Autocad-ң негізгі құралдары 1 Түзу сызықты кесінділер 5



бет23/25
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#454221
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
СРО 1 Автокад

6.3 3D-Orbit режимін қолдану


3D Orbit құралы кеңістіктегі модель айналасында қозғалып, модельді еркін көруге мүмкіндік береді. Бұл құралды қолданғанда, объектіні қозғалтқанмен масштаб өзгермейді. Шығу үшін немесе басылуы тиіс.

3D Orbit режимін 3D Orbit панелінен іске қосуға болады. Сонда объект айналасында “координатты шар” пайда болады. 3D Orbit режимі қосылғанда, AutoCAD курсордың координатты шарға қатысты қимылдарына, түрліше әрекет етеді. Курсор әрбір жеке аймақта өзгеше жұмыс істейді. Оны қолданушы курсор формасын өзгерткенде байқай алады. Курсор формасының саны төртеу. Демек 3D Orbit режимі төрт формада қолданылады:

  1. Шеңберлі “стрелка” режимінде курсордың көмегімен бұрылыс. Тышқанның сол батырмасын басып тұрған күйде курсорды жылжыту кординаталы шарды қозғалысқа әкеледі.

  2. “Сфера және сызықтар” режиміндегі бұрылыста, тышқанның сол батырмасын басулы күйде курсорды ішкі бір бұрышын екішіге жылжытқанда обьект елестетілген өс айналасында бұрылады.

  3. Модель көрінісінің вертикаль өс айналасында бұрылуы. Бұл режимде кординаталық шардың сол және оң жағында орналасқан кішкене шарлардың ішіне курсорды әкеліп, тышқанның сол батырмасын басулы күйде жылжытсақ, обьект вертикаль өс бойынша жылжиды, курсор басқа бағытта жылжитын болса, ол жауапсыз қалады. Яғни курсор тек солға немесе оңға бұрылады.

  4. Модель көрінісінің горизонталь өс айналасында бұрылуы. Осы режим де алдынғы режим сияқты жұмыс істейді. Бірақ объект горизонталь өс бойында жылжиды.

3D Orbit режимінің қосымша бұйрығы бар. Бұл бұйрық аты Continuous Orbit. Ол модельдің экранда үзіліссіз айналуын қамтамасыз етеді. Тек қана айналу бағытын белгілеу керек.

3D Orbit-пен жұмыс істегеннен кейін модельдің бастапқы көрінісіне оралу үшін тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюден Reset View параметрін таңдау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет