Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


 3. Қазақтың батырлар жырларындағы философиялық ой-толғамдар



Pdf көрінісі
бет29/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
annotation23044

 
3. 3. Қазақтың батырлар жырларындағы философиялық ой-толғамдар
*
 
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениетi өзiнiң әр 
түрлi көрiнiстерiмен сипатталады. Ел тарихындағы көптеген мәдени қазынаның 
түп тамыры түркi тiлдес тайпалардың ортақ рухани байлығынан, архе-
типтерiнен, дүниетанымынан, дiлiнен бастау алады. Мiне солардың қатарла-
рына батырлар жыры да жатады. Әрине, бұл жырлардың мазмұны өз зама-
нының әлеуметтiк келбетiн, рухани қырларын, терең мағынадағы жауын-герлiк 
философиясын танытатын едi. Сондықтан әрбiр тарихи кезеңде әлеуметтiк 
*
 Бұл параграфты М. Қаратаевтың ғылыми тұжырымдары да пайдаланылды. 


200 
болмысына сай философиялық ой-толғамдар қалыптасқан болатын. Олардың 
тәлiмдiк, тәрбиелiк, дүниетанымдық тұстарын, рухани құндылықтық мазмұнын 
игеру қазiргi ұрпақтың мiндетi. Бұл қазiргi қоғамымыздың ұлттық қауiпсiздiгi 
үшiн, әлеуметтiк ортаның тұрақтылығы үшiн қажет. 
Қазақ халқының өткенi жөнiндегi жазба жүзiнде қалған дүниелер өте аз-
шылық қылады. Сондықтан да бiз қазiр көбiне-көп тарихи оқиғалардың нағыз 
маңызды деген тұстары сақталған қазақ фольклорына қайта-қайта оралуға 
мәжбүр боламыз. Мұны өз кезiнде Шоқан Уәлиханов жоңғар, шамандық, 
қырғыз-қайсақ жөнiндегi еңбектерiнде айтқан болатын. Ол халықтың тарихын, 
әдебиетiн, психологиясын зерттегенде жырларды бiлу керектiгiн қайта-қайта 
еске салудан жалықпаған. 
Шоқан жазып алған жырлар әр алуан. Олардың iшiнде тайпалар тарихы 
жөнiндегi шежiре-аңыздар да, балгер-бақсылар жайындағы аңыз-әңгiмелер де 
көптеп кездеседi. Шежiре-аңыз халықтың шығу тарихынан мол деректер бе-
ретiн болса, бақсы-балгерлер жайындағы аңыздар елден шыққан өнерлi 
адамдардың өзгеше қабiлетiн, талантын, ерекше дарынын сөз етедi. 
Көшпелi тайпалар тарихының белгiсiз, күңгiрт кезеңдерiн айқындауда 
халық аңыздарын пайдаланудың аса қажеттiгi бар. Олардың тек халық тарихын 
анықтауда ғана емес, сонымен бiрге халықтың дүниеге көзқарасы мен 
философиясын тұжырымдауда рөлi қомақты. 
Халықтың тұрмысы, әдет-ғұрпы айқын бейнеленген халық шешендiгiн 
зерделеудiң этнография үшiн қажеттiгiн ғалымдар баяғыда-ақ түсiнген едi. 
Көнеге деген ынтызарлық пен аңыздар байлығы – Орта Азия көшпендiлерiнiң 
ерекше мол қазынасын құрайды. Ақсақалдар ол аңыздарды тайпа естелiгi, 
халық шежiресi ретiнде қастерлесе, жыраулар ұрпағы эпикалық жыр күйiнде 
тайпадан тайпаға, ғасырдан-ғасырға ұластырып келген. Ежелгi жырлардағы 
бүгiнде қолданылмайтын сөздер мен тiркестер олардың көнелiгiн дәлелдейтiнiн 
кезiнде Шоқан Уәлиханов айтып кеткен едi. 
Қазақ халқы осыған дейiнгi өмiр тарихында талай-талай, қилы-қилы за-
манды басынан кешiрдi. Олардың iшiнде жақсы жылдар да болды, «ер басына 
күн туып, етiгiмен су кешкен» тұстары да болған. Өзiнiң сарқылмас қуат, 
кереметтей оптимизмiне сүйенген халқымыз жоғары поэтикалық батырлар 
жырларында солардың бәрiн нақышына келтiре бүгiнгi күнге дейiн жеткiзiп 
бере бiлдi. Бұл ұлттық дiлiмiздiң ерекшелiгi болып табылады. 
Академик В.М.Жирмунский кезiнде батырлар жырларының кез-келгенi 
жөнiнде тиянақты пiкiр айту үшiн оның туған топырағын есiне ала отырып, сол 
жердегi жыраулардың қайсысы қалай жырлағанын мұқият бiлудi талап етедi. 
Оның үстiне әр түрлi халықта сол тақырыптас дастандардың айтылу 
ерекшелiгiн зерттеудi жөн көрген. Бұл пiкiрлер, әсiресе, түркi тiлдес ауыз 
әдебиетiнiң туындыларына қатысты болып келсе керек. Себебi, сәл-пәл 
ерекшелiктерiн айтпағанда, тiлi ортақ, этникалық мәдени дүниелерi көбiне-көп 
ұқсас болып келетiн Орталық Азия халықтары үшiн маңызды деп есептеледi. 
Тарихтан халықтық шығармашылықтың поэтикалық синтезi болып есеп-
телетiн батырлық эпостың өзiндiк дербес заңдылықтары бар, туу және даму 
логикасы бар. Тарих пен батырлық эпос өзара берiк байланысты. Өйткенi, ел 


201 
басынан кешкен нағыз маңызды деген оқиғалар негiзiнен содан көрiнiс 
тапқанын байқаймыз. 
Мiне, сондықтанда халықты, оның тарихын, тек өзiне ғана тән ерек-
шелiктерiн бәрiнен бұрын фольклордан, оның ең жетiлген формасы – батырлар 
жырынан табамыз. Бұл көшпелi дәстүрлi мәдениеттiң әлеуметтiк-мәдени 
айғағы, өзiндiк ерекше астары. 
Басынан көшпендiлiк өмiр кешкен қоғам ғасырлар iшiнде экономикалық 
бетбұрыстарды көп көре қойған жоқ. Дегенмен, халықтың шығармашылығынан 
туындаған қазақтардың өнер туындылары, оның iшiнде батырлық эпос – 
қоғамның мәдени дамуда әжептәуiр жоғарғы сатыға көтерiлгенiне дәлел бола 
алады. Қазақтың көшпендi тұрмысы да қоғамдық қарым-қатынас пен поэти-
калық өнерге қарама-қайшы келген емес. Керiсiнше, халықтың өмiрiндегi та-
рихи кезеңдердi өзiнiң жоғарғы көркем эпосымен бейнелеп берiп отырады. 
Соның арқасында әлеуметтiк субъект қоғамға, моральға, дiнге, саясатқа, фи-
лософияға, эстетикаға деген көзқарастарын қалыптастыра алды. Ол туынды-
ларда адам мен қоршаған орта, әлеуметтiк болмыс өзара органикалық бiрлiкте 
екенi нақтылы аталып отырылады. Сол ерте заманда қоғамдық қарым-
қатынастың қарапайымдылығы сонша, таңдаулы, iрiктелiп алынған адамдар 
ғана емес, сонымен қатар көшпендi қоғамның кез келген еркiн мүшесi қалаған 
кезiнде өзектi мәселеге араласа алатын. Қоғамның тұтас алғанда мұң-мұқтажы, 
мүддесi оның жеке өкiлдерiнiң ойларымен қабысып жатқандықтан, олардың 
ойлары бiр жерден шығып отырғандықтан шеберлер өнердiң маңдай алды 
туындыларын жасауға тиiс болатын. Солай болды да. Қазақтың халықтық 
батырлық эпосы соның дәлелi бола алады. Бұл далалық демократияның, 
еркiндiктiң өзiндiк көрiнiсi болатын. 
Қазақтардың көшпендiлiк тiрлiгi, мал шаруашылығының ерекшелiгi 
қоғамдық қарым-қатынасқа ықпалын тигiзбей қоймады. Шынында да, жыл он 
екi ай табиғаттың ыстық-суығын жеңе бiлу, жауласқан рулардың өз елiн аман 
сақтап қалу үшiн үнемi қақтығыста болып отыратындықтан қандас, 
тұқымдастарды iрi-iрi қауымға бiрiгуге мәжбүр етедi. Тарихи жағдай соны 
талап еткен. Профессор С.Е.Толыбековтың пайымдауы бойынша, жаугершiлiк-
көпшiлiк тұрмыс кешкен жеке-дара бiр ауылдың қарақан басы өмiр сүре алмас 
едi. Ондайларды не жорықшылар, не жауласқан әлдiрек басқа рулар олжалап 
кетуi айдан анық болатын. 
Өмiрдiң осындай қоғамдық әлеуметтiк құрылымының өзiне тән идеоло-
гиясы, әдет-ғұрпы, заңы, моралi, дiнi, iшкi және сыртқы саясаты болды. Өз 
кезегiнде бұл қоғамдық және этникалық мұраттар ерекше пiшiндi болып келедi, 
яғни социумда әдемiлiк түсiнiгiн қамтитын эстетикалық мұратты да қа-
лыптастырды. 
Ежелден берi әрбiр қазақ руының өзiнiң территориясы болған. Туған жер 
халықтың ұғымында әдемiлiктiң, әсемдiктiң, жомарттықтың рәмiзi есебiнде 
түсiнiлдi. Ата мекенге деген махаббат әкеден балаға мирас болып қалып 
отырған. Сондықтан да ол қазақ ауыз поэтикалық шығармашылығының қыруар 
туындыларына тамаша мұрындық болып келдi. Талай тамаша жырлардың 
өзегiне айналды, нағыз тiрi объект ретiнде қарастырылды 


202 
Кез келген ұлттық поэмалардан олардың басты жағымды кейiпкерлерiнiң ең 
негiзгi қастерлейтiн нәрсесi – бәрiнен бұрын Отан екенiн байқаймыз. Дас-
тандардағы батырлар өз туған жерiнен қарға адым сыртқа шығып кетсе-ақ, 
оның жадында ата мекенi болады. 
Өз қиялынан халық жыршылары туған жердi көркемдей түседi. Солардың 
бiрi – Жиделi Байсын. Жерi ну, суы мол. Малыңа да, жаныңа да қалаған нәрсе 
табылатын мекен. Соны мүмкiндiгiнше өз дарынының қуатымен айтушылар 
оны асқақтата түсуге тырысады. 
Әдетте эпикалық уақытты нақтылы деп есептеуге болмайды. Олар көбiне-
көп «баяғы өткен заманда деп» басталады. Ол тұста ру басқа жұртқа өз 
намысын бермейтiн мықты, көпшiлiгi малын игере алмайтын бай болады, шөбi 
шүйгiн, суы мөлдiр жерге ие болған. Жастары көп көрген ақсақалдарды құлақ 
қақпай тыңдайды. Әрине, барлығы да қарны тойып тамақ iшiп, әсем киiм киген 
болып келедi. Бұл өткендi пiр тұтып, өткендi мадақтап, өткендi аңсағандық 
емес. Жоқ, мұның астарында өз руының адамы болса, оны бай демей, жарлы-
жақыбайлы демей, бiр дәрежеде көруге уағыздаушылық деп ұғу керек. Эпос 
әлеуметтiк жоғары дәрежедегi адамдарды шенi өзiнен төмендермен қосыла 
отырып, қоғамдық мәселелердi шешуге итермелегенi деп бiлемiз. Бұл 
көзқарасты М.Г. Чернышевскийдiң мынандай пiкiрi де қолдаса керек: «Ұлттық 
мәселелердiң қарапайымдылығы мен әркiмге етене жақындығы соншалық, 
қауымның әрбiр мүшесi оны бүге-шүгесiне дейiн түсiнiп, оған белсене 
араласады» /1/. 
Әрине, бiзге аты беймәлiм эпосты шығарушылар мен жырлаушылары туған 
халқының келешегiне ғылыми дәлдiкпен болжамдар бердi деп кесiп-пiшiп айта 
алмаймыз. Бiрақ, олар адам қиялындағы «Алтын ғасыр» – «қой үстiнде боз 
торғай жұмыртқалайтын заман» деп атап кеткен болатын. Тағы бiр байқалатын 
нәрсе таптық жiктелудiң батыстық үлгiсiне сәйкес келе бермейтiн әлеуметтiк 
құрылымның қалыптасқанын байқаймыз. Сондықтан таптық күреспен мақсатқа 
жету батырлар жырларында айтылмайды. Оның орнына халықтың бiрлiгi 
туралы ой-толғамдар басымырақ. 
Батырлар жырының негiзгi тақырыбы Алтын Орданың құлап, қазақ-жоңғар 
соғысы тұсына келедi. Осы дәуiрдегi эпостың мақтаулы батырлары да, 
даттаулы жаулары да тұтас шайқас үстiндегi екi жақтың күшiн байқататын 
жиынтық бейненi бередi. 
Қазақтың батырлар жырларындағы жаулар кiмдер? 
Олар алғашында қызылбастар, кейiнiрек қалмақтар болған. Рас, тарихи 
тұрғыдан алғанда, олар сол тұстарда өмiр сүрiп, өз көршiлестерiмен жауықты 
да. Сондықтан да жалпы сырттан тиiскен шапқыншылардың рәмiзiне айналып 
кеттi. Ал батырлар болса, асқақ қаһарман ретiнде сипатталады. Оған деген әсем 
бояуды жыр авторлары аянған емес. Онсыз көркем бейне де болмас едi. 
Өз табиғатында эпос қаншалықты гиперболалы, жалпылағыш болып кел-
генмен, оның да түп негiзiнде белгiлi бiр шындықтың жұрнағы жатады. Оның 
мысалын эпикалық қазақ-ноғайлы циклы жырларынан да аңғара аламыз. Сол 
тұста дүниеге келген дастан жырларда өмiрдегi бар Едiге, Шора, Қазақ хан, 
Алшағыр хандардың аты аталғанымен айтушылар өзiнiң шығармашылық 


203 
көзiмен қарап, бiрiн ел жақтаушысы, батыр есебiнде берсе, екiншiсiн қанқұйлы 
жау түрiнде бейнелеуге тырысады. 
Осы жерде бiрiне-бiрi кереғар екi жау халықтың бiр оқиғаны қалайша си-
паттайтыны жөнiндегi Шоқан Уәлихановтың мына пiкiрi оқырман көкейiне 
қонса керек: «Осы кезеңдегi қырғыздардың жырлары қаншалықты мұңлы, 
күңiренiп шықса, соншалықты қалмақтардың жыры мақтанышқа толы, 
көтерiңкi болған-ды». Бiрақ мұндай жеке-дара көзқарас «қырғыздардың тарихи 
тұрмысын дәл суреттесе керек» /2/. 
Шынында эпостардағы жағымсыз кейiпкерлер – қызылбастар мен қал-
мақтар кiмдер едi? Әңгiме осы сұраққа тақалғанда, ақиқатқа жататын екi пiкiр 
бар. 
Оның екеуi де «Қобыланды батыр» дастанына байланысты. Ертеден қазақ 
фольклорын зерттеушiлердiң бiрi профессор Ә.Қоңыратбаев поэма сюжетiнiң 
туу төркiнiн оғыздардың эпикалық аңыздары деп бiлсе, профессор 
М.Ғабдуллин ХIII ғасырдағы моңғолдардың басқыншылығының нәтижесi деп 
есептеген. Осы екi пiкiрге тоқтала кетелiк. 
Қазан-Салордың аты оғыздардың «Қорқыт Ата кiтабында» жиi кездеседi. 
Тарихи Қазан-Салор өзiнiң ескi жайлаған жерi – Сыр бойын 956 жылы тастап, 
қол астындағы тайпасын алып, батысқа көшедi. Жаңа орында – Едiл бойында 
қыпшақтармен ұзаққа созылған соғыс жүргiзедi. Сыр бойы да тыныштық 
көрмеген болатын. Соның салдарынан бұл жерде оғыздардың Ягбу мемлекетi, 
Едiл төңiрегiнде Қазар қағанаты бытырап кетедi. Бұл шайқаста оғыздардың 
қолын қаһарман Қазан-Салор бастаса, Ә.Қоңыратбаевтың дәлелдеуiнше, 
қыпшақтар жағының батыры Қобыланды болады. Зерттеушi осы ұйғарымда 
түркi-моңғол халықтарының фольклорына сiлтеме жасайды. Онда Қазан деген 
атау Қазан-Салордың өмiр сүрген, оғыздар ұлысының орталығы Жаңакент 
қаласы деп бейнеленедi. «Қобыланды батыр» жырында оғыздар мен 
қыпшақтардың кескiлескен шайқасы суреттеледi. Қызылбастар – жаулардан 
өздерiн ерекшелетiп көрсету үшiн бастарына қызыл бөрiк киген көрiнедi. 
Екiншi пiкiр, поэманы моңғолдардың жауынгерi Қазан хан мен қыпшақ-
тардың соғысымен байланыстырады. 1256 жылы Кавказ, Иран, Ирак және Кiшi 
Азияның бiрсыпыра жерiн басып алған моңғолдың ханы Хулагу iрi мемлекет 
құрады. Оның тiрегi бастарына қызыл бөрiк киген моңғол жаугершiлерi болған. 
1295 жылы өзiнiң қатаң, қаныпезерлiгiмен елге әйгiлi Қазан хан таққа отырады. 
Ол басып алған елдерiнiң кейбiр бас көтерген халықтары – әзербайжан, грузин, 
қыпшақтар қызылбастарға қарсылық көрсетiп, жеңiске жеткен тұстары 
«Қобыланды батырдың» кейбiр нұсқаларында (Марабайдың, Бiржанның, 
Досжанның) жырланады. Қазан хан сол өмiрдегiдей қатыгез күйiнде 
суреттеледi. Сондықтан да қызылбастардың басшысы поэманың прототипi 
болса керек деп есептейдi М.Ғабдуллин. Шынында осы дұрыс пiкiр секiлдi. 
Себебi поэмада аталатын қалаларды шын мәнiнде Қазан хан тұрғызған. 
Тарихтың дамуына қарай бiзге белгiсiз авторлар өздерiне сүйiктi батыр-
ларына басқаша мән-мағына бере бастады. Ендi Алпамыс, Қобыланды, Қам-
барлар ру, тайпа мүддесi емес, күллi қазақ халқының қамын ойлау дәрежесiне 
дейiн көтерiледi. Оған жетудiң жолы да оңай емес екендiгiн ескере жүрдi. 


204 
Ондай шығармалар, академик М.Әуезов жазғандай, «…адамзат туралы, адам 
қуаты туралы қасиеттi ой ойлаған шынайы үмiтшiл әңгiме. Сондықтан да өзiнiң 
елiне «iздесең табасың, алыссаң – аласың» деумен қатар жабайы, жайын 
табиғатқа басты шұлғи берме дейдi. Табынып, бағынып жүрсең де, дүниенiң 
көп күшiмен алысып-арпалыс дейдi. «Жалынған бас қорғау емес, жағаласқан 
бас қорғау» – дегендi жұмбақ табиғаттан қорқа жүрiп-ақ адамзат ерте аңғарған» 
/3/. 
«Жағаласқан бас қорғау» дегендi өздерiне ұран етiп алған батырлар жыр-
ларының ерлерiн шығарма авторлары тыңдаушыларға эстетикалық ләззәт беру 
үшiн асқақтатып көрсетедi. Оның назарын жерден алмайтын, өзiндiк бiр елi 
қимылы жоқ, жеке басының күйiн күйiттейтiндерге қарсы антипод есебiнде 
алады. Бұл далалық философияның сыни келбетi болатын. Ел қамқоршысы, ел 
асыраушысы ретiндегi өз батырларын жыршылар сегiз қырлы, бiр сырлы етiп 
көрсетуге тырысқанына, барлық талант-дарынын салғанына бiздер күмән 
келтiрмеймiз. Әрбiр халықтың тарихында қалыптасқан этникалық белгiлер мен 
қасиеттер қоғам мен адам өмiрiнде тұтасымен айқын көрiнiс бередi. Мұндай 
кезеңдер әсемдiк, әдiлеттiлiк категориялары арқылы өзiнiң әлеуметтiк 
бағалауларын алады. Мұндай тарихи халықтық қалыптасу идеясы прогрессивтi 
сипат алады. Сондықтан да бұл жағдай жiгерлiлiк, батылдық, елiне, жұртына 
деген асыл сезiм үлгiлерiн, өзiндiк не жеке мүддесiнiң қоғам мүддесiмен сәйкес 
келуiн туындатады. Мұның бәрi тектiк өлшемдерге сәйкес келетiн батырлық 
эпостардың өзiндiк философиялық астары. Өлшемнiң текке сәйкес келмеуi, 
яғни қорқақтық, өзiмшiлдiк, әдiлетсiздiк т.б. адамдық мiнез-құлықтың әлсiз 
жақтары, белгiлерi, сонымен қатар идеялардың орындалуына бөгет болатын, 
басқа халықтарға деген дұшпандық әрекеттерi ұсқынсыздық пен азғындау 
категорияларымен бағаланады. Бұл философиялық категориялар қоғамдық 
өмiрдiң жағдайын бейнелейдi. Осы жағдай өнердегi ойлаудың, зерделеудiң, 
танымның ақиқат немесе шыншылдыққа сәйкес келетiн типiн туындатады. 
Қазақтың батырлық эпостарының ерекшелiгi оның ақиқаттылығында. Олар 
салыстырмалы фантастикалық және мифологиялық элементтер ретiнде 
түсiндiрiлмейдi. Эпостың ақиқаттылығы халықтың тарихи өмiрiнiң, оның 
iшiнде қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарының бейнеленiп көрiнуiнде. 
Сыртқы қауiп-қатерден қорғану барысында батырлық эпосы дамып, ел 
қорғаны болатын батырлар жыры пайда болды. Ол жырларда ұлттық тарихи 
өмiрдiң ерекшелiгi тұрақты көрiнiс бередi. Н.Жандiлдиннiң пайымдауынша, 
ұлттық психология тұтасымен тiкелей дәстүрлерге, салттарға байланысты бола 
бермейдi, себебi олардың әрекет ауқымы әр түрлi… «Ұлттық психология – бұл 
ұлт әлемiнiң iшкi жандық жағдайы», – деп жазды Н.Жандiлдин /4/. Ал дәстүр 
мен салтқа келсек, олардың iске асуы ұлттық псих-икада емес, ұлттық 
психикадан тыс жерде, өмiрде, практикада, заттану, сезiну арқылы iске асады. 
Бiрақ, салт-дәстүрлер халық ойлауында «бiрiге отырып» ұлт психологиясында 
iз қалдырды, кейiннен осы iздер немесе басқа белгiлер, қасиеттер салттар мен 
дәстүрлерде көрiнiс бередi. Ұлттық психиканың ерекшелiктерiнiң бұдан да 
анық көрiнiсi халықтың дүниетанымында көрiнедi, ал сол арқылы дүние 
түсiнiгiнде де байқалады. Санада бұрыннан қалыптасқан эмоциялар мен сол 


205 
сәтте пайда болған эмоциялар дүниетанымында диалектикалық бiрлiкте 
болады. Көркем ойлауда эмоциялар тiкелей эстетикалық сезiм арқылы көрiнедi. 
Дүниетанымның белгiлi бiр эмоционалдық күйi – эстетикалық дүниетанымы 
бар. Яғни әр түрлi эстетикалық шындық жақтарынан ол бiр ғана эстетикалық 
кате-горияны таңдайды. Сонымен батыр мен халықтың көңiл-сезiмдерi 
батырлық эпостарда батылдық пен әдiлдiкке қоса әсемдiк категориясы арқылы 
көрiнедi. Қазақтың халық ауыз шығармашылығында, өзiнiң эстетикалық 
құндылықтары бар және олар оқушысын эстетикалық рақаттануға әкеледi. 
Мұндай туындылар уақыт сынауынан өтiп, халқымыздың рухани мәдениетiнiң 
бөлiгiне айналды, рухани байлық қатарына ендi. Өйткенi тек ұлттық қана емес, 
сонымен бiрге жалпы адамзаттық эстетикалық мұрат ретiнде көрiнедi. Әрине, 
батырлар жыры тек қана әсемдiк қана емес, сонымен қатар бостандық, халқына 
деген адалдық сезiмдерiн паш етедi. Бұл этикалық және эстетикалық 
құндылықтарды байланыстыру және олар ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп, бiздiң 
күнiмiзге дейiн сақталған. 
Әдебиеттегi «Батырлық дәстүрi» туралы арнайы айтуға болады. Яғни қазақ 
әдебиетiнде ежелден батырлық дәстүрi жан-жақты суреттелген, одан әрi қарай 
дамып, кейiпкер эпосына дейiн көтерiлген. Эпикалық өлеңдерден эпопея 
қалыптасып, бiткен кезде көрiнедi, бұрынғы және күштi эпикалық дәстүрлердiң 
төл мұрасы болып кеткен кезде байқалады. Олар қазiргi оқиғалар мен 
қазiргiлердiң дайын эпикалық пiшiнiн, яғни уақыт пiшiнiн өткендегi аталардың 
өмiрге көзқарасымен салыстыра отырып, бұрынғы эпикалық дәстүрдегi 
қалыптасқан эпикалық араласты көрсетедi. 
Батырлардың мынандай бейнесiн эпостарымызда жиi кездестiремiз: 
Артынан келiп қарасам, 
Қаһардан пайда болғандай, 
Алдынан келiп қарасам, 
Жалыннан пайда болғандай. 
Осындай суреттеу арқылы батырдың тұтас бейнесi сипатталады. 
Эпос өзi ұнатқан батырын жөнсiз-жосықсыз мақтап жөнеле бермейдi. 
Эпоста өз батыры жаудың батырымен қатар бағаланып отырылады. Жағымды 
кейiпкерлерiн ешқандай мiн жоқ етiп көрсету үшiн оған қарсы шапқан 
жауларын да мықты етiп бейнелейдi. Мысалға, Ер Қазанды алайықшы. Ол 
«қазақ десе оқ атқан, он екi күнде бiр жатқан, он үш күнде бiр татқан». Мiне, 
сондай жауды жеңу арқылы ғана кейiпкердi сомдай түсуге болатын едi. Бұл да 
логикаға сиымды нәрсе болатын. 
Қазақ эпосы өзiнiң ерiнiң шоқтығын биiк көтеру үшiн оның жауын 
сүмiрейтiп жiберуге тырыспаған. Керiсiнше, оның да осал жау емес екендiгiн 
баса көрсете бiлген. «Алпамыс» қисасында мынандай жолдар бар: 
«Жетiп келдi Қараман, 
Алпамыстың қасына. 
Қолындағы күрзiмен, 
Кеттi салып басына. 
Осы ұрған күрзiге 
Құлар едi шапқанда. 


206 
Қойқаптың тауы, тасы да». 
Бұл эпизодта батырдың мықтылығын Қойқап тауының берiктiгiнен де 
асырып түсiрсе:
…Атса мылтық өтпедi, 
Шапса қылыш кеспедi, 
Ғайып ерен қырық шiлтен 
Қолтықтап сүйеп демедi, 
Суға салса батпады, 
Ұйқыдан бала қайтпады, –
деп қояды. 
Осындай күш-қуат, қасиет дарытқан батырдың ел мүддесiн қалтқысыз 
қорғайтынына жұртшылығы да, тыңдаушысы да сенедi. 
Батырдың аңғалдығын көрсету үшiн Алпамыстың мыстан кемпiрдiң айла-
шарғысына түсiп қалған тұсын суреттеген болатын. Ел қорғаушы батырлардың 
бiрден-бiр жан-жолдасы атына басты дарытылуға тиiстi қасиет – оның 
жүйрiктiлiгi деп бiлген жыршылар. Сондықтан да ондай үрдiстi Ер Қосайдың 
сәйгүлiгiн сипаттаған жолдардан аңғарамыз: 
Баяғы шабыс қалады, 
Тер бойына тарады. 
Мақтау атқа жарады. 
Астындағы сары аттың 
Көкте екенiн бiлмедi
Жерде екенiн бiлмедi, 
Қос қанатын санады 
Пыр-пырлап ұшып жөнелдi… 
Қазақ эпосындағы тағы бiр ғажап құбылыс – батырдың аты көлiк есебiнде 
ғана пайымдалуымен шектелмей, ауыз әдебиетiнiң шарттылығына сәйкес, оған 
тiл бiтiп, қиналған жерiнде иесiне ақыл кеңес берушi болып шыға келедi. Бұл 
табиғаттың әр мүшесiнде рух бар екенiн бiлдiредi және адам мен табиғат 
мүшесiнiң арасындағы ерекше байланыс бар екенiн сездiредi. 
Қазақ эпосындағы бiр ерекшелiк – өзiнiң басты кейiпкерi ерлiк жасаған 
жерлерiнде жеке басы ғана қимыл көрсетпейдi. Оның өзiмен қоса бiрдiн-бiр 
қолқанаты – аты болады. Қазақ: «Ер қанаты – ат», – дейдi. Халқымыздың аса 
қадiрлейтiн жылқы түлiгi бiр жағынан iшер ас, киер киiм болса, екiншi жағы-
нан, мiнер көлiк есебiнде таптырмас жануар. Халық шығармашылығының кез 
келген жанрында оның өте ерекше орын алатыны да сондықтан болар деп 
ойлаймыз. 
Халқымыз тек қана пайдасын, игiлiгiн көрiп жүрген малына келгенде эпос 
тiлiмен айтқанда, мақтауын жеткiзе де алады. «Жалпы сипаттағанда 
фольклорда кездесетiн аттардың тұлғасы жағынан не адам сықылды есi, не 
ұшатын қанаты, әйтеуiр бiр ерекшелiгi болады. Бұл ерекшелiктердiң бiр жағы 
осындай жүйрiк аттарды оғаш етумен... байланысты» /5/. 
Сол жылқы, әсiресе, батырлар жырларында көбiрек орын алған. Шынын 
айту керек, кейбiр тұстарда астындағы көлiктерi батырлардың өздерiнен де 
ерен қимылдар жасап жiбередi. Оның себебiн атқа келгенде нағыз асқақ қи-


207 
ялдары онан да әрмен асқақтап кететiн эпос авторларының шабытынан деп 
бiлемiз.
«Қобыланды батырдағы» Тайбурылдың портретiн көрейiк: 
Бүктеле бере жазылып, 
Бурылы бұрқып гуледi. 
Алты қабат орнынан 
Жетiншi қабат қалаға
Қояндай ырғып жөнелдi. 
Ортасына шаһардың 
Бурыл барып топ еттi. 
Ендi дүниеге халықтың асқақ идеясын ту ғып көтерушi, арыстандай ай-
батты, жолбарыстай қайратты, ары таза, туған жерi десе iшкен асын жерге 
қоятын, жерiне басқыншылық жасаушыларға қасқайып жалғыз өзi тура ша-
батын батырлар келе жатады. Бұл заманына сай қажеттiлiктен туындаған 
жағымды образ болатын. 
Туған жердi көздiң қарашығындай сақтау идеясы негiзгi тақырып болып 
қалумен қатар, жырдың басты қаһармандары қара халықтың қамын да жейтiн 
ер азамат ретiнде бой көрсете бастайды. Оның мысалын Қамбар батырдан 
көремiз. Ол жау бас көтермеген кезде өз төңiрегiндегi қаншама үйдi аң аулап 
асыраумен айналысады. Бұл батырлық идеясының сан түрлi қыры бар екенiн 
байқатады. 
Профессор Ә. Қоңыратбаев қазақ бiртұтас халық есебiнде қалыптаспастан 
бұрын да (түркi тайпалары дәуiрiнде) ауыз әдебиетiн тудырғанын былай деп 
жазады: «Қазақтың бiртұтас халық болып қалыптасқанына дейiн де қазiргi 
қазақтың ата-бабаларында ауызша халық өнерi болған; ежелгi сақтар мен 
кейiнiректегi қазақтардан дәстүр, тұрмыс, құдайға, дiнге сенушiлiк байқалатын 
мақал-мәтелдер, жұмбақ және басқа фольклор түрлерiн таба аламыз» /6/. 
Халық жырларын тудырушы халық екенiн Шоқан Уәлиханов атап өткен. 
«Тарихи мектеп» деп аталатын фольклоршылармен айтыста эпосты ақсүйек-
тердiң туындысы деушiлерге қарсы ауызша поэзияны тудырушы жыршылар 
мен эпосты жасаушы халық екенiн ескертедi. 
Батырлар жырының басты тықырыбы – халық өмiрi, батырлық қимылдар
сырттан келген жаумен халықтың айқасы. Жер жастанып, майдан алаңында 
жатқан ерлердiң қимылын суреттеу тұсында кедейлер өмiрi екiншi деңгейдегi 
мәселе деп саналған. Жыршылар негiзгi басты назарды елдегi отансүйгiштiкке, 
iшкi бiрлiкке, тұтастыққа аударған. 
Батырлардың асқақ, жұрт таңдай қағатындай бейнесiн жасау үстiнде 
ақындар мен жыраулар өз тұстарындағы оқиға болып жатқан сәттердегi ел 
арасындағы күйкi тiрлiкке көп назар аудара бермеген. Қарапайым, ортаң қол 
бiреудi өзiне басты кейiпкер, қаһарман есебiнде алуды өзiне лайық көрмеген. 
Сондықтан да жырлардағы ерлердi тек қана кесек тұлға етудi мақсат тұтқан. 
Қазiргi күнгi қалың оқырманға таныс ауыз әдебиетiнiң сом бейнелерi – әлгi 
айтылғандай талпыныстан туған образдар. Бұл батырлар жырларына тән қа-
сиет, өзiндiк тiнi болып табылады. 


208 
Халықтың ығына жығылуды басты шығармашылық мақсат тұтқан автор-
лардың көзқарастары мейлiнше кең, қимылдары мейлiнше асқақ болып келедi. 
Батырдың кескiн-келбетiн бейнелеген халық даналығы оны кесек тұлға ретiнде 
ұсақ-түйек күйкi тiрлiкке аса көп араластыра қоймады. Жырларда батырлар 
үшiн нағыз маңызды деген iстер басты мақсат-мүдде болды. Ол – елiн шетел 
басқыншыларынан қасық қаны қалғанша қорғау. Бұл оның тарихи қызметi, 
адамдық тағдыры. 
Ру, қауым, ұлт жаңа ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде, сол ел 
қалпында қалу немесе жойылу қаупi түскен кезеңде, қарулы, бiлектi, арыстан 
жүректi азаматты заманның өзi талап еткен едi. Сол қалау орындалды деген 
ойдамыз. 
Сондай сегiз қырлы, бiр сырлы батырды халық санасында, арманында, 
өзiнiң ауыз шығармашылығында сомдап шығара алады. 
Iс жүзiнде бұл жүзеге асқан халық арманы болатын. Халық оны өз 
бойындағы барлық асыл қасиеттермен, этикалық және эстетикалық идеялармен 
жарақтандарды. Ол әдiлдiк пен адалдық үшiн де күрескер болды, үнемi 
тынымсыз елiн қорғады. 
Басты кейiпкер хан да, сұлтан да, бай да, батыр да болуы мүмкiн. Оның 
әлеуметтiк тегi онша маңызды саналмайтын. Мәселе, халық үшiн маңызды 
iстер атқара бiлуде, мақсат тереңде болатын. 
Себебi, батырлар жырында негiзгi кейiпкерге бөлiнген функция бесенеден 
белгiлi. Ол – сырттан басып кiрушi, жаулардан өз жерiн қорғаушы, жеңiлiс 
дегендi бiлмейтiн ердiң ерi. Ауыз әдебиетiнiң эпикалық батырдың бойына 
бiрде-бiр автор өз тұсындағы хандардың, сұлтандардың, байлардың, билердiң 
мiнездерiн телiген емес. Ол батырлардың кескiн-келбетiнен қаншама ғасырлар 
бойы қара халықтың басынан кешкен тәжiрибесi, тәрбиесi, арманы мен 
еркiндiкке деген ұмтылысы жинақталғанын байқаймыз. 
Көптеген жағдайларда халық эпикалық кейiпкерiн өзiнiң ортасынан 
шығарып, қыруар қиын өткелдерден өткен соң, ақыр соңында сол өзi шыққан 
ортаның жыртысын жыртатын әдiлеттi, қара қылды қақ жаратын патша, не хан 
дәрежесiне дейiн көтередi (Қамбар, Едiге т.б.). 
Бiз үрен-сүренiн де бiлмейтiн жыршылар өз ойларынан әдiлеттен ғана 
құйылған батыр-әкiмдер жөнiнде шығармалар тудырып, өмiрде барлық әле-
уметтiк әдiлетсiздiкке деген қарсылығын осылай бiлдiрген. Мұндай «таққа 
тырмысушылық» идеясы қазақ әдебиетiндегi кейiнгi ғасырлардағы туынды-
ларынан да байқалады. «Жақсы басшы болса, халық та дұрыс өмiр сүретiн 
болар» деген ой-толғамдар жатыр бұл әрекетте. Сондықтан, мұндай хандар 
әдiлеттен сомдалған, батырлық пен адамгершiлiктiң үлгiсi есебiнде бейнеле-
недi. 
Әрине, соғыссыз, шапқыншылықсыз сол ерте заманда қауым мен қауым, ру 
мен ру арасындағы дау-дамай, келiсiм-қауышу мәселесiн шешу мүмкiн болмай 
қалған. Дегенменде, патриархалдық-көшпелi қоғамда бейбiт өмiр мәселесi, 
достық-татулық төңiрегiндегi тiршiлiкте эпостық шығармаларда бейнеленiп 
отырды. 


209 
Малды көбейту, бағу оңай емес болатұғын. Ал табиғаттың қатал қаһары 
немесе жау шапқыншылығы арқасында оны жою қас пен көздiң арасында 
болатын мәселе едi. Сондықтан да көшпелiлер төңiрегiндегi әлдiрек, қуаттырақ 
көршiлерiнен көмек сұрауға солардың қарулы қол-дарынан шарапат күтуге 
мәжбүр болды. 
Дегенменде отырықшы халыққа қарағанда көшпендiлер әлдеқайда 
ауызбiршiлiгi мол, басына күн түскенде бiрiне-бiрi дер уақытында келiп үлгере 
алатын. Оның үстiне жермен айналысып, отырықшыларға айналғандары өз 
орталарынан бөлек адамдар деп есептелген. Көшпендi феодалдар үшiн олардан 
iздеген нәрселерi табылатын-ды. Сол кездегi тарихи кезеңге байланысты, 
кейiнгi феодализмнiң одан әрi дамуына сәйкес тонаушылық заңдылыққа 
айналды. Сондықтан да фольклор туындысының дүниеге келген кезiн өте 
мұқияттылықпен анықтаудың маңызды екендiгiн қайта-қайта еске ұстау керек. 
Халық тарихы да, халық эпосы да өзiн «әшекейлегендi», «әспеттегендi» 
бұрмалаушылық жасағанды қаламайды. Халық эпосы тек қана өзiнiң идеялық 
мазмұнымен ғана емес, ұлттық ерекшелiгiмен, ақиқат шындықты көркем 
қалыпта беруiмен ерекшеленедi. Демек, осы тақырыпты зерттеуде осындай 
мәселелерге назар аударған жөн. 
Озық ойлы қоғамдық ой қашаннан берi көркемдiк мәдениетке деген кер-
тартпа, жаңсақ пiкiр айтушылармен бiтiспес күрес жүргiзумен келдi. Алғашқы 
қауымдық заманда дүниеге келе бастаған халық эпосы өзiн тудырған халықтың 
қалыптасу мен даму процесiнде соның өзiмен бiрге жетiлiп, тереңдей түседi деп 
түсiну керек. Осы жерде бәрiнен бұрын халық мифологиясының ролiн жеке 
дара бөлiп қарау керек. Рулық қоғамдағы адам әлеуметтiк қарым-қатынасты 
өзiнiң табиғатқа деген көзқарасымен өлшеген, ал табиғи құбылыстардың өзара 
байланыстарын алғашқы адамзат қауымының қарым-қатынасы дәрежесiнде 
қабылдаған. Мифология халық тұрмысын белгiлi бiр әлеуметтiк, тарихи және 
басқа жағдайлар фонында көрсеткендiктен, ол мiндеттi түрде сол ұлттың 
ерекшелiгiн баса көрсетуге тиiстi болады. 
ХVIII ғасырдағы немiстiң тамаша ағартушыларының бiрi Иоган Готфрид 
Гердер әдет-ғұрып, дәстүр, мәдениетке философиялық талдаулар жасап, ха-
лықтың тұрмысы мен кәсiбiнiң алдыңғылармен бiртұтас екендiгiн мәлiм-деген. 
«Табиғатқа қойшы балықшы мен аңшыға қарағанда басқарақ көзбен қарайды» 
/7/, – деп жазады ол. Сондықтан да әр халықтың мифологиясы өздерiнiң 
табиғатқа қай қырынан қарайтынын айғақтайды. 
Кәсiп иесi дүниеге, күллi әлемге өзiнiң кәсiбiнiң тұрғысынан қарайтыны 
анық. Адам (М.Горькийдiң айтуынша, әрқайсысы өзiнше суреткер) өзiнiң 
өмiрлiк тәжiрибесiне сәйкес тұрмыс құбылысын тек өзiне тән пiшiнде қабыл-
дайды. Әркiмнiң өзiне қымбат құндылығы бар. Бiрақ ол өзгермейдi, дамымайды 
деген сөз емес. 
Мысалға, түнгi аспанға көзi түскен қойшы самсаған жұлдыздарды отары-
ның қой-қозыларындай көредi, ал балықшылар ауына түскен қабыршағы жал-
жұлт еткен балықтардай деп бiледi, диқандар алтындай дән есебiнде қабылдаса, 
аңшылар үшiн ол – жұлдыздар – қансонарда аңдардың қалдырып кеткен iздерi 


210 
секiлдi. Бұл ұлттық дiлдiң кәсiби менталитетпен байланысын бiлдiретiн 
тұстары. 
Кейбiр фольклоршы-зерттеушiлер ауыз әдебиетiндегi мифологияның 
маңызының зор екендiгiн жете түсiнбей, онан арылғанды жақсы көредi. Мұндай 
ұғым – мифология мен дiндi заңнан тыс кiндiктес нәрсе есебiнде қа-
былдағандықтан туған қателiк. 
Өзiнiң бай тәжiрибесiнiң мал өсiрудегi қаншама кәсiби шеберлiктi меңгеруi 
арқасында алдындағы күйлi малына қарап, көшпендi малшылар ләззат алады. 
Онда, Маркс айтқандай, еңбекке деген «жартылай көркем қатыстылық» пайда 
болады. Адамға қатыстылық тәрiздес қоғамдық қарым-қатынасты жан-жақты 
көркемдей бейнелеуге нақтылы жағдайлар туады. Ұшан-теңiз ара қашықтықты 
аз уақыт iшiнде басып өту олар үшiн эстетика тұрғысынан бағаланатын. 
Мысалы, ат шабыс. Ондай нәрселердi Тайбурылдың шабысын сипаттаған жыр 
жолдарынан аңғарсақ керек. 
Еңбекке, жаугершiлiкке деген ұмтылыс көшпендi қазақтар арасында ба-
тырлықтың дүниетанымдық, аксиологиялық, эстетикалық ұғымын сараптап 
шығарды. Құба далада, шетсiз-шексiз жерiнде, төбесiнде тек қана көгiлдiр 
аспаны бар, осындай табиғатта күнелтiп жүрген, өзiнiң батырлығына сүйенген, 
өзiн аман сақтап қалатын әдiс – жұдырығының мықтылығына, өз түйелерiне, 
жылқыларына, садағы мен жебесiне сүйенген көшпелiнiң бейнесiн елестете 
аламыз. Ондай тарихи кезең болмаса, ондай тарихи тұлғалар болмаса 
халқымыздың қазiргiдей жерi, территориясы, егемендi мемлекетi де болмас едi. 
Мiне, жауынгерлiк дүниетанымның тарихи қызметi де осында. 
Қазақ эпосында батырлардың iстеген iстерiнде, құдай мен рухтың бас-
шылық ететiн жерлерi астарланып жеткiзiледi. Олар ауызға алынса, тек қана 
қосалқы мәселе сияқты көрiнiс бередi. Оның мысалын «Қобыланды батырдың» 
бiр нұсқасынан кездестiремiз. Бұл қазақтың дiнге деген қатынасының көрiнiсi. 
Батырлар жырының қалыптасу тұсында адам өзiнiң қам-қарекетiн түсiне 
бастады, ал құдай ұғымын адам еркiндiгiмен байланыста қабылдады. Жырдың 
идеясы өмiрде жоқ және болуы мүмкiн емес нәрселердi дәрiптеу емес, 
керiсiнше, тiршiлiкте болатын, болуға тиiстi ақиқатты бейнелеу болатын. 
Қазақ эпосында бiр тақырыпқа шығарылған дүниелер тарамдалып кете 
бередi. Оның басты себебi: шығарманы қай рудың өкiлi жырлағанда. 
Мұсылман дiнiнiң бiздiң топырақта кең өркен жаймағанын өткен ғасырдың 
өзiнде Ш.Уәлиханов, В.Радлов және басқа ғалым-этнографтар айтып кеткен. 
Ислам жөнiнде қазақтың ұғымы онша анық еместiгiн Радлов баса көрсетiп 
айтып кеткенi белгiлi. Оның дәлелiн жырлардың iшiнде қызылбастың ханының 
қызы Құртқаны алған Қобыландының қылығынан көруге болады. Қалмақтың 
қызы қазақтың батырына ғашық болады. Будда дiнiн ұстаған қалмақпен 
қатынас жасаудың шектелмеуi – соның көрiнiсi. 
Фольклористиканың басты проблемаларының бiрi – «эпостағы әңгiмеле-
нетiн нәрселер тарихи шындық па немесе өз заманына деген халқының ой-
арманын, көзқарасын танытатын көркем шығарманың материалы ма?» деген 
сұрақ болып келедi. Қалайда бұл мәселенiң астары әлеуметтiк болмыспен 
шектелiп қалмайды. 


211 
Өткен 
ғасырдағы 
орыс 
фольклористикасындағы 
В.Ф. 
Миллер, 
М.Н.Сперанский, Н.П.Дашкевич секiлдi тарихи мектеп аталатын iрi өкiлдер 
тамаша зерттеулер жасаған болатын. Осы мектептiң арқасында бұрын-соңды 
жұртшылыққа беймәлiм қыруар материалдар жиналды, көптеген бағалы 
байқаулар жасалды, сан алуан нұсқалар бiрiмен-бiрi салыстырылды. Алайда 
тарихи мектеп өкiлдерi зерттеген фольклористика дәйектемелерiнде елеулi-
елеулi қателiктер бар едi. Олар туындыларды механикалық түрде ғана салы-
стырып, нақтылы тарихи оқиғаларды сол қаз-қалпында сюжеттерден iздеп
халық эпосындағы образдарды өмiрде болған сатылардың атымен ұқсастыруға 
тырысып бақты. Бұл шын мәнiнде фактографиялық, дәлме-дәл өмiрдегi нәрсенi 
эпостан құр босқа арамтер болып, iздестiру едi. Себебi, болмыстағы нәрсенi 
көркемдiк елегiнен өткiзбей, сол қаз қалпында бере салу халық ауыз 
әдебиетiнiң табиғатына жат. Сондықтан шығыстың астарлап, көркемдеп 
сөйлейтiн тұстарын да ескеру керек. 
Осы тәрiздес қателiктер ғасырымыздың басындағы қазақ фольклорын 
зерттеушiлерiнiң арасынан да көрiнiп қалып жүрдi. Олар Қобыландының жо-
рығын орыс патшасы Иван Грозныйдың Қазан татарларына қарсы жорығымен 
салыстыруға тырысқан-ды. Алайда, кейiнiрек ол ғалымдар өздерiнiң ғылыми-
зерттеу методологиясының қисынсыз екенiн түсiнiп, мойындады. 
Тарихи құжаттар, шежiрелер, тарихи хроникалардың жөнi бiр басқа. Олар 
дәл даталарды, кiсi аттарын, бұлтартпас деректердi талап етедi. Ал тыңдаушы 
үшiн қажеттi жинақы образ жасайтын, өмiрде болғанды сол бойында ала 
салмай, ең бастыларын iрiктейтiн, өз кезеңiнiң қайталанбас кесек қимылдарын 
беруге тиiстi көркем шығарманың мiндетi бөлек. Бұл жерде философиялық ой-
толғамдардың орын алатынын жасыруға болмайды. 
Осы мәселе тұрғысында өз кезiнде фольклористиканың беделдi өкiлi 
В.В.Радлов: «эпостың мiндетi өмiрде болған жағдайды сол қаз-қалпында бере 
салу емес, адам санасының бейнесiн беретiн армандағы әлемдi жасау» деп 
бiлген. Яғни эпос дегенiмiз тұнып тұрған философиялық ой-толғау. 
Мiне, сондықтан да халықтың рухани байлығын, дүниетанымындағы 
ерекшелiктердi, оның тарихын, тек өзiне ғана тән дiлдiк сипатын бәрiнен бұрын 
фольклордан, оның ең жетiлген формасы – батырлар жырынан табамыз. 
Көшпендi қазақ қоғамының батырлық эпосының ұзақ уақыт жасауы – қазақ 
көшпендiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнiң ерекшелiгiнiң пат-
риарқалды қарым-қатынаста ұзақ жасауымен де байланысты. Батырлық қи-
мылдың алғашқы орынға шығуы осыдан болды. Бұл әлемдiк мәдениеттiң көп 
қырлы құрылымының бiр көрiнiсi, жалпы қоғамдық дамудың сан түрлi тар-
мағының өзiндiк ерекшелiгi бар сипаты болып табылады. 
Батырлық эпосымен қоса қазақтың рухани мәдениетiнде лирикалық эпо-
стың маңыздылығы зор болатын. Ерлiктi қастерлеген халқымыз, адамның 
бойындағы терең де, тұнық сезiм – махаббатқа да ден қойып, оның ұрпақтарға 
қажет қасиеттi рухани күш екенiн сездiрген. Батырлар жырымен бiрге қазақтың 
кең даласында махаббат туралы эпостар да шырқалатын, жырланатын. Қыз 
Жiбек пен Төлеген, Баян Сұлу мен Қозы Көрпеш сияқты кейiпкерлер табиғи 
сезiмнiң шыңына шыққан образдар. Олардың ынтызарлығына тәнтi болған 


212 
халық таза мөлдiр махаббат жөнiнде ой толғағанда мысалға келтiрiп отырған, 
келер ұрпаққа үлгi етiп, адал сезiмнiң мұратына айналдырған. Келешекте бұл 
мәселелердi де ерекше философиялық талдаудан өткiзген абзал. Сонда ғана 
ауыз әдебиетiнiң толық бейнесi өзiнiң философиялық тұжырымдамасына ие 
болып, жан-жақты сипатталады. 
Әдебиеттер 
 
1. Чернышевский Н.Г. Полн.собр.соч. М., 1948. Т.I. С. 296. 
2. Валиханов Ч.Ч. Собр.соч.в 5-ти томах. Т.I. С. 218-219. 
3. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959. 219-220-б. 
4. Жандилдин Н. Природа национальной психологии. Алма-Ата, 1971. 
С.132. 
5. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелерi. Алматы, 
1959. 65-б. 
6. Қоңыратбай Ә. Ежелгi түрiк поэзиясы және қазақ фольклоры. Алматы, 
1971. 15-б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет