Ауру тарихы Факультет: Жалпы медицина Курс: 3 Тобы: 313a кафедра


Жалпы қарау(Status present communis)



бет2/7
Дата18.05.2023
өлшемі87.09 Kb.
#473907
1   2   3   4   5   6   7
Ауру тарихы

Жалпы қарау(Status present communis)
Науқастың жалпы жағдайы орташа. Санаcы айқын, төсектегі қалпы белсенді. Жүрісінде шайқалу. Конституциясы гиперстеникалық. Бойы 170 см, Салмағы 97 кг, ИМТ 33,6 (I дәрежелі семіздік). Тері жамылгысы таза, бозгылт, ылгалды. Тері асты шел май қабаты шамадан тыс, бірақ тең жайылган. Бетте әлсіз плетора байқалады. Жіліншіктің 1/3-іне дейін екі жақты симметриялы ісіну бар.
Лимфа түйіндері көрінбейді, пальпациялаганда екі жагында бірдей білінетін жақ асты лимфа түйіндері ауырсынусыз. Лимфа түйіндерінің басқа топтары пальпацияланбайды.
Тірек-қимыл жүйесі: Бұлшықеттің жалпы дамуы қалыпты. Пальпацияда ауырсыну жоқ, тонус екі жақты бірдей. Бұлшықет күші қанагаттанарлық. Сүйектеріне шагым жоқ. Бас, кеуде, омыртқа, жамбас, аяқ-қол сүйектері деформациясыз, ауырсыну байқалмайды. Буындарына шагым жоқ. Буындар қалыпты конфигурацияла, тері беті қалыпты. Пальпацияда ісіну, өзгеріс, деформация, ауырсыну жоқ. Активті-пассивті қозгалыстары сақталган.
Тыныс алу жүйесі: тыныс алуы қалыпты мұрынмен. Дем алу кезінде аздаган қиындық бар. Мұрын қуысы сұйықтық, қаннан таза. Ауырсыну, құргақтық жоқ. Көмейде: шагымдары жоқ, даусы ашық, қатты. Дұрыс формалы, ұстаганда ауырсыну жоқ. Көмейден ауа өтуі қиындамаган. Кеуде қуысы: дұрыс конфигурациялы, оң және сол жақ симметриялы, синхронды. Тыныс алу типі-көбіне ішпен. Тж-17 рет/мин. Ритмі дұрыс. Пальпацияда ауырсыну жоқ, дауыс дірілі симметриялы. Салыстырмалы перкуссияда екі жақты ашық дыбыс естіледі, ошақты дыбыс өзгерістері жоқ. Топографиялық перкуссияда көрсеткіштер қалыпты. Аускультацияда везикулярлы тыныс, қосымша шулар анықталмайды. Бронхофония екі жақты бірдей, өзгеріссіз.



Оң жақ өкпе

Сол жақ өкпе

l. parasternalis

5 қабырга

-

l. medioclavicularis

6 қабыргааралық

-

l. axillaris anterior

7 қабыргааралық

7 қабыргааралық

l. axillaris media

8 қабырга

8 қабырга

l. axillaris posterior

9 қабырга

9 қабырга

l. scapularis

10 қабырга

10 қабырга

l. paravertebralis

11 кеуде омыртқасының өсіндісі

11 кеуде омыртқасының өсіндісі

Өкпенің қозгалысы (см):
Бұганаорта сызыгымен оңга ± 2 = 4 cм.
Қолтық орта сызыгымен оңга ±3 = 6 см, солга ±3 = 6 см.
Жауырын сызыгымен оңга ±2 = 4 см, солга ±2 = 4 см.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет