Аяган Еркiн Сагынтайулы «Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B011200-Химия, 5B011000-Физика» Қарағанды 2018 1- лекция


Педагогикалық жүйе және оны басқарудағы формализм себептері мен сипаты



бет2/39
Дата09.03.2024
өлшемі148.49 Kb.
#494801
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
multi--1 x452391492

Педагогикалық жүйе және оны басқарудағы формализм себептері мен сипаты.


Формализм (латын сөзі формалис – формаға қатысты) – адам іс-әрекетінің әртүрлі санасының мазмұны алдындағы формаға берілетін «құрмет» (предпочтение)
Педагогикалық жүйе және оны басқарудағы формализм жеке оқытушылардың не төменгі компетенттілігін, не төмен кәсіби шеберлік нәтижесінен болып келеді.
Фомализм көрінеді:

  • оқуда – материалды механикалық жаттап алу;

  • тәрбиеде – тәрбие іс-шарларын өткізуде сападан гөрі санға көңіл бөлу;

  • басқаруда – оқу мекемесінің іс-әрекетін «көрсетпелі»(показным) нәтижелермен бағалау.

Оқыту үрдісінде формализмнің негізгі проблемалары ең алдымен оқытушының компетенттілігін және кәсіби шеберлігін көтеру арқылы шешіледі.

4.«Менеджмент», «педагогикалық менеджмент» түсінігінің маңыздылығы.

Қазіргі уақытта педагогикалық ғылымда және тәжірибеде студенттерді ғылыми басқару бағытынан оқыту және тәрбиелеу үрдісінің мағынасына анық тенденция пайда болды. Көптеген ғалымдар басқару тек қана өнеркәсіптік, экономикалық салада емес, соныман қатар күрделі әлеуметтік құбылыста оқыту мен тәрбиелеу қалай қажет болса, олда дәл солай қажет деп атап көрсетті. (Бабанский Ю.К., Архангельский С.И., Талызина Н.Ф., Пидкасистый П.И., Хмель Н.Д. және т.б.).


Оқытуды және тәрбиелеуді - оқыту іс-әрекетін басқару, адам тұлғасын және оның басқа да қасиеттерін қалыптастыруды басқару үрдісі ретінде қарастыруға болады. Басқару үрдісінің жалпы заңдылықтары стихиялы түрде қолданылады. Бірақ, ғылыми білімнің қазіргі деңгейі педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда басқарудың жалпы теориясын қолданудың мүмкіндігін көрсетеді.
Қазіргі ғылымда басқару маңыздылығын айқындайтын бірнеше бағыттар бар:


    • «Басқару - бұл біріншідін, заңды ресми түрде орындау және қолдау... (Г. Гегель).

    • «Басқару» - «... элемент, белгілі құрылымды сақтауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған жүйелердің қызметі, іс-әрекет ережелерін, бағдарламаны іске асыруды, іс-әрекет мақсатын қолдау» (Үлкен Кеңес Энциклопедиясы).



    • «Басқару – бұл саналы және мақсаттылық іс-әрекеті, тек қана саналы іс-әрекет емес, оның әртүрлілігі, шешімдерін өңдеуге қатысты және оларды өмірге ұқсату қабілеті, жүйелілік жолымен алынған мақсатқа сай анықталған жүйе қызметін жөндеу, ақпаратты қолдану және қайта өңдеу» (В.Г. Афанасьев).



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет