Autocad-ң негізгі құралдары 1 Түзу сызықты кесінділер 5


Объектілерді конструкциялау бұйрықтары



бет11/25
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#454221
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
СРО 1 Автокад

2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары


Break (Жару): Кейбір кездерде бірнеше түзуді сызғаннан гөрі бір түзу сызып оны бірнеше кесіндіге жарып тастау ыңғайлы болады. Ол үшін Modify панеліндегі Break бұйрығын таңдау керек. Таңдағаннан кейін Select object: шақыруы шығады. Ал жауап ретіңде объектіде жарылу нүктесінің біреуін көрсету керек. Specify second break point or [First point]: екінші шақыруға, екінші жарылу нүктесін көрсету керек. AutoCAD, екі нүкте арасындағы объект бөлігін өшіріп тастайды. Сонымен бірге, бұл бұйрық объектілерді қысқарту үшін де жарамды.

Chamfer (Фаска): Фаска орнату екі қадамнан тұрады. Біріншісі сізге керек фаска параметрлерін енгізу, екіншісі объектіні таңдау. Параметрлерді енгізу үшін Modify панелінен Chamfer бұйрығын таңдап, шыққан

(Trim mode)

Current chamfer Dist1=0.5000, Dist2=0.5000

Select first line or [Polyline/Distance/Angle/Trim/Method]: шақыруына жауап қайтару керек.

2-ші қатарда, соңғы рет Chamfer бұйрығын қолданғанда қалған параметрлер көрсетіледі.

● Екі катеті бойынша фаска құру үшін Distance параметрін таңдап, Specify first chamfer distance <0.5000>: шақыруына бірінші катет параметрін белгілеу керек, немесе соңғы параметрге риза болсаңыз басыңыз. Сол жолмен 2-ші катетті де көрсету керек.

● Катет және бұрыш арқылы катет параметрін қолдану үшін Angle параметрін таңдау керек. Specify chamfer length or the first line <1.0000>: шақыруына объект жағының үстінде нүкте көрсету керек. Белгілегеннен кейін Specify chamfer angle from the first line <0>: шақыруына сол нүктеден фаска бұрышын енгізу керек.



Fillet (Түйіндесу): Бұл бұйрық, екі қиылысушы сызықтың арасында түйіндесетін доға жүргізеді. Бұл процесс те екі қадамнан тұрады. Алдымен түйіндесу параметрлерін енгізіп, кейін объектіні таңдау керек. Бұл екі жолды қарастырсақ:

Параметрлерді енгізу үшін Modify панелінен Fillet бұйрығын таңдау керек. Сол кезде Current settings: Mode=TRIM, Radius=05000



Select first object or [Polyline/Radius/Trim]:

шақыру шығады. Бірінші қатарда түйіндесу режимінің параметрлері көрсетіледі. Екіншісінде, шақыру беріледі. Жауап ретінде үш вариант жарамды:

● Radius – бұл параметр, түйіндесу радиусын енгізу үшін арналған. Select second object: шақыруына, объектіні таңдау керек.

● Trim – AutoCAD автоматты түрде түйіндес кесінділерін жояды. Егер ол кесінділерді сақтау керек болса, Trim параметрін көрсетіп, оған No Trim шамасын беру керек.

● Polyline – полисызыққа түгелімен түйіндесу жүргізу үшін Polyline параметрін таңдаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет