Autocad-ң негізгі құралдары 1 Түзу сызықты кесінділер 5


Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау



бет24/25
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#454221
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
СРО 1 Автокад

6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау


AutoCAD-та үшөлшемді сызбаны жинақтауды үш бұйрық орындайды:

  1. SOLVIEW: көріністі экрандарды және ортогональды проекцияларды перпендикуляр жазықтықтарға салуды автоматты түрде орындайды. Оны қолдану үшін Solids панелін шақырып Setup View батырмасына басыңыз. SOLVIEW бұйрығының параметрлер саны 6:

  • UCS параметрі ағындағы ҚКЖ-н таңдауға мүмкіндік туғызады. ҚКЖ-ні таңдағаннан кейін масштабты белгілейміз. Содан кейін көрініс орталығы туралы сұрақ шығады. Талабыңыз орындалмағанша нүктені белгілей беріңіз. Соңында Enter басыңыз.

  • Ortho параметрі ортогональді проекциялар құрайды. Specify side of viewport to project: шақыруына көрініс экранының жағын басыңыз.

  • Auxiliary параметрі қиғаш көріністер құрады. Specify first point of inclined plane: және кейінгі Specify second point of inclined plane: шақыруларына екі нүкте белгілеңіз. Бұл екі нүкте қиғаш көріністің бұрышын анықтайды.

  • Section параметрі көлденең кесік құру үшін жұмыс істейді. Specify first point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың нүктесін көріністі экранда көрсетіңіз де, Specify point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың екінші нүктесін белгілеңіз. Сөйтіп сіз кесуші жазықтықты құрайсыз.

  • Exit параметрі SOLVIEW бұйрығының орындалуын аяқтайды.

  1. SOLDRAW: біріншіден бұл бұйрық орындалуы үшін SOLVIEW бұйрығы орындалу тиіс. SOLDRAW, SOLVIEW негізінде жасалған көріністерді пішіндері тұтас және пунктир сызықтардан тұратын кесіктер жасайды. Ал кесік іші штрихталады. Бұл параметрді іске қосу үшін Solids құралдар панелінде Setup Drawing батырмасына басыңыз. Шыққан шақыруларға объектілерді белгілеу керек.

Штрихты өзгерту үшін HatchEdit бұйрығын қолдануға болады.

  1. SOLPROF: бұл бұйрық SOLDRAW бұйрығы сияқты. Бірақ оны іске қосу үшін SOLVIEW бұйрығының орындалуы міндет емес және оның мүмкіндіктері көбірек.

SOLPROF бұйрығын қолдану үшін Solids панелінен Setup Profile батырмасына басыңыз. Сонда Display hidden profile lines on separate layer?[Yes/No]: сұрағы шығады. Егер сіз кескіннің жасырын сызықтарын бөлек қабатта елестеткіңіз келсе “y” әрпін енгізіңіз, ал бас тарту үшін “n” енгізіңіз. Кейін жасырын сызықтарды қайта көрсетуге болады.

Project profile lines onto a plane? [Yes/No]: шақыруына “y” енгізсеңіз, екіөлшемді объектілер құрылады, сәйкес “n” енгізілсе, үшөлшемді объектілер құрылады.

Delete tangential edges? [Yes/No]: шақыруына жанама шектерді құруға немесе өшіруге мүмкіншілік береді, сәйкес “y” немесе “n” енгізіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет