"Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсы туралы" 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы



жүктеу 108.78 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі108.78 Kb.
"Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсы туралы" 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы

  • A

  • A

  • A

 

      Қазақстанның жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiк принциптерiн қалыптастыру мен iлгерлету және оларды осы саладағы ең үздiк тәрбиенi енгiзуге ынталандыру мақсатында қаулы етемiн:


      1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсын белгiленсiн.
      2. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөнiндегi комиссия құрылсын.
      3. Қоса берiлiп отырған:
      1) Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсын өткiзудiң ережелерi ;
      2) Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Қазақстан Республикасы  


Президентiнiң      
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 523 Жарлығымен    
бекiтiлген       

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi
"Парыз" конкурсын өткiзудiң ережелерi

1. Жалпы ережелер

      1. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсы (бұдан әрi - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрi жақсарту үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қоғам алдындағы өзiнiң корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгiн қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.


      Конкурсты өткiзудiң мақсаттары:
      1) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн өз қызметкерлерi үшiн, сол секiлдi тұтас алғанда қоғам үшiн де әлеуметтiк мәселелердi шешуге ынталандыру;
      2) осы саладағы қолда бар оң тәжiрибенi көрсету және кеңiнен тарату.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi (бұдан әрi - үмiткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өткiзiледi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Жарлығымен.

      2. Конкурстың жеңiмпаздарын анықтау жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) шешiмi негiзiнде конкурс лауреаттары атақтары жыл сайын үш санатта:


      1) шағын кәсiпкерлiк субъектiсi;
      2) орта кәсiпкерлiк субъектiсi;
      3) iрi кәсiпкерлiк субъектiсi бойынша берiледi.

      3. Үмiткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсi қызметкерлерiнiң әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерiнiң корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгiн растайтын әлеуметтiк бағдарламаларын ұсынуға тиiс.


      Бағдарламалар мен олардың жобаларына үмiткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергiлiктi атқарушы органдармен әрiптестiкте жүзеге асыратын және әлеуметтiк салада оң өзгерiстерге қол жеткiзуге бағытталған iс-шаралар кiредi.
      Әлеуметтiк жауапкершiлiк бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыруға тиiс.

2. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi
жөнiндегi "Парыз" конкурсын өткiзудiң тәртiбi

      РҚАО-ның ескертпесi!


      4-тармақ өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Президентiнiң 2010.07.16 1029 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Жарлығымен.
      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсiподақтар федерациясы - конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрi - ұйымдастырушылар) болып табылады.

      5. Конкурстың лауреаты атағына үмiткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес рәсiмдейдi және ұйымдастырушыларға ұсынады.

      6. Үмiткерлерге қойылатын талаптар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтiк және қайырымдылық қызметтi жүзеге асыру;
      2) әлеуметтiк және қайырымдылық қызмет саяси, кәсiподақ және дiни ұйымдарды қолдауға бағытталмауға тиiс.

      7. Ұйымдастырушылар:


      1) барлық үмiткерлер үшiн тең шарттарды;
      2) коммерциялық құпияны бiлдiретiн ақпараттың құпиялылығын;
      3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелерi туралы мәлiметтердiң жария етiлмеуiн қамтамасыз етедi.

      8. Конкурсты өткiзу мерзiмдерi:


      қаңтар - конкурстың басталуы туралы хабарлау;
      жыл сайын 1 желтоқсанға дейiн - өтiнiмдер қабылдау.
      желтоқсан - қорытындылар шығару, жеңiмпаздарды марапаттау.

      9. Материалдар қарау үшiн конкурс ұйымдастырушыларына қағаз және электронды жеткiзгiштерде ұсынылады.

      10. Конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бiр данада ұсынады, оларда:
      1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;
      2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады;
      Үмiткердiң есебiнде:
      заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
      ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
      3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiлеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиiс.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Жарлығымен.

      11. Үмiткердiң мүмкiндiктерi мен қызмет нәтижелерiн сипаттайтын өлшемдердi конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.

      12. Ұйымдастырушылар үмiткерлердiң материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады.

      13. Комиссия ұсынылған материалдардың негiзiнде жеңiмпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешiм қабылдайды:


      1) "Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын".
      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, еңбектi қорғауды, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады;
      2) "Жылдың үздiк әлеуметтiк жобасы".
      Бұл номинацияда тұтас алғанда қоғамның және атап айтқанда өз ұйымы қызметкерлерiнiң әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады;
      3) "Үздiк ұжымдық шарт".
      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Жарлығымен.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      13-тармақты 4) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Президентiнiң 2010.07.16 1029 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Жарлығымен.

      13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтiк әлеуметтiк және экологиялық жауапкершiлiк қағидаттарын iске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткiзген үмiткерге берiледi.

      14. Конкурс лауреаттарына тиiстi диплом, эмблема және айрықшалық белгiсi (мүсiнше) берiледi.

      15. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсiмi жыл сайын, салтанатты жағдайда өткiзiледi.

      16. Лауреаттар тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      17. Конкурс лауреаттары бұл атақ берiлгеннен кейiн екi жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын иеленедi. Белгiлi бiр номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейiн екi жыл iшiнде оны алуға қайталап ұсынуға жол берiлмейдi.

      Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 523 Жарлығымен  
бекiтiлген     

Бизнестiң әлеуметтiк 


жауапкершiлiгi жөнiндегi
"Парыз" конкурсын өткiзу
ережелерiне     
ҚОСЫМША      

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Жарлығымен.



Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi
«Парыз» конкурсына қатысушының
өтiнiмi
Тiркеу нөмiрi ____________

1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы ______________________________________


Тiркеу орны бойынша мекенжайы _______________________________________
Орналасу орны бойынша мекенжайы _____________________________________
2. Ұйымның басшысы __________________________________________________
                              (тегi, аты, әкесiнiң аты)
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы
және факс нөмiрi) ___________________________________________________
4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз):
   Жылдың үздiк әлеуметтiк жобасы;
   Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын;
   Үздiк ұжымдық шарт;
   Экологияға қосқан үлесi үшiн.
5. Iрi, орта, шағын кәсiпкерлiк субъектiсi (астын сызыңыз)
6. Сала _______________________________________________________
7. Қызметкерлерiнiң саны ______________________________________
8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметi туралы қысқаша сипаттама (немен
   айналысады) ______________________________________________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары __________________________
10. Өтiнiмге сауалнама тiркелген және қосымша _______ парақта
11. Ұсынған материалдар мен көрсеткiштер дұрыс

      Қолы


      Мөрi
      Күнi

Қазақстан Республикасы  


Президентiнiң      
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 523 Жарлығымен    
бекiтiлген       

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi
"Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру
жөнiндегi комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) орталық мемлекеттiк органдардың, қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң басшылары қатарынан құрылады.


      Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.



2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

      3. Комиссияның мiндеттерi:


      1) бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үмiткерлердiң (бұдан әрi - үмiткерлер) материалдарын қарау;
      2) үмiткерлердi бағалауды жүргiзу және iрiктеу;
      3) конкурстың жеңiмпаздарын (бұдан әрi - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.

      4. Комиссияның:


      1) мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға;
      2) Комиссия мiндеттерiн iске асыруға қажеттi қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы;
      3) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруға қажеттi өзге де құқықтары бар.

3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссия құрамына:


      1) Комиссияның төрағасы;
      2) Комиссия төрағасының орынбасары;
      3) Комиссияның хатшысы;
      4) Комиссияның мүшелерi кiредi.

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. Конкурста көзделген эмблеманы, диплом мен айрықшалық белгiсiн (мүсiнше) Комиссияның төрағасы бекiтедi.

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерiнiң қарауына ұсынады.

      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.


      Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар:
      1) конкурстар өткiзудiң мерзiмдерi мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету;
      2) конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлерден келiп түскен материалдарды қабылдау және алдын ала қарау;
      3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
      4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсiмiн ұйымдастыру;
      5) конкурс лауреаттарының тәжiрибесiн таратуға жәрдемдесу жүктеледi.

      9. Комиссия конкурсты ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi тиiстi жылға арналған iс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекiтедi.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледi.

      11. Лауреаттар атақтарын беру туралы шешiмдi Комиссия ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және ол үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Шешiм отырыс хаттамасымен ресiмделедi және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды.


      Комиссияның шешiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрi оларды үмiткердi бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келiсiмiнсiз пайдалануға болмайды.

      13. Комиссияның қызметiн тоқтату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы


Президентiнiң    
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 523 Жарлығымен  
БЕКIТIЛГЕН     

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы


Президентiнiң 2008.09.22 N 659 , 2008.11.19 N 694 , 2009.05.22
N 815 , 2009.07.16. N 850 , 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 4-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi
"Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын
беру жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ

Мусин                             - Қазақстан Республикасы Президентi


Аслан Есболайұлы                    Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға

Әбдiқалықова                      - Қазақстан Республикасының Еңбек


Гүлшара Наушақызы                   және халықты әлеуметтiк қорғау
                                    министрi, төрағаның орынбасары,

Сарбасов                          - Қазақстан Республикасы Еңбек


Ақмәди Әдiлұлы                      және халықты әлеуметтiк
                                    қорғау министрлiгiнiң
                                    департамент директоры, комиссия
                                    хатшысы

                      Комиссия мүшелерi:

Құсайынов                         - Қазақстан Республикасының Көлiк
Әбiлғазы Қалиақпарұлы               және коммуникация министрi

Баталов                           - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының


Райымбек Әнуарұлы                   президентi (келiсiм бойынша)

Бижанов                           - Қазақстан Республикасы Парламентi


Ақан Құсайынұлы                     Сенатының Әлеуметтiк-мәдени даму
                                    комитетiнiң төрағасы (келiсiм
                                    бойынша)

Күрiшбаев                         - Қазақстан Республикасы


Ақылбек Қажығұлұлы                  Ауыл шаруашылығы министрi

Мұқашев                           - Қазақстан Республикасы


Сиязбек Өнербекұлы                  Кәсiподақтар федерациясының
                                    төрағасы (келiсiм бойынша)

Мыңбаев Сауат                     - Қазақстан Республикасының Мұнай


Мұхаметбайұлы                       және газ министрi

Исекешев                          - Қазақстан Республикасы


Әсет Өрентайұлы                     Премьер-Министрiнiң орынбасары -
                                    Қазақстан Республикасының
                                    Индустрия және жаңа технологиялар
                                    министрi 

Перуашев                          - "Атамекен" одағы" ұлттық


Азат Тұрлыбекұлы                    экономикалық палатасының төрағасы
                                    (келiсiм бойынша)

Радостовец                        - Қазақстанның тауар өндiрушiлерi


Николай Владимирович                мен экспорттаушылары одағының
                                    президентi (келiсiм бойынша)

Нүкетаева                         - Қазақстан Республикасы Парламентi


Динар Жүсiпәлiқызы                  Мәжiлiсiнiң Әлеуметтiк-мәдени
                                    даму комитетiнiң төрайымы
                                    (келiсiм бойынша)

Әшiмов                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған


Нұрғали Сәдуақасұлы      ортаны қорғау министрi,

Құл-Мұхаммед           - Қазақстан Республикасының Мәдениет


Мұхтар Абрарұлы          министрi


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет