4. Мақсатты болжаудың алгоритімі.
Кім ұзақ мерзімге қойылған мақсатқа жеткісі келсе, оған әрқашан уақыт жеткілікті және ол үлгеретін сияқты көрінеді. Сол себептен ол барлық жұмысты кейінге қалдырып, кіріскенде ғана кешіккенін біледі. Абстракцияның жоғары деңгейінде құрылған ұзаққа созылған мақсат өздігінен орындалмайды. Сондықтан ұзақ, үлкен, стратегиялық мақсатты, жақын, нақтылы мақсат түрінде көрсету керек. Ол үшін алыстағы мақсатты жақынға бөлу керек, «декопозиция» және «мақсат талын құрастыру» түсініктері жайлы сөз қозғалады.
«Мақсаттар талын» құрастыру ережесі бар. Олардың бірнешеуін ұсынуға болады:
басты мақсат жеке, нақтылы мақсаттардан құралмайды. Ол менеджер арқылыл құралады, сосын жеке мақсаттарға бөлінеді.
жоғарғы деңгейдегі мақсаттардың ешқайсысы өздігінен жетілмейді, олар өзі бөлінген бөлшектердегі мақсаттар арқылы жетістікке жетеді.
басты мақсаттардың бөлінуі, «мақсаттар талы» деңгейіне жеткенде тоқтатылады.
Айтылғандай үлкен мақсат кең аумақты қамтиды. Сондықтан, ол тек жүйе жағдайын терең талдау негізінде ғана құрастырылуы керек.
Әрі қарай, үлкен мақсат іске асу үшін, бірнеше кіші мақсаттарға бөлініп кетеді, ал ол кіші мақсаттардың өзі кейде іске- асу үшін тағы кішігірім мақсаттарға бөлініп кетеді, сөйтіп, «мақсат ағашы» қалыптасады. Сосын әр бір мақсаттан кейін оның орындалуы үшін, нақты бағдарлама құрылады.
Әрбір бағдарламаға орындаушылар құрамы тағайындалады, оның орындалу кезеңі анықталады, бағдарламаның тапсырмаларын орындау үшін оптимальдық құралдар таңдалып алынады, орындалу мерзімі және бақылау шарттары белгіленеді.
Бұндай бағдарламаның құрылу үрдісі мазмұны тек қана алты сұраққа жауап беруді талап ететін құжатқа сүйенеді. Бұл сұрақтарды үш категориялық сыңарға топтастыруға болады:
Субьект - обьект (Кім? Не?). Қойылған мақсатқа жетуге кім жауапты? Бұл мақсаттан не күтуге болады?
Кеңістік - уақыт (Қашан? Қайда?). Қайда және қашан, не істеліну керек?
Саны - сапасы (Қанша? Қалай?). Ол қалай жасалады? Бұл жұмыстың орындалуына қанша ресурстар (адам, уақыт, құрал-жабдық) қажет?
Сонымен, басқарудың мақсаттары мен тапсырмаларын құрастырғанда, міндетті түрде жүйе жағдайын талдау, содан кейін мәселенің негізі болу керек. Қандай да болсын мәселені шешу, бүгінгі бар жүйе жағдайын жақсы жағдайға жақындастыру болып табылады.
Менеджментте күрделі мәселерді шешуде жүйелік талдау қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |