3.4.1.1 Ерік теориялары
Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбыныс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылыс ын бүгінгі біздің түсінігіміздей, танып білмеген \/ (Г.Л.Тульчинский). Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мүратын ұғымын қолданған. Адамнын қылық-әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидалары. бағынады деп түсінген. Осыдан, Аристотельдің. пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қорытындылардан туындайды. Ал өзінің "Никомахов этикасы" еңбегінде: "дәмдінің бәрін жеу керек" және "бұл алма дәмді" деген пікірлер санада "Бұл алманы жеу керек" деген қорытынды пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді" - деп жазған. Ерік табиғатына болған Мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш.Н.Чхарташвили мақсат пен саналы тану (осознание) интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзііідік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір "ерік" терминін еңдірудің қажеті жоқ екенін дөлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис жыншайтан қуу үрдісінен аңдауға болады, Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бас-тама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын үяң ретінде бағаланған.Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер туріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Осы күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге дейін) танудан адамның "шын" қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады-мыс.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол заманда қалыптаскан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыруға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер (шаман), от пен металды бағындырған - темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы-қанішер ж.т.б.
Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (возвраждение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқұларын мойындаудан болар. Осыдан адам шыгармашылыққа қабілетті, "тіпті кателер жіберуге де бейім" дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық кісілік кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация) нәтижесінде экзистенциализм немесе "тіршілік философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М.Хайдегтер, К. Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю ж.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі-қоғамдық байланыстар мен қатынастардан әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный) адам. "Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның өмірі мағанасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзі — "пайдасыз құмарлық". Мұңдай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол, адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П.Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдык мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен (спонтанный) туындайтьш, себепсіз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекеті. Ерік бостандыгын асыра мадақтаудан экзистенциалистср адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездойсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір-ақ түсірді.
Қылық иесі адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті турде қаңдай да басқа,ұнаған кұндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әрекеті екінші бір қырсырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін араққорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктің шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қо-ғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да үйымдасу негізіис ие өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тутатын қырлары мен ғұрыптары баршылық.
Осыған байланысты түсініктеме берген И.П.Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді женуде көрінетін әрекетшеңдік -"еркіндік инстинкті (рефлексі) деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мэңділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И.П.Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ қедергіден өте алмай, өлімге душар болар едГ Ал адам үшін Мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік инстинкті болған ерік Г.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталаңдырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде "ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат (энергия)" деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формата келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тужырымдамен, Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» "мәдениеттестірілтен" алғашқы көрінісі (әрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екенін түсіндіріп бақты.
З.Фрейд болжамдары оның шәкірттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лорец ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш (агрессив) болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер турінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырықка келмейтін қарақшылық әрекеттермен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К.Г.Юнг үшін бұл әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А.Адлер әкімшілікк пен әлеуметтік билікке талпыныс; ал К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі.
Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің З.Фрейд және шәкірттері қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін адам әрекеттерінің көзі қажеттіктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз "тіршілігін сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзінің биологиялық болмысы, ягни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық ж.т.6., бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
Ерік бостандығы - табиғат пен .қоғамның жалпыдан заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып,өз әрекетін соларға сай реттеле білуі.
3.4.2 Сезім жөнінде түсінік
Қоршаған ортада кезіккеңдердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім турі сан-аулан. Төніректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз ж.т.е. Өмір жағдайлары мен турмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: екініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен жеркену -Мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және, құбылыс тарымен жасауынан туындаған арқылы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін кіректі де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір өшкен өмір. Ұлы ғұлама А.Науаи "Сезімсіз адам кесек, махаббатсыз адам — есек" - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қаңдай да себептермен болмай калса, адам "эмоциялық ашырқауға" келіп, оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, өсерлі фильмдер көріп не қымқиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХУШ-ХІХ ғасырларда бұл сүрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен нителлектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыс тардан деген тужырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезімелестер арасындағы байланыстарға сай қарамақайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекетқылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, оның тужырымдары эклектикті, яғни әр-түрлі психолгиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген не" атты мақаласынан басталады У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүректолғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туыңдайтын адам әсерлерінің бәрі - эмоциялық күйді танытады. "Біздің қайғыруымыз жылағанымыздан қоркуымыз қалтырауымыздан;
Қуанғанымыз күлгенімізден" (У.Джемс). Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыл эмоциялардың ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемесі. беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады
Джемс-Ланге тужырымы бірқанша қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У.Кеннон: әр-түрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұ_қсас, сондықтан олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне сай кем, бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын издейді ал болғар - шайқайды; африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкіретін көрінеді, ал қазаққа бүйтіп көр. Сонымен бірге, адамның әдейі істеген жасанды әрекетгері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай "молдамыз" шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай күліп жіберетініміз осыдан.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұңдай түсінік Ч Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әректтердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардын кейбірі өткен эволюциялық дамудын бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы (рудимент). Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға қауіп қатер төнгенде ағаш бүтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияның Э.Клапаред жалғастырды. Ол "қандай да бір сезімнің туындауы - адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан (адаптация). Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді" - деп жазады. Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғаттын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л.Фестингердің сана үйлеісіздігі (когнитивный диссонанс) теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі пхологиялық қарсы екі пайым ортасында тандау өте алмай, күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы "білімдер"үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттіңнақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сөйкес келес, адамда жағымды сезім туады. Ақыл-ой үйлемсімсіздігінен құтылудың екі жолы бар: 1) өз ниетіңді шындыққа сэйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай әрекеттіңжаңа жолдарын іздестіру. Сонымен, когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырады.
3.4.2.1 Сезім ерекшеліктері
Адам сезімі дара тұлғалық қасиет
Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылыс қа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Аш адам мен тоқ адамның бір тағамға болған ер түрлі қатынасы осыдан. Еске түскен заттар не оқиғалардың да бағамының бірдей болмауы да осы себеппен түсіндіріледі: әдетте, қуанышты жағдайларда араласқан объекттер (адам, зат, оқиға) жылы сезіммен еске алынады. Әрқандай сезім жске тулғаның мәнді сипатын білдіреді.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан, ол жөніңдегі акдарат көзі де болы табылады. Бұл турғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам сезімнің субъектив элементін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъект қажеттігі және сол қажеттікті қанағаттандыруга бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі - қажет заттардың объектив мазмұны жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыруға әрекетінің сеп-турткісіне (мотив) айналдырушы сезімдер. Мүңдай толғаныстарды пайда болуы үшін аса қажет қажетенуі және оған сай заттар қолда болуы керек. Кеңіл-күй әсері қажеттікпен үйлесе келе, іс-әрекеттіңбастауын береді. ынталаңдырады және бағыт бағдарлы жетекшісіне айіы Осылайша, Мұндай сезімдер іс-әрекетпен сәйкестікке (релевантны). Бұл эмоциялар психологияда жетекші аталған (В.К.Вилюнас).
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекетізімен дайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орында тиімді не кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза), жеп нәтижелерге (қуанышы, өкініш) немесе қальштасқан мүмкін болар ситуацияларға (қатерлену, сенімді (субъект қатынасын сипаттайды. Мұндай сезім толғаныстар жетекші ниеттерге негізделгенінен әдейі немесе ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жете алды шыққан кедергі бір түрлі сезім туыңдатса, енді кедергі жаудан құтылуда пайдалы болуымен екінші бір пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға, сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мән алады.
Сонымен, сезім екі себептен пайда болады, бірінші Адамның объектке қатынасын айқындайтын қажетті екіншісі - адамның осы нысанның тиісті қасиеттерін түсі оны санада бейнелеу қабілеті. Объектив және субъектт жағдайлардың езара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға беруімен қатар жеке эмоция көзқарасынын себептері ашылады.
Сезімдердің өзіңдік ерекшелігі олардыц қарама қарсылықтары (полярлы) сипатынан көрінеді. Мұндай сипаттама қарапайым әсерленуге де (рахаттану-қысылу), сондай күрделі толғаныстарға да (ұнату-жеккөру, қуаныш, көңілді қайғылы, т.б.) тән.
Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат олардың інімді (интегралды) келуі. Сезім бүкіл денені билеп, адамға ерекше әсерге бөлейді. Барша дене қызметтерінің бір сәтте біріктірумен (интегрировать) сезім өздігінен пайдалы не зиян әесердің хабаршы қызметін парады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дененің жауап айқындалмай жатып та санаға жетуі мүмкін.
Сезімдердің және бір маңызды ерекшелігі олардың тіршілік әрекеттермен тікелей байланыста болуы. Ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өзгеріске түседі: айналымы, дем алыс, ас қорыту, ішкі және сыртқы әрекция бездері. Шектен тыс ұзақ уақыт және қарқыңды көңіл-күй толғаныстары организмді сырқаттандықтырады: қорқыныш жүрек ауруларына соқтырып, бауырды, жабырқау мен асқазаңды бұзады И Аствацатуров). Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әр-түрлі қиындықтарда, әр-түрлі кезендерде мән-мағынасы мен көріну ауыстырып отырған. Қоғам дамуымен сезімдер де барады. Түрлі дэуірде өмір сүрген адамдардың ұқсас бір текті заттың өзіне жасаған қатынасы бірін бірі таламайды. Сезім ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элементтердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл желісінде, бір жағынан - бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу әрбір шынына жету сену, екінші жағынан - әр-түрлі толғаныстар түйдегіне ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Ісірша сезімдер жүйесінің өлшемі бірі біріне қайшы келген бағытта беріледі (В.Вундт): сүйсіну-жеркену, көңілдену-мүңаю, т.б. Егер сүйсіну не жеккөру сезімі көп жағдайда заттың өзіндік ерекшеліктеріне, олардың адам өміріндегі маңызына немесе нақты бір ситуация мәніне орай туындаса, одан алатын көз дәрежесі сол сезімнің өзімен шарттас келеді. Мысалы, қаһар-дүлей қызбалық формасында көрініс берсе, керсінше, қанағаттану - адамның сабырлы, байсалды күйінен иілінеді. Көп түрлілігі мен күрделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз ''озіміңді суреттеп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмауда байқалады: қолданған сөздердің мәні бұлыңғыр, көңіл-күй қошына сөйкес болмай шығады.
3.4.2.2 Сезім қызметтері
Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды.
Сезімнің бейнелеу қызметі оқиғаларға жалпыл баға беруде көрінеді. Көңіл-күйдің бүкіл ағзаны билейтін сезім арқылы біз қандай да әсердің пайдалы не зиянды оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей турі байқап, жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы, кесіп, өтіп бара жатқан жолаушы кешедегі көлік қозғалыс барластырумен әр-түрлі деңгейдегі қорқыныш сезімінде мүмкін. Оқиғалардың эмоционалдық бағамы адамнын толғаныс қабілетінің негізінде берілуі ықтимал, бірақ сезімдік нәтиже көбіне өнер туындыратын мен көпии ақпарат құралдары т.б. арқылы басқа адамдармен қатынасын жасау барысындағы көңіл-күй ортақтастығынан қалыпынды. Сезімнің бейнелеу қызметіне орай адам қоршаған бағыт-бағдар топшылайды, заттар мен құбылыс қажеттігіне қарай баға береді. Бұл турғыдан сезім ақпараты алды немесе хабар жеткізу міндетін атқарады. Денеде болған күйзеліс не қөңіл-күй жайсыздығы қажеттіктерінің қалайынша қанағаттандырылып жатқызатын кедергілердің сипаты туралы, ең алдымен неге аударылуы қажет екендігі жөнінде субъектке жеткізеді.
Сезімнің ақпараттық не бейнелеу мүмкіндігі ниет немесе ынталандыру қызметімен тікелей байланыс Мысалы, жолаушы алдына жақындап қалған транспортағы қауіп төнгенінен, қадам жедедете түседі. Затқа не одан бағытталған құмарлық, тілек, ұмтылысэмоцияның тән, одан ажыралмас, бірлікті құбылыс тар СЛ. Рубинште Алда турған мәселенің шешілу жолына бағыт беретін де сезімдер. Эмоционалды толғаныс мазмұнында қажетті қанағаттандырылуы үшін керек заттың бейнесі көріп содан заттың өзіне деген әуесқойлық пайда болып, ол кезегінде адамды әрекетті орындауга ниеттелсе ынталандырады. Оқу процесіне тікелей қатысына байланысты куаттау, колайлы кызметін де атқарады. Көңіл-күйге себеші болған оқиғалар оқушы сана-сында қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не иттсіздік сезімдері баланың оқуға болған ынтасына күш, куатын беріп не оны тіпті өшіріп жіберуі мүмкін.
Белгілі сәтте маңыздылау қажеттікті таңдау барща сол қажеттілікке негіз болар кеп сеп турткілердің туындайды. Осы жағдайда сезімнің ауысу қызметі қосымша, эмоция адамды қаңдай да талғамға бағайды. Мысалы, адам өзінің тума жан сақтау ниеті мен қабылданған әлеуметтік талаптар арасыцдағы қарама-қарсылықты жеңе алмай, күйзеліске түсетіні белгілі, қандай да әрекетті істейін десе өз тіршілігіне зиян, итемесе ұят, көпшіліктің сынына үшырайды. Осындай корқыныш және борыш, қорқыныш және ұят тайталасында сезім, оның өз талғам-талабына сай келу, келмеуін шатастырумен адам коздеген іс-әрекетін сол сәттегі қажетті арнаға ауыстырады. Жоғары аталған сезім қызметімен сыбайлас эмоцияның икемдесу қызметін да атап откен жөн. Ч.Дар-виннің иікірінше, сезімдер тіршілік иелерінің өз қажеттігіне орай келген жағдайларды анықтау құралы ретінде пайда болған. Дер кезіңде организмде пайда болған эмоциядан жануар іс қоршаған ортаға икемделу мүмкіндігіне қелген. Сезімнің коммуникативтіқ (ақпарат алмасу) қызметі де адам өмірінде үлкен маңызға ие. Ым-ишара, дене козғалыстары сезімдік белгі ретіңде адамнын ен толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыс тары жөніндегі өз қатынасталгамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізетіні Ол ымшара, қасқабақ қимылдары, дене қалпы, үн ырғағы - бәрі де сезім "тілі" болуымен, адам ойынан гөрі, оның көңіл-күй кейпін айқындау танытады. Зерттеулер дәлелденгеңдей, сезімдердің бәрі бірдей анық таныла бермейді. Мысалы, өте айқын білінетін - үрей (сыналғандардың - 57%), одан кейін - жеркеніш (48%), соңтаңдану (34%). Коммуникативтік қызмет аймағыңда сезім арқылы адам өзін қоршаған сыртқы ортаға не ішкі жан дүниесіне ықпал жасау қабілетіне ие. Мысалы, әлі есейе қоймаған сәби шатқаяқтап жъшауымен ата-анасын өз дегеніне көндіретінін сезе қояды да, бұдан былай осы әдісті жиі қолданып, мүлдесіне жетуді әдетке айналдырады.
3.4.2.3 Сезім негіздері
Сезімдер организмде жүріп жататын ерекше процестермен байланысқан. Бұл процестердің көзі негізі сыртқы дүние езгерістерінде, дегенмен, олар бүкіл дет әрекст-қимылына есер етеді. Осыдан, мысалы, көңіл-күіі қандай да күйзеліске келсе, қан айналымы езгереді, жүре соғуы шапшавдайды не бәсендейді, қан қысымы ауы-сиды, қан тамырларының күш-қуаты (тонус) артады не кемиді ж.т.б. Нетижеде, бір жан толғанысынан адам қы-зар;іды, скіншісінен - бозарады. Сезімдік омірдің барша езгерістсрии оте нөзік - адамның жүрек ағзасы. Халық ауызында кон жағдайға байланысты "жүрегім қатты со-ғып тур", "жүре шыдамайды", "жүрегім орнына түсті" ж.т.б. сөз тіркестеріпіи жиі қолданылатыны осыдан. Дсне мүшелерінің қайсысындағы болмашы өзгеріс жүрекке әсерін тигізі өтпейді (ас қорыту, тыныс алу, бездер жүйесіндегі т.б.).
Алайда, адам организмінің құрынымы симпатикалы жүйке жүйесінін қызметіне тәуелді. Осы жүйенің қозуы бүйректен адреналин сүйықтығы бөлінеді. Адреналин ағзалары әрекетіне өзгеріс ендіріп, оларды шектен тыс тип қуатын жұмсауға дайындайды: қауіп-қатер төнгенде бүліген еттерге қан жеткізу күшейеді, ас қорыту ағзалары жұмысы бәсеңдейді, ішкі органдардан қан сыртқа тебеді. Бұлшықетттерге қарқынды әрекетке келуі үшін көп мөлшерде кант жеткізіледі, себебі қант бұлшық қуатының негізі.
Сезімдердің пайда болуы мен қалыптасуында үлкен ми жарымшарлар қабығы маңызды қызмет атқарады. Ми қабығы эмоция желісі мен көрінісін реттеп, денедегі барлық құбылыстарды өз бақылауына алады, қабық асты орталықтарын тежеумен, оларға басшылық етеді.
Егер ми қабығында шектен тыс қоза түссе (шаршағанда, ішкіліктен, ж.т.б.) қабықтан төмен жайғасқан мп бөліктері ырықсыз әрекетке келіп, адам озінің әдеттем үстамдылығынан айрылады. Үлкен ми жарымшарлары алынған жануар болмашы себептен күшті әрі тұракты эмоционалды күйзелісте болады. Ал кең жайылған тежелуге тап ксло Мұндай жануа^ сылбыр халге түседі, оның әрекетқылы әлсірейді, жүрек, қан тамыр жұмыстары мен тыныс алуы бөсендейді. ми қабығында ала отырып, төмендегі қабық асты орталықтарына тарайды. Эксперименттер кезінде мидің кейбір аймақтарын қоздырса, жағымды эмоция туып, жануар ол өсердің қайталанғанын қалау сыңайын танытқан. Бұл ми рахаттану орталыш аталған. Ал екінші бір миймағына есер түскенде, жануар тыныш-сызданып, қиналған күй көрсеткен, осыдан мүңдай жүйке жүйесі қиналу аталған. Осы күнде мидың сол жарым шарында жағымды эмоциялар туындап, ал оң жарым шарында жайсыз есзімдер өріс алатыны дөлелденіп отыр.
Адамның эмоционалдық өміріне қуат беруші жүйке -артикулярлы формация деп аталады. Әртүрлі сезім заларынан жүйке ықпалдарын ала отырып, ретикулярлы (формация оларды ендеп, бас миын үлкен жарым арларына жеткізеді. Қуат жинақтағышы ретінде бұл жүйке ми белсенділігің. көтереді не төмендетеді, сыртқы гітіркендіргіштерге жауап әрекеттерд босаңсытады не іркіп парады. Адамның сезімдік болмысында екінші сигналдық жүйенің маңызы үлкен. Толғаныс тек сыртқы әсерлерден туындап қоймайды, ол үшін сөз бен ойдың ықпалы күшті. Осыцан, адам кітап оқудан не ақпарат естуден белгілі імоциялық күйге түседі. Жоғары, адами сезімдердің - интелектуалды, моральдық, эстетикалық-физиологиялық негізі осы екінші сигнал жүйесінде.
Екінші сигналдық жүйенің бірінші сигналдық жуйемен біртұтастық байланысынан адам өз сезімдері мен олардың қоғамға сай тысқы көріністерін саналы реттеп отырады. Басқа тулғалардьщ сезімдік кейпін олардың мөнерлі фазағалыс-қимылдарынан, ымшарасынан, мойынбас бүруынан ж.т.б. айқын тануға болады. Әрбір сезімнің өзіне сай .ірекет турі бар. Мысалы, қорыққанда көз аларады, діріл пайда болып, бет бозарады, ал қуаныш жанар жарқылынан, ост қызаруы мен әрекеттер жеделдеуінен білінеді.
Сезім, өрине, біздің тек ойымыз ғана емес, сол ойға олған қатынасымызды да білдіретін созіміз бен сөйлеу мәнерімізде анық көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |