Аурудың себептері және қауіп факторлары



бет2/4
Дата11.06.2023
өлшемі0.81 Mb.
#474939
1   2   3   4
сөж псих Асель^JДаяна (копия) (копия) (копия)

Клиникасы: инкубациялық кезең 7-50 күн, орташа 15-30 күн. Жұқпалы процесс көп жағдайда субклиникалық жеңіл немесе жеңіл сарғаюсыз жүреді. Вирусты гепатит А кезеңділікпен сипатталады: продромальді, өршу және сарғаю кезеңінен тұрады. Ол көбінесе манифесті ағым: Сарғаю алды, сарғаю, сауығу кезеңіне сәйкес. Ауру жедел басталады. Продромальді кезеңі 4 нұсқадан тұрады:

  • 1. Диспепсиялық (жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, құсу, оң жақ қабырғасының ауру сезімі, кейде диариямен байқалады).
    2. Тұмау тәрізді нұсқасы (қалтырау, бас ауруы, температура 38-39*С көтерілуі, миалгия, жеңіл катарьлі белгілер).
    3. Астеновегатативті нұсқасы (әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тершеңдік, артериалдық гипотония, ұйқының бұзылуы).
    4. Аралас нұсқасы бұл жиі кездеседі.


    Өршу кезеңі: шырышты қабаттар мен терінің сарғаюымен, зәр қараюы, нәжіс ағаруымен, гепатомегалиямен сипатталады. Және интоксикация синдромы болуы мүмкін. Сарғаю пайдан болғаннан кейін интоксикация синдромы бәсеңдейді, науқастың жағдайы жақсарады, тәбеті жақсарады, температурасы қалыпты санға келеді, әлсіздік жойылады. Науқас тек сарғаю белгілеріне шағымданады.
    Сарғаю процесі: 4-5 күн жүреді, біртіндеп ең бірінші нәжіс қалыпты түске боялады, одан кейін зәр ағарады.
    Сауығу кезеңі: науқастың жағдайы тез жақсарады. Гепатомегалия, шаршағыштық 1-3 айға дейін сақталуы мүмкін.









    Бауыр циррозы - бауыр паренхимасының фиброзды дәнекер ұлпамен қайтымсыз алмасуымен сипатталатын бауыр ауруы.
    Цирроз гепатит сияқты басталады, адам әлсізденіп, тамаққа тәбеті жойылады, асқазаны бұзылады, оң жақ қабырғаның асты ауырады.
    Ауру қатты асқынған кезде адам күннен-күнге жүдей береді. Қан аралас құсық пайда болады. Ауыр жағдайларда табан ісінеді, іші сұйыққа толып сыртқа кернеп кетеді. Көз бен тері сарғаяды.
    Асқынған циррозды емдеу қиын. Бұл дертті емдеп, жазатын әсер-күші мықты дәрі жоқ. Көптеген адамдар асқынған цирроздан қайтыс болады. Егер сіз өмір сүргіңіз келсе, бауыр циррозы білінісімен бірден мынаны орындаңыз:

    1. Енді ешқашан ішімдік ішпеңіз. Ішімдіктің бауырды бұзатынын мықтап ескеріңіз.

    2. Мүмкіндігінше жақсы тамақ ішіңіз: көкөністер мен жеміс-жидектер, аздап протеинді пайдалануға да болады. Бірақ протеинді тамақтармен: ет, жұмыртқа, балық, т. б. көп әуестенбеңіз, себебі бұлар ауру бауырдың жұмыс істеу қызметін қиындатады.Циррозбен ауырып жүрген кезде ісік пайда болса, тұзды тамақтан мүлдем аулақ болыңыз.[1]



    3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет