортикальды және ми қабаты арасындағы шекара тегістелген, гистологиялық-паренхималық немесе интерстициальды нефрит. Түтікшелердің люменінде лептоспиралар кездеседі. Көкбауыр кейде үлкейеді. Қуық қуысында қызыл зәр, шырышты қабатта нүктелі және жолақты қан кетулер бар. Өкпеде тоқырау, кейде ісіну болады. Сынама алу тәртібі Бұл ауруды дұрыс ажыратып балау үшін, сиыр, қой, ешкіде лептоспирозды бруцеллезден, кампилобактериоздан, қатерлі қызбадан, пироплазмоздан, листериоздан, вирустық пневмоэнтриттен ажырату керек. Ал шошқа малында бруцеллез, сальмонеллез, тілме, оба, дизентерия, микотаксикоздардан, белок, витамин жцне минералды заттардың жетіспеушілігінен ажырату керек. Жылқы малында делбеден, ит және бағалы терісі бар аңдарда оба, жұқпалы гепатит, вирустық энтрит және сальмонеллезден ажырату керек. Лептоспирозды айқындау үшін жан-жақты індеттанулық (эпизотологиялық және эпидемологиялық), клиникалық, патанатомиялық талдау мен қатар мұқият бактериологиялық, серологиялық және гистологиялық тексерулер жүргізу қажет. Тексеру үшін лабораторияға ауырған малдың несебі мен қаны, ал өлген малдың жүрегі, бүйрегі, үлпершек ағзалардың кесінділері, көкірек, құрсақ және жүрек қабындағы сұйық, қуық ішіндегі несебімен анықталады. Патматериал жазда 6, қыста 12 сағат ішінде тексерілуйі тиіс. Бактериологиялық зерттеу Бактериологиялық зерттеу патматериалдан даярланган препаратты қараңғы фонда, болмаса иммунофлуоресценсия әдісімен немесе боялған жағындыда лептоспираларды (жылжымалы жіпшелер) көру. Арнайы қоректік ортада олардың өсінін бөліп зертханалық жануарларға жұқтырып, биосынама қою арқылы іске асырылады. Бұның ішіндегі ең бастысы – зардапсыз лептоспиралардың да болатынын ескеріп, алынған өсіндіні нағыз ауру қоздырғышы екенін айқындау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |