Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының



Pdf көрінісі
бет32/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
annotation23044

 
3.5. Махамбет дүниетанымы
Қазақ халқының бай тарихы мен философиясын ұлы тұлғаларсыз, ой-
шылдарсыз, ақындарсыз көзге елестету мүмкін емес. Себебі ықылым заманнан 
бері ықпалына ерген халқын өрге сүйреп, бостандық пен азаттық жолымен алға 
бастаған да, сенімді ақтамай орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке 
тұлғалар болған. Бүгін біз олардың бірінің іс-әрекетін құрметпен еске алсақ, 
екіншісіне өкінішпен бас шайқаймыз. Ал, әңгіме философия, мәдениет, поэзия 
мен өнер жайына ауысқанда данышпан адамдарды ауызға алмау мүлде мүмкін 
емес. Кез келген поэзиялық және философиялық еңбек, мәдениет пен өнер 
туындысы жеке адамның ғана көкірегінен қайнап шығып пайда болады. 
Кең байтақ даламыздағы өркениет көшінің өн бойынан қа-дау-қадау 
шыңдар тәрізді уақыт өткен сайын бейнелері асқақтай түскен осынау айрықша 
философиялық ойлау стилі бар тарихи тұлғалардың мұрасы кейінгі қоғамдық 
ойдың даму барысына орасан зор ықпал жасағандықтан халық жадында мәңгі 
бақи сақталған. Жақсы туындының философиялық астары да айтарлықтай 
тереңде жатады. Махамбеттің төрт томдық шығармаларын герменевтикалық 
талдау арқылы ғана философиялық ойын аршып алуға мүмкін болады. Ендеше, 
қазақ поэзиясы философиялық ойдың бірден-бір өмір сүру формасы. Осы 
тұрғыдан келгенде әлеуметтік-философиялық және философиялық-этикалық 


235 
идеялары бар тарихи тұлғалардың қатарына әйгілі ойшыл ақын Махамбет 
Өтемісұлы да жатады. 
Философиялық және рухани-адамгершілік астары тереңде жатқан Махам-
беттің ақындық мұрасын игерген кез келген қазақ баласының неге делебесі 
қозып, көзі от шаша бастайды. Ол халқының қалғып бара жатқан рухын дүр 
сілкіндіре оятып, артында ұрпақтан ұрпаққа жететін шоқ тастап кетті. 
Ақынның 80-дей шығармалары Асан Қайғы мен Қазтуған, Доспамбет пен 
Шалкиіз жырларымен іштей үндесіп жатады. Іштей ұлттық идеяны сақтай 
отырып, азат елдігін, еркін өзіндік тұрмысын аңсаумен болған халық Махамбет 
өлеңдерінен бойына қуат, жанына медет, үмітіне рухани тірек тапты. Сөйтіп, 
ақынның өлең-жырларының өшпес батырлық, ерлік, жігерлілік, табандылық, 
парасаттылық үні ұлан-ғайыр сарынға, азаттық пен тәуелсіздік идеясына 
айналды. Махамбет дүниетанымы және философия-сы арнайы зерттеуден 
өтпеген тың тақырып. 
Махамбет заманы Ресей империясы өзінің озбырлық отарлау саясатын 
жүргізу барысында тәуелсіз қазақ мемлекетін жойып, өзіне бағынышты өз 
мүддесін қорғайтын және халықты барынша екі жақтан Жәңгір ханның іс-
әрекетімен сипатталады. Осындай қайшылық пен дау-жанжалға, әділетсіздік 
пен зорлық-зомбылыққа толы заман Ресейдің отарлау саясатына қарсы 
бағытталған ұлт-азаттық идеясын өмірге алып келді. Профессор Сейіт Қасқа-
басовтың қонымды пікірі бойынша, «ХІХ ғасырдан қазақ қоғамы үшін енді 
сыртқы жаудан қорғану емес, қазақ мемлекетін жойып, халықты отарлаған 
Ресей қақпанынан құтылу – ең зәру мәселе болып, әдебиетте ұлт-азаттық 
идеясы орнықты» (Егемен Қазақстан» газеті, 19 тамыз 2003 ж.) 
Махамбеттің өлең-жырларының қадір-қасиеті, мәні мен маңызы уақыт өткен 
сайын бедерлене түсетіні белгілі. Тарихи тұлғаның туған халқы мен адамзат 
өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай – ғасырдан ғасыр озған сайын 
өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының 
бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Махамбеттің жалынды өлеңдері 
келер ғасырлардағы толқын-толқын талай ұрпаққа ата-бабаларының мұңы мен 
шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болатыны 
анық. Жер бетінде қазақ елі тұрғанда, осынау мәңгілік сарын да ешуақытта 
үзілмейді. 
Қазақ халқы өнер біткеннің ішінен сөз бен сазды жоғары қойған. Осы екі 
өнерді бір-бірімен бітістіре, ажырамас тұтастықта дамыта отырып, бойындағы 
барша рухани қуатын соған сіңіре білген. «Қазіргінің талай елін қайран 
қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем, – деп жазды 
Қазақстан Республикасының Президені Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқы-
нында» аталатын кітабында, – тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде 
шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, 
қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер 
бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп 
жатады». Шіркін-ай, осы философиялық астары тереңде жатқан екімыңжылдық 
дала жырын мазмұны мен баяуын төмендетпей өзге тілдерге, әсіресе, ағылшын 
тіліне аударып, әлем жұртшылығына таныта алсақ, қазіргі қазақ мәдениетінің 


236 
әлемдік мәдени арнаға қосар кәусар бұлағының басы сол болар еді. Оның куәсі 
ретінде Махамбеттің ұлттық рухы биік жалынды өлең-жырлары қомақты еңбек 
болары анық. 
Адам – Махамбет дүниетанымындағы өзекті де негізгі мәселе болып 
есептеледі. Ол өзінің «Арғымақ, сені сақтадым» атты толғауында: 
«Жақсыменен дос болсаң 
Айрылмас күні қос болсаң, 
Басыңа қиын іс түссе, 
Алдыңнан шығар өбектеп, 
Жаныңа не керек деп. 
Жаманменен дос болсаң, 
Айрылмас күні қос болсаң, 
Басыңа қиын іс түссе, 
Басқа кетер бөлек деп, 
Қолдан берер есептеп, 
Сыртыңнан жүрер өсектеп…», 
деп жақсы мен жаман адам жайында ойын тереңірек тұжырымдайды. Әсіресе, 
Махамбеттің халықты әділеттілікке, адалдыққа, ізгілікке, бірлікке шақыруды 
қазіргі заманда да өзекті де маңызды болып отыр. «Еңселігім екі елі» атты 
толғауында: 
«Дұшпанына келгенде, 
Тартынбай сөйлер асылмын. 
Құла бір сұлу ат мінген, 
Құйрық, жалын шарт түйген, 
Құм сағыздай созылған. 
Дулығалы бас кескен, 
Ту түбінен ту алған, 
Жазуды көріп қуанған, 
Мен Өтемістің баласы 
Махамбет атты батырмын», 
деп өзі өзінің іс-қимылы арқылы батыр адам мен оның тұлпары-ның тамаша 
поэзиялық бейнесін береді. «Исатай – басшы, мен – қосшы» деп өзінің «Соғыс» 
өлеңінде екеуінің арасындағы ынтымақтық пен достық, адалдық пен 
адамгершілік қатынастар туралы ойларын ортаға салады. 
Профессор Сейіт Қасқабасов айқандай, Махамбет шығармашылығының 
төртінші кезеңінде, яғни көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның қуғынға ұшыраған 
кезіндегі «Мұнар күн», «Қайда бар?», «Абайламай айырылдым», «Істеген ісім 
кетті далаға», «Өлең айтып, толғадым», «Қаршыға деген бір құс бар», «Қолы 
кілем, қара нар» сияқты жыр-толғаулары адам, оның адалдығы, бостандығы, 
батырлығы, ой еркіндігі, азаматтығы, мұң-арманы, күйіну-тарығуы жайлы 
терең философиялық-этикалық және эстетикалық ойларға толы. Әсіресе 
әлеуметтік жаттану мәселесі туралы «Өзіңнен туған жас бала // Сақалы шығып 
жат болмай» дей келіп, әлеуметтік жалғыздыққа («Жалғыздық адамға жарас-
пайды, Аллаға ғана жарасады») тап болған Махамбет өзінің іштей терең 


237 
рухани-психологиялық күйзеліске ұшыраған жағдайын бір-неше жырларының 
арқауы етеді. 
Махамбет кейбір адамдардың бойындағы опасыздық, екіжүз-ділік, 
сатқындық, зұлымдық сияқты жаман қасиеттерді көре білді. Сонымен қатар 
адам болмысы мен сана-сезімі, жақсы адам мен жаман адам, өлім мен өмір, әке 
мен бала, жалғыздық пен көптік сияқты мәңгілік философиялық-аксиологиялық 
мәселелерді өз дәуіріне лайықтап поэзиялық формада күн тәртібіне ұсынды. 
Махамбет философиясы өмірлік, жыраулық, халықтық сипатта болды. Оның 
поэзиясында қазақтың ұлтық идеясы, ұлт-азаттық идеясы жақсы көрініс тапты.
Махамбет дүниетанымындағы құндылықтар жүйесі әділеттілік, азаттық, сөз 
бостандығы («бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»), ерлік, адалдық, батырлық, 
халыққа шынайы қызмет ету, жауапкершілік пен бостандық сияқты 
құндылықтардан тұрады. Сонымен Махамбет әлеуметтік әділеттілік пен 
қайырымдылық жаршысы, және ол өз шығармашылығы арқылы әділетті, іштей 
үйлесімді жаңа қазақ қоғамын орнатуды меңзеді. Бұл оның шығарма-
шылығының әлеуметтік-философиялық өзегі болатын. 
Махамбеттің жалынды өлең-толғаулары халық рухын оятудың қажетті 
құралы болды. Ұлт-азаттық, ұлттық идеяны басшылыққа ала отырып, ол ха-
лықтың азаттығы мен бостандығына қарулы көтеріліс арқылы ғана жетуге 
болатынына әбден сенді. Бірақ сенім ақталмады, көтеріліс жеңіліске ұшырады. 
Ресей империясының отарлау саясаты шарықтап тұрған кезде Еуразия 
кеңістігінің қақ ортасында ұлт-азаттық көтерілістің бас идеологы болуының өзі 
Махамбеттің үлкен ерлігі мен батырлығы, ойшылдығы мен даналығы болатын. 
Егер осы көтеріліс болмаса, онда қазақ халқының ғасырлар бойғы үздіксіз ұлт-
азаттық қозғалысының қажетті бір буыны болмас еді. Махамбет жырлары 
қаққан бостандық пен азаттық қоңырауының сарыны ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасып, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісіне ұласып, тәуелсіздік 
пен дербес дамуды аңсаған азаматтар рухын шыңдаумен болды. Бізді бүгінгі 
тәуелсіз ел болуға жеткізіп отырған да сол рух. 
Ал, енді тарихи тұлғаның философиялық көзқарасын пайымдауларға да 
елімізде талпыныстар бар екенін де жасыра алмаймыз. Бірақ Махамбет 
Өтемісұлы жайында кеңірек, тереңірек философиялық-дүниетанымдық зер-
ттеулер қажет. Өйткені, Махамбет дүниетанымын түсіну, мұрасын игеру 
арқылы біз халқымыздың тарихи ой-санасына, ұлттық діліне, этникалық ойлау 
мәдениетіне бойлай түсеміз, яғни сол арқылы жаңа пайымдау-ларға жол аша 
аламыз, кемшілігімізді зерделеп, жетістігімізді жетілдіре түсеміз. Міне, 
сондықтан Махамбетті жан-жақты кешенді зерттеудің маңыздылығы жоғары 
деуге болады. Өйткені, тарихи тұлғалар іс-әрекетінде қоғамдық дамудың си-
паты айқын көрініс табады. 
Халықтың қамын ойлап, «қоғамда әлеуметтік теңдік жетекші рөл атқарсын» 
деген идеяны ұстануымен және оны практика жүзінде іске асыруға та-
лаптануымен тарихта аты қалған Махамбет Өтемісұлының дүниеге көзқарасы 
қазақ қоғамының ХІХ ғасырдың басындағы жағдайының өзіндік айнасы болып 
табылады. Оның ақындығы мен батырлығы, даналығы мен кемеңгерлігі бір-
бірімен астасып, алдыңғы ғасырлардағы халық дәстүрінің ұлы жалғасындай 


238 
көрініс береді. Жауынгерлік рухты қастерлеген, қақтығыста қаза табуды о 
дүниеге өтудің мәртебелі өткелі санаған дәстүрлі қоғамдағы ұлттық ділдің 
сипаты дала ақынының шығармашылығында анық байқалады. 
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен дүниетанымы, жеке шығармашы-лығы 
өткен ғасырда елімізде негізінен таптық идеология тұрғысынан талдау 
жасалып, сарапталынып келді. Әрине, бұл тәсілмен қарастырудың сыңаржақ-
тылығы жөнінде соңғы уақытта көп айтылып келгені белгілі. Дегенмен, хан мен 
қараның арасындағы қайшылық пен күрестің болғаны тарихи шындық болатын. 
Махамбет өзінің досы Исатай Таймановтың жанында жүріп, осы халық 
күресінің бел ортасында жүргені де шындық. Бірақ Махамбеттің тұлғалық 
күрделі сипаты жауынгерлік рухтың шеңберімен шектелмейді, ол өзіндік саяси-
философиялық пайымдаулармен көмкерілген. Оның әлемге жеткізілуі, көркем 
тілмен рауаждануы, яғни жыр жолдарымен паш етілген, жария болған. Бұл 
қазақи философияның, ой-тұжырымның айқын көрінісі. Мәселен, бұл 
ғаламдағы, әсіресе әлеуметтік дүниедегі әрбір әлеуметтік субъектінің өзіндік 
міндет-мақсаты, өмірде алатын орны және басқалар алдында жауапкершілігі 
бар екеніне ақынның сенетіндігін Махамбеттің төмендегідей жыр жолдарынан 
байқаймыз.
«Ақ жұмыртқа, сары уыз 
Әлпештеп қолда өсірген, 
Туған ұлдан не пайда, 
Қолына найза алмаса, 
Атаның жолын қумаса. 
Алаштың байлығынан не пайда? 
Құланнан басқа ел таппай, 
Қонарына жер таппай, 
Маңқиған сары далада, 
Екіндіде құлаған, 
Тарығып келген ерлерге, 
Қайнары оның болмаса. 
Алтын тақты хандардың 
Хандығынан не пайда?! 
Ғаріп пенен қасерге 
Туралық ісі болмаса?!». 
Бұл өлең жолдарынан қазақ қоғамына тән бірнеше дүниетанымдық әмбе-
баптардың өзара байланысын, қатынасын білдіретін айшықтардың жиынтығын 
және оларға ақынның берген тұлғалық қысқа түсініктемелерін байқай аламыз. 
Мәселен, әке мен бала қатынасында негізгі бағдар болып ұрпақтар 
сабақтастығы туындайды. Махамбет өз заманының талаптарына сәйкес «қо-
лына найза алмаған» балаға риза болмаса, материалдық бай-лықтың қайырын 
көрмесе халыққа одан не пайда дей келіп, «туралық ісі болмаса, хандықтан не 
пайда?» деп әлеуметтік әділеттілік мәселесін көтереді. Міне, жоғарыда 
қозғалған мәселелер тек қана философиялық зерделеулермен шектелмей, 
саясаттану, социология, этнопедагогика, әлеуметтік психология, мәдениеттану 


239 
пәндерінің нысанына айналары хақ. Сондықтан Махамбет сан қырлы ойшыл 
философ-ақын санатына жатады. 
Әрбір жеке дүниетанымның ең өзекті тұсы болып Жаратушыға деген қа-
тынас болып табылады. Жалпы «Адам-Әлем» қатынасының барлық құры-
лымдық бөліктері, бағыттары осы жүйенің сипатына тәуелді болып келеді. Діни 
көзқарастың әр түрлі болары анық. Махамбетті діншіл тұлға деп айта алмасақ 
та, дүниедегі барлық процестердің ерекше бір тылсым күшке бағынатынына 
меңзейді. Ол өзінің шығармаларында «Тәңір», «Алла» деген ұғымдарды 
синоним ретінде қолданады және қанша өмірде әділеттілік іздегенмен тек 
Тәңірінің жазғаны болатынын мойындайды. Халықта осы ұлы күшке деген 
сенім онша терең емес екеніне Махамбет қатты қапаланады және оны былайша 
жырла-рында суреттеледі: 
«Мұсылманшылық кімде жоқ 
Тілде бар да, дінде жоқ», - 
деп нағыз дінге сенушіліктің үлгісін көре алмағандығын сурет-тейді. 
Ал, енді шыныменде барлық ғасырлардың ең үлкен мәселесі осы шынайы 
дінге сенушіліктің болмауы еді. Қанша өзін белгілі бір конфессияның өкілімін 
деп, салт-дәстүрдің көбісін сақтағанымен нағыз дінге сенушінің деңгейіне 
көтерушілер ілеуде біреу екені белгілі. Өкінішке орай тарихта «көппен көрген 
ұлы той» дегендей сыртқы көрінісі ғана басқалар сияқты дінді жақтаушы 
болғандар қаншама десеңізші. Шын мәнінде дінге сену деген – Ақиқатқа, 
үйлесімділікке, өмірдің әділеттілігіне сену, үнемі қайырымдылық жасаудан 
жаңылмау. 
Туған жерге деген махаббат, отансүйгіштік Махамбет жырларында оның 
саяси-құқықтық мұраттарымен астасып жататынын профессор С. Өзбекұлы 
жақсы көрсеткен болатын («Егемен Қазақстан» газеті, 29 тамыз 2003 ж.). Әрине 
далалық демократияның өзінің даму деңгейіне сәйкес кемшілігі де жетістігі 
болары анық. Бірақ Махамбет заманында әлеуметтік әділетті қоғамды деген 
стихиялық ұмтылыс өз нәтижесін беруі екіталай еді және әділеттілікті 
орнатудың бір ғана жолы бар деген түсінік жетекші рөл атқарған уақыт 
болатын. Ол, негізінен, «күшке қарсы күш қолдану» деген принцип. Дегенмен 
ежелден бұл әрекеттер өзінің тиімді нәтижелерін әлеумет үшін бермегенін 
тарихтан білеміз. Әр елдегі көтерілісшілердің (сонау Спартактан бастап 
орыстың Е. Пугачевына дейін, Париж коммунасы мен социалистік революция 
болсын) діттегені біреу-ақ болатын – ол қоғамда белгілі адами түсінік 
деңгейіндегі әлеуметтік әділетті қоғамды құру бола-тын. Бірақ бұл 
талпыныстардың бәрінің нәтижесі кереғар болып шықты. Осыдан заңды сұрақ 
туындайды: «Әлеуметтік өмірде адам үшін әділеттілік деген болуға тиісті ме? 
Әлде үнемі күштілердің ғана мерейі үстем бола бермек пе?» Адами тұрғыдағы 
әділеттілік ешқашанда абсолютті ақиқаттың, қасиетті рухтың, әлемдік дамудың 
логикасына сәйкес, рухани дамудың соқпағына пара-пар болатын 
әділеттілікпен тең және дәлме-дәл келе бермейді. Халықтың өзін-өзі, өзінің 
даму жолын анықтау, құқы әлемдегі бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге 
басымдық көрсетпеуінің бірден-бір формасы. Адами әділеттіліктегі кемшілдік 
оның рухани жетілмеулерінен, зерделік үстірттікпен астасып жатады. Дегенмен 


240 
тарихи тұлғалардың артында қалдырған рухани іздерінде кейінгі ұрпаққа деген 
үлкен сабақ бар. Міне содан үйрену арқылы жаңа бағдарламалар жасауға, 
әлемді танудағы, оны игерудегі жаңа қырларды ашуға болады. Мәселен, 
әлеуметтік дүниені өзгертудің сан түрлі жолы бар. Соның ішіндегі ең жемістісі, 
жасампазы – қырғын қан төккен көтеріліс емес, өмірді шығармашылық арқылы 
игеру болып табылады. Махамбеттің тарихта ең қастерленетін, құрметтелетін 
еңбегі өзінің дүниетанымын көркем сөздермен, жыр жолдары арқылы жеткізе 
білгенінде және сол тарихи кезеңге сәйкес келетін қайшылықтар нұсқасын 
таратып беруге талпынысы болып табылады. Әрине, халық әдетте әділеттілік 
іздеген 
жанға 
өзінің 
сипаттамасын 
білдіреді. 
Дегенмен 
дүниені 
үйлесімдендірудің негізгі қайнар көзі адамның өз бойында жатқанын айта кету 
керек. Адам өзін-өзі үздіксіз рухани жетілдіру жолына түсу арқылы ғана 
сыртқы дүниенің дүлей күшіне, қайшылығына қарсы тұра алады және оның 
дұрыс шешімін таба біледі. Бұл жерде шынайы діни дүниетанымның да маңызы 
зор. 
Тарихи тұлғалардың өмірдегі әділеттілікті қырғын-жойқын көтеріліс 
арқылы, қолға найза ұстап қана орнатуға тырысуы қоғамда діни құндылық-
тардың басымдық танытпағанын көрсетеді. Шынай діншілдік әрқашанда са-
бырға, төзімділікке, шыдамдылыққа, дүниедегі қиындықтарды жеңудегі 
ұстамдылыққа шақырады. Дін атын жамылып күреске шақырушылар негізінен 
оны саясатпен шатастырушылар, рухани дүниені барынша бұрмалаушылар 
болып табылады. Ондай деректер көптеп кездеседі. Махамбеттің 
жырларындағы суреттемелерде қазақ халқының ХІХ ғасырға тән этникалық 
жағдайы жақсы бейнеленеді, оқушыны өзімен бірге елітіп әкетеді, сондай 
жағдайға түскендегі пенденің іс-әрекетін тұспалдауға итермелейді. Махамбет 
дүниетанымы бірте-бірте өзгерістерге ұшырағанын оның өмір жолынан 
байқаймыз. Махамбет дүниетанымындағы құндылықтар жүйесі өмірінің 
аяғында біршама өзгерістерге ұшырап, жеке бастың кейбір эмоциясынан ха-
лықтың қамын жейтін деңгейге ауысады, Бөкей Ордасындағы қазақ жұртшы-
лығының ауыртпалығы қабырғасына тереңірек бата түседі, бейбіт өмірдің 
нағыз бағасын жете түсіне бастайды. Міне бұл дүниетанымдық эволюцияның, 
трансформацияның көрінісі болатын. 
Қазір елімізде қазақ философиясы тарихы бойынша көптеген моногра-
фиялық және диссертациялық зерттеулер іске асуда. Дегенмен, әлі де зер-
ттелмеген тың тақырыптар жетерлік. Солардың бірі Махамбеттің дүниетанымы 
және философиясы, оның шығармашылығының тарихи-мәдени алғышарттары, 
әлеуметтік-философиялық және саяси-құқықтық мұраттары. Алдымызда жаңа 
кешенді зерттеулер күтіп тұр, халықтың мәдени мұрасын тереңірек игеруде 
алынуға тиісті асулар жеткілікті. 
4. ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
4.1. ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 


241 
Жаңа дәуірде Ағартушылық феномені пайда болғаны белгілі. Онда 
рационалистік парадигма үстемдік етеді, адамзат ғылым мен білім ұстанымын 
бірінші қатарға қояды. Бұндай жалпыға бірдей тәртіптен Қазақстан да тыс 
қалмады. Дегенмен де, Еуропа және Ресеймен салыстырғанда Ағартушылық 
феноменінің себептері мен қызметтері бізде басқаша болды.
Батыстағы аграрлық өркениеттің дағдарысы жас әрі қайсарлы буржуазия 
мен оның идеялық жетекшілерінің өздерінің әрекеттерінің ортағасырлық қоғам 
қағидаларымен сай келмейтіндігін тез арада жеңу идеясымен шартталатын 
болса, Қазақстанда бұл үрдіс Ресейге қосылудың салдарымен байланысты
болды.
Сондықтан да ағартушылыққа тән әлеуметтік-саяси құрылыстың жаңару 
қажеттілігін бейнелеуді, қазақ ағартушылығы өзіндік түрде білдіреді. Ол 
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын нығайтуға шақыру түрінде, сөйтіп, 
қазақ қоғамының Ресейдің батысқа жақындау мәдениетін қабылдау ретінде 
көрінді. Қазақстанда ағартушылар қазақ халқының ортасына еуропалық, соның 
ішінде, 
орыс 
өркениетінің 
енуіне 
негіз 
дайындалады. 
Батыстағы 
ағартушылардың күресіне қарағанда қазақ ағартушыларының сауатсыздыққа 
қарсы күресі, қоғамда ғылым-білім тарату үшін жүргізген күресі, әділеттіліктің 
бекітілуі үшін күресі, отаршылдыққа, азиялық деспотизмге қарсы күресі, 
егемендік үшін күресі басқа мақсаттарды көздеп, басқа нәтижелерге алып келді. 
Қазақстанда ағартушылар күрескен кемел қоғамдық құрылым Қазақстанда 
нарық пен азаматтық қоғамның идеализацияланған құрылымы болмады және 
болуы мүмкін емес те еді.
Айтылғандардың барлығы қазақ ағартушыларының қазақтардың Ресей 
бодандығына қарсы жүйелі ойластырылған күресі барысында халықтың 
ғасырлық үміті мен еркіндік пен бақыт туралы армандарының бейнесі болып 
табылатын халық мүддесіне сүйенгендігін сенімді куәландырады. Халықтың 
сауатсыздығы мен қорғалақтығы, оның күштерінің бытыраңқылығы, 
ұйымшылдықтың болмауы және енжарлығы ағартушылардың “жоғары” жаққа, 
яғни Ресей үкіметіне мойынұсынуына мәжбүр етті. Бұл олардың либералдық 
қиялдарынан шыққан жоқ, олардың қалыптасқан жағдайды жақсы, дұрыс 
бағалап, парасатты және шынайы жолдар арқылы күрделі саяси мәселені шешу 
керектігімен шартталды.
ХІХ ғасырдың ортасындағы Қазақстан жағдайында халықты отарлық 
қанаудан босатып және қоғамның саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге мүмкіндігі 
бар қоғамдық күштердің болмауы, ағартушылардың халық ауыртпалығын 
жеңілдету үшін дамыған Ресейдің көмегіне сүйену ынталары тарихи тұрғыдан 
ақталған әрекет еді. Демек, қазақ ағартушыларының пікірі бойынша, барлық 
сұрақ қазақтардың қоғамдық прогреске икемі бар ма әлде жоқ па дегенде емес, 
сол прогреске жетудің дұрыс жолдарын табуда. Осы сұраққа тынымсыз жауап 
іздеу оларды артта қалған халық өздерінің дамуы үшін және барлық адамзаттың 
дамуы үшін, дамыған халықтардың мәдениетінен үлгі алу керек деген 
қорытындыға алып келді. Қазақстанда қалыптасқан сол кездегі нақты-тарихы 
жағдайда ағартушылар тез арада алдыңғы қатарлы орыс ғылымы мен 


242 
мәдениетін игеруге жән сол арқылы әлемдік өркениеттің таусылмас байлығына 
жол табуға табанды түрде шақырды.
ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанда қалыптасқан нақтылы-тарихи 
жағдайда патшалық самодержавиенің жағымсыз жақтары оның ұлтты отарлау 
саясатында, жергілікті жерлердегі патша әкімшілігінің реакцияшыл өкілдерінің 
тонаушылық әрекеттерінен көрініс тапты. Қазақстанға тереңдей кіруді іске 
асыра отырып, царизм оның территориясында өзінің шекараларын бекіте түсті. 
Царизм қазақ халқының өмірі мен тұрмысының жақсаруы үшін және оның 
қоғамдық прогреске қол жеткізуі үшін қам жеген жоқ. Керісінше, отаршылдық 
тонау мен өзінің Шығыстағы саяси беделін бекіту мақсатында, царизм 
қазақтардың орыс бодандығына кіруін өз мүдделері үшін пайдалануға 
тырысты. Патшаның далаға жіберген жоғарғы дәрежедегі шенеуніктері 
қазақтың қоғамдық өмірінің дамуын қолдан тоқтауға тырысты, қазақ халқының 
орыстармен достауына кедергі жасап, қазақтардың бұрынғы сауатсыздығын 
және артта қалуын сол күйінде сақтап қалғысы келді.
Ағартушылық дәуірдегі болашақ қоғамдық құрылыс мәселесіне 
байланысты қазақ ойшылдарының мұраты батыс ағартушыларының өкілдерінің 
мұратымен сай келмеді. Батыс ағартушылары өздеріің сенімдеріне қарамастан 
өз қоғамының сұранысына жауап беретін нарықтық құрылысты объективті 
идеализацияласа, 
қазақ 
ағартушылары 
қоғамның 
барлық 
мүшелері 
сауаттандырылған, толық еркіндік пен әділдік және адамдардың өз елінің саяси 
өміріне толық араласуын қамтамасыз еткен, білімге негізделген егемен тәртіп 
орнату үшін күресті.
Қазақ елінің Ресей империясына қосылуының тарихи салдарын 
түсіндіруде үш концепция бар. Олар О.А. Сегізбаевтың жоғары оқу 
орындарына арналған қазақ философиясының тарихи жөніндегі оқулығында 
былай жіктелген: 
Бірінші концепция бойынша, Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары 
тек қана реакциялық нәтиже берді. 
Екінші концепция бойынша, қазақ халқы үшін Қазақстанның Ресейге 
қосылуы соншалық теріс құбылыс емес еді. 
Үшінші концепция бойынша Қазақстан үшін Ресейдің жүргізген саясаты 
шын мәнінде реакцияшыл отарлау саясаты еді, оған қарамастан ол прогрессивті 
құбылыс деп бағаланады (Сегизбаев О.А. История казахской философии: От 
первых архаичных представлений древних до философии развитых форм 
первой половины ХХ столетия. Алматы: Ғылым, 2001. 456 с.). 
Бірінші концепцияны қолдаушыларға ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ 
ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы саяси элитасының 
қатарындағы А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, С. Торайғыров және 
т.б. жататындығы айтылады. Олар қазақ жеріндегі тәуелсіз, дербес мемлекеттің 
құрылуы халықтың болашағы үшін қажеттілік деп түсінген еді. 
Екінші концепцияны А. Асфендияров және оны жақтаушылар қолдады. 
Олар қазақ елінің Ресеймен қатынасы көрші жатқан Орта Азия хандықтарына, 
Қытай, Англия сияқты елдерге тәуелді болумен салыстырғанда тиімді деген 
тұжырымды келтіреді. 


243 
Үшінші концепция Кеңес үкіметі кезеңінде, әсіресе, ХХ ғасырдың 50-
жылдарынан кейін оның негізгі басымдық танытқан тек прогрессшіл мәнін 
қолдайтын ұстанымға айналды. Оның себебі социалистік жүйенің кеңестік 
идеологиясын жүзеге асырудағы кейбір қолайлылықтарда жатқан болатын. 
Бұл үш концепция да ғылыми бағасын алуға немесе пікір ретінде өмір 
сүруге хақы бар және сонымен қатар олардағы айтылған дәйектемелердің көбісі 
әлеуметтік практикада көрініс бергенін мойындауға болады. Қазақстан - Ресей 
арасындағы қатынастардың саяси астарларын талдауда, бағалауда бұл 
құбылыстардағы тек қана теріс процестерді ғана тұжырымдамай, әлеуметтік-
мәдени саладағы оң сипаттағы үрдістерді де байқау керектігін философия 
тарихын зерттеуші О.А. Сегізбаев атап өтеді

(Сегизбаев О.А. История 


казахской философии: От первых архаичных представлений древних до 
философии развитых форм первой половины ХХ столетия. Алматы: Ғылым, 
2001. 456 с. ). 
Әрине, зерттеу барысында диалектикалық терістеу әдісін қолдана отырып, 
әлеуметтік құбылыстарды талдаудан өткізсек, онда тарихтағы оң мағынадағы 
оқиғаларды, үрдістерді де бағалай білуімізге болады. Енді ХVІІІ

ХІХ 
ғасырлардағы қазақ елі мен Ресей империясы арасындағы қатынастар 
әлеуметтік дүниеде басқа қаншама мүмкіндіктер болса да (Қытаймен, 
жоңғарлармен, Қоқан хандығымен, ағылшындармен) қазақ жері Ресей 
империясының құрамына енді. Бұл процесті, тарихи-әлеуметтік құбылысты тек 
қана рациональды тұрғыдағы пайымдаулармен толық түсіндіру мүмкін емес. 
Өйткені дүниедегі қатынастардың рационалдық емес негіздері бар. Бұл жағдай 
төртінші концепцияның іргетасын құрайды. Бұл концепцияның сипаттамасы 
төмендегідей: тарихи процесте мәдениеттер үнемі бір-бірімен сұхбаттасады, 
түйіседі, қайшылықта болады. Олар бір-бірімен өзара әлеуметтік 
сиысушылықта болып, тарихи дамуда жұптаса, бірлесе, ұтымды тіршілік ете 
алуы үшін, жалпы прогресшіл тарихи процеске сәйкес пәрменді алға жылжу 
үшін міндетті түрде мәдениеттердің рухани мүмкіндігінің әр алуандығы керек, 
яғни бірі күштірек, екіншісі әлсіздеу (рухани, ментальдық, экономикалық, 
өркениеттік және т.б. салалар бойынша қарастырғанда) болуға тиісті. Сонда 
ғана Жер бетіндегі әр қилы деңгейдегі мәдени құрылымдардың өзара кірігу 
(интеграция) процестері жүреді. Әрине, бұл процестің адамзат тарихында 
көбінесе зорлықпен, тұрпайы түрде байқалуы оның өзіндік көлеңкелі беттеріне 
жатады. Өз заманының тағылымдары мен заңдылықтарына сәйкес болып 
келетін осындай этносаралық, мемлекетаралық байланыстардың болашағы 
ұзағынан болуы үшін мәдениеттердің өзара үйлесу, бірін-бірі баю процесі 
жүруі керек. Сонда ғана әлсіздеу мәдени-әлеуметтік құрылымдар (этникалық 
қауымдастықтар) тарихи бәсекелестік барысында бейсаналық деңгейде 
күштілеу тарихи-әлеуметтік құрылымдарға арқа сүйеуге бейімделеді. Әрине, 
бұл қарым-қатынастың өзіндік келеңсіз жақтары да біршама көрініс табуы 
мүмкін. Осындай тарихи ахуалды көптеген зерттеушілер аңғарып, оны 
әлеуметтік әділетсіздік ретінде атап өткен.


244 
1864 жылғы 26 наурызда Шоқан Уәлиханов “Қазақтың көші қоны” деген 
мақаласында өткен ХVІІІ ғасырда қазақ елі қаншама қантөгіс соғысты, 
барымташылдықты бастан кешірсе де малы қазіргіден әлдеқайда көп, тұрмысы 
анағұрлым жоғары болғанын еске сала келіп, ХІХ ғасырда мал жылдан жылға 
азайып, қазақ шаруаларының тұрмысы төмендеп кеткенін үлкен қынжылыспен 
атап көрсеткен. Олардың себебін қазақ жеріндегі құнарлы аймақтарды үлкен 
өзендер бойын жағалай салынған қамалдар мен бекіністерге, казак 
станицаларына берілуімен байланыстырады. Сөйтіп, малдың өрісі тарылып, 
өсімі баяулап, өнімі азайып кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет