Ќазаќ Бас Сјулет-Ќўрылыс Академиясы


) Онтология (грекше ontos – болмыс) – жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім



бет2/7
Дата26.09.2023
өлшемі6.89 Mb.
#478706
1   2   3   4   5   6   7
1 дәріс . Философия пәні.

1) Онтология (грекше ontos – болмыс) – жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім.

Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.

2) Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай сияқты мәселелреді зертейді. Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик – И.Кант.

3) Логика (Қисын) – (грекше – logic – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар – диалектикалық, математикалық, формальді.

4) Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.

  • 2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

    5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адамгершілік жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.

    6) Эстетика (грекше aisthetikos – сезіну) – адамның дүниені эстетикалық немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары - әсемдік пен ұсқынсыздық.

    7) Психология (грекше psyhо – жан) – адам жаны мен психикасы туралы ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-әрекет, энергопотенциал т.б.

    8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.

    9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста аяқталады».


    Мәселе
    Сана
    Идея
    Рухани
    дүние
    Материя
    Болмыс
    2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет