Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы


§4. Автокөлік құралдарының дала жағдайындағы



бет3/15
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#130904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
§4. Автокөлік құралдарының дала жағдайындағы

уақытша тұрақтарына қойылатын талаптар

 

60. Тұрақтар үшін мекеннен, құрғақ шөптен және шөпшектен тазартылған, периметрі бойынша 1 м алқап болып жыртылған, ағаш қоймаларының құрылыстарынан, сабан маяларынан, қырмандардан, өсіп тұрған астықтан және екпе ағаштардан 10 м жақын емес қашықтықта орналасқан алаңдар бөлінеді.

Әрбір алаңда саны 10-нан аспайтын автокөлік құралдарының тобы орналастырылады. Топтағы автокөлік құралдарының арасындағы қашықтық ең кемі 1,1 м, ал топтардың арасындағы қашықтық ең кемі 10 м етіп белгіленеді.

61. Отын және жанармай материалдарын сақтауға арналған алаңдар шөпшектен, мекеннен және құрғақ шөптен тазартылған жерде орналасады және ағаш әзірлеу, астық жинау және шабу орындарынан, сабан, шөп маяларынан, егістіктерден, автокөлік құралдары, тракторлар тұрақтарынан ең кемі 100 м және құрылыстардан ең кемі 50 м қашықтықта болады.

62. Жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған ашық алаңдар анағұрлым төмен жерде орналасады және периметрі бойынша 3 м алқап болып жыртылады.

Отыны бар бөшкелер, олардың көлемінің 95 пайызынан аспай толтырылады, тығындары жоғары қаратылып қойылады және күн сәулесінің тура әсерінен қорғалады.

63. Бос ыдысты сақтау үшін жанар-жағармай материалдары қоймасынан ең кемі 20 м қашықтықтағы алаңдар бөлінеді.

64. Автокөлік құралдарының уақытша тұрақтары мен жанар-жағармай материалдарын сақтайтын орындарда темекі тартуға, от жағуға және ашық отты қолданумен байланысты жөндеу жұмыстарын орындауға рұқсат етілмейді.

65. Автокөлік құралдарының уақытша тұрақтары мен жанар-жағармай материалдарын сақтайтын орындарда қажетті өртке қарсы жабдықпен және мүкәммалмен жарақталған өрт сөндіретін қалқандары орнатылады. Қалқандар ені 20-50 милиметр (бұдан әрі - мм) қызыл жиегі бар ақ, ал жабдық пен мүкәммал қызыл түске боялады.



 

§5. Автокөлік құралдары мен агрегаттарға



техникалық көмек көрсетуге және жөндеуге

арналған үй-жайларға қойылатын талаптар

 

66. Автокөлік құралдары мен агрегаттарға техникалық көмек көрсетуге және жөндеуге арналған үй-жайлар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, барлық технологиялық операциялардың қауіпсіз және ұтымды орындалуын қамтамасыз етеді және автоматты өрт сигналын беру тетігімен жабдықталады.

67. Өндірістік үй-жайларда еден тегіс және берік, тазалау үшін қолайлы тегіс, бірақ беті тайғақ болмайды. Бояу учаскелерінің, бояу дайындау бөлімдерінің үй-жайларындағы, аккумулятор жұмысын жүргізуге арналған үй-жайлардағы, газ генераторы бөлмесіндегі, сондай-ақ өрт қауіпі бар және жарылу қаупі бар материалдарды (сұйықтықтар) және жанғыш газ бар баллондарды сақтауға арналған қоймалардағы еден, металл зат соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.



Суық еденді үй-жайлардағы жұмыс орындары жиналмалы ағаш төсемелермен (шарбақ) жарақталады.

Қышқылдар, сілтілер және мұнай өнімдері қолданылатын үй-жайлардағы еден осы заттардың әсеріне төзімді және оларды сіңірмеуі тиіс.

68. Жұмыс орнындағы шағын климат, шу, діріл, ауадағы зиянды заттардың құрамы тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық саласындағы уәкілетті орган бекіткен гигиеналық нормативтердің көрсеткіштерінен аспауы тиіс.

69. Рессорлық-темір соғу және дәнекерлеу учаскелері сөрелері және едендері жанбайтын материалдардан жасалған үй-жайларда (темір соғу - бір қабатты ғимаратта) орналасады.

Дәнекерлеу посттары ауданы ең кемі 3 шаршы метр (бұдан әрі - м2) жанбайтын кабиналарда орналасады. Кабина қабырғасы мен еденнің арасындағы саңылау ең кемі 50 мм болады.

70. Үй-жайлар мен кабиналардың қабырғалары күңгірт бетті сұр, сары немесе көгілдір түске боялады.

71. Ацетилен генераторын тұрақты орнатуға арналған үй-жай жеке, бір қабатты, шатырдағы және үй астындағы үй-жайларсыз, жеңіл алынатын жабу конструкциялары және сыртқа қарай ашылатын есік арқылы тікелей шығысы болады.

Ацетилен генераторына арналған үй-жайдың, тас қылып жабылған терезелердің фрамугасы арқылы түсетін сыртқы электр жарығы, сондай-ақ жарылу қауіпі жоқ етіп жасалған механикалық ауа кіру вентиляциясы және табиғи тарту вентиляциясы болады.

Газ түріндегі ацетиленнің сағатына 20 текше метрге (бұдан әрі - м3/сағ) дейін өнімділігі бар ацетилен генераторына арналған үй-жайда табиғи вентиляцияны орнатуға рұқсат етіледі.

Ацетилен генераторына арналған үй-жайдың кіретін есігінде "Бөтен адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынады" деген жазу болады.

72. Аккумулятор жұмыстарын жүргізу кезінде басқа өндірістерден оқшауланған және жергілікті ауа тартқыш вентиляциямен жабдықталған өзара қатынасатын: біріншісі - жөндеуге арналған, екіншісі - аккумулятор батареяларын қуаттауға арналған, үшіншісі - қышқылдарды сақтауға және электролит дайындауға арналған үш бөлмені ескеру қажет. Оннан аспайтын аккумулятор батареясын бір уақытта қуаттау кезінде, ерекшелік ретінде, батареяларды жөндеуге арналған үй-жайдағы, іске қосылуы зарядтық құрылғымен біріктірілген жеке ауа тартқыш вентиляциясы бар ауа тартқыш шкафтарда олардың зарядталуын жүргізуге рұқсат етіледі.



Аккумулятор бөлімшелерін (учаскелерін) электрмен жабдықтау электр қондырғыларын орнату ережесінің (бұдан әрі - ЭҚЕ), электр қондырғыларын ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес жарылыстан қорғалған етіп орындалады.

73. Бояу жұмыстарын орындау үшін: біріншісі - бояу және кептіру посттары үшін және екіншісі - бояуларды дайындау үшін екі үй-жай ескеріледі.



Бояу камерасының өлшемдері жұмысшының боялатын бұйымға қолайлы жақындауын қамтамасыз етуі тиіс. Камераның қабырғасы мен боялатын бұйымның арасындағы өтпе жолдардың ені ең кемі 1,2 м болады.

Бояу камералары боялатын бұйымдарды жылжытуға арналған құрылғылармен (тасымалдағыштармен, арбалармен, көтергіштермен) жабдықталады.

74. Боялған бұйымдарды ыстықпен кептіруге арналған камералар, плюс 45оС аспайтын камераның сыртқы температурасын қамтамасыз ететін сенімді жылу оқшаулағышымен жабдықталуы тиіс. Егер бояу жұмысы бояу камераларынсыз немесе ашық ойықтары бар камераларда жүзеге асырылатын болса, онда бояу үй-жайына (сабақтас үй-жайдан) кіретін қақпалардың ойықтары, ұзындығы 20 см ұлғайтылған қақпалардың енінің жартысына тең шлюз тамбурымен жабдықталады.

75. Автокөлік құралдарын жууға арналған алаңдарда, орналасуы ағынды сулардың ұйымның аумағына келуін болдырмайтын қабылдау құдықтары мен науалар жағына қарай ылди болады.

Автокөлік құралдары жуылатын посттар басқа посттардан бу оқшаулағышы және суға төзімді қабаты бар тұтас қабырғалармен бөлінеді.

76. Қабатаралық ойықтар қоршалуы тиіс. Қанаттардың биіктігі аралық көлденең элемент біреу болған кезде ең кемі 90 см болуы тиіс, қанаттардың төменгі бөлігінің еденнен ең кемі 10 см ернеулі жиегі болады.

77. Егер жалпы өндірістік үй-жайда технологияға сәйкес зиянды заттар (газ, шаң, бу), сондай-ақ жылу мен шу бөлінетін жұмыстардың учаскелері көзделсе, онда олар жеке оқшауланған үй-жайларда орналасады.

78. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған, технология бойынша қозғалтқыштың жұмысы көзделетін посттар жергілікті ауа тарту құрылғыларымен жабдықталады.

79. Тұйықталған қарау жыралары қатарлас орналасқан кезде, олар ені кемінде 1 м және биіктігі кемінде 1,8 м тоннельдер мен траншеялар арқылы қосылады. Тура ағу үлгісіндегі жыраға кіру және одан шығу тоннель арқылы жүзеге асырылады. Өтпе көпірше де болып табылатын алаңы бар жылжымалы сатыны қолдануға рұқсат етіледі.

Жыралардың өлшемдері автокөлік құралдарының үлгісіне және қолданылатын технологиялық жабдыққа байланысты белгіленеді.

80. Траншеялардың және жыралар мен траншеялардың шығыстарын биіктігі ең кемі 90 см металл қанаттармен қоршау қажет.



Траншеялар мен тоннельдердің, ені 70 см басқышты саты бойынша үй-жайларға шығысы болуы тиіс. Шығыстардың саны жырадағы автомобиль орындарының санына байланысты: беске дейін бір шығыс, бестен асса, қосымша әрбір он автомобильге бір шығыстан белгіленеді.

81. Жеке тұйықталған жырадан үй-жайға басқышты саты бойынша шығыс автокөлік құралдарының кіретін жағына қарама-қарсы жақтан болуы тиіс. Бір шығыс болған кезде жыраны қосалқы шығыс үшін оның қабырғаларына бекітілген қапсырмалармен қосымша жабдықтайды.

82. Жүретін жыралардан, траншеялардан және тоннельдерден шығатын сатылар автокөлік құралдары жүретін жолдарға қойылмайды.

83. Қарау жыралары, оларды қосатын тоннельдер мен траншеялар, сондай-ақ оларға келетін сатылар ылғал мен жер асты суларынан қорғалады.

84. Тұйықталған жыраның ұзындығы кіріс сатысы мен қосалқы шығысты жаппай, тұтас орналасады және жөнделетін (қаралатын) автокөлік құралының өлшеміне байланысты болады.

85. Жыралардың, траншеялардың және тоннельдердің қабырғалары ашық реңді керамика плиткалармен қапталуы, жарық беру аппаратурасын, қосалқы бөлшектерді және құралдарды орналастыруға арналған сөрелермен жабдықталады. Траптар болған кезде жыралардың, траншеялардың және тоннельдердің едендерінде трап жаққа қарай 2 % ылди болады.

86. Таспалы конвейерлермен жабдықталған жыраларды қоспағанда, байқау жыралары мен эстакадалардың барлық ұзындық бойынша бағыттаушы қырлары немесе автокөлік құралының жыраға немесе ол жылжыған кезде эстакададан құлауынан сақтайтын басқа құрылғылары болады. Тұйықтық байқау жыраларында автокөлік құралының доңғалақтарына арналған қосымша тұрақты тіреулер болады.

Байқау жыралары, траншеялар және тоннельдер таза күтіп ұсталады, бөлшектер мен түрлі заттар үйіліп жатпайды. Жыраның еденінде берік ағаш шарбақтар орнатылады.

Байқау жыралары мен траншеялардың өтетін жерлерінде, ені кемінде сексен сантиметр жиналмалы өтпе көпірлер болады.

87. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған үй-жайлар технологиялық талапқа сәйкес доңғалақтардың астына қойылатын тіреулермен (башмақтармен), тіреуіштермен, көтергіштермен жарақталады.



1 м және одан артық биіктікте (еден деңгейінің үстінде) орналасқан жұмыс орындары мен алаңдар биіктігі кемінде 90 см бір ортааралық көлденең элементі бар қанаттармен және еденнен кемінде 10 см биіктіктегі тұтас бүйірлік қаптамамен қоршалады.

88. Газ баллондарын куәландыру және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарының отын жүйелерін сынау пунктінің үй-жайы, сондай-ақ оның жабдығы белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

89. Газбен қоректендіру жүйесінің приборларын тікелей автокөлік құралдарында реттеуге арналған үй-жай басқа өндірістік үй-жайлардан бөлектенеді.

 

§6. Ұйым аумағы бойынша автокөлік құралдарының



жүріп өтуіне қойылатын талаптар

 

90. Сыртқы және ішкі қақпалар, егер олар адамдарды көшіруге арналмаса, механикалық немесе автоматты түрде ашылуы және жабылуы мүмкін. Ұйым аумағына кіру саны ауысымына бестен кем келген кезде қақпалар қолмен ашылады.

Өндірістік үй-жайлардың жарма қақпалары сыртқа, ал ұйымның аумағына кіру және одан шығу үшін - ішке ашылады.

91. Автокөлік құралдарының цокольдық немесе үй асты қабаттарынан ғимараттың бірінші қабаты арқылы шығуына (кіруіне) рұқсат етілмейді (бөлек сыртқы қақпалар арқылы ғана рұқсат етіледі).

92. Көтерілетін қақпалар, тростар үзілген немесе көтеру және түсіру тетігі бұзылған кезде қақпаларды көтерілген күйде ұстап тұруды қамтамасыз ететін ұстағыштармен (фиксаторлар) жабдықталады.

93. Сыртқы ауаның орташа айлық температурасы ең суық айда минус 15оС және төмен ауданда орналасқан ұйымның негізгі өндірістік үй-жайларындағы сыртқы қақпалар жылу бүркемесімен, ал 25оС төмен температура кезінде қосымша шлюз тамбурымен жабдықталады.

94. Өндірістік үй-жайлардың кірістерінде табалдырықтар мен шығыңқы жерлер болмауы тиіс. Кіріс ылдиы 5 % аспайды.

95. Оннан астам қызмет көрсету посттары немесе елуден астам автокөлік құралының сақталуы көзделетін өндірістік үй-жайлардың ең кемі екі қақпасы болады.



 

§7. Жанармай-жағармай материалдарын құю, газ



шығаратын және құятын пункттерге қойылатын талаптар

 

96. Ұйымның аумағында орналасатын жанар-жағармай материалдарын құю пункттері қолайлы және қауіпсіз құюды қамтамасыз етеді және ҚНжЕ мен ЭҚЕ талаптарына сәйкес келеді.

Құю пунктінде бірнеше құю колонкалары болған кезде олар автокөлік құралдарының бір уақытта барлық колонкаларға қауіпсіз келуі мен толтырылуын қамтамасыз ететіндей болып орналастырылады.

97. Құю пункті аумағының жоспарлануы және су қабылдау құрылғыларының орналасуы ағынды сулар мен мұнай өнімдерінің осы аумақтың шегінен шығуын болдырмайды. Тарату колонкаларының жанындағы жолдардың төсемі соққы тиген кезде ұшқын шашуды болдырмайды және мұнай өнімдерінің әсеріне шыдамды және өрттен қауіпсіз болады.

98. Құю пункттерінде көрнекті жерде автокөлік құралдарын толтыру кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері ілінеді.

Жылжымалы құю пункттері ғимараттар мен құрылыстарға 12 м жақын орнатылмайды.

99. Сығылған табиғи газды шығаруға немесе сұйытылған мұнай газын құюға арналған бекеттер белгіленген талаптарға сәйкес болады және олар автокөлік құралдарының биіктігінен асатын тұтас жанбайтын қоршаумен бөлінетін жағдайда бір алаңда орналасуы мүмкін.

100. Алаңнан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтық олардың өртке төзімділік дәрежесіне байланысты ең кемі 9 м болады, ал жер асты және отын тарату колонкаларынан ең кемі 6 метр болады.

 

§ 8. Қоймалық үй-жайларға қойылатын талаптар



 

101. Жалпы мақсатқа пайдаланылатын қоймалар мен зат қоятын бөлмелер арнайы бөлінген үй-жайларда орналасады және хатпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сәулетінің 1992 жылғы 6 қаңтардағы АК-6-20-19 хатымен бекітілген "Қоймалық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 2.11.01-85 сәйкес келеді.

102. Жанар-жағармай материалдарына, бояуларға, еріткіштерге және басқа тез тұтанатын материалдар мен сұйықтықтарға арналған қоймалар жанбайтын оқшауланған, сыртқа тікелей шығысы бар үй-жайларда орналасады.

103. Кальций карбидін сақтауға арналған қойма жанбайтын материалдардан жасалады, жеңіл алынатын жабыны, құрғақ, жақсы желдетілетін болады. Кальций карбиді 300 килограммнан (бұдан әрі - кг) аспайтын мөлшерде арнайы ыдыста сақталады.

104. Газы бар баллондарды сақтауға арналған қойма жеңіл үлгідегі жабыны бар, шатырдағы үй-жайларсыз бір қабатты болады. Қойманың қабырғалары жанбайтын материалдардан болады, терезелері мен есіктері сыртқа ашылады. Қоймалық үй-жайдың биіктігі ең кемі 3,25 м болады.

105. Оңай тұтанатын және жарылыс қаупі бар заттарды сақтауға арналған қоймалардың едендері, оларға металл заттар соғылған кезде ұшқын шығаруды болдырмайтын материалдардан дайындалады.

106. Қоймалар мен зат қоятын бөлмелердің өлшемдері оларда сақталатын материалдарды еркін алуды қамтамасыз етеді.



Қоймалардағы сөрелер берік, орнықты және ғимараттардың конструкцияларына бекітіледі. Сөрелердің арасындағы жолдардың ені кемінде 80 см болады.

107. Ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс үшін қоймалар шағын механизацияның құралдарымен (жүк көтергіш, монорельс, арқалық кран), сатылармен, сондай-ақ өрт қауіпі бар және улы заттарды құю мен босатуға арналған құралдармен жабдықталады.

108. Ацетилен және оттегі баллондарына арналған қоймалар бөлек, бөгде адамдар кіре алмайтындай болады. Баллондар қақпақпен бұрап бекітіледі және вентильдерінің штуцерлерінде тығындары бар тік күйінде сақталады. Баллондар жалғастырғыштармен немесе шынжырлармен берік бекітіледі және тура түскен күн сәулесінің әсері мен жылытқыш аспаптар және құрылғылардың әсерінен қорғалады.

109. Оттегі баллондары - көгілдір түске, ацетилен баллондары - ақ түске, ал сұйытылған газы бар баллондар қызыл түске боялады.



Ацетилен және оттегі баллондарын, сұйытылған газы бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидін, бояуларды және майларды бірге сақтауға рұқсат етілмейді. Өзара әрекеттесетін заттар бөлек сақталсын.

110. Ұйымның қоймасына түскен барлық материалдар (лактар, бояулар, еріткіштер, қышқылдар) олардың төлқұжаты болған кезде ғана қабылдануы және берілуі тиіс. Оларды сақтауға арналған барлық ыдыста ішіндегі материалдың тура атауы бар таңбалық (жазба қағаз) болады.



 

5. Жарықтандыру және электр қауіпсіздігі



 

§1. Үй-жайларды жарықтандыруға қойылатын талаптар

 

111. Өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлардағы табиғи жарық Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген "Табиғи және жасанды жарық" туралы ҚНжЕ 2.04-05-2002 (бұдан әрі - "Табиғи және жасанды жарық" туралы ҚНжЕ 2.04-05-2002), ҚР 08-97 ӨҚЕ талаптарына сәйкес келеді.

112. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар, қоймалық үй-жайлар, сондай-ақ жұмыс істеушілер тұрақты болуы талап етілмейтін басқа үй-жайлар табиғи жарықсыз болуы мүмкін.

113. Күн түсетін жаққа қараған терезелер тура түскен күн сәулесінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін құрылғылармен жарақталады. Терезелер мен жарық түсетін басқа ойықтарды материалдармен, жабдықпен, ағаштармен көлегейлеуге рұқсат етілмейді.

Жоғарғы шамдардың жарық түсетін ойықтары шегенделген әйнекпен шыныланады немесе шамның астында, әйнекті түсіп кетуден қорғау үшін металл тор ілінеді.

Өндірістік үй-жайларда терезе әйнектері мен шамдарды кірден тазарту мынадай мерзімдерде: едәуір кірлегенде - жылына кемінде төрт рет, шамалы кірлегенде - жылына кемінде екі рет тұрақты жүргізіледі.

Әйнектерді тазалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құралдарды (баспалдақ-саты, төсеме тақталар) пайдаланылады.

 

§2. Жасанды жарық беруге, электр



жабдығына және сымға қойылатын талаптар

 

114. Ұйымдағы әкімшілік мамандардың арасынан тұтынушылар электр қондырғыларының ЭҚЕ, ТПЕ және ТҚЕ орындауын қамтамасыз ететін, барлық электр шаруашылығының жалпы жай-күйі мен пайдаланылуы үшін жауапты тұлғаны тағайындайды.

115. Үй-жайлар мен жұмыс орындары жұмыстардың қауіпсіз орындалуы, адамдардың болуы мен жүруі үшін жеткілікті жасанды жарықпен және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген "Табиғи және жасанды жарықтандыру" ҚНжЕ 2.04-05-02, "Электр техникалық құрылғылар" ҚнжЕ 4.04-06-02, электр қондырғыларының ЭҚЕ, ТПЕ және ТҚЕ және тиісті МЕМСТ талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

116. Өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарында шырақтар осы Ережеге 6-қосымшада көрсетілген нормалар бойынша жарықтандыруды қамтамасыз ететіндей орнатылады.

117. Өндірістік үй-жайлардағы жарық тұтынушылар электр қондырғыларының ЭҚЕ, ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес орындалады. Сыртқы жарықты ғимараттардың ішіндегі жарықты басқарудан тәуелсіз басқаруға болады.



Ұйымның өндірістік объектілерінің, автокөлік құралдары жолдарының жарықтандырылуы кемінде 2 люкс (бұдан әрі - лк) болады.

118. Шам мен жарық беру шегенін тазалау ұйымда бекітілген кесте бойынша, жер жағдайы мен өндірістік учаскелерге байланысты жүргізіледі. Одан басқа, шегенді тазалау шамдарды ауыстырған кезде жүргізіледі.



Авариялық жарық ЭҚЕ талаптарына сәйкес орындалады. Жарық беруді тоқтату тетіктердің қалыпты қызмет көрсетуін бұзу салдарынан жарылыс, өрт немесе улану туындауы мүмкіндігінен рұқсат етілмейтін үй-жайлардағы жұмысты жалғастыруға арналған авариялық жарық жұмыстық беттің, бұл үй-жайлардың жалпы жұмыстық жарығы үшін белгіленген норманың кемінде 50 %, бірақ кемінде 2 лк жарықтандырылуын қамтамасыз етеді.

119. Адамдарды көшіру үшін авариялық жарықты жұмыс істейтіндердің саны елу адамнан астам, адамдар өту үшін қауіпті жерлерде, адамдарды көшіру үшін қызмет ететін негізгі жолдар мен сатыларда орнатады, ол еденнің, негізгі жолдар мен сатылардың басқыштарының үй-жайларда кемінде 0,5 лк және ашық алаңдарда кемінде 0,2 лк жарықтануын қамтамасыз етеді.

120. Авариялық жарықтың шырақтары жұмыстық жарыққа тәуелсіз, жұмыстық жарықтың кенеттен сөнген кезінде өздігінен қосылатын желіге қосылады.

121. Сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайларда, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған, көлемі 31000 м3 аз үй-жайларда ПАТ-1 қоспасының санаты мен тобына арналған авариялық жарық көзделеді.



Бұл үй-жайларда авариялық вентиляцияның, авариялық жарықтың, сондай-ақ газды ортаны бақылау жүйесінің электр қорегі электрмен жабдықтау сенімділігінің бірінші санаты бойынша көзделеді.

122. Жарық беру шегені өндірістік үй-жайларында да жұмыс орындарында да тұтынушылар электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес қолданылады.

123. Қауіптілігі жоғары және аса қауіпті үй-жайларда жалпы жарықтандыру кернеуі 220 Вольт (бұдан әрі - В) қыздыру шамдары мен газразрядты шамдары бар шырақтарды 2,5 м кем биіктікке орнатқан кезде, конструкциясы құрал қолданусыз шамды алуға болмайтын шырақтарды қолдану қажет. Шыраққа жүргізілетін электр сымы металл құбырларда, металл шлангыларда немесе қорғау қабықтарында болады. Кабельдер мен ашық сымдарды кернеуі 42 В-тан аспайтын қыздыру шамдары бар шырақтарды қоректендіру үшін ғана пайдаланады.

124. Кернеуі 127-220 В люминисцентті шамдары бар шырақты еденнен кемінде 2,5 м биіктікте, олардың ток жүретін бөліктері кездейсоқ жанасу үшін мүмкін болмау шартымен орнатуға рұқсат етіледі.

125. Жергілікті және жалпы жарықтандыратын қыздыру шамдары мен люминисцентті шамдардың, жұмыс істеушілерді көрмей қалудан қорғайтын абажур-шағылдырғыштары болады. Жергілікті жарықтандыратын шырақтардың конструкциясында жарықтың бағытын өзгерту мүмкіндігі көзделеді.

126. Қолданылатын кернеу, тұтынушылар электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес үй-жайдың класына сәйкес келеді.

127. 12-42 В штепсельдік розеткалар 127-220 В розеткалардан ерекшеленеді, 12-42 В айыр тетік 127-220 В розеткаларға үйлеспейді.

128. Дымқыл, аса дымқыл, ыстық және химиялық белсенді ортасы бар үй-жайларда жергілікті жарықтандыру үшін люминисцент лампаларды қолдану арнайы конструкциялы арматурада ғана рұқсат етіледі.

129. Қауіптілігі жоғары және аса қауіпті үй-жайларда тасымалданатын шырақтарды қоректендіру үшін 42 В аспайтын кернеуді қолдану қажет. Тасымалданатын шырақтар механикалық зақымдалудан қорғалады.

130. Электр тоғымен жарақаттану тарлықпен, жұмыс істеушінің ыңғайсыз күйімен, жерге қосылған беттіктермен (қазандықтардағы, сыйымдылықтардағы жұмыс) жанасуымен аса қолайсыз жағдайлар болған кезде, тасымалданатын шырақтарды қоректендіру үшін 12 В аспайтын кернеуді қолданады.

131. Жарылыс қауіпі бар үй-жайларда жарылыстан қорғайтын етіп жасалған шырақтар, ал өрт қауіпі бар үй-жайларда ылғал өтпейтін және шаң өтпейтін, жабық етіп жасалған шырақтар қолданылады.

132. Тексеру орнының жарығы ЭҚЕ мынадай талаптарына сәйкес орындалады:



1) электр сымы түтік ажыратқышта орындалады;

2) жарық беретін арматура мен коммуникациялық аппаратура қорғайтын етіп жасалады;

3) қолданылатын кернеу ЭҚЕ талаптарына сәйкес болады.

133. Барлық электр жабдығы сенімді түрде жерге немесе нөлге қосылады.

134. Профилактикалық сынақтардың көлемі мен мерзімдері электр қондырғылардың ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес орындалады.

135. Қорғағыш жерге қосылудың қалқандары мен сымдары тексеру үшін қол жеткізіледі және қара түске боялады.

136. Ұшқын шашырауды, қысқа тұйықталуды және сымдардың қызып кетуін, сондай-ақ электр сымдарының салбырап қалуын, олардың өзара немесе ғимараттың элементтерімен және түрлі заттармен жанасуын туғызатын ақаулықтар дереу жойылады.

137. Сақтандырғыштардың калибрлі балқығыш ендірмелері болады.

138. Жарылыс және өрт қауіпі бар үй-жайларда қолданылатын электр қозғалтқыштары жарылыстан қорғайтын етіп орындалуы тиіс.

139. Жеңіл тұтанатын және жарылыс қауіпі бар материалдар, сұйықтықтар мен газдар тұрған, сондай-ақ жарылыс қауіпі бар газдар мен шаң бөлінетін үй-жайларда күш және жарық беретін жабдық, сым ЭҚЕ талаптарына сәйкес орындалады.

140. Шаң бөлінуі мүмкін цехтарда қорғайтын етіп орындалған сөндіргіштер, рубильниктер, сақтандырғыштар және т.с.с. қолданылады. Жалпы жарық беруді басқару орталықтандырылған болады.

141. Жасанды жарықты пайдалану кезінде:



1) қолдан жасалған балқығыш ендірмелерді ("жучоктар") қолдануға;

2) ашық люминисцентті шамдар мен қыздыру шамдарын қолдануға;

3) бұл үй-жайларда сөндіргіштерді, рубильниктерді, сақтандырғыштарды, бөліп таратқыш қалқандарды орнатуға;

4) ашық үлгідегі рубильниктерді қолдануға;

5) электр сымдары мен сөндіргіштерге қандай бір заттарды ілуге, электр шамдарын қағазбен немесе матамен орауға;

6) өндірістік және басқа үй-жайларда, электр жүйесін жөндеу және қайта жаңарту жағдайларын қоспағанда, уақытша электр сымын қоюға;

7) трансформаторлық кіші станцияларға (бұдан әрі - ТКС), реле қондырғыларына (бұдан әрі - РҚ) кірісті, күш беретін құрамаларға, жарықтандыру қалқандарына, есептеу аспаптарына баратын жолдарды үйіп тастауға рұқсат етілмейді.

142. Уақытша электр сымы электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ талаптарына толық сәйкестікпен орындалады.

143. Өндірістік үй-жайлардағы электр тарату шкафтарының есіктері құлыппен жабылады, оның бір кілті электрикте, ал екіншісі бөлімше басшысында, белгіленген орында сақталады.

 

6. Сумен жабдықтау және кәріз



 

144. Өндірістік объектілер шаруашылық-ауыз су, өрт сөндіру және өндірістік су құбырларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сәулетінің 1992 жылғы 6 қаңтардағы АК-6-20-19 хатымен бекітілген "Ғимараттардың ішкі су құбыры және кәрізі" туралы ҚНжЕ 2.04.01-85 нормалары мен Қазақстан Республикасының басқа нормативтік актілеріне сәйкес фекальдық және өндірістік кәрізбен жабдықталады.

145. Ішкі шаруашылық-ауыз су құбырын өндірістік және қосалқы ғимараттарда орнату орталықтандырылған сумен жабдықтау көзі жоқ кезде және бір ауысымда 25-тен аспайтын адам жұмыс істеген кезде міндетті болып табылмайды, бұл жағдайда ауыз сумен қамтамасыз ету жергілікті шарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.

146. Қоршаған ауаның температурасы 0оС төмен кезде автомобильдерді қолмен жуған уақытта судың температурасы плюс 12оС төмен және плюс 60оС жоғары болмайды.

147. Кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндігі жоқ ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес сыртқы аулалық әжетханалар орнатылады.



Кәрізге қосылмаған учаскелерде орнатылған тұрақты үлгідегі сыртқы әжетханалар топырақты, су жүретін көкжиекті, құбырларды, құдықтарды ластамауы және өндірістік үй-жайлар мен тамақтану блогына 25 м алыс орнатылуы тиіс. Бұл әжетханалар жылдың суық мезгілінде жылытылуы және тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандырылуы тиіс.

148. Ұйым ауданында кәріздік желі жоқ кезде, ұйымның ағынды суын тазалау, сондай-ақ оларды жіберу орындарын таңдау экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

149. Ағынды суларды шығару шарттары мен тазалау әдісі тиісті аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісілді.

150. Автокөлік құралдарын жуудан, автокөлік құралдарын сақтауға немесе қызмет көрсетуге арналған үй-жайлардағы едендерді жуудан аққан, құрамында жанғыш сұйықтар мен өлшенген заттар бар сулар кәріздік желіге жіберудің алдында жергілікті тазалау қондырғыларында тазартылады.



Автокөлік құралдарын жуудан аққан суларды тазартқаннан кейін өлшенген заттар мен мұнай өнімдерінің көлемі шектік рұқсат етілген шоғырланудан аспайды.

151. Өткізгіш қабілеті секундына бір жарым литрден артық тазалау қондырғыларын тұнбадан тазарту механикаландырылған болады. Тұнбалар мен жиналған мұнай өнімдері тазалау құрылыстарынан, олардың жиналған шамасы бойынша жойылады. Бензин мен май ұстағыштардың қалыпты гидравликалық қақпағы мен вентиляциясы болады.



Тұнбаларды, мұнай өнімдерін және ағын суларды (орталандырылған кәріз болмаған жағдайда) шығару жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша анықталған, осы мақсатқа арналған орындарда орындалады.

152. Ассенизациялық және улы әрі жұқпалы ауру тарататын заттарды тасымалдайтын автомобильдерді жуу үшін сумен жабдықтаудың айналма жүйесін қоюға рұқсат етілмейді.



 

7. Жылыту және желдету



 

153. Өндірістік, қосалқы және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар "Жылыту, желдету, ауаны баптау" туралы ҚНжЕ 4.02-05-2001 және өндірістік үй-жайлардың шағын климатының санитарлық нормалары бойынша, ҚР ӨСҚ 08-97 талаптарына сәйкес және шағын климаттың санитарлық нормалары бойынша шағын климат пен осы Ережеге 7-қосымшаға сай жұмыс аймағының зиянды заттарының шектік рұқсат етілген шоғырлануын (ШРШ) қамтамасыз ететін жалпы алмастыратын ауа кіру-ауа тарту желдеткішімен және жылыту жүйесімен жабдықталады.

154. Жылыту жүйесі үй-жайдағы ауаның біркелкі жылуын, жергілікті реттеу мен сөндіру мүмкіндігін, пайдалану қолайлылығын, сондай-ақ жөндеу үшін қол жеткізілімділігін қамтамасыз етеді.

155. Бумен жылыту жүйесінің қыздырғыш аспаптары шаңнан әрдәйім тазартылып тұратын қаппен қорғалады.

156. Барлық желдеткіш жүйелер қалыпты күйде болуы тиіс. Егер вентиляциялық жүйенің жұмысы кезінде өндірістік үй-жайлардың ауасындағы зиянды заттардың мөлшері белгіленген нормадан асса, онда сынақ жүргізіледі, ал қажет кезде жүйе қайта жаңартылады.

157. Сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын қоюға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған көлемі 31000 м3 кем тұрақтарға үй-жайлар жалпы алмасу желдеткішінен басқа, табиғи ауа тартқыштармен және жарылыстан қорғалып жасалған авариялық вентиляциямен жабдықталады.

Авариялық вентиляция жалпы алмасу желдеткішінен кем емес ауа алмасу еселілігін қамтамасыз етеді.

158. Өндірістік үй-жайдың ауасындағы газдың шоғырлануы жарылғыштықтың төменгі шегінен 12 % мөлшерге жеткен кезде, газдық ортаның бақылау жүйесі дыбыс және жарық сигналдарын бір уақытта беріп және барлық электр қуатын тұтынушыларды, желдету жүйелері мен авариялық жарық беруді қоспағанда, бөліп тастау арқылы авариялық желдетудің қосылуын қамтамасыз етеді.

159. Жұмыстан тыс уақытта өндірістік үй-жайларда ауа айналымын жаңартуға арналған ауа кіретін вентиляция пайдаланылады. Ауа айналымын жаңартуға ауа кіретін вентиляцияны пайдалану жұмыс басталғанға дейін кемінде 30 мин уақыт ішінде тоқтатылады.

160. Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған барлық үй-жайларда көрнекті жерде және қақпалардан немесе кіретін есіктерден 5-10 м қашықтықта термометрлер қойылады. Кіретін есіктердің жеке жабылуға арналған жарамды механикалық құралдары болады.

161. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған, ауада уытты заттар шоғырлануының жылдам ұлғаюы мүмкін үй-жайлар жұмыс аймағындағы әуе кеңістігінің жай-күйін автоматты бақылау жүйесімен және сигнал беру құралдарымен жабдықталады.

162. Жұмыс аймағына, сондай-ақ тексеру орларына жылдың ауа температурасы плюс 20оС аспайтын және плюс 16оС төмен емес суық кезеңінде беріледі. Ауа айналымын жаңарту жұмыс уақытында газдың булары бөлінбейтін үй-жайларда ғана рұқсат етіледі.

163. Қаптау жұмыстарына арналған үй-жайларда таза ауаны жоғарғы аймаққа бөліп-бөліп беруді көздеген дұрыс.

164. Газбаллонды автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағындағы жұмыс орындары жалпы алмасу ауа кіру-ауа тартқыш вентиляциясымен және жарылыс қауіпі бар газдың шоғырлану мүмкіндігін болдырмайтын жергілікті вентиляциямен жабдықталады. Электр қозғалтқыштары мен вентиляторлар жарылыстан қорғалып жасалады.

165. Автокөлік құралдарын жууға арналған үй-жайлар ауа кіру-ауа тартқыш вентиляциямен жабдықталады.

166. Жалпы алмасу вентиляциясын есептеу кезінде таза ауаның мөлшері қысқы есептік температура кезінде жергілікті сорғыштармен шығарылатын ауаның орнын толтыру үшін жеткілікті болады.

167. Автомобиль қозғалтқыштарының жұмысын пысықтауға, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен жұмыстар жүргізу көзделген автокөлік құралдарын жөндеуге арналған үй-жайларда пайдаланылған газдарды жою үшін жергілікті ауа тартқыш құрылғылар орнатылады.

168. Майды қалпына келтіруге, аккумулятор батареяларын жөндеу мен зарядтауға, пластмассадан жасалған бұйымдарды жаншуға, бояу дайындау, бояу, темір соғу, мыспен дәнекерлеу, шанақ және вулканизациялау жұмыстарына арналған үй-жайлар электр қондырғыларын орнату ережесіне сәйкес орындалған механикалық қозғағышы бар жеке ауа келтіргіш-ауа тартқыш вентиляция жүйелерімен, ал қажет кезде қосымша жергілікті ауа тартқыш құрылғылармен жабдықталады.

169. Бүріккіштің көмегімен автокөлік құралдарын бояуға арналған үй-жайдан шығарылатын ауа сыртқа шығарудың алдында арнайы сүзгілерде (су сүзгілері) тазартылады.

170. Таза ауаны тарту ластанған ауа шығарылған жерден алыс және қорғалған орындарда жүргізіледі. Ауа кіргізу орны мен ауа шығару орнының арасындағы қашықтық жиырма метр және артық болған кезде кіргізуге және шығаруға арналған саңылаулар бір деңгейде орналасуы мүмкін, ал жиырма метрден кем болған кезде, кіргізуге арналған саңылау шығаруға арналған саңылаудан кемінде алты метр төмен болады.

171. Шыққан зиянды заттарды шығару үшін үй-жайларда тікелей олардың шығатын жерлерінде жергілікті ауа тартқыш құрылғылар орнату қажет. Терезе вентиляторларын қоспағанда, барлық вентиляциялық қондырғылар жеке үй-жайда орнатылады.

172. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануы мынадай шектік рұқсат етілген шоғырланудан аспайды:



1) ласталған атмосферада отыз минуттан аспайтын жұмыс ұзақтығы кезінде - 1 м3-ге 100 миллиграмм (мг);

2) 15 минуттан аспайтын жұмыс ұзақтығы кезінде - 1 м3-ге 200 мг.

173. Жұмыс аймағы ауасында көміртегі тотығының мөлшері артық жағдайларда қайталанған жұмыстар ең кемі 2 сағат үзіліспен жүргізіледі.

174. Өндірістік үй-жайларда анықталған зиянды заттардың мөлшері артқан жағдайда, жұмыс тоқтатылады және жұмыс істеушілер үй-жайдан шығарылады.

175. Өндірістік үй-жайлардың ауасындағы жарылыс қауіпі бар заттардың құрамы төменгі шектен аспайды немесе осы Ережеге 8-қосымшада көрсетілген жарылу шоғырлануының жоғарғы шегінен төмен болады.

176. Зиянды заттар бөлінетін және желдету тетігі істен шыққан, не қосылмаған өндірістік үй-жайларда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

177. Желдету қондырғылары жұмыс беруші бекіткен автокөлік құралдарының келу, кету және жөндеу посттары бойынша олардың қозғалыс уақытын ескере отырып жасалған кесте бойынша жұмыс істейді. Кесте вентиляциялық қондырғыны басқару пультінің жанында болады.

178. Вентиляция қондырғыларын реттеуді өзгертуге, қосымша қондырғылар мен арналарды қосуға вентиляция қондырғыларын пайдалану үшін жауапты тұлғаның рұқсаты бойынша ғана жол беріледі.

179. Пайдалануға қосылардың алдында барлық жаңадан жөнделген немесе қайта жаңартылған желдету жүйелері, бапталып сынаудан өтеді, мұны мамандандырылған ұйым белгіленген тәртіппен акті жасау арқылы орындайды.

180. Жылу беру маусымы басталардың алдында барлық пештер тексеріледі және жөнделеді.

181. Технологиялық процестер өзгерген кезде, сондай-ақ ауаны ластайтын өндірістік жабдық ауыстырып қойылған кезде осы учаскеде (цехта) қолданылып жүрген желдету қондырғылары жаңа шарттармен сәйкестікке келтіріледі.

182. Жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде:

1) жылыту аспаптарын қандай бір заттармен немесе материалдармен үйіп тастауға (қоршап тастау);

2) жылыту аспаптары мен құбырларында материалдарды, мата қиқымдарын кептіруге;

3) пештердің үсті мен олардың жанында ағаш, көмір, киім және басқа жанғыш материалдарды кептіруге;

4) жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен пеш тұтатуға;

5) ақаулы пештерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

183. Пайдаланылатын үй-жайларда уақытша пештерді орнатуға рұқсат етілмейді.



 

8. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар



және өндірістік санитария

 

184. Автомобиль көлігі қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 27 шілдедегі № 342 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 3.02.04-2002 (бұдан әрі - "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 3.02.04-2002) талаптарына сәйкес және оларды осы Ереженің 11-қосымшада көрсетілген өндірістік процестердің тиісті тобына жатқызылуын есепке ала отырып санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар көзделеді.

185. Ылғалды жинауды қажет ететін киім шешетін бөлмелерді, жуыну бөлмелерінде және дәретханаларда, сырттағыдан басқа, әйелдердің жеке гигиенасына арналған үй-жайларда, киім тазалауға арналған үй-жайларда қабырғалар, қоршаулар және едендер, оларды оңай тазалауға және жуғыш заттарды қолдану арқылы ыстық сумен жууға мүмкіндік беретін материалдармен қапталады.

186. Киім шешетін бөлмелер (сырт киімге арналған киім шешетін бөлмелерді қоспағанда), душ бөлмелері, жуыну бөлмелері және дәретханалар ер адамдар мен әйел адамдар үшін бөлек болады. Киім шешетін бөлмелер ашық үлгідегі ілгіштермен немесе сырт, үй және арнайы киімді сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады. Киім шешетін бөлмелерде арнайы киім мен арнайы аяқ киімді кептіруге арналған, тиісті жабдықпен жарақталған үй-жайлар болады.

187. Киімдердің әр түрлерін сақтауға арналған шкафтар, әрқайсысы олардың киім ілгішке арналған штангамен, бас киімдерге, аяқ киімге, туалет бұйымдарына, ал қажетті жағдайларда жеке қорғану құралдарына да арналған орындармен жабдықталған бөлімшелері бар бекітілетін немесе ашық (алдыңғы жағынан қоршалмаған) болады.

188. Киім шешетін бөлмелердегі киім сақтауға арналған орындардың саны: қызметкерлердің тізімдік санына тең болып белгіленеді.

1) сырт киім үшін - ең саны көп екі аралас ауысымдарда жұмыс істеушілердің санына тең;

2) үй және арнайы киім үшін - ұйымдағы.

189. Кірлеген киімге арналған бөлмені, әдетте, кірлеген киімді бөлмеден тасу басқа тұрмыстық үй-жайлар арқылы өтпейтіндей етіп орналастыру қажет.

190. Қызметкерлерге жылы арнайы киім берілетін ұйымдарда киім шешетін бөлмелердің жанында, жазғы және қысқы кезеңдерде оны сақтауға арналған бөлмелер көзделеді. Бұл бөлмелерді таза киімге арналған бөлмелермен біріктіруге рұқсат етіледі.

191. Ауысымға жиырма адамнан аспайтын жұмыс істеушілер мөлшері кезінде өндірістік процестердің бірінші тобы үшін арнайы киім сақтайтын бөлмелер көздемеуге рұқсат етіледі.

192. Шкафтар бөлімшелерінің төмендегідей өлшемдері болады:

"Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес тереңдігі - 500 мм, биіктігі - 1650 мм, ені - 250 мм, 330 мм, 400 мм (өндірістік процестердің тобы мен ұйым орналасқан ауданның ауа-райына байланысты).

193. Киім шешетін бөлмелерде ("1а" тобын қоспағанда) шкафтардың жанында, олардың қатарларының ұзындығы бойынша орналасқан ені 300 мм отырғыштар көзделеді.

194. Шкафтардың алдыңғы беттері мен қабырға немесе қоршау арасындағы қашықтық өтетін жолдың бір жағындағы қатардағы шкафтар бөлімшелерінің санына байланысты қабылданады:

1) он сегізге дейін - 1400/1000 мм;

2) он сегізден отыз алтыға дейін - 2000/1400 мм (бөлімінде отырғышсыз шкафтар қатарларының арасындағы өтетін жолдың ені беріледі).

195. Өндірістік процестердің әрбір тобы (1а, 2б, 2в, 2г, 3б) үшін жеке киім шешетін бөлмелер жабдықталады.



Ұйымдағы қызметкерлердің тізімдік мөлшері елу адамға дейінгі кезде өндірістік процестердің барлық топтары үшін ортақ киім шешетін бөлмелер рұқсат етіледі.

196. Жеке немесе топтық жуыну бөлмелері болуы мүмкін.



Ұйымда жұмыс істеушілерге арналған жуыну бөлмелері мен душ желілеріндегі крандардың саны өндірістік процестердің топтары мен бір кранға (душ желісіне) келетін есептік санға сүйене отырып белгіленеді.

197. Өндіріс сипатына байланысты қол жуғыштардың 40 % дейінгі есептік санын өндірістік үй-жайлардағы жұмыс орындарына жақын, сондай-ақ дәретханалардың жанындағы тамбурларда орналастырылады. Әрбір қол жуғыш ыстық және суық су араластырғышымен жабдықталады.

198. Жеңіл, жүк автомобильдерінің, автобустардың жүргізушілері мен кондукторлары үшін жуыну бөлмелеріндегі, дәретханалардағы еден астауларының, унитаздардың және писсуарлардың крандары ұйымға бір сағаттың ішінде (автокөлік құралдарының бекітілген қайту кестесіне сәйкес) рейстерден қайтқан жүргізушілер мен кондукторлардың ең көп мөлшерінің 50 % тең адам санына сүйене отырып есептеледі.

199. Жуыну бөлмелерінде сүлгілер мен киімге арналған ілгектер, сұйық сабын үшін ыдыстар немесе кесек сабынға арналған сөрешіктер көзделеді. Қолжуғыштардың жанында әрқашан жеткілікті мөлшерде сабын және құрғақ таза сүлгі немесе электр сүлгісі болады.

200. Зиянды заттар теріге әсер етуі мүмкін ұйымдарда қызметкерлер жуып тазалағыш және залалсыздандырғыш заттармен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсат үшін кір жуатын ұнтақтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

201. Душ бөлмелері үш жағынан қоршалған ашық кабиналармен жабдықталады. Кабиналар ылғалға төзімді материалдардан жасалған, еденге 20 см жетпейтін, еденнен 1,8 м биіктіктегі қоршаулармен бөлінеді. Жоспардағы ашық душ кабиналарының өлшемдері 90 см-ге 90 см-ден кем болмайды. Душ кабиналарының 20 % дейінгі мөлшері жабық етіп көзделеді. Кабиналардың жайластырылуы "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы Қазақстан Республикасының ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес келеді.

202. Душ бөлмелерінің жанында бумен қыздырынатын үй-жайлар мен шағын бассейндер орнатылуы мүмкін.

203. Сүртінуге және киім ауыстыруға арналған душтың кіреберіс бөлмелері бір душ желісіне ені 30 см және ұзындығы 80 см отырғыштармен жабдықталады. Отырғыштар қатарларының арасындағы қашықтық кемінде 1 м болады.

204. Өндірістік ғимараттардағы жұмыс орындарынан дәретханаларға, темекі шегетін бөлмелерге, жылынатын үй-жайларға, ас сумен жабдықтау құрылғыларына дейінгі қашықтық 75 м аспайды, ал ұйымның ашық алаңдарындағы жұмыс орындарынан 150 м аспайды.

205. Дәретханалардағы санитарлық аспаптар - унитаздар мен писсуарлардың мөлшері, адам саны ең көп ауысымда 15 адамға бір санитарлық прибор есебінен қабылданады. Дәретханаға кіріс тамбур арқылы болады. Дәретханалардың жанында төрт унитаз бен төрт писсуарға бір қолжуғыш, бірақ әрбір дәретханаға ең кемі бір қолжуғыш есебінен қолжуғыштар көзделеді. Ер адамдарға арналған дәретханаларда жекелерінің орнына қабырғаға ілінетін шайғышы бар науалы писсуарлар қолдануға рұқсат етіледі.

206. Адам саны ең көп ауысымда жұмыс істейтін әйелдердің саны он бестен жүзге дейін болған кезде ұйымда гигиеналық душқа арналған үй-жай (әйелдер дәретханасында орналасатын, тамбурдан дәретханаға кірісі бар жоспардағы өлшемі 1,8 м-ге 90 см кабина) көзделеді.

207. Темекі тартуға арналған бөлменің ауданы адам саны ең көп ауысымда бір қызметкерге 0,03 м2, бірақ кемінде 9 м2 есеппен белгіленеді.

208. Санитарлық-тұрмыстық немесе өндірістік үй-жайларда демалуға арналған үй-жайлар адам саны ең көп ауысымда, осы үй-жайды пайдаланатын бір қызметкерге 0,02 м2, бірақ кемінде 18 м2 есеппен бөлінеді.

Қызметкерлердің саны, адам саны ең көп ауысымда отыз адамнан кем ұйымдарда демалуға арналған үй-жайларды ас ішуге арналған үй-жайлармен біріктіріледі. Бұл жағдайда осы үй-жайдың ауданы әрбір отыратын орынға 1,3 м2 есебінен қабылданады.

209. Ұйымда жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізетін, қол жуғыштар қойылған бөлме бөлінеді. Бөлменің ауданы 12 м2 кем болмайды.



Медициналық пункттің ауданы мынадай болып қабылданады:

1) 12 м2 - жұмыс істеушілердің 150 адамға дейінгі тізімдік саны үшін;

2) 18 м2 - жұмыс істеушілердің 150-ден 300 адамға дейінгі тізімдік саны үшін.

Қызметкерлердің тізімдік саны үш жүз адамнан астам ұйымдарда, құрамы және ауданы "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы Қазақстан Республикасының ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес қабылданатын фельдшерлік және дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері көзделеді.

210. Қызметкерлердің тізімдік саны үш жүз адамнан аз ұйымда медициналық пункттер көзделеді.

211. Адам саны ең көп ауысымда қызметкерлердің саны 200 адам және артық болған кезде, әдетте, жартылай дайын тағамдармен жұмыс істейтін - асхана, ал жұмыс істеушілердің саны аз кезде, басқа қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан жеткізілетін ыстық ас беретін таратушы асхана (буфет) көзделгені дұрыс.

212. Адам саны ең көп ауысымда қызметкерлердің саны отыз адамнан кем болған кезде әрбір келушіге 1 м2, бірақ 12 м2 аспайтын есеппен, қолжуғышпен, тұрақты қайнатқышпен, асты ысытуға арналған плитамен, тоңазытқышпен жабдықталған ас ішуге арналған бөлмелерді көздеуге рұқсат етіледі.



Қажетті жағдайларда жылжымалы асханалар көзделуі мүмкін.

213. Цехтар мен өндірістік учаскелер тиісті сападағы ас сумен қамтамасыз етіледі. Ас сумен жабдықтау үшін автоматтар көзделеді.

214. Темір соғатын және басқа ыстық цехтар мен учаскелердің қызметкерлері ауысымдағы бір жұмыс істеушіге 3-5 л су есебінен газды тұздалған (бір литр (бұдан әрі - л) суға 5 граммға дейін ас тұзы бар) сумен жабдықталады.

Ұйым қызметкерлерді тұщы сумен жабдықтауды жалпы негізде қамтамасыз етеді.

215. Арнайы киім мен арнайы аяқ киімді жуу, химиялық тазалау және жөндеу үшін ұйымда киім мен аяқ киімді жөндеуге арналған үй-жайлары кір жуатын бөлмелер және химиялық тазалау бөлімшелері арнайы бірге көзделеді.

216. Ұйымның аумағынан тыс орналасқан автобус жүргізушілеріне қызмет көрсететін диспетчерлік пункттердің "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары болады.

 

9. Жабдыққа, құралдар мен саймандарға қойылатын талаптар



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет