Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекiту туралы


Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауын ұйымдастыру  шарттарын жасасу, орындау және бұзу



бет4/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#130624
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауын ұйымдастыру  шарттарын жасасу, орындау және бұзу

      167. Хаттаманың негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар күнтiзбелiк 10 күннен кешiктiрмей Конкурстың жеңiмпазымен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасады. Шарт кемiнде үш жыл мерзiмге жасалады (қолданылып жүрген маршруттар бойынша қосымша қозғалыс кестелерiне қызмет көрсету құқығы жөнiндегi шарттарды қоспағанда).


      Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шарты Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгi шарты негiзiнде жасалады.
      168. Шарт жасасқан Конкурс жеңiмпазына маршрутта жұмыс iстеу құқығын растайтын Жолаушылар мен багажды республикаiшiлiк автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк (бұдан әрi - Куәлiк) берiледi (Шартты қолданудың барлық мерзiмiне). Көрсетiлген тасымалдауды Куәлiксiз жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
      169. Жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық тасымалдауына Шартты жасасқан және Куәлiктi бергеннен кейiн жергiлiктi атқарушы органдар 5 жұмыс күннен кешiктiрмей автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға Куәлiктiң және тасымалдаушы мен тиiстi жергiлiктi атқарушы орган арасында жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруға жасасылған Шарттың көшiрмелерiн бередi.
      170. Куәлiктi облыстың (қаланың, ауданның) жергiлiктi атқарушы органдары осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес типографиялық тәсiлмен дайындайды, ол кемiнде 3 қорғаныш дәрежесi бар және қатаң есептiлiк бланкi болып табылады.
      171. Куәлiктер тасымалдаушыға, маршрутта пайдаланылатын автокөлiк құралдарының тиiстi санына сәйкес келетiн мөлшерде берiледi және тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автобустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерiнде болады.
      172. Республикаiшiлiк маршруттарға маршрутта қолданатын автобустарды (шағын автобустарды), соның iшiнде резервтi жылжымалы құрамды көрсете отырып, Куәлiктер тасымалдаушыға, маршрутта тiкелей пайдаланылатын автокөлiк құралдарының тиiстi санына сәйкес мөлшерде берiледi және тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автобустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерiнде болады.
      Куәлiктiң қосымшасына өзгерiстер енгiзуге тасымалдаушы негiзделген өтiнiш бергенде және маршруттағы тасымал сапасын төмендетпеу шартымен жол берiледi.
      173. Маршрутта (маршруттарда) жұмыс iстеу құқығын үшiншi тарапқа беруге рұқсат етiлмейдi.
      174. Осы маршрутта паритеттi тасымалдаушы (тасымалдаушылар) бар кезiнде жергiлiктi атқарушы орган анықтаған тасымалдаушылар барлық тасымалдаушылар арасында бiрлескен қызмет туралы шарт жасайды.
      Рұқсат құжаттары берiлген күннен кейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органға осы Қағидаға сәйкес (қалалықтан (ауылдықтан) басқа) тасымалдаушы мен автовокзалдар, автостанциялар әкiмшiлiгi жасаған шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.
      175. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шартының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей осы шарт бойынша қызмет көрсетiлетiн маршруттарға жаңа Конкурс жариялайды. Тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органға осы шарт бойынша қолданысын тоқтатқан Куәлiктердi бередi.
      176. Тасымалдаушының бастамасы бойынша бiр жақты тәртiппен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шарты бұзылған жағдайда, соңғысы жергiлiктi атқарушы органдарды күнтiзбелiк 45 күннен кешiктiрмей ол туралы хабардар етедi.
      177. Шартты мерзiмнен бұрын бұзған жағдайда конкурстардың ұйымдастырушысы осы Қағидада белгiленген мерзiмдерде және шарттар бойынша жаңа конкурс өткiзгенге дейiн маршруттарға үздiксiз қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшiн 80 % артық тасымалдауды орындау жиiлiгiмен басқа маршруттарда тасымалдау тәжiрибесi оң болған басқа тасымалдаушыны белгiлеуге құқылы.
      178. Тасымалдаушының шарттың елеулi талаптарын бұзғаны себебiнен конкурстың ұйымдастырушысы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, тасымалдаушы шартты бұзған күнiнен бастап алты ай бойы конкурстарға қатысуға рұқсат етiлмейдi.
      Конкурс ұйымдастырушы мерзiмнен бұрын шартты бұзуын алып келетiн шарттың елеулi талаптарын бұзғаны болып мыналар табылады:
      төмен жиiлiлiк (айына жетпiс пайыздан аз);
      тасымалдаушының (тасымалдаушы жүргiзушiсiнiң) кiнәсi бойынша адам өлiмiне соқтырған жол-көлiк оқиғаларының болуы;
      шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн автобустарды маршрутта бiрнеше рет пайдалану;
      маршрутта (маршруттарда) жұмыс iстеу құқығын үшiншi тарапқа беру.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмде ақпараттың дұрыс емес ұсыну фактiсi анықталған жағдайда Шарт мерзiмнен бұрын бұзылады.
      179. Тасымалдаушының шарттың елеулi жағдайларын орындамауы себебiнен конкурстың ұйымдастырушысы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғанда немесе конкурс өткiзгенде бiр пакетке қосылған маршруттардың бiреуiне қызмет көрсетуден тасымалдаушы бас тартқанда, тасымалдаушы осы пакеттегi барлық маршруттарға қызмет көрсету құқығын жоғалтады.

5-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық)  және қала маңындағы тұрақты тасымалдау

1. Жалпы ережелер

      180. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлiгiн дамытудың бекiтiлген кешендiк схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легiн талдау негiзiнде құрылады.


      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жүргiзушiлердi және кондукторларды талаптарды жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен бiрыңғай арнаулы киiм-кешекпен қамтамасыз етедi.
      181. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде жолаушылар мен багажды қала шегiнде тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
      Бұл ретте елдi мекендер арасындағы қала маңындағы қатынастарда келе жатқан жолаушыларды қала шегiнде отырғызуға және түсiруге жол берiледi. Қала маңындағы автомобильмен тасымалдауда жолаушылар мен багажды отырғызуға және түсiруге арналған аялдамаларды қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының келiсуi бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
      182. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршрут желiсi, маршруттардың қосарлануы, сондай-ақ бiр маршруттың екiншiсiне ең аз қабаттасуын қамтамасыз ететiндей етiп құрылады.
      183. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгi жолаушылар легiмен негiзделедi, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желiсiнiң жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиiс.

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi

      184. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердiң бiрiнде қызмет көрсетiледi:


      1) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегi, қала шегiнде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 м дейiн болуы тиiс;
      2) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшiн ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейiн болуы мүмкiн.
      185. Халыққа қызмет көрсету ерекшелiгiне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкiн:
      1) тәулiктiң барлық белгiленген кезеңi және аптаның барлық күндерi iшiнде қолданылатын тұрақты;
      2) белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (демалыс, мерекелiк күндер немесе "қауырт" сағаттар) қосымша;
      3) алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендерi жұмыс iстеген кезде) маусымдық
      4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегi режимде қызмет көрсетуге кедергi жасайтын жол желiсiнде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.

3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды  жүзеге асыру тәртiбi

      186. Жолаушыларды автокөлiк құралына отырғызу және түсiру мынадай дәйектiлiкпен жүргiзiледi:


      1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсiру, одан кейiн отырғызу жүргiзiледi;
      2) екi есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - екi есiк арқылы, ал отырғызу артқы есiк арқылы жүргiзiледi;
      3) үш және одан артық есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - барлық есiктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есiктен басқа барлық есiктер арқылы жүргiзiледi.
      187. Кезектен тыс отырғызу, сондай-ақ алдыңғы есiк арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.
      188. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар басым отыру үшiн 4-тен 8 орынға дейiн (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлiнедi.
      189. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында "сұрау бойынша" аялдама пункттерi болған кезде, жолаушылар жүргiзушiге (кондукторға) көрсетiлген аялдама пунктiнде тоқтау қажеттiгi туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктiнде жолаушылар тұрған кезде, жүргiзушi оларды отырғызу үшiн аялдама жасауы тиiс.
      190. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде:
      1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейiн немесе қозғалыс кезiнде шығуға және кiруге;
      2) автобустың есiктерiнiң ашылуы мен жабылуына кедергi жасауға;
      3) жүргiзушiнi автокөлiк құралының қозғалысы кезiнде әңгiмемен алаңдатуға;
      4) автобустың, шағын автобустың салонының iшкi жабдығы мен жарағын бүлдiруге;
      5) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
      6) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және iлеспе құжаттары жоқ дәрiмен атылатын қаруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берiлмеуi тиiс.
      191. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:
      1) автобустарда тұрып және отырып, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;
      2) шағын автобустарда отырып қана, отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде, олардың жасаушы кәсiпорын белгiлеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауға және автобустардың, шағын автобустардың салонын толтыруға рұқсат етiледi.

4. Қол жүгi мен багажды алып жүру

      192. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында автобустың, шағын автобустың салонында өлшемi 60х40х20 см дейiнгi бiр орын қол жүгiн, сондай-ақ қабы бар бiр жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етiледi (автобустарда ғана).


      193. Осы Қағиданың 192-тармағында көрсетiлген өлшемдерден асатын қол жүгiн автобустардың топталу алаңшаларында ғана және қолданылып жүрген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.
      194. Қол жүгiнiң орамасы мен тасымалдануы басқа жолаушыларға және автобус, шағын автобус салонының жарағына қандай да болмасын залал келтiру (ластау немесе зақымдау) мүмкiндiгiн толық болдырмауы тиiс.
      195. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жабық торларға немесе сумкаларға салынған ұсақ жануарлар мен құстарды тегiн тасымалдауға рұқсат етiледi.
      196. Иттер автобустарда топталу алаңшаларында ғана тұмылдырықпен және қарғы баумен тасымалдануы мүмкiн.
      197. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ жедел режимдегi жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын және багаж бөлiмшесi бар автобустарда жолаушыларға өзiмен бiрге багаж бөлiмшесiнде әрбiр орынның өлшемi 120х60х40 см аспайтын багажды белгiленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.
      198. Жолаушыға тасымалдауға қабылданған багажына қалалық (ауылдық) қатынаста – бiр жолғы бақылау билетi, қала маңындағы қатынаста багаж түбiртегi берiледi.
      199. Багажды тасымалдауға тапсыру кезiнде жолаушы белгiленген алымды төлеу арқылы оның бағасын көрсетуi мүмкiн. Бұл ретте багаж түбiртегiне тиiстi жазу жазылады.

5. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы
жол жүру және багажды алып жүру төлемi

      200. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемi жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргiзушiге) беру немесе жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi арқылы жасалады.


      201. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, белгiленген нормадан артық қол жүгiн, сондай-ақ багажды алып жүру төлемiнiң айғағы жолаушыға мынадай ақпараты:
      1) сериясы мен нөмiрi;
      2) қатынас түрi;
      3) елдi мекеннiң атауы;
      4) жүру құны;
      5) билеттiң шығарылған жылы бар бiр жолғы бақылау билетiн берумен белгiленедi.
      202. Электрондық байланыссыз картасы арқылы жүру төлемiн жасау фактiсi тиiстi сәйкестендiру нөмiрiнiң электрондық байланыссыз картаның электрондық шотында белгiленедi. Электрондық байланыссыз карталарын пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын ескере отырып, қолданылатын жүйелердiң технологиясымен регламенттеледi.
      203. Бiр жолғы бақылау билетi бiр маршруттағы, жолаушы жүрiп өткен қашықтыққа қатыссыз бiр маршрут бойынша сапар кезiнде ғана жарамды.
      204. Техникалық себептер бойынша автобус, шағын автобус маршрут бойынша қозғалысты жалғастыруы мүмкiн емес жағдайлар туындаған  жағдайда, жолаушыларға берiлген бiр жолғы бақылау билеттерi осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында жол жүру үшiн жарамды болып табылады.
      205. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушы маршруттың бастапқы пунктiнен сапарды жүзеге асыру кезiнде автовокзалдың, автостанцияның кассасына немесе маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде кондукторға (жүргiзушiге) сапардың қашықтығына байланысты белгiленген тарифтердiң сеткасына сәйкес төлейдi.
      206. Қала маңындағы қатынаста жол жүру төлемiнiң айғағы, жолаушыға мынадай ақпаратты:
      1) билеттiң сериясы мен нөмiрi;
      2) жөнелту және бару пункттерi;
      3) төленген жол жүру құны;
      4) жол жүру күнi мен уақыты бар жол жүру құжатын (билетiн) берумен белгiленедi.
      207. Багажды алып жүру төлемiнiң айғағы жолаушыға мынадай ақпаратты:
      1) түбiртектiң нөмiрi;
      2) жөнелту және бару пункттерi;
      3) багаж орындарының саны;
      4) багаждың құндылығы (жолаушы оны жариялаған жағдайда);
      5) төленген багаж алып жүру құны;
      6) жол жүру күнi мен уақыты бар багаж түбiртегiн берумен белгiленедi.
      208. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiн сатуды алдын ала, жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген сату орындарында, сондай-ақ тасымалдаушылар кондукторлар немесе жүргiзушiлер арқылы жүргiзедi.
      Жеңiлдiктi көп реттiк жол жүру билеттерiн сату сатып алушының өзiнiң жеңiлдiктерiн растайтын құжаттарын көрсетуi бойынша жүргiзiледi.
      209. Қалалық (ауылдық) қатынастағы сапарларға арналған ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерi жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жарамсыз.
      210. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiнiң қолданылуы белгiленген нормадан артық қол жүгiн және багажды алып жүруге тарамайды.
      211. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетi бар жолаушы оны кондукторға (жүргiзушiге) автобусқа, шағын автобусқа мiнген кезде көрсетедi.
      212. Егер жолаушы жеңiлдiктi ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетiн пайдаланса, онда сонымен қатар ол жеңiлдiкке құқығын растайтын құжатты ұсынады.

6-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау

1. Жалпы ережелер

      213. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушылар легiн талдау, шалғай ауылдық елдi мекендердiң тұрғындарына көлiк жеңiлдiгiн қамтамасыз ету негiзiнде, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалады.


      214. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiлерiн салу мынадай қағидаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
      1) халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қамтамасыз ету;
      2) маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елдi мекендердi қамтудың барынша мүмкiндiгi;
      3) тасымалдаудың сапасы мен қауiпсiздiгiн арттыру, сондай-ақ экологиялық зиянды қалдықтардың мөлшерiн төмендету мақсатында маршруттарда жұмыс iстеу үшiн автобустардың, шағын автобустардың оңтайлы саны мен үлгiсiн (класын) пайдалану.
      215. Маршрут бойынша 400 километрден астам тоқтаусыз жүрген жағдайда тасымалдаушы жолаушылардың демалуы және қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн кемiнде он минут технологиялық аялдаулар көздеу тиiс. Технологиялық аялдауларда қосымша жолаушыларды отырғызуға тыйым салынады.

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттарын айғастыруға қойылатын талаптар

      216. Жолаушылар мен тұрақты тасымалдаудың маршруттары ең төменi V санаты бар республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жасалады.


      217. Маршруттардың ұзақтығы 100 км артық кезде, оларды жасау жүру жолы бойынша телефон байланысының болуы ескерiледi. Осы талапты қанағаттандыру мүмкiн болмаған кезде, осындай маршруттарға қызмет көрсететiн тасымалдаушылар автобустарды сенiмдi ұялы байланыспен қосымша жабдықтайды.
      218. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарының қалаларда және iрi селолық елдi мекендерде орналасқан аралық аялдау пункттерi мүмкiндiгiнше автовокзалдарда (автостанцияларда) болуы тиiс.
      219. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау маршруттарының автовокзалдардан (автостанциялардан) тыс орналасқан аралық аялдама пункттерi осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталады.

3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты  тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi

      220. Автобусқа, шағын автобусқа отырғызу кезiнде жолаушыда жол жүру құжатының (билеттiнiң) болуы тексерiледi. Автовокзалдарда (автостанцияларда) тексерудi – отырғызу бойынша кезекшi, ал осындай кезекшiлер жоқ аялдама пункттерiнде жүргiзушiлер немесе бақылаушылар жүзеге асырады.


      221. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдау маршруты бойынша жол жүру билеттерi, оларда көрсетiлген күн мен рейстiң нөмiрiне ғана жарамды болып табылады.
      222. Жолаушылар жол жүру құжаттарын (билеттердi) сапардың барлық уақыты бойы сақтайды және заңнамаға сәйкес олардың болуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi адамдардың бiрiншi талабы бойынша тексеру үшiн көрсетедi.
      223. Жолаушы билетте көрсетiлген нөмiрге сәйкес автобуста орын алады. Тасымалдау кезiнде жолаушыларды, автобустың отыратын орындар санынан асатын мөлшерде тасымалдауға жол берiлмейдi.
      224. Жолаушымен 7 жасқа дейiнгi бiрнеше бала жүрген жағдайда, олардың әрқайсысына жеке орын берiледi.
      225. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдаудың маршруттарында сапарды жүзеге асыру кезiнде:
      1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгiзуге;
      2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;
      3) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
      4) жүргiзушiнi әңгiмемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезiнде салон iшiнде жүруге;
      5) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, уытты және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және дәрiмен атылатын iлеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға, не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтiруi мүмкiн заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.

4. Қол жүгi мен багажды алып жүру

      226. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жолаушыларға автобустың салонында тегiн, өлшемi 60х40х20 см аспайтын және салмағы 35 кг аспайтын бiр орын қол жүгiн, сондай-ақ ұсақ жануарлар мен құстарды торлармен тасымалдауға рұқсат етiледi.


      227. Қол жүгiнiң буып-түйiлуi мен тасымалдануы басқа жолаушылар мен автобус салонының жабдығына қандай да болмасын залал (ластану немесе зақымдану) келтiру мүмкiндiгiн толық болдырмауы тиiс.
      228. Жолаушыларға автобустың багаж бөлiмшесiнде отырғызу орнынан жеткiзу орнына дейiн оны алып жүрудiң белгiленген құнына сәйкес әрбiр багаж орнын алып жүру ақысын төлеп багажды алып жүруге рұқсат етiледi. Жолаушы қол жүгiн автобустың багаж бөлiмшесiнде алып жүре алады.
      229. Багаж жарамды орамада тапсырылады. Жолаушының тасымалдауға қабылданған багажына багаж түбiртегi берiледi.
      230. Багажды тасымалдауға тапсыру кезiнде жолаушы оның бағасын белгiленген алым төлеу арқылы көрсетуi мүмкiн. Бұл ретте багаж түбiртегiне тиiстi жазу жасалады.
      231. Багаждың жоғалуы, жетiспеуi немесе зақымдануы байқалған кезде багаж иесiнiң, тасымалдаушы өкiлiнiң немесе жүргiзушiнiң және құқық қорғау органдары қызметкерiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдар өкiлiнiң қатысуымен актiнiң екi данасы жасалады.
      Актiде иегердiң тегi, аты, әкесiнiң аты және мекен-жайы, қабылданған және берiлген орындардың саны, жоғалған заттың атауы немесе оның зақымдану сипаты, көрсетiлген бағаның, егер ол құжат жүзiнде ресiмделген болса, сомасы көрсетiледi
      Актiнiң бiр данасы багаж иесiне тапсырылады.
      232. Тасымалдауға қабылданған багаж, егер оны тасымалдаушы мойындаса немесе багаж тасымалдаудың тағайындалған жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн күнтiзбелiк 7 күн iшiнде келмесе жоғалған деп есептеледi.
      233. Тасымалдаушы багаждың жоғалғаны, жетiспегенi және зақымдалғаны (бүлiнгенi) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Багаж автомобильдерiмен багажды тасымалдау 

      234. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында тасымалдаушы багаж автомобильдерiнiң қозғалысын ұйымдастырған жерлерде жолаушылар багажды багаж автомобилiнде тасымалдау үшiн тапсыруы мүмкiн.


      Аралық аялдама пункттерiнде багажды багаж автомобилiнде тасымалдауға қабылдау жолаушы тиiстi маршрут бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерiн) көрсету кезiнде жүргiзiледi.
      235. Тасымалдауға тапсырылатын багаж өзiнiң сипаты мен орамасы бойынша багаж автомобилiне тиеудi және орналастыруды қиындатпауы, сондай-ақ басқа жолаушылардың багажына зиян келтiрмеуi тиiс. Ыдыс пен орама барлық тасымал бойы багаждың бүтiндiгi мен сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
      236. Багажды багаж автомобилiмен жiберуге тiлек бiлдiрген жолаушы оны тапсыруға алдын ала - автобус жөнелтiлгенге дейiн 10 минуттан кешiктiрмей ұсынады.
      237. Багаж автомобилiнде тасымалдауға жарамсыз орамадағы багаж қабылданбайды. Орамасының, багаждың жоғалу немесе бүлiну қаупiн туғызбайтын осындай кемшiлiктерi бар багаж, багаж түбiртегiндегi осы кемшiлiктер туралы белгi арқылы тасымалдауға қабылдануы мүмкiн.
      238. Багаж автомобилiнде тасымалдауға багажды қабылдау кезiнде жолаушыға багаж түбiртегi берiледi.
      239. Багаж автомобилiнде тасымалданатын багаж бару пунктiнде багаж түбiртегiн көрсетушiге берiледi.
      240. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаж бару пунктiне, жолаушының осы пунктке кесте бойынша келген күнiнен кешiктiрмей жеткiзiледi.
      241. Бару пунктiнде жолаушы талап етпеген багаж жауапты сақталу үшiн тасымалдаушыға берiледi, ол үшiн багаждың иесiнен тиiстi ақы талап етiледi. Багажды сақтау орны тасымалдаушының қарауы бойынша таңдалады.
      242. Багажды тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы, багажды тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап және оны жолаушыға (багажды алуға уәкiлеттi адамға) бергенге дейiн немесе багаж талап етiлмеген жағдайда, оны сақтау камерасына тапсырғанға дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
      243. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаждың жоғалуын, жетiспеуiн және зақымдануын (бүлiнуiн) анықтау, тасымалдаушының залалды өтеу тәртiбi мен өлшемдерi осы Қағиданың 235-238-тармақтарына сәйкес белгiленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет