Autocad-ң негізгі құралдары 1 Түзу сызықты кесінділер 5


Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы



бет9/25
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#454221
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
СРО 1 Автокад

2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы


Mirror(Айна): таңдалған объектінің айналық көрінісін жасау үшін қолданылады. Mirror бұйрығын қолдану үшін, оны Modify панелінен таңдау керек. Шыққан шақыруда, көрініс өсінің екі нүктесі сұралады. Өстің ұзындығы маңызды емес, маңаздысы өс бағыты.

Аrray (Массив): объект көшірмесінің тікбұрышты және шеңберлі массив құрайды. Тікбұрышты массив параметрімен жұмыс істеу үшін Modify панелінен Array батырмасын басып, бір немесе бірнеше объектіні көрсету керек. Сонда, Array терезесі ашылады. Бұл терезеде Rectangular array белгілеуін растап, өз еркіңізше жол мен баған саны арақашықтығын енгізуіңізге болады. Шеңберлі массивте объект көшірмелері центрі қолданушымен белгіленетін шеңбердің бойымен орналасады. Шеңберлі массив құру үшін келесі қимылдар орындалуы тиіс.

  1. Modify панелінен Array батырмасын таңдау

  2. Шыққан Array терезесінен Polar Аrray белгілеуін таңдау

  3. Егер Array батырмасын басардың алдында, объектілер таңдалған болса, онда Array терезесінде объект санының тізімі пайда болады. Таңдалмаған болса, Select objects батырмасын басып, қажетті объектілерді таңдағаннан кейін Enter батырмасын басып, қайта Array тересесіне оралуға болады.

  4. Массивтің орталық нүктесін белгілеу. (х,у координаттары бойынша) немесе Pick Center Point батырмасын басып, нүктені белгілеуге болады.

  5. Ашылған Method терезесінде үш элемент пайда болады:

    • Total number of Items: басты және көшірілетін объектінің жалпы саны.

    • Angle to fill: массивпен қамтылатын шеңберлі сектор шамасын белгілеу.

    • Angle between Items : шеңберлі массивтің екі көршілес объекті арасындағы бұрышты белгілеу.

Қажетті массив элементінің санын енгізіп, бұрыштарын қалауыңызша таңдап алуыңызға болады.

1.4 – сурет – Array сұхбатты терезесі



Offset (Ұқсас объект құру): Бұл бұйрық арқылы күрделі сызықтардан жасалған объектілердің ұқсастарын құруға болады. Modify панелінде орналасқан, Offset бұйрығын таңдағаннан кейін AutoCAD Specify offset distance or through : (Арақашықтық шамасын белгіле немесе нүкте <Нүкте>:) шақыруы шығады

● Егер шақыруға арақашықтық енгізсек, онда AutoCAD Select objects to offset or : шақыруын шығарады. Бір объектіні таңдауға болады. Одан кейін Specify point on side to offset: шақыруына эквидистантаны өткізу керек объектінің жағынан нүкте керек. Кейін бұл шақыру шыға береді, батырмасын басып бұл процестерді аяқтауға немесе жалғастыра беруге болады.

● Объектіге көрсетілген нүкте арқылы өтетін ұқсас объектілерді құру үшін “t” әрпін, кейін батырмасын басу керек. Select object to offset or : шақыруына бір объект көрсету керек. Кейін Specify through point: шақыруы шығады. Бұған, трансформаланған көшірменің өтуі керек нүктені көрсету керек.

Align (Түзету): Тек бір операция арқылы бір және бірнеше объектіні жылжытуға немесе бұруға мүмкіндік тудыратын бұйрық. Бұл бұйрық 3-өлшемді объектілермен жұмыс кезінде өте маңызды. Объектіні түзету үшін Modify => 3D operations => Align бұйрықтарын кезептен шақыру керек. Одан кейін AutoCAD объектідегі шеткі нүктені көрсетуге шақырады және ол нүктеге орны сәйкес нүкте көрсетуі тиіс. Егер дене күрделі болса, онда бұл нүктелер саны бірнеше болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет