Ауру тарихы Факультет: Жалпы медицина Курс: 3 Тобы: 313a кафедра



бет4/7
Дата18.05.2023
өлшемі87.09 Kb.
#473907
1   2   3   4   5   6   7
Ауру тарихы

Бастапқы диагнозды негіздеу
Артериальды гипертензия синдромы. Систолалық(>140мм с.б.) және диастолалық (>90мм с.б.) артериальды қан қысымының жогарылауына; осы синдромга тән шагымдардың болуына негізделді:
-Бас ауруы- көбіне желке, сирек маңдай тұсының тартып ауыруы. Ауруы бас айналумен, көз қарауытуымен, жүрек айну, құсумен бірге жүреді. Пайда болу механизмі: Перифериядагы артериолдар спазмы ми артериолдарының спазмынан басым. Сондықтан ми ішіндегі қан көлемі мен қысымы өседі.
-Ауру белгілерінің ауру динамикасына байланысты өршуі. Бастапқы сатыларында неврологиялық шагымдары болып, кейіннен ауырсынудың күшеюі және тұрақатнуы.
-Объективті қараганда: аяқтагы ісінулер, беттегі плетора. жүрек ұшы соққысының күшеюі, жүректің сол жақ шекарасының ыгысуы(гипертониялық аурудың ІІсатысына тән); аускультацияда аортада ІІ тонның акценті. Жүрек согысының бұзылуы(синусты тахикардия). ЖСЖ-ның 96рет/мин согуы. Соның әсерінен пациент жүрек согысын естиді. Жүрек тұсының ауыруы – АҚҚ көтерілуінен болатын ангиоспазм (стенокардия) әсерінен
Тексерілу жоспары
Зерттеудің лабораториялық әдісі: жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, биохимиялық қан анализі, қандагы қант мөлшері, коагулограмма.
Инструменталды зерттеу әдістері: ЭКГ, бас ми тамырының реографиясы, электрокардиография, кеуде қуысы агзаларының рентгенографиясы.
Консультация: окулист, эндокринолог, невролог.


Жалпы қан анализі 16.04.22
Эритроцит – 4,8×10*12/л, гемоглобин – 137 г/л, түстік көрсеткіш – 0,8, лейцкоцит – 5,0×10*9/л, нейтрофил сегментоядерные – 61 %, нейтрофил – 3, лимфоцит – 37 %, моноцит – 3 %. ЭТЖ– 12 мм/саг. Интерпретация: көрсеткіштер нормага сай. ЭТЖ жогарылауы.
Жалпы зәр анализі 16.04.22
Мөлдірлігі – мөлдір, түс- сабын-сары, реакция – қышқыл, тыгыздыгы– 1023, ақуыз –жоқ, эпителий – 1-2 көру аймагында, лейкоциты – 0–1 көру аймагында, цилиндр-жоқ, тұздар-жоқ, бактериялар-жоқ. Интерпретация: көрсеткіштер нормага сай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет