Аяган Еркiн Сагынтайулы «Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B011200-Химия, 5B011000-Физика» Қарағанды 2018 1- лекция


Тақырып 5. Оқу үрдісін қадағалау жүйесі. Педагогикалық мамандарды аттестациялау негізінде диагностикалау



бет25/39
Дата09.03.2024
өлшемі148.49 Kb.
#494801
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
multi--1 x452391492

Тақырып 5. Оқу үрдісін қадағалау жүйесі. Педагогикалық мамандарды аттестациялау негізінде диагностикалау.

Жоспар:
1. Бақылаудың техникалық және әдістемелік негіздерін қадағалау.
2. Білім беру үрдісін басқару субьектісінің іс-әрекет принциптерін талдау.
3. Сабақтың жүйелі талдануы және технологиясы.
4. Мұғалімнің жеке басын диагностикалау және білім беру іс-әрекетінің мониторигін жасау.
5. Мұғалімнің ПЗЛК картасы.
6. Оқушының оқып үйрену дәрежесі және мұғалімнің талап қою деңгейінің өз аралық
байланысының маңызы.
7. Оқушылардың оқу сапасы диагностикасы және мұғалім еңбегінің тиімділік фактісі.

1. Бақылаудың техникалық және әдістемелік негіздерін қадағалау.


Бақылау финкциясын жүзеге асырауда басқару субьектісінің басты міндеті – еңбекпен өтеу және түскен ақпаратты мәдениетті түрде талдау, бағалау.
Басқару жұмыстарын жетілдіру жағдайы:
1. генерализация ( басты негізгі бағыттар);
2. интеграция (күшті біріктіру);
3. ізгілендіру (жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру);
4. жеке тұлғаны қалыптасрыру;
5. дифференциация (барлық жұмыстың нәтижесін барлығына тең бөлу);
Бақылаудың негізгі мақсаты:
1) терең жан-жақты тексеру;
2) орындаушылардың қателерін нақты ұйымдасқан жүйелі түрде түзету;
3) жетекшінің басқаруының жетілуі;
4) алдыңғы қатарлы педагогикалық әдіс-тәсілдерді анықтау;

Негізгі әдістер:
1. әріптестердің іс-әрекетін бақылау;
2. құжаттарды талдау және оқып үйрену;
3. әріптестер мен оқушылармен, ата-аналармен әңгіме және талдау;
4. әріптестер мен оқушылармен, ата-аналармен сауалнама;
5. жазба жұмыстарын бақылау жұмыстарын алу талдау;
Талдау – бұл бүкіл жүйедегі негізгі әдіс.
2. Білім беру басқару үрдісіндегі субьективті талдау, жинақтау іс-әрекетінің принциптері.
Білім беру саласын шеберлікпен басқару үшін алға қойған мақсатты ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарау шешім шығаруы, сапалылығы, педагогиканың менеджері жекелеген және жалпы білім беру саласының жұмысын жан-жақты нақты білу керек.
Тексеруші бақылауда негізгі мына мәселелерді басты назарға алу керек.
1) араласпау;
2) сыпайылылық;
3) барлық себептерді есепке алу;
4) мұғалімнің жеке басы және пәннің ерекшелігін есепке алу;
5) ғылымилығы;
6) хабардар болу;
7) талаптың бірлігі;
8) талаптың мақсаттылығы;
9) барлық талаптардың үйлесімді болуы;
10) талаптың бірлігі және өзара тығыз байланыстылығы;
3. Сабақ талдаудың әдістемелік және технологиялық жүйелілігі:
Мұғалімнің іс-әркетінің жүйелі ыңғайластырылуы, талдай білуі, дұрыс бағалай білуі, ұйымдастырудың әртүрлі формалары бір-біріне тәуелсіз болуы, түрлі типтері, жүйесі, дидактикалық құралдары нақты болуы, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, әдіс тәсілдерінің бір-біріне әсері болуы. Білім беру үрдісінің тиімділігі екі жақтың бір-біріне мұғалімге де оқушыға да әсер етеді.
Жеке тұлғаның бірізділігі сабақтың талдауына және бағалауына көмектеседі.
1. Педагогтың тұлғасы:
1.1. пәнді терең білуі, жалпы білімдарлығы;
1.2. педагогикалық шеберлігінің деңгейі;
1.3. сөздің сапалылығы;
1.4. оқушығы қарым-қатынасы және көзқарасы;
1.5. сырт келбеті;
2. Оқушылар:
2.1. белсенділік, танымдылық дәресі, шығармашылығы еркінділігі;
2.2. жалпы оқудың деңгейі және арнайы білімі және дағдысы;
2.3. ұжымдық жұмыстың дағдысы;
2.4. ұйымдастырушылық сатысы, тәртіптілігі, қызығушылығы;
3. Мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің мазмұндылығы:
3.1. талдау және бағалау тиімділігінің дәрежесін негізгі оқу принциптерінде тарату;
3.2. оқыту мен тәрбиенің өмірмен байланыстылығының өзектілігі;
3.3. оқушылар үшін оқу тақырыптарының тартымдылығ және проблемалығын жүргізі дәрежесі;
3.4. берілген ақпараттың көлемі және үйлесімділігі;
4. Мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің тәсілдері:
4.1. сабақта негізгі іс-әрекет түрлерінің ауысуында және үйлесімінде, уақытты үнемді және
нақты ұтымды пайдалану;
4.2. ОТҚ және көрнекілікті тиімді және мақсатты түрде пайдалану;
4.3. тәсілдерді ұтымды пайдалану;
4.4. кері байланыстың тиімділігі және бар болуы, жеке бөліп шығару, дербестілігі және ыңғайын өткізу
4.5. оқушылардың оқуды үйрену дәрежесін бақылаудың тиімділігі, талаптың деңгейін тексеру мен бағалау жүргізілуі;
4.6. оқушыларға сабақта эстетикалық дәрежесінің әсері;
4.7. техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуы;
5. Оқытудың мақсаты және нәтижесінің өзара қатынасы:

5.1. мақсаттың айқындығы, анықтың деңгейде құрылуы;


5.2. оқытудың мақсатының өскелеңділігі,шынайлығы, мақсаттың бейімділігі, қиындылығы;
5.3. оқушылардың сабақтқа қатысуның деңгейі;
5.4. тәрбиелік қатынасының дәресесі;
5.5. оқушылардың даму қатынасының дәрежесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет