Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекiту туралы


Аялдама және отырғызу орнына автобустарды беру



бет7/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#130624
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7. Аялдама және отырғызу орнына автобустарды беру

      366. Жиналу орнына келген бойдан жүргiзушi тапсырыс берушiнiң осы Қағиданың 329 және 330-тармақтарында көрсетiлген тасымалдау шарттарын нақты қамтамасыз етуiн тексередi. Егер автобус бойынша ерiп жүрушiлер жоқ болса немесе ерiп жүрушiлер мен балалардың нақты саны автобустағы отырғызу орны санынан асып кетсе, балаларды тасымалдау жүзеге асырылмайды.


      367. Бiр мекенжайға екi және одан артық автобустар бөлiнген жағдайда лектердiң аға жетекшiсi автобустардың олардың тұрақтауы үшiн бөлiнген алаңшада орналасуын қамтамасыз етедi.
      Автобустардың тұрақтау орындарында және отырғызу (түсiру) орындарында автобустарды беру кезiнде балаларды тасымалдауға қатысы жоқ көлiк құралдары, сондай-ақ шығарып салушылар (күтiп алушылар) және бөтен адамдар болмайды.
      368. Тұрақтау және отырғызу (түсiру) орындарында тұрған автобустар қол тежегiшiмен тоқтатылған, ауыстыруы қосылған және қозғалтқышы iстемей тұруы тиiс.
      369. Автобустар тұрақтау орындарында тұрған кезде жүргiзушiлерге олардан алыстап кетуге тыйым салынады.
      370. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер балаларды отырғызу (түсiру) және бағыт бойынша қозғалу кезiнде автобус бойынша ерiп жүрушiлердiң нұсқауларын орындайды, егер олар Жол қозғалысы ережелерiне, осы Қағида талаптарына, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң өзге де талаптарына қайшы келмесе және егер осы нұсқаулар ерiп жүрушiлердiң құзыретi аясына кiретiн болса (балалардың тәртiбi, олардың денсаулығы және қауiпсiздiгi).
      371. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етедi.
      372. Ерiп жүрушiлер балаларды автобусқа отырғызуға дейiн:
      1) балалардың қауiпсiз орынға жиналуын қамтамасыз етуi тиiс. Жиналу орны отырғызу орнынан 15 метрден аз емес қашықтықта орналасуы;
      2) келген балаларды қолда бар тiзiм бойынша салыстыруы және iс-жүзiнде келген балаларды тiзiмде белгiлеуi;
      3) балалардың қол жүгi мен багажының өлшемi, буып-түйiлуi және құрамы автобустарды пайдалану ережелерiнiң және автобустармен жолаушыларды және жүктердi тасымалдау ережелерiнiң талаптарына сәйкес келуiн тексеруi;
      4) багаждың автобустың багаж бөлiгiне немесе балалардың багажын тасымалдауға арналған арнайы көлiк құралына тиелуiн ұйымдастыруы;
      5) автобусқа отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы, сондай-ақ автобустың қозғалуы және аялдауы (тоқтауы) уақытындағы тәртiп ережелерi туралы, хал-жағдайы нашарлаған жағдайдағы, сапар барысында қауiптi және төтенше жағдай пайда болған кездегi тәртiп ережелерi туралы мәселелердi мiндеттi түрде қоса отырып балаларға нұсқама жүргiзудi (бiр жолғы және маусымдық тасымалдау кезiнде) өткiзiледi.
      373. Отырғызу платформасында (аялдамада) балалар бiр жерде топпен орналасады және мына мiнез-құлық нормаларын сақтайды:
      1) топ басшысының, ересек ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз кетуге, жаяу жолдың, жолдың жағасы, отырғызу платформасы бойынша жан-жаққа тарап кетуге;
      2) отырғызу платформасында (аялдамада) тұрған басқа адамдарға кедергi және ыңғайсыздық жасауға;
      3) жүгiруге, бiрiн-бiрi итеруге, қимыл ойындарын, соның iшiнде доптармен және басқа да заттармен ойнауға тыйым салынады;
      4) жақындап келе жатқан көлiк құралы толық аялдағанға дейiн отырғызу платформасының, жаяу жолдың, жолдың жағасының шетiне жақын келуге;
      5) үрленген және басқа жеңiл ойыншықтарды ,доптарды және өзге де жеңiл заттарды қолда алып жүруге (ұстауға), қағаз ақшаларды санауға, құжаттарды және желдiң әсерiнен жолға ұшып кетуi мүмкiн және балалардың кенеттен жолдың жүру бөлiгiне шығып кетуiне әкеп соқтыруы мүмкiн басқа жеңiл заттарды алып шығаруға және қарауға.
      374. Колонаның аға жетекшiсi отырғызу алаңшасына автобустардың берiлуiн ұйымдастырады. Автобустар отырғызу (түсiру) орнына бiр-бiрлеп берiледi. Автобустың жүргiзушiсi отырғызу (түсiру) орындарына қозғалысты тек қана осы орыннан жолаушыларды отырғызу (түсiру) аяқталған кезектi автобусты жөнелткеннен кейiн ғана бастауы тиiс. Отырғызу (түсiру) орнына келгеннен соң, жүргiзушi жол қозғалысы ережесiнiң 7.3-тармағының талаптарын орындауы тиiс.
      375. Жүргiзушiге балаларды отырғызу (түсiру) уақытында автобустың кабинасынан шығуға болмайды.
      376. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан жүгiрiп шығуына, жүру бөлiгiнiң шетiнде топтануына жолбермейдi.
      377. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
      Отырғызған кезде жеке заттар баланың бiр қолына сыйуы тиiс, басқа қолымен ол баспалдақпен салонға көтерiлген кезде тұтқадан ұстауы тиiс.
      378. Отырғызған кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) жолдың жүру бөлiгiне шығуына;
      2) итерiсуiне, төбелесуiне;
      3) салонға иықтарындағы рюкзактармен және сумкалармен кiруiне (тепе-теңдiктi жоғалту, өзге жолаушылардың беттерi мен көздерiн жарақаттану қаупiн болдырмау үшiн оларды отырғызудың алдында шешу қажет);
      4) өту жолдары мен шығатын есiктердi жеке заттармен бөгеуге;
      5) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюға жол бермейдi.
      379. Ерiп жүрушi автобусқа кезекпен кiретiн балаларды қолжүгiнiң қауiпсiз орналасуына көңiл бөле отырып отырғызады.
      380. Қол жүгi автобуста жолаушылардың қауiпсiздiгiне қауiп-қатер төндiрмейтiндей және жүргiзушiнiң қарау ауқымын шектемейтiндей болып орналастырылады.
      Қол жүгi автобустың салонында орналастырылған кезде мынадай талаптар сақталады:
      егер автобуста сөрелер болса, онда оларда тек жеңiл (салмағы 1кг аспайтын), сынбайтын, үшкiр дөңестерi жоқ және ұзындығы 60 см аспайтын бұйымдар мен заттар ғана орналастырылады;
      заттар сөрелерде автобустың қозғалысы, күрт бұрылғанда, тежегенде және т.с.с. кезiнде олардың құлауын болдырмайтындай етiп орналастырылуы (бекiтiлуi) тиiс.
      381. Барлық балаларды және қол жүгiн автобуста орналастырғаннан кейiн ерiп жүрушiлер осы Қағиданың талаптарына сәйкес:
      1) балаларды санап шығуы;
      2) олардың барлығы отыруға арналған орындарда орналасқанын және жеке заттарын қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып орналастырғандығын тексеруi;
      3) жүргiзушiден медициналық дәрi қобдишасының, өрт сөндiргiштiң орналасқан жерiн және оларды, авариялық люктердi қолдану тәртiбi мен оларды ашу әдiсiн, есiктердi авариялық ашу батырмаларын және оларды пайдалану тәртiбiн, көлiк құралының ерекшелiктерiмен анықталатын өзге де қауiпсiздiк шараларын нақтылауы, және де балаларға нұсқау беруi;
      4) жүргiзушiнi отырғызу аяқталғаны туралы хабардар етуi және автобуста оларға арналған орындарды алуы тиiс.
      Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

8. Автобустардың маршруттағы қозғалыс және аялдау (тұрақтау) тәртiбi

      382. Балаларды тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде тасымалдаған жағдайда фаралардың жақын немесе алыс жарығымен қоса тұманға қарсы фаралар пайдаланылуы мүмкiн.


      383. Лекпен қозғалған кезде автобустар олардың арасында қауiпсiз интервалды сақтай отырып, қатаң белгiленген тәртiпте қозғалуы тиiс (Жол жүру ережесiнiң 9.10-тармағына сәйкес).
      384. Лектiң аға жетекшiсi әрбiр жүргiзушiнiң Жол жүру ережесiнiң және осы Қағиданың талаптарын сақтай отырып, лектiң қозғалуын қамтамасыз етуге тиiс. Балаларды екi автобуспен тасымалдаған кезде лектiң аға жетекшiсi бiрiншi автобуста, балаларды үш және одан көп автобустармен тасымалдаған кезде – соңғы автобуста орналасады.
      385. Балаларды тасымалдаған кезде қозғалыс жылдамдығын жүргiзушi жол, метеорология және өзге де жағдайларға байланысты таңдайды (Жол жүру ережесiнiң 10.1-тармағына сәйкес), бұл ретте автобус қозғалысының жылдамдығы барлық жағдайда 60 км/сағ аспауы тиiс.
      Балаларды лекпен тасымалдайтын автобустардың қозғалысы кезiнде қозғалыс жылдамдығын лекке ерiп жүретiн жол полициясының қызметкерi таңдайды, бiрақ барлық жағдайда ол 40 км/сағ аспауы тиiс.
      Автобусты басқару кезiнде жүргiзушi күрт тежеуге жол бермей автобус жүрiсiнiң бiрқалыптылығына ерекше көңiл бөлуi тиiс.
      Автобустар легiнiң темiр жол өткелiнен өту қауiпсiздiгiн оған ерiп жүретiн жол полициясы қызметкерлерi қамтамасыз етедi.
      386. Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушiге:
      1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқуға және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзуға;
      2) қозғалыс барысында автобусты басқарудан алаңдауға (сөйлесуге, тамақ iшуге, кабинада қатты музыка қосуға);
      3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүруге;
      4) топырақ жолдарға шығып кетуге және олармен жүруге (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа) тыйым салынады.
      387. Автобустың қозғалысы барысында ерiп жүрушiлер автобустың әрбiр есiгiнiң жанында орналасуы тиiс. Егер автобуста бiр ерiп жүрушi болса, ол автобустың алдыңғы есiгiнiң жанында орналасуы тиiс.
      Медицина қызметкерлерi және балалар тасымалын ұйымдастыруға жауаптылар (жаппай тасымалдау кезiнде) соңғы автобуста орналасады.
      388. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
      11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;
      12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
      389. Ерiп жүрушiлер мыналарды қамтамасыз етедi:
      1) барлық оқушылардың қозғалыс, аялдау, тамақтану, түнеу кезiнде жеке гигиена ережелерiн сақтау;
      2) су iшу режимiн сақтау;
      3) әрбiр топта дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуге қажеттi дәрiгерлiк және тану құралдарының жиынтығымен жабдықталған медициналық дәрi қобдишасы болуын;
      4) балалардың хал-жағдайын әрдайым қадағалауын, қажет болған жағдайда ауырғандар мен жарақаттанғандарға дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуiн;
      5) сапардың ұзақтығы бiр тәулiктен асқан кезде аялдамаларда мамандандырылған қоғамдық тамақтану мекемелерiнде (асханаларда, дәмханаларда және т.б.) балалардың толыққанды үш мезгiл ыстық тағаммен тамақтануын;
      6) түнеу орындарына келген кезде мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингтерде және т.б.) балаларға берiлген орындардың тексерiлуiн және олардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға және қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуiн тексеру;
      7) оқушылардың сегiз сағаттан кем емес күн сайынғы толыққанды түнгi демалуын (ұйықтауын).
      390. Бүкiл маршрут бойы балалар автобусқа алғашқы отырғызу кезiнде оларға бөлiнген орындарды алады. Автобустың қозғалыс барысында және аялдамадан (тұрақтан) кейiн ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз орыннан орынға отырғызуға тыйым салынады.
      391. Автобус салонындағы терезелер (желдеткiштер) жабық болады. Салонды желдету қажет болған жағдайда және тек ерiп жүрушiнiң рұқсатымен ғана төбедегi желдету люктерi ашылады.
      392. Қалааралық және қала маңы балалар тасымалдауын (соның iшiнде туристiк-экскурсиялық) жүзеге асыратын автобустардың кестесiнде (кестесiнде) әрбiр 1,5-2 сағат жүрген сайын ұзақтығы 10 минут және әрбiр 4 сағат жүрген сайын ұзақтығы 30 минут тұрақтаулар көзделуi тиiс (соңғысын жүргiзушiнiң түскi асымен сәйкес келтiруге рұқсат берiледi).
      393. Тасымалданатын балалардың қалыпты жағдайы мен денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты қажеттiлiк болған кезде автобустың жүргiзушiсi ерiп жүрушiнiң нұсқауымен жол жүру барысында жоспарланбаған аялдамалар жасайды.
      Аялдама және тұрақ орындарын таңдағанда жүргiзушi Жол жүру ережесiнiң 12.1-12.7-тармақтарының талаптарын басшылыққа алуы тиiс. Автобустың аялдауы (тұрақтауы) кезiнде балаларды отырғызу және түсiру орындары, мүмкiндiгiнше, қарқынды қозғалысы бар жол учаскелерiнде орналаспауы тиiс. Аталған талапты орындау мүмкiн болмаған жағдайда балаларды автобусқа отырғызу және одан түсiру кезiнде авариялық сигнал беру iске қосылады.
      Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көру жағдайында аялдама (тұрақтау) жасаған кезде Жол жүру ережесiнiң 19.3-тармағына сәйкес сыртқы жарық құралдарын пайдаланған жөн.
      394. Ерiп жүрушiлер қауiпсiздiк шараларын сақтау қажеттiгi, топтың артында қалып қоюына жол берiлмейтiндiгi және егер бала қалып қойған жағдайда iс-қимыл тәртiбi туралы балаларға ескерте отырып, әрбiр аялдаманың алдында тұрақтау уақытын хабарлайды.
      395. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiктер арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушiлер шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: бiреуi – автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екiншiсi – автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.Балалар автобусқа оралғаннан кейiн ерiп жүрушiлер балалардың өз орындарында орналасқандығына көз жеткiзедi, содан кейiн ғана жүргiзушiге сапарды жалғастыру мүмкiндiгi туралы хабарлайды.
      396. Маршрут бойынша автобустың қозғалысы мына жағдайларда тоқтатылады:
      1) автобуста Жол жүру ережесiне сәйкес қозғалыс немесе оларды пайдалану тыйым салынған техникалық ақаулар пайда болғанда;
      2) жол-метеорологиялық жағдайлар өзгергенде және қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес автобустар қозғалысына тыйым салынған тасымалдаудың қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн өзге де жағдайларда (көк тайғақ, тұман, жолдардың бұзылуы, жүретiн жолдың маңында авариялар болу және т.б.);
      3) жол жүргенде бала жарақат алғанда, кенеттен ауырғанда, қан кеткенде, талғанда және т.б.;
      4) жүргiзушiнiң хал-жағдайы нашарлағанда.
      397. Техникалық ақауға байланысты автобусты мәжбүрлi тоқтатқан кезде жүргiзушi:
      өзге көлiк құралдарына кедергi жасамайтындай етiп автобусты тоқтатуға, авариялық сигнал берудi қосуға және елдi мекенде автобустан 15 метрден және елдi мекеннiң сыртында – 30 метрден кем емес қашықтықта автобустың артында авариялық аялдау белгiсiн қоюға;
      осы Ереженiң барлық талаптарын сақтай отырып, қозғалысты одан әрi жалғастыруға мүмкiндiгi туғанға дейiн балаларды автобустаншығаруға, ерiп жүрушiлердiң бақылауында оларды қауiпсiз  жерге апаруға тиiс.
      398. Бала құсқан кезде ерiп жүрушi жүргiзушiге автобусты тоқтату жөнiнде белгi беру, мүмкiндiгiнше себебiн анықтап (тербелу немесе тамақтан улану), алғашқы дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету қажет. Тамақтан уланғанда – асқазанды шаю, тербелгенде – жалбыз қосқан дәрi беру, салонның алдыңғы бөлiгiндегi орындыққа отырғызу, құсықты жинау үшiн полиэтилен пакетпен қамтамасыз ету қажет. Егер баланың хал-жағдайы жақсармаса, науқасқа дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн дәрiгерлiк мекеме бар ең жақын аялдама пунктiне жеткiзу керек.
      399. Жол жүргенде бала жарақат алғанда, кенеттен ауырғанда, қан кеткенде, талғанда және т.б. жағдайда автобустың жүргiзiсушi, топ жетекшiсi және ерiп жүрушiлер балаға бiлiктi дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн оны жақын орналасқан дәрiгерлiк пунктiге (мекемеге, ауруханаға) дереу жеткiзу шараларын қабылдау қажет.
      400. Жолда қозғалысты мәжбүрлi тоқтатудың барлық жағдайларында тасымалдаушыға қозғалысты мәжбүрлi тоқтату туралы ақпарат берiледi, ол тасымалдауды одан әрi жүзеге асыру бойынша оған байланысты барлық шаралар қабылдауға (автобусты ауыстыру немесе жөндеу, жүргiзушiнi ауыстыру), ал жол-метеорологиялық жағдайлар бойынша қозғалысты тоқтатқан жағдайда – жолаушылар үшiн күтудiң қолайлы және қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз етуге тиiс.
      401. Жол-көлiк оқиғасы болған жағдайда жүргiзушi және ерiп жүрушiлер көлiк құралынан балаларды олардың жеке заттарын шығармай жедел эвакуациялау қажет.
      402. Көлiк құралында өрт пайда болған жағдайда ерiп жүрушiлер:
      1) өрт жөнiнде жүргiзушiге белгi беруге;
      2) көлiк құралы тоқтағанға дейiн балаларды өрт көзiнен мүмкiндiгiнше алысырақ апаруға және оны салонда бар өрт сөндiргiшпен және қол астындағы заттармен сөндiруге кiрiсуге;
      3) тоқтағаннан кейiн балаларды және барлық жолаушыларды көлiк құралы жарылған кезде жарақаттарды болғызбайтын қауiпсiз қашықтыққа жеке заттарсыз жедел шығаруға тиiс.
      403. Жол-көлiк оқиғасы және өрт кезiнде балаларды көлiк құралынан эвакуациялағаннан кейiн ерiп жүрушiлер және жүргiзушi:
      1) зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге және оларды жақын орналасқан дәрiгерлiк мекемеге жеткiзуге;
      2) жол-көлiк оқиғасы немесе өрт орнына жол полициясы және егер қажет болса "жедел көмек" қызметкерлерiн, құтқарушыларды, өртке қарсы қызметтiң мамандарын шақыру шараларын қабылдауға;
      3) зардап шекпеген балаларды олардың қауiпсiздiгiне қауiп төнбейтiн орынға жинап, оларды тыныштандыруға, қажет болған жағдайда денсаулығы әлсiреген, жүрек-тамыр және асқынуы стреске әкеп соғуы мүмкiн өзге де аурулары бар балалардың дәрiгер белгiленген дәрiлердi қабылдауын қамтамасыз етуге;
      4) өрттi сөндiрудi аяқтағаннан кейiн, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасы орнында қауiп болмаған кезде жол полициясы қызметкерлерiнiң келiсiмi бойынша топ жетекшiлерiнiң және ересек ерiп жүрушiлердiң күшiмен мүмкiндiгiнше балаларды тартпай жеке заттарды жинап, оларды балаларға беруге;
      5) балаларды онан әрi тасымалдау мүмкiндiктерiн және маршрутын анықтауға;
      6) қажет болғанда орынға келiп жеткен жол полициясының қызметкерлерiне балаларды тасымалдауды ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтiнiш жасауға;
      7) телефон арқылы оқиға және балалардың хал-жағдайы туралы тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiгiне хабарлауға, оның көмегiмен медициналық мекемелерге жiберiлген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және хал-жағдайы туралы, сондай-ақ зардап шекпеген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және топтың онан әрi жүру маршруты туралы жедел хабарлауын қамтамасыз етуге тиiс.

9. Маршруттың соңғы пунктiне келу және балаларды түсiру

      404. Маршруттың соңғы пунктiне келгенде автобустар тұрақтау үшiн бөлiнген орындарға қойылады, ол жерден түсiру орнына бiр-бiрден келедi.


      405. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын (сөмкелерiн, пакеттерiн және т.б.) бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      406. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;
      3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      407. Балалардың қалааралық және қала маңы тасымалдауын орындаған кезде автобустың жүргiзушiсi (немесе лектiң аға жетекшiсi) маршруттың соңғы пунктiне келген бойдан ол туралы тасымалдаушыға хабарлауға тиiс.
      Маршруттың соңғы пунктiне келу үшiн жүру кестесi белгiлеген уақыттан кейiн бiр сағат iшiнде мұндай хабарлама болмаған жағдайда тасымалдаушы автобустың (автобустардың) орналасқан жерiн анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
      408. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша, автомобиль жолдарының, көшелердiң, темiр жол өткелдерiнiң, паромдық өткелдердiң, олардың жайластыру жөнiнде жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн қандайда бiр ескертулер (кемшiлiктер) болған кезде жүргiзушi тасымалдаушының диспетчерiне хабарлайды.

10. Балаларды маршруттық көлiкпен тасымалдау

      409. Маршруттық автокөлiкпен ұйымдастырылған балалар топтарының сапары кезiнде жоғарыда атап көрсетiлген қауiпсiздiк шараларымен қатар ерiп жүрушiлер бiрқатар қосымша талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi:


      1) адамдарды тасымалдауға арналған тек арнайы маршруттық автобустарды, троллейбустарды, шағын автобустарды (маршруттық таксилердi) пайдаланады, адамдарды тасымалдауға рұқсат қағаздарды жоқ маршруттыққа кiрмейтiн жолай немесе жүргiзушiлерi мұндай тасымалдауға рұқсат алмаған көлiк құралдарын пайдаланбау;
      2) сапардың алдында балаларға оның маршрутын хабарлау, топ жүретiн көлiк құралдары маршруттарының нөмiрлерiн, егер жүру кезiнде қайта отырғызу жоспарланған болса аялдамалардың (автобус станцияларының) және соңғы пунктiнiң атауларын көрсету;
      3) балалармен ұялы телефондарының нөмiрлерiмен алмасу және негiзгi топтан қалып қойған оқушылардың iс-қимыл тәртiбiн белгiлеу;
      4) Жол жүру ережесiмен белгiленген жаяу жүргiншiлер мен жолаушылардың мiндеттерi, аялдамаларда (автобус станцияларында) автокөлiк құралдарын күту, отырғызу, өту және түсiру кезiнде қауiпсiздiк шаралары туралы ескерту;
      5) маршруттық автокөлiкке отырғызу алдында балалар одан түсетiн жолаушыларға кедергi жасамауын қамтамасыз ету;
      6) маршруттық көлiк құралына отырғызу кезiнде балалардың салонда қауiпсiз орналасуын, олардың қауiпсiздiк шаралары мен тәртiп ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету;
      7) қалааралық маршруттық автобусқа багажы бар балаларды отырғызу алдында салонды бөгеуi мүмкiн ортақ және жеке iрi көлемдi, басқа да заттарды багаж бөлiмшесiне өткiзудi ұйымдастырады;
      8) балалар салоннан шыға алатын, сондай-ақ топты түсiру қажет аялдамаларға (автобус станцияларына) жақындағаны жөнiнде балаларға алдын ала ескерту;
      9) балалар салоннан шыққан аялдамалардан кейiн, сондай-ақ қайта отырғызу үшiн автокөлiк құралынан шыққаннан кейiн балалардың ешқайсысы қалып қоймағанына көз жеткiзе отырып, топтың құрамын тексеру.

Осы Қағиданың сақталуын бақылау

      410. Осы Қағиданың сақталуын мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидасына
1-қосымша    

Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) және багаж  түбiртектерiнiң нысандары

      1. Қалалық қатынаста жол жүруге арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:


      1) Жолаушылар жол жүруге арналған бiр реттiк бақылау билетi, билеттiң жазулары көк түспен жазылады:

кемiнде 35 мм



Автобус_____қаласы
қалалық қатынаста
жолаушылар жол
жүруiне арналған
Сериясы ________
№ 0000000 00 теңге
20___ жыл

кемiнде 60 мм

      2) Балалар жол жүруге арналған бiр реттiк бақылау билетi, билеттiң жазулары қызыл түспен жазылады:

кемiнде 35 мм

Автобус
_________қаласы
қалалық қатынаста
жолаушылар жол
жүруiне арналған
балалар билетi
Сериясы ________
№ 0000000
00 теңге
20___ жыл

кемiнде 60 мм

      3) Белгiленген нормадан және багаждан тыс қол жүгiн алып жүруге арналған билет - билеттiң жазулары жасыл түспен жазылады:

кемiнде 35 мм

Автобус _________қаласы
қалалық қатынаста
багаж алып
жүруге арналған
Сериясы_________
№ 0000000
00 теңге
20___ жыл

кемiнде 60 мм

      4) Жолаушылар жол жүруге арналған ұзақ пайдаланылатын жол жүру билетi (көлемi А7) - ресiмделуi мен қорғаныс дәрежесiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi:



____________ Қаласы
Сериясы ______
№ 0000000
ұзақ пайдаланылатын жол жүру билетi
_______________ жарамды

0000 теңге


_________________ негiзiнде
_______________ берiлдi

      2. Қала маңындағы қатынаста жолаушылар жол жүруге арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:
      1) жолаушылар жол жүруге арналған билет - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi:

      кемiнде 45 мм



Автобус
Қала маңындағы қатынаста жолаушылар жол жүруге арналған билет
Сериясы _________
№ 0000000
сапар күнi ________________
сапар уақыты______________
жөнелту пунктi____________
бару пунктi_______________
Жол жүру құны
00, 00 теңге

      кемiнде 40 мм

      2) кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретiн тарифтер сеткасына сәйкес сомаға қосымша түбiршектерi бар жолаушылар жол жүруге арналған билет - билеттiң жазулары қара түспен жазылады:

      кемiнде 35 мм

Автобус
Қала маңындағы қатынаста жолаушылар жол жүруге арналған билет

Сериясы _________


№ 0000000
Тарифтер торына сәйкес
қосымша түбiршектер
болғанда жарамды

20___ жыл



      кемiнде 60 мм

      кемiнде 35 мм



Автобус
Қала маңындағы қатынаста жолаушылар жол жүруге арналған билетке қосымша
түбiршек

Сериясы _________


№ 0000000
00 теңге

20___ жыл



      кемiнде 60 мм

      Қала маңындағы қатынаста жолаушылар жол жүруге арналған билеттерге қосымша түбiршектер 1, 5, 10, 50 теңге сомасына ресiмделедi.


      3. Қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастарда жолаушылар жол жүруге арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:
      1) жолаушылар жол жүруге арналған билет - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):

      кемiнде 45 мм



Автобус
Қалааралық қатынаста жолаушылар жол жүруге арналған билет
Сериясы _________
   № 0000000
сапар күнi ___.___.___ж.
жөнелту уақыты ___с ____м.
жөнелту пунктi____________
бару пунктi_______________
Рейс нөмiрi_______________
Орын нөмiрi______________
Жол жүру құны
00, 00 теңге
Комиссия алымы 00, 00 теңге
Сақтандыру алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00, 00 теңге
Билеттiң берiлген күнi __ __ __ж.

      кемiнде 90 мм

      2) кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде берген жолаушылар жол жүруге арналған билет - жазулар қара түспен жазылады:



Билет Түбiршегi

ТОЛЫҚ БАЛАҒА АРНАЛҒАН


(қажет емесiн сызып тастау)
сапар күнi____________________
жөнелту уақыты ___сағ____мин.
___________________дан дейiн




Рейiс нөмерi________________
Орын нөмiрi________________
Жол жүру құны___________теңге
Сериясы______________N 0000000
Билеттiң берiлген күнi_________

Жалғасы

9

8

7

6

5

4

3

2

1

90

80

70

60

50

40

30

20

10

900

800

700

600

500

400

300

200

100

9000

8000

7000

6000

5000

4000

3000

2000

1000

Жалғасы

Қалааралық қатынаста жолаушылар
жол жүруге арналған билет

ТОЛЫҚ БАЛАЛАР


(қажет емесiн сызып тастау)
сапар күнi ________________________
жөнелту уақыты ______ сағ.______мин
______________________________ дан
_____________________________ дейiн
Рейс нөмiрi _______________________
Орын нөмiрi ______________________
Жол жүру құны_______________ теңге
Сериясы _________________ N 0000000
Билеттiң берiлген күнi _____________

Автобус

      Жол жүру құнын кондуктор (жүргiзушi) жолаушы үшiн тарифтер торына сәйкес сомаға кеседi.


      3) қала маңы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастардағы багаж түбiртектерiнiң нысаны - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):

      кемiнде 45 мм



Автобус
Багаж түбiртегi
Сериясы _________
№ 0000000
сапар күнi ___.___.___ж
сапар уақыты __ сағ.____мин.
жөнелту пунктi______________
бару пунктi__________________
Багаж орындарының саны_____
Багаждың құндылығы ________
Рейс нөмiрi_______________
Құны 00, 00 теңге
Комиссия алымы 00, 00 теңге
Бағалау алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00, 00 теңге
Багаж орындарының нөмiрлерi__
(тиеу кезiнде толтырылады)

      кемiнде 90 мм

Автомобиль көлiгiмен 


жолаушылар мен багажды 
тасымалдау қағидасына 
2-қосымша      


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет