Тақырыбы
Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»
Оқу мақсаты
8.3.2.1
Шығармадағы
материалдық
және
рухани
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып,
жаңашылдығына баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•
Шығармадағы материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады
•
Шығарманың жаңашылдығына баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз.
Шығарма үзіндісі
Салыстырмалы талдау
Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан
гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды
пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала
құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша
бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-
қатар тізіп қояды да бақалшыға:
-
Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен
бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ тарт, -
дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп
береді.
Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті
көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада
неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі
әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні
әлі құлағымда.
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін
үйретуші еді.
-
Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.
-
Мен Момыштың ұлымын.
-
Момыш кімнің баласы?
-
Момыш – Имаштың баласы.
Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып
санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі
білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең
алдымен осылай басталатынын ол кезде кім
білген.
Дескриптор
Білім алушы
-
шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдайды;
-
заманауи тұрғыда салыстыру жасайды;
-
материалдық, рухани құндылықтарға баға береді.
Достарыңызбен бөлісу: |