Қазақ филологиясы кафедрасы қазіргі қазақ тілінің ҚҰрмалас сөйлем синтаксисі пәні


Есімше формаларының қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет2/6
Дата16.05.2024
өлшемі45.86 Kb.
#501295
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
ZOEWIWSZHASK15052024225952

Есімше формаларының қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
Есімшенің барлық формалары бірдей дәрежеде бағыныңқы компоненттің баяндауышын жасауға қатыса бермейді. Сондықтан да есімше сабақтас құрмалас сөйлем жасаудағы қызметін айтқанда, негізінен –ған тұлғалы түрін аламыз.
Есімшенің осы түрі сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай әр түрлі қызмет атқарады: бірде анықтауыш, бірде толықтауыш қызметін атқарса, енді бірде пысықтауыш қызметіне ие болады. Осыдан келіп, сабақтас құрмалас сөйлем жасаудағы оның қызметі қиындай түседі. Бұл мәселе қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркі тілдерінде әр жақты түсіндіріледі. Бір оп ғалымдар (Н.З.Гаджиева, М.З.Закиев, У.Б.Алиев, И.А.Андреев т.б.) есімше барлық септік жалғауларында тұрып-ақ, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасай алады десе, енді біреулері бұл ретте оның септік жалғауларын саралай қарайды. Ал бір ғалымдар (Н.А.Баскаков, М.Ш.Ширалиев т.б.) есімшемен келген сөйлемдерді тіпті сабақтас құрмалас ретінде танымайды. Есімшемен келген сөйлемдердің өзіндік бастауышы болса, мұндайларды проф. Н.К.Дмитриев бағыныңқының «ауыспалы түрі» ретінде қарастырды. Сабақтас құрмаласта жоғарыдай есімшенің барлық қызметі бірдей қарастырылғандықтан да, оның жіктелу барысы сөйлем мүшелерінің негізінде жүргізілді. Анықтауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқы. Мұндай жіктеудің көрінісі кейін қазақ тіл біліміне де әсерін тигізді.
Проф. Ғ.А.Абдурахманов –ған тұлғалы есімшенің сабақтас құрмаласты жасай алудағы үлесін оның сөйлем ішінде атқаратын қызметімен байланыстырады. Автордың айтуынша, егер сөйлем ішіндегі есімше сөзі пысықтауыш, не болмаса анықтауыш қызметін атқарып тұрса, ол бағыныңқының баяндауышы ретінде танылады да, сабақтас құрмаласты жасауға қатыса алады. Мұндайда анықтауыш қызметіндегілердің атау түрінде, пысқтауыш қызметіндегілердің жатыс, шығыс септік тұлғаларында тұратынын да ескертеді. Ал есімше сөздері барыс, табыс септік жалғауларында келсе, толықтауыштың қызметін атқарып, жай сөйлемді жасауға қатынасады.
Проф. Қ.Қ.Сартбаев та есімшемен келген сөйлемдерді өзара саралай қарастырады. Ғалымның түсіндіруінше, объектілі және атрибуттық қатынаста жұмсалған есімшелер (ілік, барыс, табыс септігіндегілер) жай сөйлем жасауға қатысады да, кеңістік қатынаста келгендері сабақтас құрмаластарды ұйымдастырады.
Есімшенің атау қалпы, ілік, табыс септіктерде қолданылған түрлерін көпшілік ғалымдар жай сөйлем аясында қарастырады. Ал барыс септікті түрінде келген сөйлемдер жайында екі жақты пікір орын алуда. Біреулері (проф. Н.Т.Сауранбаев, проф.С.А.Аманжолов, доц. А.Әбілқаев) осындай конструкциялы түрін бағыныңқы сөйлем деп таныса, енді бір қатары (проф.М.Балақаев) –мұны жай сөйлемнің бір мүшесі ретінде қарастырады. Барыс септігіндегі есімше де ілік, табыс септік жалғауындағы есмішедей өзі тіркесе жұмсалған сөздерімен көбінесе объектілік қатынаста жұмсалады.
Есімше сөздерінің сабақтас құрмаласты жасай алудағы қызметін оларды кеңістік қатынаста жұмсалу табиғатымен тығыз байланыстырамыз. Ал мұның өзі олардың пысықтауыштық қызметімен байланысты. Осындай қызметті есімшелердің жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларында тұруымен айқындалады, сабақтас құрмаластың бағыныңқы баяндауышын жасауға бейім тұрады.
М.Балақаев есімшелердің бағыныңқы сөйлем баяндауышын жасай алудағы қызметін олардың мағыналық белгілерімен де, тығыз байланыстыра қарайды. Өйткені тіліміздегі салалас құрмалас сөйлемдер қазірде пысықтауыштардың беретін мағыналық көріністері негізінде сараланып жүр: мезгіл бағыныңқылы сабақтас, амал бағыныңқылы, шарт бағыныңқылы сөйлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет