Жүрек-қантамыр жүйесі: мойында ұйқы артериясы согуы күшейген. Жүрек тұсындагы кеуде қуысы өзгермеген. Жүрек ұшы соққысы күшейіп, таралуы(2см), V-қабырааралықта, сол бұгана орта сызыгынан 1см сыртқа. Эпигастральды аймақта пульсация жоқ.
Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы: оң жақта 4-қабыргааралық деңгейінде төстің оң жақ қырынан 1,5см сыртқа; сол жақта 5-қабыргааралық деңгейінде сол жақ бұганаорта сызыгынан 2см сыртқа; жогаргы- 3-қабырга деңгейінде. Ені 3+9=14см.
Жүректің абсолютты тұйық шекарасы: оң жақта төстің сол қыры, сол жақта орта бұгана сызыгымен, жогаргы- 4қабырга деңгейінде. Көлденеңі 5,5см. Тамыр будасы ені -6см.
Аускультацияда: жүрек тондары анық, ритмді, аортада ІІтон акценті бар. Жсж-96рет\мин. Шулар жоқ.
Тамырлардагы пульс-96 минутына, екі жақты бірдей, ритмді, орташа толыққан, кернеулігі орташа. Аускультацияда патологтиялық өзгерістер жоқ. Артериалды қан қысымы 165\100мм с.б. Веналарды қарауда өзгерістер жоқ.
Асқорыту жүйесі: аппетит бұзылмаган. Шөлдеу жоқ. Тагамды шайнау, жұту кезінде ауырсыну жоқ. Үлкен дәреті 1рет күнделікті, қалыпты. Ауыз қуысы-патологиялық өзгеріс жоқ, түсі, кілегей қабаты, иісі, бездер қалыпты. Протез тагады. Іші тері асты шел май қабатына байланысты өзгерген, формасы қалыпты, симметриялы, терісі өзгеріссіз. Дем алу кезінде іш бұлшықеттері шектелмеген, активті. Пальпацияда ауырсынусыз, жұмсақ. Мендель симптомы теріс. Перкуссияда әртүрлі деңгейдегі тимпанит дыбыс. Щеткин-Блюмберг симтпомы теріс. Әлсіз жерлерінде грыжа байқалмайды. В.П. Образцов- Н.Д. Стражеско әдісі бойынша терең пальпациялау кезінде ішектер ауырсынусыз, құрылдаусыз, қозгалысты.
Бауырдың абсолютті тұйық шекарасы:
Жогаргы шекарасы: оң жақ бұганаорта сызыгымен 6-қабырга бойында;
Төменгі шекарасы: оң жақ бұганаорта сызыгымен қабырга догасы тұсында, алдыңгы орта сызыгымен қабырга догасынан 2см-ге төмен, сол жақ төсмаңы сызыгымен сол жақ қабырга догасы деңгейінде.
Сол жақ шекарасы сол төсмаңы сызыгымен қабырга догасынан шықпайды.
Курлов бойынша бауыр тұйықталуының өлшемдері:
-оң жақ бұганаорта сызыгымен 10см;
-алдыңгы орта сызықпен 9см;
- сол жақ қабырга догасымен 8см;
Бауыр оң жақ қабырга догасынан 1см төменде палпацияланады. Бауыр қыры жұмсақ, тегіс бетті, ұшты, ауырсынусыз. Өт қабы палпацияланбайды, анықтау нүктелерінде ауырсынусыз. Ортнер, Кер, Лепене, Мерфи, Мюсси симптомдары теріс.
Көкбауыр перкуссиясында пациенттің Сали позасында тұйықталу шекаралары анықталды. Жогарыда-9-қабырга деңгейінде, төменде-11-қабырга деңгейінде. Алдында- алдыңгы қолтық сызыгынан аспайды. Өлшемдері:ені-6см, ұзындыгы -8см. Пальпацияланбайды.
Ұйқыбезі пальпацияланбайды. Шоффар аймагында және Дежарден нүктесінде ауырсыну жоқ. Мейо-Робсон симптомы теріс.
Зәр шыгару жүйесіне шагымы жоқ. Қараганда бел аймагында қызару мен ісінулер жоқ. Бүйрек пальпацияланбайды. Жогаргы және төменгі несепагар нүктелерінде ауырсыну жоқ. Соққы симптомы екі жақты теріс. Ауырсынусыз, еркін зәр шыгарады.
Жыныс жүйесіне шагымы жоқ. Жыныстық функция төмендеген. Түктену типі ер адамдық. Даусы жуан.
Эндокринді жүйеге шагымы жоқ. Мойынның алдыңгы бетін қараганда өзгеріс жоқ, қалқанша безі айқын емес пальпацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |