Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



бет115/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143
Кітап Тәрбие

«Социалистік Қазақстан» газеті.
16.12.1964 ж.

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ


Қазақ халқының рухани асыл қазыналарының бірі - ертеден қалыптасқан ауыз әдебиеті, оның негізінде дамыған көркем әдебиеттің негізгі бір саласы балалар поэзиясы. «Баланы жастан» тәрбиелеуге халық ертеден-ақ ерекше көңіл бөліп, балаға әсер ететін тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар шығарды. Ол мұраны халық аса ардақтап, аузынан тастамай, осы заманға жеткізді.


Дамып, өркендеуіне халық творчествосы негіз болған қазақ балалар поэзиясы осы дәуірде барлық жағынан толысып, оқу-тәрбиенің ең басты құралы болып отыр. Балалар поэзиясының асыл маржандары отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте кеңінен пайдаланылып жүр. Мәдениетті қазіргі заманға сай қалыптасқан отбасында бала тілі шыққаннан көңіл көркейтер көркем сөздерді жаттап өседі, содан тәлім алады, рахат табады, эстетикалық сезімдері (қиял, арман , шаттық, ынта, ықылас т.б.) дамиды, мінез-құлқындағы адамдық асыл қасиеттері қалыптасады, тіл үйренеді. Сондықтан да балалар поэзиясы - халықтық педагогиканың ең басты арқауы ретінде оқу-тәрбие жұмысына жан-жақты, кеңінен пайдаланылады, оны халық өте жоғары бағалайды.
Ауыз әдебиеті негізінде өркендеген балалар поэзиясындағы көркем жазылған татымды тақпақтар, балладалар тәрбиенің басты құралы болды.
Қазақ балалар поэзиясында, әсіресе, дүние таным тақырыбына арналған тақпақтар, ертегілер көп, тіпті, соңғы жаңа шығарылған жаңылтпаштарда тіл ширатумен қатар, дүние таныту мақсаттары да қоса қойылып жүр. Поэзияның бұл саласы, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне көбірек пайдаланылады.
Алақай-ау, алақай!
Жапырақты үземін,
Гербарий ғып тіземін!..
Қарып алды қалақай,
Жылап қалды балақай!
(М.Әлімбаев)
- Бұлт-ау көктен төнесің,
Қайдан көшіп келесің?..
- Теңіз, мұхит – суданмын,
Бу боп содан туғанмын! –
(Ә.Табылдиев)
деп біз балалар сөзімен тақпақ айтып, дүние тануда ой-өрістерінің дамуына поэзияның үлкен әсер еткенін байқаймыз. «Бұлақ» (Ә.Дүйсембиев), «Бидай сөйлейді» (С.Оспанов), «Гүл мен көбелек» (Ө.Тұрманжанов), «Жантақ пен мақта» (С.Бегалин), «Нан туралы сөз» (Ә.Ахметов), т.б. көптеген өлеңдер балалардың дүние танымын қалыптастыруға үлкен себін тигізіп, тәрбиелік мақсаттарды орындауға құрал бола алатын шығармалар.
Балалар поэзиясында бесік жырынан бастап көлемді поэмаларға, өлең ертегілерге дейін поэзияның негізгі бір педагогикалық мақсаты – адамгершілік тәрбиесі. Халық жас бөбекті:
«Еңбек сүйгіш дана бол,
Ел-жұртыңа пана бол!» -
деп үйретеді.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелейтін, өлеңдер көбінесе жылы юморға, әдемі әзілге құрылады, күлімдейтін қызықты мысалдармен жазылады. Бұған:

Қызды тартып тұлымнан,


Ұлды шертіп мұрыннан,
Көрінгенге ұрынған,
«Жын қаққандай жұлынған»
Кіп-кішкентай Қисыбай
Мінезінің қисығы-ай!
(М.Әлімбаев)

Тіліңді аламын,


Айтқаныңды ұғамын:
Мен сендей боламын,
Ақылшым –мұғалім.
(Ә.Дүйсенбиев). т.б. көптеген мысалдар келтіруге болады.
«Мен тәртіпті боламын» (Ә.Кекілбаев), «Осынысы дұрыс па?» (Т.Молдағалиев) сияқты өлеңдерді, қысқы-қысқа мысалдарды жұршылық пен тәрбиеші ұстаздар адамгершілік тәрбиесіне пайдаланып жүр. Ақындар адамгершілік үшін еңбек ерлерін, ардақты ананы, өнегелі балаларды үлгі етіп жырлайды, адамгершілікке жатпайтын жаман мінез құлықты шенейді, жақсы іс-әрекетті, әдептілікті дәріптейді.
Бала айналадағы өмір құбылыстарына қарап, көркемдіктен көп әсер алады. Баланың көркемдік сезімі неғұрлым қалыптасқан сайын, оның қиялы шарықтап, өмір ғажаптарын терең түсініп, қызықтай қабылдайды, ой-өрісі, білім санасы дами түседі. Сезім білімнен бұрын пайда болады, сондықтан әуелі балалардың сезіміне тікелей әсер етіп, содан кейін санасына ұялайтын, ойнақы оқылатын өлеңдер-эстетикалық тәрбиенің шам-шырағы сияқты қасиетті материал. «Біз баланың зейіні нашар, ақылы өткір емес деп ойлаймыз; жоқ олай емес, баланың тек тәжірибесі ғана жоқ, ал ақылы өткір, қиялы жүйрік екеніне сеніңіз» (Н.Г.Чернышевский).
Балалардың эстетикалық (көркемдік) сезімін ұшұқырлап, қиялын жетектейтін табиғатты суреттеген тақпақтар мен ертегі-өлеңдер, этикалық бейнелейтін шығармалар қазақ балалар поэзия­сында баршылық.
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда балалар,
Соғып жатыр ақ қала.
Біреуі әйнек ойыпты,
Біреуі есік қойыпты,
Өздеріне шақ қана.
(Ғ.Орманов)
Бұл өлеңде табиғатты суреттеу де, еңбекті қастерлеу де бар.
«Ақша қар» (А.Тоқмағамбетов), «Құлыным» (Назаров Н.) т.б. сол сияқты әсемдік пен өмір құбылыстарын суреттейтін тақпақтарды, өнегелі өлеңдерді тәрбиеші ұстаздар тәрбие ісіне таңдап пайдаланады. Балалардың мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, дағдысы ізгі қасиеттері көбінесе поэзияның әсерлі құдіретімен қалыптаса түседі, бұл жерде ақындық дарыннан туған идеялық пен көркемдік өте қажет. Өйткені «ақындар адамды өмір туралы жақсы ұғымға, асыл сезімдерге бастайтын жетекшілер» (Н.Г.Чернышевский). Ақынның не нашар, не орташа өлең жазуға правосы жоқ. Халықтың эстетикасы, этикасы творчестводан соны талап етеді.
Халық ерте кезден-ақ баланы дене шынықтыруға, мергендікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Атқа шабу, аң аулау, жамбы ату, сайысқа түсу, күрес, арқан тартыс, көкпар тарту, әңгір таяқ, т.б. халықтық спорт ойындары ертеден бар екенін білеміз. Қазақтың балалар поэзиясында осы дене шынықтыру тәрбиесіне арналып жазылған тақпақ өлеңдер мен ертегілер де бар.
Балалар бақшасында, мектепте, үйде балалар тәрбиесіне ең әуелі балалар поэзиясы пайдаланып жүр. Әсіресе сыныптағы сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда сабақтың мазмұнын арттыру үшін ертең­гі­лік­тер мен тақырыпты кештерге тыңғылықты дайындалу үшін, диспуттар мен әдеби викториналар үшін, балалар поэзиясы өте құнды материал екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақ балалар поэзиясының тәрбиелік мәні барған сайын арта түсуде. Оқушы бірінші сыныптан бастап мектепті бітіргенге дейін балалар поэзиясының құнды шығармаларын құныға оқып, құлшына жаттап, ой-сана, білім, тәрбие алып өседі.
Мектеп есігін ашқан балаға «Қандай тақпақ білесің?» деген сұрақ қойылады. «Мен космонавт боламын», «Кел балалар, оқылық», «Ана» деген тақпақтарды білеміз деп жауап береді бүліршіндер. Әсіресе, мейрамдарда өтілетін кештер мен ертең­гіліктер – балалар поэзиясының салтанаты іспетті.
Балалар поэзиясының тәрбиелік мәні зор. Оны сарқа пайдалану керек. Бұл игілікті жұмысқа басшылық ететін білімпаз жандар - тәрбиешілер мен ұстаздар, ата-аналар. Әрбір ұстаз өз оқушылары үшін, оқылатын кітаптарды саралап, іріктеп, оларды қалай оқу керек екендігі туралы нұсқаулар береді. Көркем поэзияны үйде және сыныпта дауыстап оқып, жақсы туындыларды жаттап алудың маңызы үлкен. Балалар поэзиясы пайдаланылмайтын пән жоқ, ол тәрбиенің де барлық саласында пайдаға асады.
Мектеп кітапханалары мен әдебиет үйірмелері, жеке сыныптар, балалар бақшасының өнерпаздары балалар поэзиясына арнап диспуттар, конференциялар, әдеби-монтаждар ұйымдастырып, жақсы-жақсы туындылардан қойылымдар құрып жүр. Бұл да күрделі тәрбиелік жұмыстар.
Қазақ балалар поэзиясының тәрбиелік, яғни педагогикалық проблемалары осы жоғарыда көрсетілген негізгі тәлім-тәрбиелік салаларды қамтиды. Қандай шығарма болмасын, оның негізгі мақсаты – тәрбие. Сондықтан қазақ балалар поэзиясының педагогикалық қасиетін қастерлей біліп, оқы оқу-тәрбие ісіне пайдалана білу – баршамыздың міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет