Автокөлік психологиясы


Зейіннің негізгі қасиеттері



бет4/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#131391
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

3.1.3 Зейіннің негізгі қасиеттері

Айтқанымыздай, зейін сананың белгілі нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиеттерін айқындайды.Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы, шогырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі кіреді. Тұрақтылық зейінін уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгілі бір нысанға көзделу мерзімінің ұзақтыгын аңдатады. Тұрақтылық перифериялық (шеткі) және ор-талық жүйке факторларына тәуелді. Эксперименттік зерттеулерге қарағанда, зейін белгілі уақыт аралығында қайталанып отыратын ырықсыз тербелс сипатында болады. Бұл тербелістердің уақыт ұзақтығы 2-3 секундтен 12 секундқа дейін созылуы мүмкін (НЛанге) Мысалы, сағат тықылына зейін қоятын болсақ, бірде ол тықыл естіліп, бірде байқалмайтынын сеземіз. Ал күрделі объекттерге назар аударсақ, оңдағы тербелістер басқаша заттың кейде бір бөлігі, екіншіде басқа бөлігі фигура турінде елестейді. Бірақ ескеретін жәйт: шын мәнінде, зейіннің өте қысқа уақыт аралығыңдағы майда тербелістері жалпыланған заңдылық сипатына ие емес. Бір жағдайда зейін жиі,ауыспалы қысқа тербелістерге келетін болса, ендігі бір жағдайларда ұзақ мерзімді тұрақтылығымен сипатталады.

Қазірғі күнде дәлелденгендей, зейін тұрақтылығының ең бір мәнді шарты назардағы нысанның жаңа тараптары мен байланыстарының ашылу мүмкіндігінің болуы. Алға қойылған мақсатқа орай зат кезге алынып, оның бөліктерінің өзара байланыстары мен бір-біріне кірігулерінің жаңа қырларын ашатын болсақ, зейін ұзақ уақыт өзінің тұрақтылығын жоғалтпайды. Ал назарға алынған заттың мазМұны одан әрі зерттеуде өзінің жаңа ерекшеліктерін таныту мүмкіндігіне ие болмаса, зейін күйзеліске келіп, алағдауға түседі. Басқаша айтсақ, қандай да бір нысанға бағытталған зейіннің тұрақты болуы сананың қозғалысты қалпына байланысты. Көздеген ны-санымыз дамуда болып, өзінің жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажетті.

Егер де зейін барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрініс тапса, онда қандай да ақыл-ой жұмысы болуы мүмкін емес. Кезегінде, затты тануға ақыл-ой әрекетінің араласуымен мен зейін тұрақтылығы күшейе түседі. Сонымен бірген тұрақтылығы бірқанша жағдайларға байланысты болып келеді. Олардың ішінде: материал ерекшелігі, оның қиындық деңгейі, бүрыннан таныс, не белгісіз болуы, түсініктілігі, субъекттің оған деген қатынасы, сондай-ақ зертеуші үйренушінің даралық қасиеттері.

Зейіннің шоғырлануы оның белгілі бір нысанға бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс-әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Зейіннің шоғырлануы ми қабыгындагы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты.(Н.А.Ухтомский) Дәлірек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтағы қозудың және сонымен бір уақытта жүретін бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуінің салдарынан келіп шығады.

Зейіннің бөлінуі деп адамның өз зейінінің ауқымында бір уақытта бірнеше әр-түрлі нысандарда үстай алу қабілетін түсінеміз. Осы қабілетіне орай әр адам бір мезгілде бірнеше әрекеттерді өз зейінінде ұстап, орындау мүмкіндігіне ие. Мысалы, әйгілі Юлий Цезарь бір уақытта өзара байланыспаған жеті іспен шұғылдана алады екен. Ал Напалеон өз көмекшілеріне бір уақыт ішінде жеті ресми құжат бойынша көрсетпе беріп, жаздыратын қабілетке ие болыпты. Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, адам тек қана бір істі, кейде екі істі саналы орындау мүмкіндігіне ие. Бұл жағдайда орындалып жатқан жұмыстың бірі саналы зейінді талап етпейтіндей, автоматтандырылған дәрежеде болуы қажет. Егер бұл шарт сақталмаса, іс-әрекеттерді біріктіріп орындау мүмкін емес.

Зейіннің ауысуы зейіннің бір нысаннан екіншісіне саналы және байыпты өтуін білдіреді. Зейіннің ауысу қасиетінен біз қоршаған ортаның өзгермелі, күрделі жағдайында жылдам бағыт-бағдар тауып отыру мүмкндігіне иеміз. Зейін ауыстырудың жеңіл не қиын болуы әр адамға, әр-түрлі болып, белгілі шарттарға тәуелді келеді (алдыңғы әрекетпен кейінгі әрекеттің ара байланысы, олар эрқайсысына болған субъекттің қатынасы). Орындалатын қызмет неғұрлым қызықты болса, оған зейіннің ауысуы оңай, ал іске көңіл соқпаса, оған ден қою да жеңіл соқпайды. Зейіннің ауыспалылыгы саналы, көп қайталанған жаттығуды талап ететін қасиеттердің қатарына жатады.

Зейін көлемі ерекше құбылыс . Адам бір уақыт әртүрлі заттар жөнінде теңдей ойлап, әрқилы жұмыстар орындауы мүмкін емес. Осыдан сырттан келіп жатқан ақпараттарды адам өзінің өңдеу мүмкіншіліктеріне орай топтап, жіктейді. Соңдай-ақ, адамның бір уақытта өзара байланысы жоқ бірнеше нысандарды қабылдау мүмкіндігі де шектеулі. Осы шектер арасын танып, қабылдауы - адам зейінінің көлемін білдіреді.

Зейін көлемін зерттеу үшін адамға бір уақытта талдануы қажет бір топ элементтер ұсынылып (сан, әріп т.б.), солардың ішінен саналы есте қалғаны есептеледі. Мұндай есепті жүргізу үшін тахитоскөп аппараты қолданылады.

Зейін көлемі өзгермелі құбылыс. Зейін аймағынп түсетін элементтер саны олардың мазмұндық біртұтастығына және олар арасындағы байланыстарды саналы түсінуге тәуелді келеді. Осыдан, педагогикалық қызметте оқу материалын жүйелестіріп беруге мән аударып, оқушылар зейінінің көлеміне нұқсан келтірмеуді ойластырған жөн.

Зейіннің аландаушылығы - бұл зейіннің бір нысаннан екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұңдай ауысу қаңдай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркеңдіргіш әсерлердін ықпал етуінен туыңдайды. Аландау сыртқы және ішкі болыіі бөлінеді. Сыртқы аландаушылық; субъектке тысқы, қоршаған орта жағдайларының әсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Әсіресе адамды аландағатын жағдайлар заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күшті өзгермелі әрі жедел әсер етуінс байланысты. Соңдықтан оқушылардьщ сабақ дайындау барысында оларды негізгі ісінен алаңдататын заттар мен әсерлерді болдырмауға тырысу қажет. Зейіннің ішкі алаңдауы көңіл-күй, толғаныс нәтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады. Шәкірт өзінің оқу жұмысымен байыпты әрі тиімді шұғылдануы үшін оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңіл күйзелістерін (ашу, ыза, қорқу ж.т.б.) басып отыру керек. Сонымен бірге оқушыларда алаңдаушынықты кеміту үшін оларда білімге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тәрбиелеп бару өте маңызды қызмет.

Зейіннің шашыраңкылыгы деп адамның ұзақ уақыт аралыгында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз. Шашыраңқылықтың екі турі белгілі: жалған және шын.


3.2 Ес жөнінде түсінік
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тіжірибемізден калған іздерді жалдымызда қалдырып сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайталанып жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.

Сонымен ес - бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерді құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъект жеке басын өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасын жаратады.

Жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міңдетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін?; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?; ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?; естің адам танымына ықпалы қандай?

Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды. Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологы Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буыңдарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқарттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э. Мюллер еңбектерінде жария етілді.

Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы әрекетпен байланыстырылды, ал XIX ғ. аяғы мен XX і басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, еңді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологы Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу зандылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін астырды. XX ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялык зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен шектелген еді.

Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезіңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып ырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды Жоғары сананың туындысы деп танылды. Соңдықтан да естің жоғары формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тәртібінде тіпті қойылмады. (А.Бергсон)

Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі турі екенін алғашқы рет дәлелдеді. ¥лы ғалымның із-басарлары А.А. Смирнов және П.И. Зиянченко естің саналы іс-әректпен байланыстылығы жөніндегі жаңа әрі мәнді заңдарын ашып, жадта қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, үстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.

Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті "материяның жалпы қасиеті" деу-ден аспады. Кейінгі 30 жыл ішіңде гана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту теренде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелдеңді.

Ақырыңда, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен үмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі - біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан алуан П.Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.

Сезімдік әсердщ тікелей, нақтьг ізі Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызда өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.

1. Қолыңызды 4 саусағаңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша ешетініне мән береңіз: қағу токтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, соң жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.

2. Көзіңізді біраз жұма турып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып жұму арасыңда қасқағыда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды.

3. Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оң-ды. солды жүргізесңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.

Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағаңда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық керіністей болмай, оқиғаның қаңдай да бір шағын баламасына сәйкес келеді Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәңді деген 3 4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімді естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.

¥зақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманща жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасыңда айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес жадта сақтау жүйесінің маңызды әрі күрделі турі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі - шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі -материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақытты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

¥зақ мерзімді еске байланысты қиыншылық - бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мэліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес, Солай болса да, сана қорымыздан қажетті дерек дер кезіңде шыға келетініне таңдан-басқа болмайды.

Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойыңдамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәледенгеңдей, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп саңды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миынің есте қалдырып, сактау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді
3.2.1 Ес теориялары

Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты "топталған не тізбектелген" (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске .тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі уақытша жүйке байланыстары тузіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, еккіншісі - олардың ұқсастығынан тұған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншсі - қарама-қарсылық негізделеді (контрастық ассоциациясы), төртіншісі - себеп салдарлы қатынастардан туындайды (каузальдық ассоциация) Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д.Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.

Естің нейроңдық теориясы. Адам миының құпиялылары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол ете құрылымды. Осы күрделі ақ - уызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жұрт жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада сете қалдыру мидің электрлік белсеңділігімен, ягни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолай ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиологи зандарына орай нейрон жеткізген импульстср аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне берілсді Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған Синапс негізінен әр түрде қызмет етеді, бірі - қоздыруды, екіншісі - тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрон белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.

Естің биохимиялық теориясы Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жок па деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклеин қышқылының молекуласымен орыңдалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтыңдықтан, оның өзі немсе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін дегеп болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесіңде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды Бұл келесі сүрақты туыңдатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді.

Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бірі бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құртта алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған. (Д. Мак-Коннел).

Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене молекулаларыңдағы химиялық бірікпелерде таңбаланып (кодталып), организмде еркін қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.


3.2.2 Ес түрлері

Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр турі келесі негізгі үш өлшемге (критерий) сәйкес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес - қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз логикалы болып V бөлінеді; 2) іс-әрекетмақсатына орай ес ырыты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты - қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік (оперативная) естер ажыралады.

Қозғалысты ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес турі басқаларынан гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің қозгалысты есі тіпті шабан. Бұл ес турінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмагаңда, біз қажетті әрекетпен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның әрекетептілігінен, еңбектегі ұқыптылығы мен "бармағынан өнер тамғанынан" керінеді.

Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл-күй (эмоция) есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізде сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқигалардан сақтандырады. Сізбен, қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.

Бейнелі ес - елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дэмге негізделген жад іздері. Ол көру есіту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып белінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кэсіптік қасиеттеріне жатады. Сэйікес түйсіктер сияқты Мұндай ес түрлері іс-әрекетшарттарына орай қарқыңды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңің-көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі ж.т.б.

Сөздік-логакалы (мағыналы) ес мазМұнына біздің ой өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз әр-түрлі тіл формаларымен берілетіндіктен қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазМұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалтқысыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымы мағыналық өңдеуге түспейтін болса, оңда оның өзгеріссіз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.

Сөзді-логикалық, мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Соңдықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес турі адамға ғана тән қажет. Сезді-логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы, негізінен, осы мағыналық еске байланысты.

Іс-әрекет мақсатына байланысты ес - ырықты, ырықсыз бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс - ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.

Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған турмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.

Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне, сыртқы әсерлер іздері бекінгенге дейін өтетін процестерге аударылуда. Қандай да материал есте қалдырылуы үшін, ол субъект тарапынан тиісті дәрежеде өңделіп, игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет яғни сырттан түскен әсерлерді ң басы бірігетін (консолидация следов) уақыт. Бұл процесс - жаңа ғана болып өткен оқиғаның біздің субъекттік санамызда бірден ұмытылмай, онда толғаныс пайда етуі: болып өткен оқиға енді жоқ болса да, біз оның көріністерін елестетеміз, құлағымызда шуы кете қоймайды. Мұңдай процестер тұрақты болмайды, жойылып та кетеді, бірақ тәжірибе топтастыру механизмдерінің қызметінде үлкен роль ойнағандықтан, ол есте қалдыру, бекіту және қайта жаңғырту үшін қажетті естің ерекше формасы ретіңде - қысқа мерзімд ес деп таныған. Бұл ес турі, жоғарыда көрсеткеніміздей, материалды аз уақыт аралығыңда ғана сақтау мүмкіншілігіне.

Нақты қызметтік ес (оперативная память) адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осы екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқан болады. Орындалатын әрекетбөліктерінің көлемі мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса ересек адам, тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкін. Қызметтік естің жоғары деңгей нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығударына байланысты.
3.2.3 Ес процестері

Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді ру. Қолданбай-ақ жадта қалды Бұл - болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекітіп қалуы. Ми қабығыңдағы әр-қандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.

Өмірде кездестіргендердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі заттар, құбылыс тар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, эншейін оқыла салған кітап мазмұны ж.т.б., ал енді олардың әрқайсысының жадталуы бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіктерше орай және әрекетмақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиға жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың он тандамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.

Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білуі керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекет мәнін айқындайды. Осыдан, ырықты есте қалдыру ырықсыз ниеттелмеген есте қалдыруға қарағаңда анағұрлым өнімді келеді.

Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы міндет қойылып оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жалпы міндеттер белгіленумен бірге тұтастай жаттап алу, жеке, арнайы міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой-пікірді есте қалдыру мақсаты турса, екіншіде - сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшінші бірде - деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.

Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен іс-әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, құбылыс тар. Бірақ біздің мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан тыс ырықсыз есте қалдыруға негіз болған әрекетке енбеген нәрселер көбіне ырықты есте қалдырудың болмағанынан ойда қала бермейді. Қалай болғаңда да ескерілетін жәйт: біздің жүйелі білімдеріміздің көбі арнайы әрекет-шаралардың нәтижесінде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниетті әрекеттіңбасты мақсаты - қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай әрекетмнемикалык (мнема ес) әрекетдеп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жанғырту кезінде сол материал шеңберінен ауытқымауы қажет. Мнемикалық әрекеттің таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау - саналы іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.

Механикалық және мағыналык есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай қандай бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет