Тест№ 2. Есімше арқылы жасалған төменде берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтаңыздар:
1
| Мезгіл бағыныңқылы сабақтас |
2
|
Шартты бағыныңқылы сабақтас
|
3
|
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
|
4
|
Амал бағыныңқылы сабақтас
|
5
|
Себеп бағыныңқылы сабақтас
|
6
|
Салыстырмалы сабақтас
|
1. Үстел басына жұрттың бәрі симайтын болған соң, Абай үстелді жиғызды да, ұзын кең дастархан жайғызды.
2. Күмістен жасалған сырғасы болғанымен, оның мыс сырғасына қызықты.
3. Көктем шыққанға дейін, біз осы жерде болармыз.
4. Бөлмеде кітап оқып отырған кезде, терезе тық ете қалды.
5. Жас сәби жаны қиналып кеудесі сыр-сыр етіп алқынған сайын, мұның да тынысы ауырлап ентіге түсті.
6. Ауылдан оралған соң, кітабымды аяқтауға кірістім.
7. Егер осы жақсылығың болмағанда, мен қалаға жету былай тұрсын жолда қатып қалатын екенмін.
8. Игіліктің кілем жапқан түйелі көші құлай бергенде, батыс жақ бетті тұтас торлап келе жатқан Жұман байдың он жеті мың жылқысы да көрінді.
9. Көкиірім мен Буратиген сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде, бала оқшау шығып кетеді.
10. Жәбірленуші кешіргенімен, салт-дәстүр кешірмейді.
11. Бірте-бірте бөлме іші жарық тартып көз үйренбегенде, бұрыштағы темір төсек үстіндегі нәрестені көрмес едік.
12. Тау қойнауы болғандықтан, таңға жуық қалың қырау түсетін.
13. Жеңіс аспанған бақыр ақшаны лақтырғандай, екі жаққа алма-кезек түсті де тұрды.
14. Егде тарқан күйеуінің қызығы әлі басылмағандай, ханның ерке қызы бның қсақтығын ажуа етті.
15. Қашқын ақыры құтыла алмасын білген соң, атының басын бұрып соңынан қалмай келе жатқан түрікмен батырына қарсы шапты.
16. Таң аппақ атқанша, жүрек шымырлатар неше түрлі әндер айтылды.
«Сабақтас құрмалас сөйлем туралы ассоциация құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |