«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға


Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы



бет4/4
Дата19.03.2023
өлшемі33.38 Kb.
#470967
1   2   3   4
aza - debieti (2)

5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.


6. Тест тапсырмаларының формалары: Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.


7. Тест тапсырмаларын орындау уақыты: Бір тапсырманы орындаудың орташа ұзақтығы 1,5 – 2 минутты құрайды.


8. Бағалау:
Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.
Төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін ‒ 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға ‒ 0 балл алады.


9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбелері».
2. Қазақ әдебиеті, 11-сынып А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева, Ж.Н.Нұрлыбаева, Алматы “Атамұра” 2020 ж.
3. Қазақ әдебиеті, 10-сынып, А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева, Л.К.Жұмекенова, Алматы “Атамұра” 2019 ж.
4. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: оқу құралы, Б.Керімбекова, Астана: Фолиант. 2017 ж.
5. Қазақ әдебиеті, Мұғалім кітабы. «Жазушы», 2018 ж. С.Қасқабасов, Р.Әлмұқанова, Е.Раушанов, А.Тиынтай.
6. Қазақ әдебиеті, Мұғалім кітабы. «Арман-ПВ», 2018 ж. Г.Рыскелдиева, М.Иманбаева, С.Қайыпжанқызы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет