Агрегатты-бөлімдік тәсіл бойынша басқару
Мұнда келесі бөлімдер қарастырылады:
— қозғалтқышқа, ілініске, беріліс қорабына, карданды беріліске, редукторларға, шанақ механизмдеріне техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу;
— алдыңғы белдікті, рульдік басқаруды, артқы белдікті, тежеу жүйесін автомобиль аспаларына ТҚ көрсету жэне жөндеу;
— электр жабдықтары жэне қоректендіру жүйесіне ТҚ жэне жөндеу;
— шанақка, кабинаға ТҚ және жөндеу;
— пісіру, желімдеу, дэнекерлеу, қаңылтыр жұмыстары, шанақтық жұмыстар;
— шиналарға ТҚ көрсету жэне жөндеу;
— механикалық жэне слесарьлық жұмыстар;
— жинастыру-жуу жұмыстары.
Негізгі өндірістік бөлімге бекітілген автомобильдерге ТҚ жэне АЖ жұмыстары тұйық бекеттерде немесе ағымдық желінің тиісті бекетінде, ал қосалқы өндірістік бөлімдердің жұмыстары цехтарда, ТҚ көрсету желілерінде орындалады. Агрегаттық-бөлімдік тэсіл бойынша ұйымдастырылған ТҚ жэне АЖ өндірістік үдерістің барлық элементтерін, сондай-ақ қосалқы бөлшектердің шығынын мұқият есептеуді қарастырады.
Қазіргі қолданыстағы жоспарлы-сақтандыру жүйесі жол-көлік кұралдарына мамандандырылған бригадалық тәсіл бойынша қызмет көрсету жэне жөндеуді ұйымдастыру тәсілін қолдану орталықтан басқару жүйесі (ОБЖ) деп аталады.
Орталықтан басқару жүйесінің қарастыратындары:
— басшылар арасындағы экімшілік жэне тікелей жұмыстарды айқындап бөлу;
— акпараттық мәліметтерді жинау, өңдеу, сараптау;
— жол-көлік құралдарына ТҚ жэне жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
— біртекті жұмыстарды атқаратын өндірістік бөлімшелерді біріктіру;
_ байланыс құралын, есептеу техникасын, телемеханиканы қолдану;
— өндірісті дайындау, айналымдағы косалқы бөлшектер қорын кұрау, қорды сақтау және реттеу, агрегаттарды табу, жұмысшыларды аспаптармен жабдықтау.
Өндірісті дайындау кешені айналу қорын керекті заттармен қамтамасыз ету, қосалқы бөлшектерді іріктеп алу, оларды жұмыс орын- дарына жеткізу, көлік құралынан шығарған агрегаттарды тасымалдау, жөндейтін аспаптарды үлестіру, көліктерді айдап келу, оларды сақтау ор- нына кою.
:__ Әкімшілікке бағынышты
—- Тікелей багыну
—- Іскерлік байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |