Trim (Кесу): Сызбаны сызғанда, басында сізге сәйкес объектілердің, керек емес сызықтары шығуы мүмкін. Бұл “өсімшелерді” Trim бұйрығы көмегімен кесуге болады. Объектіні кесу үшін Modify құралдар панелінде Trim бұрығын басу керек. Сонда мынадай шақырулар шығады:
Current settings: Projection = UCS Edge = None
Select cutting edges…
Select objects:
Бірінші қатар кесу процесінің жүйелік айнымалысын қамтиды. Еске түсіре кетерлік нәрсе! Ал 2-ші және 3-ші қатардағы шақыруға кесуші объектілерді таңдап көрсету керек. Кесуші объектілер мен кесілуші объектілердің қиылысуы міндет емес. Сол үшін объектілерді таңдағанда (кесуші/кесілуші) сіздің сызбаға сәйкес методты таңдау қажет:
● Егер кесуші мен кесілуші объект қиылысса, онда келесі Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді көрсету керек.
● Ал егер қиылыспайтын кесуші және кесілуші объектілермен жұмыс істеу керек болса, онда кесуші объектіні көрсеткеннен кейін шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына Edge немесе “e” параметрін таңдап алу қажет. Келесі Enter an implied edge extension mode [Extend/no extend]: шақыруына, Extend (немесе “e”) параметрін таңдап алып, қайта шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді таңдау керек. Жұмысты бітіру үшін басыңыз. Жүйе обектілерді кеседі.
Extend (Ұзарту): Бұл бұйрық, Trim бұйрығының қарама-қарсысы болып табылыады. Extend бұйрығы объектілерді, белгіленген объектілерге дейін ұзартады. Және де параметрлері бірдей. Тек қана кесілуші объектінің орнына ұзартушы объектіні көрсету керек болады.
Lengthen (Үлкейту): Бұл бұйрық объектілерді үлкейтумен қатар, кішірейте алады. Trim және Extend бұйрықтарын, егер кесуші және сәйкес ұзартушы объектілер болмаса, қолдана алмай қаламыз. Сол үшін Lengthen бұйрығы бізге аса қажетті.
Lengthen бұйрығын қолдану үшін Modify панелінен Lengthen батырмасын басу керек. Сонда шығатын Select an object or [Delta/Percent/Total/Dynamic]: шақыруына сізге керекті параметрді таңдау керек.
● Delta – ағындағы және жаңа ұзындық немесе бұрыш арасындағы өзгеріс болып есептеледі. Егер Delta параметрін таңдасаңыз, Enter delta length or [Angle]<0.0000>: шақыруына жауап ретінде, егер орталық бұрышты өзгерткіңіз келсе, онда контекстті менюден Angle бұйрығын таңдауыңыз керек. Кейін орталық бұрыш өзгеруі тиіс бұрыш шаманы еңгізіңіз. Ал егер сіз ұзындықты өзгерткіңіз келсе, онда объект ұзындығы өзгеруі тиіс шаманы еңгізіңіз.
● Percent – контекстті менюден Percent-ті таңдап, Enter percentage length <000.0000>: шақыруына объектінің өзгеру шамасын процентпен көрстеуіңіз керек болады.
● Total – Specify total length or [Angle] <1.0000>: шақыруы, Total параметрін таңдасаңыз шығады. Бұл жерде жоғарыда айтылып кеткендей не Angle параметрін таңдау, не объектінің жалпы ұзындығын енгізу керек.
● Dynamic – бұл параметр белгіленген нүктеге соңғы нүктені мүмкінше жақын орналастырады.
Stretch (Созу): Stretch бұйрығы Modify панелінде орналасқан. Объектіні созу үшін Stretch батырмасын басу керек. Егер объектілер бұйрықты шақыртудың алдында белгіленген болса, онда Stretching selected objects by last window... шақыру шығады да, табылған объектілердің саны көрсетіледі. Ал, егер белгіленбеген болса, онда жүйе мынадай шақыру шығарады: Select objects to stretch by crossing window or crossing polygon.... Ал кейін Select objects: шақыруы шығады. Бұл шақыруларға жауап ретінде терезе құрып, керек объектілерді таңдау қажет. Келесі Specify base point or displacement: шақыруына екі жауап варианты бар:
Базалық нүкте беруге болады. Specify second point or displacement: шақыруына екінші нүктені белгілеу керек.
Орын ауыстыру шамасын бұйрықтық жолға енгізуге болады. Мысалға объектіні 6 метрге ұзарту үшін “6’<0” енгізіңіз. Содан кейін Specify second point of displacement: шақыруына Enter басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |