Автомобиль жолдары туралы


-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары



бет19/24
Дата07.02.2024
өлшемі77.91 Kb.
#491293
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Автомобиль жолдары ҚР Заңы

19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жобалау-сметалық құжаттаманың, осы Заңның, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргiзу әдiстерiн және механикаландыру құралдарын таңдау кезiнде тиiстi санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi нормаларын сақтау қажеттiгi ескерiлгенi жөн.
Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жасыл екпелердi сақтау немесе оларды қалпына келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауiпсiздiгi қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргiзiлетiн орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргiзу кезiнде ұдайы тексерiлуге тиiс.
4. Жер төсемiн тұрақтандыру мерзiмi құрылыстың белгiленген мерзiмiнен едәуiр асып кететiн күрделi инженерлiк-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етiледi.
5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгiленедi.
Ескерту. 19-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Жолдардың жай-күйi Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және көліктік-пайдалану жүктемесі деңгейiне сәйкес келуге тиiс.
Жол жиегiндегi белдеулердiң енi жолдың осы түрi үшiн белгiленген нормалардан кем болмауға тиiс.
Ақпараттық нұсқағыштар мен белгiлер жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Жолдардың құрамы өңiрдiң климаттық ерекшелiктерi мен көлiктiк-пайдалану жүктемесiн ескере отырып, оларды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Автомобиль жолдарының және елдi мекендер көшелерiнiң жүргiншiлер бөлiгi, жаяу жүргiншiлер мен велосипед жолдары тротуарларының, отырғызу алаңдарының, аялдама пункттерiнiң жабыны, сондай-ақ бөлу жолақтарының, жол жиектерiнің және жер төсемі еңістерінің беті Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін жағдайда болуға тиiс.
Жол жамылғыларында есептiк жылдамдықты және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi беткi қабат болуы керек.
Жүргiншi бөлiктiң жамылғысында отырып қалған жерлер, ой-шұңқырлар, көлiк құралдары қозғалысын қиындататын өзге де ақаулары болмауға тиiс.
Қыс кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн және оны тиiстi шаралар қабылдау арқылы ұйымдастыру барынша қамтамасыз етiлуi қажет.
3. Жол-көлiк оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргiзу орындарындағы көлiк құралдары кiдiрiстерiнiң алдын алу үшiн жұмыстарды жүргiзетiн орындарда қоршау қондырғыларын, белгiлер және таңбалар орнату көзделуi, сонымен бiрге олардың тәулiктiң кез келген уақытында көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлуi керек.
Жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгiлер, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелерi, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелерi) тәулiктiң кез келген уақытында жақсы көрiнiп тұруға және ажырататындай болуға тиiс.
4. Жол қозғалысы, жолға күтiм жасау және оны ұстау салдарынан болған шу, дiрiл және ауа мен судың ластану деңгейiн автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгiленген талаптар негiзiнде тиiстi шаралармен шектеп отырған жөн.
Ескерту. 19-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет