Ғылыми жоба тақырыбы: Нұрпейіс Байғанин-халық ақыны Ғылыми жоба жетекшісі: Молдабаева Зухра Орындаған: Құрымбаев Аршат Тобы: ҚТӘ спо 1/3 2024 жыл Жоспар



бет1/3
Дата22.02.2024
өлшемі34.88 Kb.
#492818
  1   2   3
ғылыми жоба


Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Ғылыми жоба
Ғылыми жоба тақырыбы: Нұрпейіс Байғанин-халық ақыны

Ғылыми жоба жетекшісі: Молдабаева Зухра


Орындаған: Құрымбаев Аршат
Тобы: ҚТӘ СПО 1/3
2024 жыл
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім



  1. Нұрпейіс Байғанин өмірі

  2. Шығармашылығы


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ғылыми жоба тақырыбының маңыздылығы: Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевпен ақындық дарындылығы жағынан болсын, жас жағынан болсын тетелес келетін ақын Нұрпейіс Байғанин. Ол өзінің 85-тен аса жыл жасаған өмірінің 70-ке жақын уақытын халыққа қызмет етумен, халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін жырлады.
Қуанып сол дауылды қарсы алғанмын,
Дауылдың жаршысы боп жар салғанмын.
Күй шертіп, ән шыркаған, өлең айтқан,
Заманның жаршысы боп саналғанмын.
Нұрпейіс көп жасаған, көп жырлаған ақын. Ол өзінің революциядан бұрынғы елу жылдан аса өмірінде де, совет тұсындағы отыз жылдық өнер жолында да неше алуан жыр-дастандар шығарды. Үкімет Нұрпейістің көп жылғы ақындық еңбегін өте жоғары бағалап, 1939 жылы Нұрпейіс Байғанинге «Қазақ ССР-ның исскуствоға еңбек сіңірген қайраткері» деген құрметті атақ береді және Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының грамотасымен марапаттайды.
Нұрпейіс Байғанин ерекше көркем, айрықша әсерлі, аса өнімді шығармашылық иесі, жыраулық дәстүр мен жазба әдебиет арасындағы алтын көпір іспетті сөз зергерлерінің бірі. Екі кезең әдебиетін ұштастырудағы маңызды орын осы ақын шығармашылығына тиесілі. Ол қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығының ең белсенді үдерісін жасаушылардың қатарынан саналады.
2010 жылы белгілі ақын, бірегей шығармашылық тұлға Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 150 жыл толды. Осы айтулы мерейтой карсаңында академик С.Қасқабасов басқаратын Әдебиет және өнер институты Н.Байғанин шығармаларының 5 томдық толық жинағын дайындады (құрастырған осы жолдардың авторы). 1956 жылдан бергі жарты ғасырдан астам уақыт ішінде ақын шығармаларының толық жинағы жарық көрмегенін ескерсек бұл шараның ғылыми маңызы қаншалықты зор екенін ұғынуға болады. Жинақтың дайындалу барысына Н.Байғаниннің немересі Ерболат Момынұлы Байғанин басқаратын "Қазақтың халық ақыны Нұрпейіс Байғанин атындағы қор" ұжымы қаржылай қолдау көрсетті.
Н.Байғанин шығармаларының І-томында ақынның бұған дейінгі басылымдарда жарық көрген барлық өлендерін толық қамтуға талпыныс жасалды. Сонымен қатар бабаның бұрын еш жерде жарияланбаған бірнеше өлеңі ("Окопка", "Кектің даусы", "Енбекші елім, құлақ сал", "Отан туралы жыр", "Мұғалімге", т.б.) академияның қолжазба қорларынан алынып, жинаққа енгізілді. Жекелеген өлеңдер мерзімді басылымдардан алынып, ақын шығармаларының жинағына алғаш рет жіберілді. ІІ-томда ақынның толғаулар мен дастандары, айтыстары мен сөз қағыстырулары, жоқтаулары мен нақыл-термелері қамтылды. Қолжазба қорларында сақталған нұсқалар негізінде дайындалған "Ел тілегі", "Өткен күн", "Даңқты жиырма сегіз" секілді көлемді толғау-дастандар, "Нақыл терме", "Жұмбақ өлеңдер", "Жоқтаулар" секілді әртүрлі жанрдағы бірқатар туындылар, акынның арнау тілектері мен бірнеше сөз қағыстырулары осы томда алғаш рет баспа жүзін көріп отыр.
Н.Байғанин шығармаларының III және ІV-томдары батырлық жыр- лардың ақын жырлаған нұсқаларын қамтиды. ІІ-томға "Алпамыс батыр" және "Қобыланды батыр" жырларының баба жырлаған нұсқасы енгізілсе, IV- томға "Құбығұл", "Төрехан", "Қарасай-Қази" дастандары жіберілді. IV- томның кеспесі ретінде Нұрпейіс ақынның батырлар жырын жырлар алдында айтатын атақты "Желісі" берілді. "Желінің" оншақты жолдан тұратын шағын үзіндісін белгілі әдебиет зерттеушісі Е.Ысмайылов 1940 жылы жарық көрген "Ақын шабыты" жинағының алғысөзінде келтірген болатын. Сонымен қатар осы томға "Қарасай-Қази" дастанының кұрамдас бөлігі іспетті "Қараүлектің Мамайды жоқтағаны" атты толғаудың Н.Байғанин жырлаған нұсқасы енгізілді. "Естеліктер. Зерттеулер. Арнаулар" деген атпен дайындалған Ѵ-томға ғылыми еңбектерден, мерзімді басылымдардан және қолжазба қорларынан алынған Н.Байғанин туралы естеліктер, ақын шығармашылығы туралы зерттеулер және бабаға арналған өлендер іріктеліп, топтастырылды. Бұл томда қамтылған материалдардың бірқатары қолжазба күйінде танып келген, осы жинақта алғаш рет баспаға жіберіліп отыр. Ұлт тарихының маңызды белестерін халықпен бірге өткерген, жетпіс жыл жырлап, өз дәуіріндегі азаматтық тарихтың көркем шежіресін жасаған Нұрпейіс ақынның әрбір өлеңінен оның бойындағы сарқылмас күш-қуат, қажымас қайсарлық, риясыз шынайылық, терең парасат, мызғымас сенімділік төгіліп тұрады. Жырларындағы осы қасиет Нұрпейіс акынды өмірінің өн бойында халықтың арқа сүйер азаматы ретінде танытты. Өлеңдерінің асқақ рухты мазмұнына көңіл сүйсінтер көркемдігі мен көз тойдырар кемел құрылымы астасқан ақын шығармашылығы төл әдебиетіміздің тарихына шын мәніндегі дара кұбылыстардың бірі ретінде енді. Сол дара кұбылыстың бірегей бейнесін толык әрі түпнұсқа қалпында айшықтай көрсету жолында жасалған осы еңбегіміз ел игілігіне қызмет етсе, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет