Жасықтық мінезді тәрбиелеу
Момындық, икемсіздік, ынжықтық, ымырашылдық, көнбестік, жасықтықтан пайда болатын бұл мінез адамды көп нәрседен құрғалдырады.
Момындық ақылға байланысты болмаса, ол адамды жасытып, айтатын сөзін айта алмай, қылатын тірлігін істей алмай, тындырымсыз істе, тиянақсызойда көп кемшілік жібергенін байқамай қалады да, жасиды, «Жастың жасықтығы - өмірден қашықтығы» деп, халық тәжірибесіздігі, өмірмен араласпағандығы зиян екенін айтады.
Іс - әрекетке икемсіздік еңбексіздіктен пайда болады да, адамды жасытады. «Байыпты еңбек, бәрін де жеңбек» деп, халық еңбекшіл адам икемсіз болмайтынын ашық айтады. Икемсіз, көбінесе, жалқаулықтың кесірінен пайда болады да, адамның «абыройын» төгеді.
Еңбекке икемсіз адам ынжық болады да, үйренуге үлгі алуға талжынбайды. «Жасық жігіт – пасық жігіт» деп, халық жасықтықтың өзі пасықтықтан пайда болатынын дәлелдеп, пасық болмауды уағыздайды.
Жасық адам ымырашыл болады. Ол кім не айтса, соған көніп, істің байыбына бармай, бағдарсыз тірлік жасап, оның қасіретін көреді. «Жасық адамды жау алады» деп, халық жасықтықтың кесірін кесіп айтады.
Жасықтықтың бір белгісі – көнбестік. Қандай іс болса да, оның қиындығын жеңбей, келеңсіздік пен кесірлікке көніп, жасық адам жарық дүниеде «жарымайды».
Жасықтық мінез – психологиядағы елеусіз, езілме құбылыс. Ол, көбінесе, көзге «момындықты» көрсетеді де, «имандылық» әлпетте басқалардың көзін алдап, көңіліне кірбең туғызады.
Жасықтық мінезді сынау, мінеу, талап ету, мойындату тәсілдері арқылы тәрбиелеуге болады.
Залымдық мінезді тәрбиелеу
Пайдакүнемдік, тәкаппарлықты, қуакерлікті айлакерлікті, әділетсіздікті, қаскүнемдікті көрсететін залымдық мінез, көбінесіне, билік иесінде болады.
Тек пайда көруді ойлап, «тікбақайлық», «есекқулық жасайтын адам, ақшаға арын сатып, ақылын байлыққа жұмсап, басқаның қанын сорып, малын тонайды». Әсіресе, «нарықтық үнем» заманында пайдакүнемдік әдетке айналады.
Залым адам тәкаппар болады. Ол өзінің шенін пұлдап, билігін қолданып, пайда табудан басқаны ойламайды. Онда адамгершілік, имандылық болмайды. «Залымға болсаң кіріптар, өзің көріңе кіріп бар»- деп, халық залымның қатігездігін айтып, қараниеттігін қатты сынайды.
Залымдыққа қулық-сұмдықты пайдаланып, залым адам алудың амалын табуды көздейді. Парақорлық ниетімен неше түрлі қулық әрекет жасап, жеке тұлғаның желкесіне мініп алуға тырысады. «Күші көп залымға, кісі деп жалынба» дейді халық.
Залым адам айлакерлікпен кісіні кіріптар етуге тырысады да, оның барын жоқ деп, ағын қара деп, әбігерге салады. «Басыңды имесең, басыңды кесем» деген ниетін білдіреді. «Залымға нана берме, алдына бара берме» деп, халық залымнан бездіреді.
Залымдық, әдептілікке қайшы келеді. Залым тұлға ешқашанда әділдік жолын көздемейді. Сөз айтуда өз пайдасын ойлап, не асыра мақтап, не асыра даттап, өз мақсатына жетуге тырысады. «Ісің түссе залымға кіріптар боп жалынба» дейді халық.
Залым мінезді адам, біреуге қастық ойлауға бейім болады. Қастекі әрекетпен ол басқаның жақсылығын жасырады, ешкімге жақсылықты қимайды.
Залым мінезді дәлелдеу, мойындату арқылы тәрбиеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |