Аурудың себептері және қауіп факторлары



бет3/4
Дата11.06.2023
өлшемі0.81 Mb.
#474939
1   2   3   4
сөж псих Асель^JДаяна (копия) (копия) (копия)

Клиникалық көрінісі:

Алғашқы белгілері: тәбеттің төмендеуі; астениялық синдром; оң жақ қабырға астының ауырсынуы немесе ауырлықты сезіну; асқазандық, ішектік диспепсияның белгілері (жүрек айнуы, кекіру, қыжылдау, іштің кебуі, ішектің шұрқырауы)
Гепатомегалия – ең жиі (80-90 %) жиі кездесетін белгі. Пальпацияда бауыр тығыз, шеті үшкір, беті бұдыр немесе тегіс.
Спленомегалия – портальды гипертензия дамуының куәгері. Көкбауыр консистенциясы тығыз, шеті жұмыр келеді.
Дене қызуының шамалы көтерілуі. Бұл белгі некроз бен қабыну процесінің күшеюін көрсетеді.
Сарғаю. Цирроздың алғашқы кезеңдерінде сарғаю өтпелі болса, оның кеш сатыларында тұрақтығы айналып, терінің түсі жасыл реңді болады.
Диагностикасы:

  1. Бауыр циррозының диагностикасы келесі белгілердің болуына негізделеді:

  2. Цитолиздік, холестаздық, портальдық гипертензия синдромдарына және олардың бауыр – жасушалық шамасыздығы мен бірге жүруіне;

  3. Аталған синдромдардың лабораториялық – аспаптық зерттеулермен дәлелденуіне;

  4. Бауыр циррозының морфологиялық белгілеріне (ең негізгісі).

Емі:
Этиологиялық ем. Емнің бұл саласы циррозға алып келген себептің түріне тәуелді.

  • Вирустық бауыр циррозында интерферон қолданылады.

  • Алкогольдік гепатитте ішімдіктің барлық түріне тиым салынады.

  • Біріншілік биллиарлы циррозда (бауыр трансплантациясын күтудегі науқастарға) урсодезоксихол қышқылын қолданылады.

  • Гемохроматозға байланысты цирроз бауырдағы гистологиялық өзгерістерді қан ағызумен біршама қайтарады, бірақ қалыптасқан циррозға бұл ем әсер етпейді.

  • Вильсон –Коновалов ауруында купренил цирроздың барысына біршама оң әсер етеді.

  • Екіншілік биллиарлы циррозда бауырдан тыс өт жолдарының обструкциясы неғұрлым ерте емделуі керек.

  • Аутоиммунды цирроздың активті фазасында және айқын гиперспленизм болғанда глюкокортикоидты емді қолданады.


Асқынулары:















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет