Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет46/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143
Кітап Тәрбие

Дарақылық мінезді тәрбиелеу
Жеңілтек, орашолақты жан, әңгіліктен, өркөкіректен, өзбілермандықтан пайда болатын дарақылық мінез жеке тұлғаның беделін түсіреді.
«Сабыр түбі – сары алтын» деп, қазақ халқы әр нәрсеге сабырмен қарап, жеңілтектенбей, желпінбей сөйлеп, қисынды қимыл жасауды талап етеді. «Желбуаздық - жетесіздік» деп, дарақыланбай сөйлеу әдептілікті көрсететінін білдіреді.
Дарақылық мінез іс-әрекеттегі орашолақтықты тудырады. Дарақыланған адам өз іс-әрекетінің жүйесін бұзып, «инесін шығарады». Дарақының іс–қимылы жүйесіз, орашолақ болады да, нәтижесі толымды болмайды. «Іс істесең, ретін тап» деп, халық ондай оспадарлықты қатты санайды.
Дарақылық мінез, көбінесе, өркөкіректіктен пайда болады. Өркөкіректеніп, өжетсініп, қиқарланып, қақылдап әдеп бұзған дарақы жалы ұжымдық, әлеуметтік іс-әрекетке де кесірін тигізеді. «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп, халық дарақылық мінездің кесірлігін кесіп айтып, ол мінезден аулақ болуды талап етеді.
«Өзім білем» деп, өзбілермандыққа салынған адам дарақылығын танытып, «көпке түкіріп», көптен қарғыс алады. «Көпті жамандама, көмусіз қаласың» дейді халық.
Дарақылық мінез – даңғойлықтың нәтижесі. «Ойламай сөйлеген опық жейді» деп, халық даңғойлық сөзбен, даңғаза іс-әрекеттің түбі – теріс екенін еске салады.
Дарақылық мінезді өзара сын, ескерту, кеңесу, әңгіме әдісін қолдану, мойындату арқылы тәрбиелеуге болады.
Екіжүзділік мінезді тәрбиелеу
Қулықпен, қараниеттілікпен, зымияндылықпен, жағымпаздықпен, арамдықпен, азғындықпен көрінетін бұл құйтұрқы мінез ердің есін аударады.
Қулық жасап, құлқын бұзып, адамды алдап, екіжүзді адам ел бүлдіреді. «Бойы – бұлғаң, сөзі – жылмаң кімді көрсем мен содан бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалмажан» деп, Абай дана екіжүзді адамның мінезі адамзатқа қауіпті екенін басып айтады.
Зымияндық пен қулығын білдірмей, құрдай жорғалап, құрметтенгісіп, екі жүзді елпеңдей ерді жолдан тайдырады. «Екі сөзді – ердің жауы, екіжүзді – елдің жауы» деп, халық даналығы екіжүзділіктен сақ болуды уағыздайды.
Екіжүзді адам – қараниетті. Ол ешкімге, жақсылық ойламайды, жамандық ойлап, жамандық тілейді, жамандық істейді. Ол біреуге қанша жамандық жасаса, сонша залалын тартады. «Жамандық ойлама досыңа, келеді басыңа» дейді тәжірибелі қазақ халқы. Аққа қара жауып, күнәсізге күйе жағып, екіжүзді «сойқан» - ердің жауы, елдің қасіреті болады.
Екіжүзді адам, көбінесе, жағымпаз болады. «Екісөздінің сөзіне сенбе, екіжүздінің өзіне сенбе» дейді халық. Жарбаңдай жағымпаздықты халық қалт етпей таниды, одан қашық жүруді уағыздайды.
Арамдық ойын іске асыру үшін, жағымпаз аңқауды алдап, момынды жүгіндеп, әуреге салады, оны қасіретке ұшыратады. Аңқауды арамза жеңіп, ердің татулығын бұзады.
Екіжүзді адам абыройдан жұрдай болып, азғындық жасағаны үшін өмірден «өз соққысын» алады.
Екіжүзді адам арын сатып, адамдығы қалмай, басқаларды ұятқа қалдырады. Онда қазақи болмайды.
Екіжүзді мінезді әділ сынап, әдептілікті талап етіп, әңгілігін әшкерелеп, тағылыммен тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет