Ќазаќ Бас Сјулет-Ќўрылыс Академиясы


Дүниеге көзқарастың алғашқы тарихи түрі



бет4/7
Дата26.09.2023
өлшемі6.89 Mb.
#478706
1   2   3   4   5   6   7
1 дәріс . Философия пәні.

Дүниеге көзқарастың алғашқы тарихи түрі мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы хикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайлары Гераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне батырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан, жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.
Діни дүниеге көзқарас – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан тыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3 әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Діни сенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).
Философиялық дүниеге көзқарас– сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп, табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпы заңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарас ретінде пайда болады.
4. ДҮНИЕГЕКӨЗҚАРАС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ –
МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ

Дүниегекөзқарастың тарихи түрлері:


Аңыз
Дін
Философия

5. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ

  • Философияның қарастыратын әмбебап мәселесінен – адам мен ғаламның арақатынасынан «философияның негізгі сұрағы» туындады. Маркстік әдебиеттерде философияның негізгі сұрағының екі жағы бар деп қарастырылады:
  • а) не бірінші – рух па, табиғат па?; б) әлемді танып-білуге бола ма?
  • Бұл мәселе Ф.Энгельстің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының соңы» деген еңбегінде бірінші рет қойылған.
  • Руханилық пен материалдық қатынасын шешуде (филос. сұрақтың 1-жағы) философтар екі түрлі бағытқа бөлінеді: 1) материалистер бірінші деп материалдықты (қоршаған ортаның бөлігі – су, ағаш, металл, жер, т.б.) есептесе; 2) идеалистер үшін, керісінше, материалдық – руханилықтың туындысы (идея, сана, ерік, абсолюттік рух, т.б.). Материализм мен идеализмнің бірнеше тарихи түрлері бар.
  • Философиялық сұрақтың 2-жағы әлемнің танымдық мәселелерімен (гносеология) байланысты: әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндігі шексіз бе, әлде оның шегі бар ма; ғалам туралы білім қалай алынады, алынған нәтиженің ақиқаттығына немесе қателігіне қалай көз жеткізуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет