Аягөз ауданының 2014 жылдың 1 қазанына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата25.02.2016
өлшемі16.34 Kb.
#21735
Аягөз ауданының 2014 жылдың 1 қазанына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 3911,4 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне (3435,7 млн.теңге) 113,8% құрайды.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 11654,4 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімі деңгейі (11649,5 млн.теңге) 100%.

Барлық шаруашылық категориялары бойынша 11320,1 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне (10855,3 тонна) 104,3% құрады. 36978,3 тонна сүт (2013 жылдың 1 қазанға қатысты 35670,5 тонна-103,7%), 3292,8 мың дана жұмыртқа өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% артты.



Негізгі капиталға инвестиция жұмсау. 2014 жылдың 1 қазан айына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 37141,4 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне (23971,5 млн.теңге) 152,1% құрады.

Тауар айналымы. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 7515,2 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың 1 қазанына қатысты 8,3%, немесе 1036,4 млн.теңгеге артты.

Шағын кәсіпкерлік. Ағымдағы жылдың 1 қазанында тіркелген шағын кәсіпорындар саны 152 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 94, белсенділері 69 бірлік.

Денсаулық сақтау. Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны 36 немесе өткен жылға қатысты (40 адам) 90%.

Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша үстіміздегі жылдың 1 қазанында 582 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда (682 қылмыстық іс) 85,3%. Ашылу деңгейі 51,6%-ды құрап, өткен жылға қатысты (38,9%) 32,6% артты.

Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 қазанында жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 279 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,7% болып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңі деңгейіндей.

Жыл басынан бері 561 адам жұмысқа орналастырылды. 2014 жылдың 1 қазанына 514 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2013 жылдың 1қазанымен салыстырғанда 56 жаңа жұмыс орынына, немесе 12,2% артты.



Еңбекақы. 2014 жылдың 1 қазан айына жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 84804 теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 4335 теңге, немесе 5,4%–ға артты.

Қаржы. 2014 жылдың 1 қазанына ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 1878,1 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 99,4%-ы.

Жергілікті бюджеттің игерілуі 3197,4 млн.теңгені немесе 93,2%, немесе 233,6 млн. теңгесі игерілмей қалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет